Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 12:50, реферат

Описание работы

Қазақтың жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ қорына бай. Бұл мұнай мен газ химия өнеркәсібін өркендетудің шикізаттық көзі бола алады. Оның үстіне қазақ жерінен өндіріліп жатқан мұнай да, газ да сапалық құрамы жағынан Ресейдің осындай өнімдерінен кем түспейді. Мамандардың пікірінше, біздің елімізде өндірілетін газ құрамында химия өнеркәсібіне басты шикізат бола алатын этан қоспаларының үлесі шамамен 13-16 пайыз аралығында кездеседі.

Содержание работы

I. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Отын энергетика кешені
2. Газ өнеркәсібі
3. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібінің дамуы
4. Қазақстан Республикасында газ өнеркәсібін дамытудағы проблемалар.
5. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту шаралары

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

рефератЭК.docx

— 127.75 Кб (Скачать файл)

2012 жылы республикада газ өндіру 40,1 млрд. текше метрді құрады (2011 ж. деңгейге 100,3%).

Тауарлық газды өндіру көлемі 21,7 млрд. текше метрді құрады, (2011 ж. қарағанда 100%).

Республика облыстарының табиғи газды тұтыну көлемі 10,5 млрд. текше метрді құрады  (2011ж. қарағанда 103,2%).

2006 жылғы 27 желтоқсандағы  «Газпром» ААҚ, «Узбекнефтегаз» НХК және ҚМГ арасындағы Газдың қарсы жеткізілімдері туралы келісімге сәйкес газдың барлық импорты тең баға мен тең көлемдер бойынша Қарашығанақ экспортымен «свопталады».

Республиканың газ экспортының  көлемі 8,5 млрд. текше метрді құрады (2011 ж. қарағанда 103,7%). Республиканың аумағы арқылы 96,5 млрд. текше метр (100%) көлемінде газ транзиті жүзеге асырылды.

2,2 млн. тонна сұйытылған  көмірсутегі газы (103,1%) өндірілді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында, газ алауларында жағылатын газ көлемі 1,0 млрд. текше м. құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 83,2% құрады.

2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы  бойынша республиканың жерасты газ қоймаларында табиғи газ қорының көлемі 1,0 млрд. текше м. құрады.

Жамбыл облысындағы Аманкелді газ кенорнын игеру жалғасуда. 2012 жылғы газ өндіру 324,1 млн. текше м. құрады.

2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін 80 жоба іске асырылды, бұл  210 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жалпы республика бойынша 880 астам елді мекен газдандырылды, бұл жалпы санынан шамамен 20% құрайды. 2012 жылы 024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ-тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінді, 43 жоба бойынша құрылыс жүзеге асырылды, жалпы ұзындығы шамамен 600 км. газ құбыры салынды. Нәтижесінде, Қазақстанның 8 облысында 60 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік жасалды.

Елді мекенді газдандыру бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалардың өсу серпіні және республикалық бюджеттен бюджет қаражаттарының көлемі төмендегі кестеде келтірілген.

 

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

инвестициялық жобалардың саны

1

3

15

11

11

36

43

бюджеттік қаражаттары,

млн.теңге

300

1 200

6 333

7 328

12 121

14 179

13 508


 

 

2013 жылы 46 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының  энергетикалық және экологиялық  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ҚР отын-энергетикалық балансындағы газ үлесін көбейту және тұтынушылардың басым көпшілігін газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, ҚР мұқтаждығына өндірілетін ілеспе газды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау  туралы» Заңын дайындады және оған Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 9 қаңтарда қол қойды.

Заң мыналарға мүмкіндік береді:

1. Республиканың газ тасымалдау желiлерiнiң кешендi дамытуына және iшкi нарыққа тауарлық газды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету, бiрыңғай ұлттық операторды құруға. Бұл шаралар елімізді тауарлы газбен жабдықтау жүйесін реттеуге және желілердің қатты тозу мәселесін шешуге;

2. ҚР аумағын газдандырудың бас схемасын әзірлеуге;

3. Сұйытылған табиғи газ  нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.  Бұл - қазіргі уақытта алауларда жағылатын ілеспе газдың бірінші кезекте республиканың ішкі нарығын қамтамасыз етуге жіберілетіндігін білдіреді.

Экспорт және халықаралық газ транзиті

Қазіргі уақытта Қазақстан–Қытай газ құбырының бірінші учаскесінің екі желісі салынып пайдалануға берілді, сондай-ақ ҚХР-ға 43,0 млрд. текше метрден астам транзиттік газ тасымалданды.

Сондай-ақ брінші учаскені кеңейту мақсатында жылына қуатты 25, млрд. текше метр газ құбырының үшінші желісін салу пысықталуда, ол бойынша 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдалану ынтымақтастығы туралы 2011 жылғы 27 қазандағы ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға тараптар қол қойды, қазіргі уақытта оның күшіне енуге дейін мемлекеттік ішілік рәсімін өтуде.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 маусымдағы №918 қаулысымен басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгіленді және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілді, атап айтқанда «Қазақстан-Қытай» МГ-ның бірінші учаскесінің «С» желісін салу, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ салу және Жаңажол ГӨЗ-дің 2-і,      3-і кезектерін салу.

Сондай-ақ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» бағыты бойынша Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесін салу жобасы іске асыру сатысында тұр және 2012 жылғы 1 тамыздағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Астана қ. және еліміздің солтүстік аймақтарын газдандыру үшін «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырын салу жобасы пысықталып жатыр, бұл республиканың бұған дейін газдандырылмаған аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта осы жоба бойынша ТЭН және ЖСҚ әзірленген және «Самұрық-Қазына» АҚ-тың дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен қаржыландыру мәселелері пысықталуда.

Жобаның шикізат базасының көзі ретінде Қазақстаның батыс кен орындарынан алмасу схемасы (СВОП-операциясы) бойынша жеткізілетін, ресейде шығарылған табиғи газды пайдалану жоспарлануда, одан әрі жоспарланған Қарашығанақ газ өңдеу зауытынан (одан әрі-ҚГӨЗ) газ жеткізу мүмкін, сондай-ақ ол Мемлекет басшысының қаңтардағы жолдауында айталған болатын.

Қазіргі уақытта ҚГӨЗ құрылысының жобасы бойынша Эни итальяндық компания ТЭН әзірлеген және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

Жобаның ТЭН қорытындысы  бойынша, жақын уақытта, жобаны одан әрі іске асыру жөнінде шешім қабылданатын болады, атап айтқанда жобалық-сметалық құжатты әзірлеу бойынша, бұл ретте    2013-2014 жылдары ЖСҚ әзірлеу кезеңі, ҚР нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігін ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу қажет.

Қазіргі уақытта Шығыс  Қазақстан облысын газдандыру мәселесі «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу арқылы пысықталуда.

Қазақстан-Қытай комитетінің ынтымақтастық жөніндегі 6-отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық және «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу туралы келісімге қол қойылған (2012 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында).

Қазіргі уақытта аталған  Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдер жүргізіліп жатыр.

2013 жылға арналған жоспарлар

- «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Сарыбұлақ-Зимұнай», «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырларын салу жобаларын іске асыруды жалғастыру;

- 2007 жылғы 18 тамыздағы  ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- РФ-пен ҚГӨЗ салу және Қарашығанақтың 3-ші сатысын дамыту мәселелерін ескере отырып Орынбор ГӨЗ негізінде БК құру мәселесі бойынша келіссөздерді 2013 жылғы бірінші жарты жылдығына дейін аяқтау;

- ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ-Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- ҚР Мұнай және газ министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табиғи газды сұйыту зауытын салу мен пайдалану туралы келісім жобасын Қытай тарапымен келісу және қол қою.

 

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасында газ өнеркәсібін дамытудағы проблемалар:

 

Қазақстан — мұнайлы мемлекет дейміз. Өйткені мұнай-газ өндірісі ел экономикасы салаларында, тіпті, дағдарыс жағдайының өзінде қарқынды даму үстіндегі сала болып табылады. Республикалық бюджеттің жасақталуы да, оның бүйірінің шығуы да мұнай  бағасына тәуелді. Алайда мұнай мен  газ өндірісінде мұнай мен  газ бірдей дамымай, газ саласы кенжелеп қалып отыр. Проблемалар шаш-етектен.

Атап айтсақ, өндірілген газ толық көлемінде өңделмейді, оны өндірген соң тұтынушыға дейін  жеткізудің әдістері жасалмаған. Содан  барып миллиондаған текше метр ілеспе газ босқа жанып, миллиардтаған  теңге далаға кетуде. Ал, халық газға  жете алмай, бұрынғыша көмір жағып, аталарымыз пайдаланған отын көздерінен алыстап кете алмауда. Осылай «мұнайымыз бар, баймыз», деп қара алтынды қарпып алып, аузымызды аша берсек, ертең  мұнай көздерінің де сарқылатыны  анық. Осыған байланысты қазіргі кезде  дүние жүзі елдері сияқты балама қуат көздерін іздестіруге тура келеді.

 Бүгін халықаралық  тұрғыдан газдың маңызы артып,  мұнай және басқа да отын  көздеріне қарағанда оны пайдаланудың  аса қарқынды болатыны туралы  болжамдар да бар. Олай болса,  елдің мұнай-газ кешенінің құрамдас  бөлігі газ саласын дамытсақ, мұртымызды балта шаба қоймайды.

 Ал, саланы дамытып, пайдасын көру үшін айтылып та, айтылмай жүрген де проблемаларды шешу керек.

 Оның бірі мұнайға  қарағанда газ саласын дамыту  мен құқықтық реттеуге жеткілікті  көңіл аударылмауы және газдандыру  мәселесі.

Елді мекендерді газдандыруды одан әрі жалғастыру үшін 2010 жылы — 7,1 млрд. теңге, 2011 жылы 6,7 млрд.теңге көлемінде қаржы қарастыру жоспарланып, Ақтөбе облысының Байғанин, Қобда және Алға аудандарын, Атырау облысының Қызылқоға ауданын, Қостанай облысының Қамысты ауданын, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданын, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын және Қызылорда қаласын газдандыру жұмыстары аяқталуы тиіс.

 

 Қарап отырсақ, республикалық  бюджеттен газдандыруға жап-жақсы  қаржы кертіп беріліп отыр. Өйткені  газдандырудың бұл жобалары —  қымбат жобалар. Мысалы, Ақтөбе  облысының Байғанин ауданын газдандыру  үшін газ құбырын тарту сметасы  3 миллиард теңгеден асады. Бұл  — 20 миллион АҚШ доллары деген  сөз. Тек бір ауданды газдандыру  үшін республикалық бюджеттен  20 миллион долларды кертіп бере  салу оп-оңай болып отыр дегенді  айту қиын. Бірақ газдандыру бағдарламасын  жүзеге асыру қажет.

 Ал, газдандыру жобалары  мұншалықты қымбат болмаса, республика  өңірлерін газдандыру бұдан әлдеқайда  қарқынды жүргізіліп, газ жетпей  жатқан Солтүстік Қазақстан, Ақмола  облыстарын газдандыру да қолға  алынып, мәселенің шешілуі жеңілдей  түскен болар еді. 

«Бұл проблеманы бүгін  аса тиімді және ұтымды заманауй технологияларды  пайдалану арқылы шешуге болады. Мысалы, Ресейдің, Батыс Еуропаның тәжірибесіндегі  халықты сұйық газбен қамтамасыз етудің автономды жолын қолдануға  болады. Алдын ала талдаулар Байғанин поселкесі сияқты елді мекендерді осындай  жолмен газдандыруға болатындығын көрсетеді. Әрі жобаның құны 1 млрд. теңгені  құрайды. Демек бұл қазіргі қолданыстағы жобалардан үш есеге дейін арзанға  түседі.

Біздің ішкі рыногымызда өте жоғары әртараптандырылған баға қалып­тасқан. Өңірлердегі баға айырмашылығының алшақтығы сондай, кейде оның себебін айқын­дау мүмкін емес.

Сондықтан болашақта Қазақстан  Республикасы ресейлік жолмен жүреді: яғни өңірлердің ерекшеліктеріне байланысты шекті баға – газ өндіретін  батыс өңірлерге жеке, тұтынушы оңтүстік өңірге жеке баға белгіленетін болады.

Жалпы, елді газдандыруды аса  қымбатқа түсетін құбырлар тарту  жолымен ғана емес, сондай-ақ, жеке инвестициялар  мен концессиялар, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктер есебінен жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану  арқылы да жүзеге асыру қажет. Өйткені  энергожеткізгіштерді тасымалдау —  аса рентабельді бизнес», деп  ұсынысын білдірген болатын.

 

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту шаралары

Мемлекет басшысының ел Үкіметінің алдына қойған маңызды міндеттердің бірі еліміздің елді мекендерін газдандыру болып табылады.

 «Жамбыл облысын газдандырудың  2007-2010 жылдарға дейінгі кешенді  бағдарламасы» облыстық мәслихатының 2007 жылғы 26 шілдедегі шешімімен  бекітіліп, Мұнай және газ министрлігінің  Қазақстан Республикасын 2007-2015 жылдарға  арналған газбен жабдықтау саласын  дамыту бағдарламасын іске асыруға  негізделген іс-шаралар жоспарына  енгізілген. Осы бағдарламаға сәйкес  облыстың 140 елді мекенін газбен  қамтамасыз ету көзделген. Атап  айтсақ, олар:

  • Ташкент-Бішкек-Алматы магистралды газ құбыры – 75 ЕМ;
  • Амангелді КС-5 магистралды газ құбыры – 29 ЕМ;
  • Жоспарланып отырған Қордай-Шу магистралды газ құбыры – 36 ЕМ;

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2008-2009 жылдар аралығында Бұхара – Ташкент – Алматы магистралды  газ құбырының маңында орналасқан Жуалы ауданының 8 елді мекені газдандырылды. Бұл жобаға республикалық бюджет есебінен 443,6 млн.теңге көлемінде  қаржы бөлініп, нәтижесінде (Ақбастау, Қарасаз, Зыковка, Дүйсебайұлы, Шақпақата, Амансай, Ынтымақ, және Түктібай) 1597 абонент  табиғи газды пайдаланып отыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту