Қазақстан мемлекеттілігінің түп-тамырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 19:18, реферат

Описание работы

Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
Қазақстан мемлекеттілігінің түп-тамырлары....................................................4-6
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы.........................................6-9
ҚР-дағы саяси жүйенің құрылымы...................................................................9-12
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................14

Файлы: 1 файл

Саясат-2.docx

— 36.80 Кб (Скачать файл)

       Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел шешу керек болды .

       Президенттік билік институтын еңгізу арқылы республикада ең бір қиын өткелең жағдайда өкімет билігі орнықты ұсталып, қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-әскери күштер, Республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. 1993 жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз күштерін құру істері басталды. Осылай жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру ісі қысқа мерзімде аяқталды. Осы жылдары сыртқы істер министрлігі шын мәніндегі сыртқы саясат мекемесіне айналды. Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен барлығы 800-ден астам құжат жасалды.

        Тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық,мемлекеттік-саяси өмірлік барлық жағынан да күрделі өзгерістерге толы. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді басқару саласында президенттік билік комунистік партия және кеңестер билігімен қатар өмір сүруі. 1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды.

       1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі» партиясы құрылды. 1993 жылдың басында «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы құрылып, бұл кейін партияға айналды.1994 жылы наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық қозғалысы қосылды.

      Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның органы ретінде «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері оқи бастады. Егеменді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңның жобасын талқылауға үш миллионнан астам азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.  Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген респуебликалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын көрсетілген. Онда: « Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-делінген. Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді. Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен 8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс беріп, олардың 95,46 пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын, өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын танытты.

       Жаңа Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық жойылды. « Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» болды. Президентті сайлау жүйесі нақтылы белгіленді. Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары, импичмент туралы ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару қызметін атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді органына айналды. Заңнын 52-бабы бойынша Парламент депутаттары қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес болды.

      Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі  (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Ал мемлекет ретінде қалыптасуы 1465-1466 жылдары орын алды. Кейінірек XX ғасырдың соңында егемендік алып, тәуілсіз мемлекет ретінде тарих сахнасында пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Капесов Н. Саясаттану. А., «Жеті жарғы».

2. Қазақстан тарихы, оқу  құралы 2008ж., Алматы баспасы.

3. «Менің елім Қазақстан» кітап., 2003ж.

4. Нурпеисов Е.К., Котов А.Н., Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. –Жеті жарғы. -1995.

 

 


Информация о работе Қазақстан мемлекеттілігінің түп-тамырлары