Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 19:18, реферат
Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Қазақстан мемлекеттілігінің түп-тамырлары....................................................4-6
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы.........................................6-9
ҚР-дағы саяси жүйенің құрылымы...................................................................9-12
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................14
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
САЯСАТТАНУ
№2 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси жүйесі»
Орындаған: БЭк-13-3 т.ст.
Абдильман Айбек
Тексерген: к.п.н. Бисенова А.З.
Алматы 2015
Мазмұны
Кіріспе.......................
Қазақстан мемлекеттілігінің
түп-тамырлары.................
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің
қалыптасуы....................
ҚР-дағы саяси жүйенің құрылымы......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі.
Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе. Бұл - бір.
Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның басшылары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды.Бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өткен заманымыздың қай кезеңіндегі тарихымыз болмасын қымбат, сұрапыл-сағаттарда ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да ардақты. Бұрыңғы-соңғы тарихта орны ерекше тұлғалар да болған. Олар – Қазақ Ордасының негізін салған тұңғыш хандарымыз–Керей мен Жәнібек. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған дара ұлдары.
Қазақстан мемлекеттілігінің тамырлары
1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай Ордасы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен билеген Ақ Орда территориясы – шығыс Дешті Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468) үстемдік етті. Әбілқайыр хан құрған бұл мемлекет “Көшпелі өзбектер мемлекеті” деп те аталды. Әбілқайыр (1412-1468 жж) Жошының бесінші баласы Шайбаннан тарайды. Мемлекеттің территориясы XV ғасырдың орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатты. Әбілқайыр жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарих-и-Рашиди” атты шығармасында: “Әбілқайыр хан бүкіл Дешті-Қыпшақты билеп, төстеді. Жошы ұрпақтарының кейбір сұлтандары Әбілқайырдан арамдық әрекеттер мен соғыс құмарлығының иісі аңқып тұрғанын біліп, мұны болғызбауға талпынды» деп жазады.
XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығындағы толассыз болған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдеп, феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыранқылық салдарынан Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың әділетсіз үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті. Ақ Орданың ақырғы ханы Ұрыс (Орыс) ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек бұл жағдайды өз мақсаттары үшін пайдаланды да, Әбілхайыр ханның қанаушылығына қарсы күрескен, болашақта қазақ деп аталған жұртты құраған тайпаларға басшылық жасады. Осы қазақ атанған қалың тайпаларды бастап батыс Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде 1434-1462 жылдары Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға бұл қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Бұлар батыс Жетісуды мекен ете отырып, қазақ хандығын құрды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-и-Рашиди» атты еңбегінде: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп кетті. Есенбұға хан оларды қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Ол көшіп келген өзбектерді «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады…» деген мәлімет қалтырған.
1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар, Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болатын. Ал қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген түрік тектес тайпалардың басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бір жолата қалыптасуында аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған ерекше оқиға – қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің дүниеге келген мезгіл болды. «Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, тіпті, бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды. 1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана»- деген Мағауиннің тұжырымы сол кездегі тарихи оқиғаларды зерттеген өзге де тарихшы-ғалымдардың пікірлерімен үндес.
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алқабы еді. Міне нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақтар» деген атау қолданылған (Уасифи, 16-ғасыр),ежелден осы алқапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуі бұзылған судай ағылып Қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50 жылдарының ортасынан 70 жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды.
1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті. Жазушы-ғалым Мұхтар Мағауиннің осы ретте: «Көне Түрік қағандығы–біздің түп тамыр, әуелгі ұлы мемлекетіміз, Алтын Орда – одан соңғы бабаларымыз орнатқан даңқты ұлысымыз, Көк Орда – қазақ жұртының этникалық бірлігіне жол ашып, мемлекеттік жүйесін қалыптастырған кезең десек, Қазақ Ордасы біздің өз атауымызбен аталған, халқымызды этнос ретінде біржола орнықтырған құрылым болды»21-деп берген бағасы ғылыми негізделген тұжырым болып табылады. Қазақ хандығының құрылуы ежелгі түрік тайпаларының бір бөлігін ата мекенге ұлыс етіп ұйыстырумен қатар, олардың біртұтас халық-ұлт ретінде сақталуына мүмкіндік жасады. Бұл кезде өткендегі Алтын Орда қарамағындағы басқа түрік тектес тайпалар қырылып-жойылып жатқанда, қазақ туын көтерген қауым өзінің елдігін сақтады, ұлан-байтақ жерін ұрпағына мирас етіп қалдырды.
Мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы
Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы тұр.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды. Соның ішінде тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Біздің алдымызда осы жылы тәуелсіздік мерейтойын асқан ұйымдастырушылықпен және жоғары идеологиялық деңгейде өткізу міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында, өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Жиырма жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен блокты шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған. Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады.
Қазақстан халқы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қиындықтарға төтеп беріп, дұрыс даму жолын ұстану арқылы жеткен жетістіктерімізді атап көрсетіп, 2020 жылға дейінгі ел дамуының басты бағыт-бағдарын нықтап берген Жолдауын жария еткен күні, 28 қаңтар 2011 жылы Елордасы Астанада, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кеңесінде, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасадық. Жолдауда мен еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мәселесін ерекше атап өттім. Тәуелсіздік – бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізсіз жетістігіміз. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір шынтуайтында өзінің бастауын тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие. Және де біздің алдымызда бұл жылды жоғары ұйымдастыру және идеологиялық деңгейге жеткізу міндеті тұр» – деп, Елбасы тәуелсіздіктің биік тұғыры туралы өз пікірін түйіндеді.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жыл «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы» деп жарияланды. Осыған орай, биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаздыққа – 20 жыл» ұранымен өтеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің басты атрибуттары атқарылған нақты істер болады. Ал, тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты – мемлекеттілік пен Қазақстан халқы бірлігін нығайту және базалық құндылықтар төңірегінде қоғамды шоғырландыру. Осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім мен бейбіт өмірді нығайту болып табылады. 2011 жыл – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын жыл. «Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы – той тойлау үшін емес, Тәуелсіздіктен тағылым алу керек» деген Елбасының сөзі біз үшін, яғни барша қазақстандық азаматтар үшін алдағы атқаратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ. Ел тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасы ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық.
Қазіргі уақытта ҚР кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті. Өткен жылы біз Кедендік одаққа кірдік. Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде.
Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы
Жас егеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды. Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды.
Информация о работе Қазақстан мемлекеттілігінің түп-тамырлары