Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2016 в 08:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да тарих сабақтарында жаңа технологияларды ұтымды пайдалану бүгінгі заман талабына сай жауапкершілікті қажет етеді. Оқушының білімге деген құштарлығын қалыптастыру қазіргі таңда тек қызығушылыққа негізделген оқу жоспарын жаңаша жоспарлау мектеп мұғалімінің шеберлігін шыңдайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

І ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ...........................
1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................................
1.2 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педагогика- психологиялық негіздері.....................................................................
1.3 Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму
мониторингі..............................................................................................................

ІІ ТАРАУ. ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.........................................
2.1. Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану....................................................................................................
1.3 Деңгейлеп саралап оқытудың тарих сабақтарындағы тиімділігі...................
2.3 Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алатын орны мен нәтижелері.................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................

Файлы: 1 файл

дипломака.doc

— 326.00 Кб (Скачать файл)

Мағжан Жұмабаевтың  пікірінше: «Әр адамның есі әр түрлі болады. Кейбіреулер тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ тез ұмытпайды. Адамның есті болуына, әрине, естің осы төртінші түрі, онан соң үшінші түрі пайдалың [6; 85]

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін оларға берілетін деңгейлік тапсырмалар жеңілден басталып қызықтыру әрі есте тез сақтайтындай, ойлау қабілетін дамытатындай тапсырмалар болады. Оқытудың жаңа технологиясының бірі деңгейлеп саралап оқыту арқылы психологияның мынандай механизмдері жүзеге асады. Олар: есте сақтау, ойлау, тіл дамыту, пәнге немесе тілге деген қызығушылық.

Психологтар сөйлеудің екі түрлі ажыратады: ішкі сөйлеу және сырты сөйлеу. Сөйлеудің бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Ішкі сөйлеу арқылы адам сыртқы сөйлеуге дайындалады. Сырттай қабылданған ақпаратты сөйлеуші қабылдап, оны қорытып, тұжырымдап іштей сөйлеу арқылы дайындап, оны сыртқа шығарады. Ал бұл процесс ойлау процесімен тығыз байланысты.

Ойлау жүйесінің, ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана тілдік тұлғалар арқылы ой сыртқа шығып сөйлесу, әңгімелесу, тіл арқылы ойды келесі бір адамға жеткізу, бір іс-әрекетті орындау, яғни адамдар қарым-қатнасының жасалыуы жүзеге асады. Оқушылар берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, Өз ойын жүйелі түрде жеткізу үшін оларда ең алдымен ой туады, ал ой мен сөз бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Ойлау-қазақ тілін сапалы оқытуға негізі ықпал ететін үрдес Ойлаусыз ешқандай тілдік қатынас жүзеге аспайды. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлесу-бір-бірінен ажырамас құбылыстар. Ойлау-мәселені (тапсырманы) тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін танылу екінші түрі: неғұрлым адам тереңірек, жан-жақты ойлаған сайын оның айтпақ ойы соғұрлым нақты, айқын болып шығады.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясындағы деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әрбір оқушының жеке қабілеті, саналылығы ескеріліп, ойлау дағдысы қалыптастырылуы тиіс.

Сөйлеудің негізгі ой болып табылатынын айта келе, И.А.Зимняя шетел тілін үйретуге оқушыларды әуелі қызықтыру, талпындыру арқылы ойландыруға жағдай жасау керектігін айтады. Ойлау процесі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы да артады.

Қызығушылық - психологиялық құбылыс. Ол жеке басқа қатысты туа қалыптасқан қасиет емес, ол адам бойында оны қоршаған ортаның әсерінен пайла болатын нәрес. «Адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады. Тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да және білуге.небір ауырталықты көтере жәрдемдеседің [6.50]. Деңгейлеп саралап оқытудың мақсатын, қажеттілігін түсіну оқушылардың тілге деген қызығушылығына байланысты.

Оқушылардың оқуға деген қатынасын анықтайтын көптеген психологиялық қасиеттердің ішінде ерік үлкен қызмет атқарады. Ерік адамның қиял, ой, ес және сезім ерекшелігімен байланысты. Ол өзінің күшімен осы процестерге ықпал етеді.

«Ерік – адамның өз қызметін және әр түрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктеу негізгі функциялары ретінде мыналар сараланады: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниетң [7,82 б.].

Сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізгі деңгейлік тапсырмаларды қолдана отырып, оқушының қабілетін жан-жақты дамытуға болады. Психология тұрғысынан оқушылар үшін өте тиімді әдіс. Мысалы, бұл туралы: Н.Хамзаханқызы: «Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың өз бетімен ойланып, қиялының дамуына жағдай жасалуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалардың түрленіп берілуі оқушының ақыл-ойын дамытады. Оқушының ойлауы арқылыбіртіндеп қиялы туындайды. Оқушының ойлау, қабылдау, зейіндік, танымдық қабілеттеріайқындалып, жетілдірілгендіктен, оқу процесінің өту формасы, мазмұны, әдіс*тәсілдері – барлығы оқушының жеке психикалық күйімен, оның даму процесімен тығыз байланыстың, – дейді [8,11 б.].

Сол себепті деңгейлік тапсырмаларды мұғалім оқушыларға орындатқанда олардың жас ерекшеліктері мен тапсырмалардың нақты және ойлау қабілетін арттыра түсетіндей қарапайымнан күрделіге болуын ескеруі тиіс.

Қиял психологияда іс-әрекет басталғанға дейін нәтижесін көруге мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы іс-әрекет процесінде бағдарлайды. Қиял процесі де ойлау, қабылдау, ессияқты аналитикалық-синтетикалық сипатқа ие. Адамның басында қиял пайда болағн кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытшы байланыстар түрі өзгерістерге түседі де, жаңа заттар мен құбылыстардың бейнесі туып отырадың [7, 129 б.].

Яғни қиял ойлаудың бір түрі болып табылады. Оқушылардың қиял арқылы да өздерінің ой-өрісін дамытады. Сондықтан ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты.

Сонымен оқытудың осы бір түрі арқылы оқушылардың ой дамуымен қатар тіл дамуы да жүзеге асады. Тіл дамыту – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ал арқылы оқушыларды тіл өміріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Тіл – бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды.

Қазіргі білім беру талаптары тіл дамыту жұмыстарына да жаңа мақсат, жаңа міндет жүктейді.

Оқыту процесінде пәнаралық байланыс, оның маңызы туралы Я.А. Каменский, Ф.А. Дистерверг, И.Ф. Гербарт, И.Г. Песталоции, К.Д. Ушинский сияқты ірі педагогтар өз кезінде жазған болатын.

Ал біздің заманымыздың 60-70 жылдарынан бастап осы мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Оқушылардың тілін дамытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың маңызын төмендегідей саралауға болады:

  1. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады.
  2. Пәннен берілетін білім тереңдетіледі, дағды, іскерлік жетіледі, дамиды.
  3. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларды іздемпаздыққа, мақсаттан шыға білуге дағдыландырады, дүниетанымын кеңейтеді, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады.
  4. Дарынын, қабілетін дамытады.

 

 

 

 

 

 

1.2.Деңгейлеп оқытудағы  деңгейлік тапсырмалар  мен оқушылардың

даму мониторингі.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде  қалыптасуы барысында орта білім берудің  жүйелі реформалануы қоғамдық  тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.  Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін  технологияландырудың қажеттігінен  туып отыр.   Осыған орай,  соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық  технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.   Атап айтқанда , академик В.М. Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық тәсілі.[30].

         Профессор Ж.А. Қараевтың жұмыстарында  еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:

-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік  дифференциалдау;

- білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру

Принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық  компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық  технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған  жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:

  • білімді демократияландыруға  және ізгілендіруге;
  • оқыту сапасын арттыруға;
  • басқару тиімділігін жетілдіруге;
  • оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
  • оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр[19].

Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік техниканың  тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады.   Сондықтан да , бірқатар  мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік –сынақ жұмыстарымыздың  басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады.   Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы [4].

Педагогикалық технология

                                                   Тәжірибеде


                                                жүзеге асыру


 

 


 


                                                                                                      +

                                                                                                                                        

Бұл жерде:  Әдістемелік жүйе {Мақсат ,мазмұн, әдіс, сабақ түрі, құралдар}Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}

                              Тқ

Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгеруін  талап етеді.

Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады

Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);

 Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды орындау.

 Түз.ж. –түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);

 Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);

 Басқ . –педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін -өзі басқарады)

      Жалпы , педагогика  ғылымында баланы оқыту мен  тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті-  оқыту мақсаты болып қалады.  Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру,   сондықтан  оның өзіндік  танымдылық іс -әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.  Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.

    Осы талапты орындау  үшін төмендегі төрт ұсынысты  қажет деп санаймыз.

  1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып,  іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді.  Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар.  Демек , біздің жағдайымыздағы  «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы-мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады.  Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады.  Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады.

  1. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой.   Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты  да өзгеруді талап етеді.  Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін  жүргізе алатындай құралдар болуы керек
  2. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген  жаңа типтегі оқулықтар қажет.  Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады.  Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта құруына мүмкіндік береді.  Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда –оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет [29].
  • Қалайша ?!
  • Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан,  теориялық материалдардың мазмұны  әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты  меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды  қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар  «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.  Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып бойынша  заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді.   Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар  келтірсе жеткілікті.   Осындай әңгімелесуші- оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.

  Біздің педагогикалық техналогияны  құруға қажетті тұжырымдама, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған,  «ойлау барысында ойлау берік объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық,  психологиялық негіз бар»-деген ойыннан алынған.  Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.

Технологиямыздың  тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория

  • Л.С. Выготскийдің  «оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы «актуальды даму»аймағынан  «жақын арадағы даму»  аймағына ауысуы» туралы теориясы.  Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға  ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Тарих сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану