Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 12:50, реферат

Описание работы

Қазақтың жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ қорына бай. Бұл мұнай мен газ химия өнеркәсібін өркендетудің шикізаттық көзі бола алады. Оның үстіне қазақ жерінен өндіріліп жатқан мұнай да, газ да сапалық құрамы жағынан Ресейдің осындай өнімдерінен кем түспейді. Мамандардың пікірінше, біздің елімізде өндірілетін газ құрамында химия өнеркәсібіне басты шикізат бола алатын этан қоспаларының үлесі шамамен 13-16 пайыз аралығында кездеседі.

Содержание работы

I. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Отын энергетика кешені
2. Газ өнеркәсібі
3. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібінің дамуы
4. Қазақстан Республикасында газ өнеркәсібін дамытудағы проблемалар.
5. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту шаралары

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

рефератЭК.docx

— 127.75 Кб (Скачать файл)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

СӨЖ № 1

Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту.

 

 

 

                                                         Тексерген: Саддулаева А.П

                                    Орындағандар:

                                                                                        Ғалымқызы Г.

                                                                                        Жансейтова А.

                                                                                       Жылекеева А.

                                                                              Марат А.

                                                                                 Махали А.

                                                                                       Уалиханова Қ

                                                                       Тобы: қаржы 1-топ

                                                                                    Ф11К1

 

 

Алматы 2013 жыл

ЖОСПАР:

 

I. Кіріспе

 

ІІ Негізгі бөлім

1. Отын энергетика кешені

2. Газ өнеркәсібі

3. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібінің дамуы

4. Қазақстан Республикасында газ өнеркәсібін дамытудағы      проблемалар.

5. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту шаралары

 

ІІІ Қорытынды

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі өскелең өмірімізді «көгілдір отынсыз» елестету мүмкін емес. Энергетикалық қуат көздеріне деген сұраныс артқан сайын табиғи газды тұтыну ауқымы да жылдан жылға артып барады. Адамзаттың алаңсыз тіршілігі табиғи газға тәуелді.  Қазақтың қасиетті жерінің қойнауында табиғи газдың мол қоры шоғырланған. Бұл экономикамыздың әлеуетін арттырудың тағы бір қайнар көзі.

Қазақтың жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ  қорына бай. Бұл мұнай мен газ  химия өнеркәсібін өркендетудің шикізаттық көзі бола алады. Оның үстіне қазақ жерінен өндіріліп жатқан мұнай да, газ да сапалық құрамы жағынан Ресейдің осындай өнімдерінен  кем түспейді. Мамандардың пікірінше, біздің елімізде өндірілетін газ  құрамында химия өнеркәсібіне басты  шикізат бола алатын этан қоспаларының үлесі шамамен 13-16 пайыз аралығында кездеседі.

 Қазақстанның кен орындарындағы  ілеспе газ құрамындағы этан, этилен, полиэтилен өнімдерін алудың  экономикалық, сонымен бірге технологиялық  тиімділігі жөнінде оқтын-оқтын  айтылып қалады. Мәселен, жаңа  дәуірдің жетілдірілген озық  технологиясымен бір тонна этилен  алуға 1,25-1,3 тонна көлемінде этан  жұмсалатын мамандар жоққа шығармайды.  Бұдан өзге газ құрамындағы қоспалардан 20-ға дейін өнім өндіруге мүмкіндік бар.

Қазақстанның газ өнеркәсібінің  дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. 1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопедиясында» былай делінген:

Табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор.

 

 

 

 

 

 

Отын-энергетикалық  кешені

Oтын-энергетика кешені өндіргіш күштерді дамыту мен қоғамның материалдық-техникалық базасын жасаудың негізі болып табылады.

Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады:

  • Отын өнеркәсібі
  • Электр энергетикасы

Отын өнеркәсібі: көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады.

Электр энергетикасы: су электр станцияларында, жылу электр станцияларында, атом электр станцияларында электр энергиясын өндіруден тұрады.

Энергетикалық ресурстарға көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады.

Отын-энергетика кешенінің міндеті:

  • Халықты, шаруашылықтың барлык салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасыз ету.
  • отынды үнемдеп пайдалану.

 Қазакстанның отын-энергетика кешенінің жоғары өсу қарқыны, күрделі жұмсалымға тартымдылығы, баска салааралық кешендермен тығыз байланысымен айқындалады.

Негізгі сипаттары


  • Ол отынның ірі ресурстары мен энергия қуатына сүйенеді. Оның көлемі жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындардың бірін алады.
  • Отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе асып түседі.
  • Өте тиімді отын түрі табиғи газ бен мұнайды пайдаланудың үлесі кебейді. Бірақ негізгі энергия көзі көмір болып саналады.
  • Органикалық отынды атмосферада жағудың нәтижесінде қоршаған ортаны ластайтын заттар мен булы газдар көбірек бөлінеді.

 
Еліміз отынды ысыраппен пайдалануда. Сондықтан болар Қазақстан экономикасы - дүние жүзіндегі қуатты көп қолданатын елдер катарында. Отынды тек үнемдеп қана қоймай шамадан тыс көмырқышқыл газын шығаруды азайту қажет.

Еліміздің ОЭК-і - шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты саласы.

1990 жылдары олар кешеннің барлық салаларында жұмыс істей бастады. Мұның барлығы Қазақстанның кен орындарының қиын игерілуіне байланысты. Оны жекелей игеру (тіпті мықты компанияның өзіне) өте ауыр. Сондықтан олар уақытша келісімшартын (консорциум) жасасады.

Қазакстанның отын өнеркәсібінің өзіне төн даму және орна- ласу ерекшеліктері бар.

Кешеннің табиғи негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Оларды қалпына келетін және қалпына келмейтін деп екіге бөледі.

'''Қалпына келмейтін түріне''' - минералдық отын (мұнай, табиғи газ, көмір) жөне ядролық отын (уран) жатады. '''Қалпына келетін''' ресурсқа cy ресурсы (өзеннің кұлама суының куаты), күн, жел куатының мол қазынасы және жердің ішкі жылуы. Бүларды өмірде колдану атмосфераға зиянды газ шығармайды, экологиялық ортаға тиімді.

Отын-энергетика кешенінің - әсіресе металлургия және құрылыс машиналары кешендерімен тығыз байланысады. Отын тасымалдауда жетекші жұмысты құбыр, теңіз және темір жол көлігі атқарады.

Отын-энергетика кешені - бұл елімізге ең негізгі табыс көзін, яғни экспорт түсімінің 3/4 бөлігін әкелетін кешен.

Еліміздің ОЭК-і - шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты саласы.

Отын-энергетика кешенінің  дамуы барлық халық шаруашылық мәселелерін  шешудің негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Газ өнеркәсібі.

Газ-толық жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр жолымен тасымалданатын отын түрі. Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы.

Дүниежүзі бойынша газ  өндірісі XX ғасырдың ортасынан бастап өркендей бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің  де маңызы зор. Газ энергетикалық  мақсатта ғана емес, химиялық шикізат  ретінде азот тыңайткыштары мен  полимер өндірісінде пайдаланылады.

Табиғи газдың маңызды  кен орындары Солтүстік Америка  мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен  өндіреді, су астындағы газ жинау  қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді.

 Қазіргі кезде дамыған  елдердің отын-энергетика құрылымында  газ үлесі көмірмен бірдей  мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд  м3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың  үлесіне тиесілі (40-сызбанұскаға  қараңдар). Қазақстанда 2008 жылы 32,9 млрд  м3 табиғи газ өндірілді, яғни  жан басына шаққанда 1474 м3-ден  келеді.

Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды  газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей  мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы  жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен  аздаған газ алынып тұрды.

Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте  пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда  қолданылады. 

 

 

 

 

 

 

 Қазақстан  Республикасы газ өнеркәсібінің дамуы

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары  республикада энергетиканың  ең жас  саласы – газ өнеркәсібі қалыптаса  бастағаны белгілі.

Қазіргі  таңда ол отын өнеркәсібінің маңызды саласы болып  табылады. Газ өндіру, оны сақтау және өңдеу, сол сияқты газды газ  өңдейтін мекемелерге, тұрмыстық нысандарға тағы сол сияқты тасымалдау құрылымдарын біріктіреді.

 Республикамызда газ  өнеркәсібінің пайда болуы, әдетте, мұнай өндіру өнеркәсібімен тығыз  байланысты. 1960 жылы Өзен кен орнының  №18-ші ұңғымасынан алғаш рет  табиғи газ алынған еді. Ал, газды кен орындарын өнеркәсіптік  игеру Маңғыстау түбегінде 1966 жылы басталды. 1979 жылы ашылған  Қарашығанақ газды-конденсатты кен  орны игерілгеннен кейін республикамызда  газ өндіру көлемі айтарлықтай  артты. 

Мәселен, табиғи және ілеспе газдарды өндіру 1970-1980 жылдар аралығында 2,1 есе, 1980-1990 жылдар аралығында 64,9 пайызға, 1990-1997 жылдары 14,1 пайызға артты.

Газ өндіру жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игерген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.

Қазақстанда Каспий қайраңын қосып алғандағы газдың жалпы  қоры

6 трлн м3, бұл қоры жөнінен әлемде он екінші орында.

Қазақстанда газ мұнаймен бірге және табиғи жеке түрде кездеседі. Мұнайдың қосалқы газы Атырау-Ембі бассейнінде кездеседі. Маңғыстау түбегіндегі Теңге, Үстірт кен орындарында табиғи газ мол. Жалпы газдың ірі кен орындарына Қарашығанақ, Имаш, Жаңажол, Батыс, Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен жатады.

Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ  оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының  үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ  кен орындарында мүнаймен бірге  кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ  алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.

Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен  орнында өндірілді. Қазақстанның газ  өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен  тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.

Манғышлақ өнiрiндегi мұнай  мен газдың ірі кендерінің ашылуы – тарих пен ғылымның ең арыстай  беттерінің бірі. Осы кендерді игеруімен  қатар күн тәртібінде Манғышлақ  жарты аралындағы газдың аса зор  қорларының тиімді пайдалану сұрағы көтерілді.

1971 жылдың наурызында  СОКП-ның XXIVсъезді өтті. «Өзен»  мұнай кенінің пайдалануында  алынатын жолай-мұнай газын пайдалану  мақсатында съездің нұсқауымен  Манғышлақта газ өндейтін зауыттың  құрылысы жөнiнде шешім қабылданды.

1972 жыл – құрылыстың  алгашқы кезеңі. Қазақстанда Манғышлақтағы  алғашқы газ өндейтін заутты  салуына бүкіл Совет Одағы  көмек көрсетті. Елдің 100 ден аса  кәсіпорындарынан жабдықтаулар  жіберілді, он шақты жобалы  институттар техникалық құжаттамаларды  дайындады, үлкен елдің барлық  аймақтарынан мамандар келді.  Қазақ газ өндеу зауытын icке  түсiруі үшін Грозныйның МӨЗ-нан,  Миннибайдың ГӨЗ-нан, Вознесенскийдің  ГӨЗ-нан. Невинномысскийдің химкомбинатынан  газ қайтаөңдеуі және газ мотокомпрессорларының  пайдалануы бойынша мамандар  келді. 

 Зауыттың icке түсiрiлуі  кезеңінде зауытта мына басшылар  жұмыста тұрды: Григорьев И.В., Ширшов Л.Н., газды қайта өндейтін  цехтің бастығы Саурин А.П., компрессорлық  цехтің бастығы – Жаков М.С., газды қайта өндейтіннің құрылғысының  бастығы- Фомин Г.П. 

 Газды қайта өңдейтін  цехінде Өзеннің жолай-мұнай және  табиғи газды қайта өңдеуінде  Луничкин В.Л., Филиппов В.Д., Шелухин  В, Федоров Ю.А, Жовнер В., Жаворонкин  В., және де газ моттокомпрессордың  машинистары – Белов А.С., Безбах  И.Г., Дудин А.Я.,Глушнев Н.Ф. секілді  техникалық құрудың тәжірибелі  аға операторлар қызметтерін  көрсетті.

 Қазақ газ өндейтін  зауыты Манғыстау өндіріс-территориялық  комплексінде маңызды орынын  алады. Зауыт Республиканың едәуір  бөлігін тұрмыс сұйылтылған газбен  қамтамазсыз етеді, аймақтың ел-жұртын  құрғақ бензинмен өңделген газбен  және пеш жағып жылытумен жетістіреді,  Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарының  мұқтаждығын техникалық кислородпен  камтамазсыз етеді. 

2007 жылы зауыттың заңгерлік  статусының өзгерісі өттіп, осы  жылы зауыт «ҚазГӨЗ» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі болып  қайта тіркелді

 

 

Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу  зауыты істейді Олар:

    • Қазақ газ өңдеу зауыты
    • Теңіз газ өңдеу зауыты
    • Жаңажол газ өңдеу зауыты
    • Қарашығанақ өңдеу кешені.

Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін

Информация о работе Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту