Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 21:44, курсовая работа
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.
Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
. Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25
2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………….….………….….……….….........................38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72
1-суретте
шет елдегі логистика
ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.
20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезеңді “фрагментаризация” кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар (1-сурет) құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т.б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.
1 сурет. Логистика эволюциясы
Қарастырылып отырған кезеңде, онда болашақта логистикалық концепция енгізудің алғышарты қалыптасқандығымен маңызды. Оған төмендегілерді жатқызуға болады:
Осы
кезеңде маркетинг бойынша
Әлемдік экономиканың өндіруші рыногынан сатып алушы рыногына бірте-бірте өту салдары ретіндегі маркетинг концепцияның қалыптасуы бизнестегі логистиканың пайда болуын түсіндіретін маңызды фактор болып табылады [1].
Қарастырылып отырған тарихи уақыт мезетіндегі алғашқы логистикалық ұйымдар мен бірлестіктердің пайда болуын айта кету қажет. АҚШ-тағы және әлемдегі ең ежелгі ұйым сатып алуларды басқару мәселелерінің Ұлттық асоциациясы болып табылады (1915 жылы құрылған), ол 1967 жылы жабдықтау агенттерінің Ұлттық ассоциациясы болып қайта құрылды.
1950-ші жылдардың ортасынан бастап 1970-ші жылдарға дейінгі кезеңді батыс мамандары логистиканың қалыптасу кезеңі (концептуализация) деп атайды. Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы логистиканың теориясы мен практикасының тез дамуымен сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны жақсарту мүмкіндігін, ең алдымен шығындарды төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды. Белгілі американ жазушысы және менеджмент бойынша кеңесші Питер Друкер дистрибьюцияны ''көбінесе еленбейтін және американ бизнесінің ең сенімді саласы '' деп атаған.
Логистиканың батыс бизнесінде тез етек жаюының маңызды фактілерінің бірі - жеке бөлудегі жалпы шығындар концепциясының пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәні, дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың жалпы деңгейі азаятындай етіп қайта топтауға болатындығына келіп саяды. Мысалы, тауарлар тасымалын автомобиль көлігінен әуе көлігіне алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру қажеттілігінен қашуға болады, яғни қорларды қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететін шығындарды шығаруға болады. Бұл жерде тасымалдау шығындары өскенмен, өткізу торындағы шығындардың жалпы деңгейі төмендейді. Бұл мысал, екі маңызды логистикалық қызметтер (қор мен тасымалдау) арасындағы ішкі өзара қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Жалпы шығындар концепциясы логистикалық шешімдерді қабылдау әдістемесін дамыту үшін негіз болып табылады.
Сонымен бірге, осы кезеңде логистиканың тез дамуын түсіндіретін бірқатар объективті экономикалық және технологиялық факторлар болған. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та айқын көрінді. Рыноктағы негізгі тенденциялар сатып алушыларға көңіл бөлудің күшеюі (соның ішінде, қызмет көрсету үлесінің өсуі) және бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын (бәсекелес тауарлардың) түрлі тауарлардың көп болуы болды. Олигополистік рыноктық құрылымдардың тез дамуы бизнес ұйымдарын сұраныс пен ұсынысты үйлестірудің, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Тапсырыс циклдарын қысқартуға және өнім өндірісіне жаңа кинетикалық көзқарастар пайда болды. Тауарлар түрлерінің көбеюі дистрибьюция жүйелерінде қорлардың құрылуы мен сақтауына кететін шығындардың өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде тауар өткізуші құрылымдарды жетілдірудің және жеке бөлу процестеріндегі шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етті [4].
Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы белсенді экономикалық өсуден кейін, 60-шы жылдардың ортасында өндірушілердің ұзартылған пайдасының едәуір құлдырауы және оның тарылу кезеңі байқалды.
Рыноктық жағдайдың өзгеруі, олигополистік бәсекелестіктің өсуі өнім өндірушілерге шығын факторларының қысымын күшейтті, менеджерлерді еңбек өнімділігін жоғарылатудың, өндіріс пен дистрибьюциядағы шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Жаңа логистикалық концепциялар оларға сондай мүмкіндік берді. Бұдан басқа, менеджерлердің логистикалық шығындардың көп мөлшерге дейін жете алатына көзі жетті.
Логистикалық ойлаудың дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі — бизнестегі есептеу техникасының және ақпараттық технологиялардың қолданылуы болып табылды.
Дамыған
капиталистік елдер экономикасындағы
ғылыми-техникалық прогресс көп альтернативті
және оңтайландыру мәселелерін шешу
қажеттілігіне алып келді, мысалы, ондай
мәселелерге көлік түрін
Дистрибьюцияға қатысты логистикалық әдісті күшейткен маңызды фактор — қор қалыптастыру стратегиясының өзгеруі болды. Көптеген тауар өндірушілер өз өндірістерінде дайын өнімнің көп мөлшердегі қорын құрғысы келмеді, керісінше, оларды дистрибьюция арналарына ығыстыруға тырысты. Сондықтан да көтерме, бөлшек саудагерлер және басқа да сауда делдалдары тауар өткізуші торлардағы қорлар деңгейін басқару, бақылау, тасымалдау, қоймаларды орналастыру мәселелерін өз бетінше шешуге мәжбүр болды. Әрине, осы логистикалық функциялармен байланысты дистрибьюторлар шығындарының өсуі өндірушілерге қорларды қайтарудың кері реакциясына алып келді. Қайшылықты жағдайлар тек логистикалық үйлестіру арқылы шешілуі мүмкін болды.
Менеджмент әскери логистиканың тәжірибесін біртіндеп логистикалық іс-әрекеттерді үйлестіру үшін және басқару үшін қолдана бастады. Бұған АҚШ-тағы бірқатар алдыңғы қатарлы университеттер мен ғылыми-зерттеу фирмаларының жасаған логистикалық іс-әрекеттеріне әскерлердің демеушілік етуі өз әсерін тигізді [2].
60-жылдардың
соңында Батыста (негізінен
70-шы
жылдардың басында бизнес-
70-ші жылдардың ерекше сипаты-жоғары сапалы шикізат ресурстарының жетіспеушілігі кезіндегі бәсекелестіктің өсуі болды. Көптеген елдердегі өндіріс құралдарына салынатын инвестициялардың өсуі салыстырмалы тұрақтандырумен ауысты.
70-ші
жылдардың соңында Батыста
80-90
жж. кезеңін логистика бойынша
ең белгілі ғалымдар мен
Логистиканың тез дамуының басты идеясы минималды шығындармен бизнестің соңғы мақсатына жету үшін ''сатып алулар – өндіріс-дистрибьюция – сатулар'' толық логистикалық торындағы фирманың логистикалық функциялары мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды.
Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды өзгерістер болды. Олардың негізгілері мыналар:
Микропроцессорлы техниканың жетілдірілуі және оның дамушы елдер экономикасының барлық салаларында кеңінен қолданылуы ақпаратты-компьютерлік технологиялардағы нағыз революцияның болуына ықпал етті. Электронды формадағы ақпарат қазіргі рыноктық инфрақұрылымның маңызды компонентіне айналды. Әлемдік ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы мәліметтер базасы мен банкін, электронды мәмілелер және электронды байланыстардың жүйелері мен стандарттарын құру мен дамытудың бағыттары бойынша жүрді. Логистиканың принциптерін алға жылжыту үшін электронды банк операциялары жүйесін құру (Халықаралық банкаралық SWІFT және SWІFT ІІ жүйесі негізінде), стандарттарының кинетикалық серіктестер арасында өзара ақпараттық іс-әрекеттерді қолдау үшін EDІ (Electronіc Data Іnter-change) – “электронды мәлімет алмасу” – және EDІ FACT (Electronіc Data Іnterchange) - “басқаруда, сауда және транспортта электронды ақпарат алмасу” стандарттарын пайдалану маңызды орын алады [1].
Бизнестегі логистикалық концепцияны жылжытуға тез дамушы электронды байланыс рыногы да әсер етті, соның ішінде: ақпараттарды хабарлау торлары, факсимильді байланыс, электронды пошта, телеконференциялар, көпшілік пайдалануға болатын бағдарламалық қамтамасыз етудің клирингхауздары және т.б. Логистикалық серіктестер коммерциялық (Compu Serve,Amerіca Onlіne), сонымен қатар коммерциялық емес (Іnternet) жаппай ақпараттық қызмет көрсету жүйелерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады.
Информация о работе Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары