Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2016 в 08:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да тарих сабақтарында жаңа технологияларды ұтымды пайдалану бүгінгі заман талабына сай жауапкершілікті қажет етеді. Оқушының білімге деген құштарлығын қалыптастыру қазіргі таңда тек қызығушылыққа негізделген оқу жоспарын жаңаша жоспарлау мектеп мұғалімінің шеберлігін шыңдайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

І ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ...........................
1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................................
1.2 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педагогика- психологиялық негіздері.....................................................................
1.3 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму
мониторингі..............................................................................................................

ІІ ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.........................................
2.1. Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану....................................................................................................
1.3 Деңгейлеп саралап оқытудың тарих сабақтарындағы тиімділігі...................
2.3 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алатын орны мен нәтижелері.................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................

Файлы: 1 файл

дипломака.doc

— 326.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. 1.«Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы – білім берудің ізгілік парадигмасындағы жаңа үлгің Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы – 2002 ж.
  2. 2.Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория и практика. Усть-Каменегорск, 1997, с. 242
  3. 3.Тұрғынбаева Б. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000, 90 б.
  4. Жақсылықова К. Қазақ тілін модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері, Алматы, 2001, 457 б.
  5. 4.Педагогическая технология Ж.Караева. Алматы, 1999ж., 138 б.
  6. 5.Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология уровневой дифференциации обучения в средней школе. Алматы, 2000, с.258 
  7. 6.К.О. Өмірбаева. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-сынып оқушыларының сөйлеу тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, Алматы, 2001,25 б.
  8. 7.В.П.Беспалько. Слагаемые педагогической технологии,  Москва, 1989,192 с.
  9. 8.В.М.Монахов. Технологическая карта — паспорт проектируемого учебного процесса, Новокузнецк, 1996, с.167
  10. 9.Кобдикова Ж. Технологизация учебного процесса, Алматы, 1999, с.67
  11. 10.Қабдықайыров Қ., Монахов В. Педагогическая технология обучения и ее принципы. / Вестник высшей школы Казахстана, 1996,  №5, стр. 67
  12. 11.Н.Х. Шадиева. «Қазақ мектебінің 5 сыныбында лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуң. Алматы – 2003 ж.
  13. 12.Ф.Ш. Оразбаева, Н.Х. Шадиева «Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмаларң. Алматы – 2002 ж.
  14. 13.А.Н. Леонтьев. «Основы теорий речевой деятельностиң. Москва - 1947 г. 
  15. 14.Ж.Б. Қоянбаев «Педагогикаң. Алматы 1992 ж.
  16. 15.Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері, Алматы, 2000, 167 б.
  17. 16.Қазақ тілі пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама (V-ІХ сыныптар), Алматы, 1999, 54 б.
  18. 17.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, Алматы, 2000, 207 б.
  19. 18.Аймауытұлы Ж. Психология /Араб жазуынан көшірген Ақажанова А./  Алматы, 1995, 312 б.
  20. 19.Жұмабаев М. Педагогика, Алматы, 1992,  160 б.
  21. 20.Мұқанов М.Ақыл-ой өрісі, Алматы, 1980,172 б.
  22. 21.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1982, 280 б.
  23. 22.Ильенков Э.В. Что такое личность. С чего начинается личность?  Москва, 1979,сс.258
  24. 23.Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. Москва, 1980, с.141
  25. 24.Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Опыт теоретического и экспериментального психологического исследования. Москва, 1986, с.231
  26. 25.Немов Р.С. Психология, Т 2, Москва, 1998, с.261
  27. 26.Вейн А.М.,  Каменецкая Б.И. Память человека, Москва, 1973, с.267
  28. 27.Леонтьев А.Н. О некоторых психологических вопросах сзнательности учения. Хрестоматия по педагогической психологии, Москва, 1995, с.5-23.
  29. 28.Петухов В.В. Психология мышления, Москва, 1987, с.174
  30. 29.Абулханова К.А.-Славская. Деятельность и психология личности. Москва, 1980, с.187
  31. 30.Жарықбаев Қ., Қалиев С., Қазақ тәлім-тәрбиесі: қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық психологияның тарихы, Алматы, 1995, 352 б.
  32. 31.Қоянбаев Ж. Педагогика: жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы, 1992, 240 б.
  33. 32.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері, Алматы, 1995, 460 б.
  34. 33.Подласый И.П. Педагогика начальной школы, Москва, 2001, 400 с.
  35. 34.Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий, Санкт-Петербург, с.367
  36. 35.Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителч, Москва, 2001, с.176
  37. 36.Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы, Алматы: Мектеп, 1965, 248 б.
  38. 37.Әбілқаев А.Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы:Санат, 1995, 120 б. 
  39. 38.Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы, Алматы, 1990, 112 б.
  40. 39.А.Б.Махметова. Система уровневой заданий при изучении синтаксиса //Русский язык и литература в казахской школе, 1999, №6, с.3-5.   

      

 

 

Тарихты оқыту әдістемесі пәні және оның даму кезеңдері

Posted: Мамыр 2, 2011 in КӨМЕК

3

 

Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».[1.4б.]                 

Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Президені Нұрсұлтан Әбішұлының 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы айтқанын келтіру де орынды. «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл – … туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – … әрбір азамат… өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз».[2.12б]

Осы жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеру зор маңызға ие болып отыр.                

Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958-59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары; оқу бағдарламалары мен оқулықтар; білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі; оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы; пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар.                

Осыған қарамастан соңғы отыз жылда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Солардың нәтижесінде әдістемелік көрнекілік құралдарын дайындау және пайдалану (И.Қадірбеков), мәдениет тарихын оқыту әдістемесі (К.Каменир), тарихи-көркем әдебиетті пайдалану (К.Аманжолова), тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі (Е.Жевако), оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері (М.Зарифова), 5-сынып оқушыларында халықтар достығы жайлы білімдерді қалыптастыру әдістемесі туралы (Б.Әбдіғұлова) еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ қоғамы, Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.[3.4б.]                

Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлттық республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда осы курстың иқұылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикаларының тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тигендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ аталған зерттеулердің бәрі де кеңестік дәуірде 1980-жылдарға дейін жүргізілді, ал Қазақстан Республикаасының өзінің тәуелсіздік алғаннан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда түбірлі өзгерістер, жаңалықтар болғаны белгілі.                

1990-жылдардан бастап  бұл курс дербес оқу пәніне  айналып, оның білім мазмұны мен  оқытуға бөлінген сағат саны 5-6 есе өскендіктен және де халыққа  білім беру саласында дүниежүзілік білім стандартына сай, Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты бұл пәнді мектепте оқыту әдістемесінің проблемасын шешудің қажеттілігі арта түсті.                

Қазақ халқының ғасырлар бойы ту етіп ұстаған арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы «Декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негіге алатыны айта келіп:                 

«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР Мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деп көрсетіледі.[3.6б.]                

Бұл жағдайлар мектепте Қазақстан тарихын оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларда алдымен Қазақ, Қазақстан тарихын оқыту кезеңдерін, оның курс болып, қалыптасып жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдарламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді – деген мәселелерді шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар, мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін барып қана жаңа пән – Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болады.                

Жарияланған мәселелерді талдаудың, зерттеу мәселесінің даму дәрежесінің көрсеткеніндей, проблеманың жүйелі зерттелмеуі қарама-қайшылықтарды тудыруда. Оларды шешу жолдарын қарастыру зерттеу проблемасын айқындайды.                

Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жеке мәселелері ғана қарастырылып, бұл проблеманы зерттеуде жүйеліліктің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін дәлелдейді.[3.6б.]                 

Тарихтан белгілі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектептерде тарих пәнін оқытуда қасаң марксизм идеялары басшылыққа алынып, мектептің таптық, партиялық болуы басты идеологиялық ұстаным ретінде қаралып келді. Траих пәнінен жаңа оқулықтар болмағандықтан, салыстырмалы түрде бұған дейін тәуірлеу делініп келген Виппер, Коваленский оқулықтары қайта басылды. Оларды пайдаланғанда Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, М.Н.Покровскийдің тарихты коммунистік рухта оқыту жөніндегі айтқан, жазған нұсқаулары басшылыққа алынды.                

1921 жылдан бастап  тарих пәні мектептің оқу жоспарынан  дербес пән ретінде шығарылып, оның материалдары «Қоғамтану»  пәнінің құрамына ендірілді. Оның бағдарламасы мен оқулықтарында азаматтық тарихқа, тарихи қайраткерлерге, тарихи оқиғаларға орын мүлде аз берілді. Мұның өзі оқушылардың тарихтан жүйелі, тиянақты білім алуына, оларда тарихи сананың ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтірді.                

Белгілі әдіскер Тотай Тұрлығұл Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің даму, қалыптасу тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады, олар мынадай: 

1-КЕЗЕҢ. Ы.Алтынсарин заманынан 1917 жылға дейінгі аралық. Мұнда кейінгі кезеңдерде осы курстың, пәннің оқыту әдістемесінің біртіндеп қалыптасуына осы алғашқы дәуірде қандай теориялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздер жасалды деген сауалға жауап беріледі;

2-КЕЗЕҢ. 1917-1959 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстан мектептерінде тарихты оқыту әдістемесі, соның құрамында Қазақстан тарихы материалдарын оқыту әдістемесінің іргетасы қалана бастаған кезең;

3-КЕЗЕҢ. 1960-1990 жылдардың бас кезі. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына енгізілді. Білім мазмұны анықталып, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары жасалды, арнайы курсқа айналды, әдістемесінің негізі қаланған кез.

4-КЕЗЕҢ. Кеңестік дәуірдің ыдырауымен басталады. Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуіне байланысты, оны оқыту әдістемесінің бұрынғыдан да жетіле түсіп, бүгінде дербес пән әдістемесі ретінде қалыптасып, жаңаша дами бастады.[3.24б.]                

Қорыта келе айтпағымыз, өткен тарихымызды оқып білмеген болашақ ұрпақтың болашағы да бұлыңғыр болатыны баршаға аян. Осыдан да болар студент жастармен жас ұстаздарға тарих пәнін оқытуда тарихты оқыту пәнінің пәндік мақсат-міндеті мен пән ретіндегі даму кезеңдерімен, сол кезеңдердегі еліміздің өткен тарихын оқытудағы ақтандақтарын әдейі бұрмаланып саясаттандырылған кезеңдердің ара жігін ажырата білу, келешек жас маман оқытушы қауым үшін маңызды мәселе болып қалмақ. Өйткені, Отан тарихы – оны оқыту әдістемесі – бүкіл жастарға білікті маман болып қалыптасуымен қатар патриоттық тәрбие берудің негізі.   

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:  

 

  1. ҚР Конституциясы. Алматы, «Қазақстан», 1995.
  2. // Егемен Қазақстан – Н.Назарбаев «Қазақтың бүкіл тарихы, тұтастану тарихы». 1998, 18 наурыз.
  3. Тұрлығыл Т. – Қазақстан тарихы мектеп курсының және оны оқыту әдістемесі қалыптасуының ғылыми негіздері (1934-1997жж.) . Алматы 1998.
  4. Қозыбаев М. Қазақ халқына қарыздамыз.// «Жалын» 1989, №6.
  5. ҚР Халыққа білім беру министрлігінің 1989 жылғы 14 маусымдағы №547 бұйрығы.
  6. Қозыбаев М., т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы «Мектеп»2005.
  7. Тұрлығылов Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.
  8. Тұрлығылов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984.
  9. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы, 1990.
  10. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру», Қазақстан мектебі, Алматы, 1987. 
  11. Қасымбаев Ж.К. «Тарихты талғаммен оқыт», «Ленин жас», 1990.18 қазан.  
  12. Төлеубаева К.М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу, «Қазақ тарихы», Алматы, 1998. №3. 
  13. Шолпақұлова Г. Педагогика ғылымында пәнаралық байланыс дамуының теориялық негізі.// Ұлт тағылымы.2005. №3. 
  14. Бейсенбаева А.А. Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс. Алматы. 1991.
  15. Төлеубаева К.М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек, Қазақ тарихы, Алматы, 1998 № 3.

Информация о работе Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану