Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2016 в 08:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да тарих сабақтарында жаңа технологияларды ұтымды пайдалану бүгінгі заман талабына сай жауапкершілікті қажет етеді. Оқушының білімге деген құштарлығын қалыптастыру қазіргі таңда тек қызығушылыққа негізделген оқу жоспарын жаңаша жоспарлау мектеп мұғалімінің шеберлігін шыңдайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

І ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ...........................
1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................................
1.2 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педагогика- психологиялық негіздері.....................................................................
1.3 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму
мониторингі..............................................................................................................

ІІ ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.........................................
2.1. Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану....................................................................................................
1.3 Деңгейлеп саралап оқытудың тарих сабақтарындағы тиімділігі...................
2.3 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алатын орны мен нәтижелері.................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................

Файлы: 1 файл

дипломака.doc

— 326.00 Кб (Скачать файл)

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық», екінші –алгоритмдік, үшінші-эвристикалық және төртінші –шығармашылық деңгейлердегі қабылдау [4].

Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша,  дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне  арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.  Бұлар әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші –оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады.  Қарапайым жаттығу мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.  Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады.

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

  1. жаттап алуға лайықталған болуы керек:
  2. алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс:
  3. тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай  тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

 

 

 

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

  1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Математика мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары т.с. с.

  1. Оқушының ойлау қабылетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.  Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік  маңызы болуы қажет болады.  Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегінше топтастырдық:

  1. танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында  оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы  қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар,  формулаларды жаттау, т .с. с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.  Эврика!  Мұндай жұмыс –анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
  2. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.
  3. Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын шығару, көрнекі құралдар дайындау берілетін тапсырмаларға берілген тапсырмалар.

 

 

Төртінші шығармашылық  деңгей тапсырмалары:

  1. Оқушылардың жинағын өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын  дүние жасап шығуына негізделген теорема дәлелдеген заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып  шығарды.
  2. Олимпиадалық есептер.
  3. Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.

Демек , бұл тапсырмалар –оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [19].

Сонымен , қорытып айтатын болсақ, бұлар:

Бірінші деңгей үшін-игерілгенді пысықтау мен қайталауға,  ережелері мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.

Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен  білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз»-делініп, сыналып жатады. Сонда айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады»-дейді.

Мүмкін , дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігінен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарды жүргізген кезде солай болса, болған шығар.

Бірақ , оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:

-оқушылардың өздігінен  жүргізетін танымдық іс-әрекеті  үшін тапсырмалар күрделілігі  төрт деңгей бойынша құрастырылып;

-Оқыту проблемалық  принциптер бойынша жүргізіліп;

- барлық деңгейдегі  тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған  болса, оқушыларда ынталану пайда  болады.  Сондықтан да, жаңа технология  бойынша  сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың  сабақтан бас алмайтындығын байқаған.  Олар өзара бәсекелесе отырып  жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус,  математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі  тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады.  Нәтижесінде «екіліктер жойылумен қатар,» «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған [29].

Осы жерде , «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен,  қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуі қажет?»-деген сұрақ туады.  Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.

  • Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар  үлгермеушілерге көмектеседі;
  • Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
  • Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда  деңгейлеп оқыту барысындағы  бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?
  • Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын  «қабілетті»және «қабілетсіз»  деп жасанды түрде әр түрлі  жіктерге бөлуді болдырмау.  Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.

    Деңгейлеп оқыту барысында  оқушының бірінші  деңгейдегі  тапсырмаларды дұрыс  орындағаны  есепке алынып отырылады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің , ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан  Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді.  Нақтырақ айтсақ :

- барлық оқушылардың оқу мақсатында 100% қол жеткізуінің кепілі болады  және оқу пәндерінің  барлық  тақырыбы бойынша ең болмағанда  міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.  Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың   min-талаптарының орындалуына кепілдік береді.

«Есепке алу» жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық.  Себебі ,ол осы деңгейдің  тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді.   «Міндетті» деңгейде толық меңгергеннен кейін  оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша , бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра  отырып, өз қабылетін де жетілдіреді.  Бұл жағдайда жоғары деңгейлік  тапсырмаларды орындау  әр оқушының мақсатына айналды.  Біз дайындаған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген.  Төртінші деңгей тапсырмаларын құрастыру мүмкіншілігін ұстаздарға қалдырдық [19].

Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін-5 ұпай, екінші деңгей үшін-10 ұпай, үшінші деңгей үшін-15 ұпай.

Біздің жағдайда, әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын  жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді.  Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге,  барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді.  Сондықтан да олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

  • бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары;
  • екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;
  • т. с. с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.

Осылайша , әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады.  Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабылеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

  Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексеріп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомоста  және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс  дәптерлерінің соңындағы ведомоста  (+)- пен белгілеп отырады.

     Бұл  оқушылар арасында, олардың бір-бірінің  үлгерім деңгейлерін бақылай  отыра алатындықтарынан, өзара жарыс  тудырады.  Бірақ , оқушылардың өзара  көмегіне және мұғалім тарапынан жасалатын  демеп жіберуге жол беріледі.  Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған  барлық тапсырмалар  жиналған ұпайларды есептеумен аяқталады.

           Жинаған ұпайларын оқушылар әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады.   Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады.  Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады.  Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық  бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды  қандай деңгеймен меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.

Тақырыптық бақылау жұмысы  да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі.  Бұл жағдайда  ол бөгде біреудің көмегінсіз  орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдерін тиісті ұпайларын алады.  Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау біз сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз.  Бұл ұпайлар , оқушылардың даму моторингтерінде белгіленеді.

         Оқушының даму моторингі, оның жеке басының қабылетіне қарай  тақырып бойынша игерген білім сапасының обьективті сипатын көрсетеді.  Осы жағдайда оқушының даму деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен -өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан,  ол оқушыларға деген  ізгілік қатынасты көрсетеді.

          Сонымен , оқытудың педагогикалық  технологиясын қолдану  жағдайында  бағалау процесі арнайы қосу  әдісімен жүзеге асырылады.   Бағалау жүйесі негізі болып  оқушы білімінің ең төменгі деңгейі алынады және  ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді.  Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.

         Бірінші деңгейдегі  барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар  «есеп -зачетқа» алынып  отырады дедік қой.  «Зачеттің» «екілікте»  айырмашылығы: осы бірінші деңгейдің «есепке алынбаған» тапсырмаларын қашан «есепке алғанша» , міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.

         Өзін -өзі  бағалау «қосу» әдісімен  жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Оқушыда жоғары ұпай жинауда ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың саны тікелей тәуелді.

Сонымен :

  • технологияның принциптері –оқытуды ізгілендіру мен  демократияландыру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен  дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен;
  • өздігінен оқытудың осындай мақсаттары жүзеге асыру үшін,  білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат- жаңа технологиясының талаптарына сай  жаңа оқулықтар буынын жазу  болып табылады.   Жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі-қысқа мерзімді ешқандай бейімдеусіз –ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас  .

                 Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы , яғни «Деңгейлеп оқыту технологиясы  » еліміздің көптеген мектептерінде  қолданылып жүр.Осылардың ішінде барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтанда жаңа технология  бойынша сабақтан бас алмайтындығы байқалған. Олар  өзара бәсекелесе отырып жұмбақ , сөзжұмбақ , ребустар сияқты әртүрлі  тапсырмаларды шешіп , өтіп жатқан тақырыптан  барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде  оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар даму мониторингі де  күннен –күнге жоғарылай түседі. Демек , мұғалім  берген тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру    отырып    және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар , тапсырмалар ауқымы да өсіп , шығармашылыққа ұласады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Тарих пәнінде  деңгейлеп  саралап оқыту  технологиясын  қолданудың әдістемесі

 

2.1.  Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары (оқушылардың даму мониторингі , бағалау рейтингісі)

 

          Қазіргі  заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр.Көптеген педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып келеді.

Информация о работе Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану