Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 12:50, реферат

Описание работы

Қазақтың жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ қорына бай. Бұл мұнай мен газ химия өнеркәсібін өркендетудің шикізаттық көзі бола алады. Оның үстіне қазақ жерінен өндіріліп жатқан мұнай да, газ да сапалық құрамы жағынан Ресейдің осындай өнімдерінен кем түспейді. Мамандардың пікірінше, біздің елімізде өндірілетін газ құрамында химия өнеркәсібіне басты шикізат бола алатын этан қоспаларының үлесі шамамен 13-16 пайыз аралығында кездеседі.

Содержание работы

I. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Отын энергетика кешені
2. Газ өнеркәсібі
3. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібінің дамуы
4. Қазақстан Республикасында газ өнеркәсібін дамытудағы проблемалар.
5. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту шаралары

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

рефератЭК.docx

— 127.75 Кб (Скачать файл)

Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент  – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен  бірге газ пайдалану бірлестігін  реттеп отыратын Бозой, Полторацкий  және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді.

Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т.б. компанияларының  бөлімшелері атқаруда.

2000 жылдың ақпан айында  «ҚазТрансОйл» ұлттық газ тасымалдау  компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес  құрылымын құрды , ол «Интергаз  Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие.

 «ҚазТрансГаз»-ға еліміз  бен әлемде мемлекеттің газ  рыногының мүдделерін білдіру  міндеті артылған. Компания магистралды  газ құбырлары бойынша табиғи  газды тасымалдауды басқарады,  ішкі және сыртқы рыноктарда  газды сатумен айналысады, құбырлары  мен газ қоймаларын әзірлейді,  қаржыландырады, салады және пайдаланады. 

Газ және газбен жабдықтау  саласында «ҚазТрансГаз»- бірегей Ұлттық оператор дәрежесін иеленді. Бұл зор жауапкершілік жүктеумен бірге, еліміздің бүкіл газ саласын дамыту жолында үлкен мүмкіндіктер ашады.

«ҚазТрансГаз» (ҚТГ) АҚ-ның  ең негізгі міндеті – бірінші  кезекте газға деген ішкі сұранысты  толық қамтамасыз ету болып табылады.

Үкімет белгілеген талаптарға сәйкес Ұлттық оператор елімізді газдандырудың  бас жоспарын белгілейді және іс жүзіне асырады, орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды қамтамасыз етеді. Шикі және тауарлы газды сатып алу да мемлекет құқығына басымдық бере отырып, көгілдір отынды одан әрі көтерме  және бөлшек саудада сату ісімен айналысады. Сонымен бірге, тауарлы газдың коммерциялық есебін жүргізу жүйесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Ең бастысы, Үкіметтің  Ұлттық оператордың алдына қойып  отырған негізгі мақсаты тауарлы  газбен Қазақстанның ішкі сұранысын толық қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандағы көмір қышқыл сутегі шикізатын өндіретін кен орындары аралас болып келеді. Яғни, мұнай өндірген кезде газ конденсаты мен ілеспе табиғи газды қоса өндіру жүзеге асырылады.

Бүгінде Ұлттық оператор ретінде  компанияның алдына ішкі рыногымызды  газбен сенімді және қауіпсіз түрде  толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар стратегиялық міндеттер жүктелген. Сонымен бірге, Ұлттық операторға қазақстандық газды экспорттаудан барынша  мол кіріс алу, Қазақстанның транзиттік әлеуетін барынша тең пайдалану және еліміздің аймақтарын түгел газдандыру міндеттері қойылып отыр.

 Қазақстан газ өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз» ұлттық газ компаниясы деп аталды.

Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ  қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ  қоры 1,2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық  ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.

Қазақстанда қазіргі кезде  газ өндіру мөлшері 7 млрд м3 бұл жөнінде ол әлемде жиырма бесінші орында. Республика көлемін газбен қамтамасыз ету үшін Түркменстаннан   6,8 млрд м3, Өзбекстаннан  7,2 млрд м3, Ресейден  2 млрд м3 газ алады.Біздің елімізде газды тұтыну оны өндіруден 2 есе артық.

1980 жылдардан бастап Батыс Қазақсан облысының солтүстігінле Қарашығанақ газ конденсаты игерілуде. Ол Қазақстан қорының 70% - ын құрайды. Оны өндіруге әлемнің ЭНИ (Италия),Бритишгаз, Шеврон Тексако (АҚШ) және Лукойл (Ресей) сияқты ірі компаниялары қатысуда. Газдың құрамында химия өнеркәсібінде пайдаланылатын конденсат түріндегі шикізат мол. Қарашығанақты игеруге 9 млрд доллар шетел инвестициясы бөлінген. Одан алынатын табыс көлемі 65 млрд АҚШ доллары, соның 47 млрд доллары Қазақстанға, ал 18 млрд доллары қатысушы компанияларға тиесілі.2002 жылы ұзындығы 635 км Қарашығанық-Атырау құбыры салынды.

Қазіргі Қарашығанақ газы Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытанда  өңделеді. Бұл, әрине біздің еліміз үшін тиімсіз. Қарашығанақ кен құрамында  газ конденсатымен бірге мұнай  да бар. Мұнайдың қоры 1,1 млрд т. Қарашығанақта қуаты 5 млрд т мұнай өңдеу зауыты мен қуаты  5млрд м3  газ өңдеу зауыты салынбақ.

Газ саласының 2004-2010 жылдардағы даму бағдарламасын іске асыру нәтижесінде  Қазақстан Республикасы табиғи газдың дәлелденген қор жағынан ең ірі  елдердің біріне айналды. Және ТМД елдері ауқымындағы негізгі табиғи және сұйытылған газ өндірушілер мен  экспортқа шығарушылардың алғашқы  үштігінің қатарына кірмек. Республикамыздың Каспий қайраңындағы табиғи газдың қоры 3,3 триллион текше метрді құрайтыны  жөнінде ресми мәлімет бар.

      Қазақстанның  мұнай-газ саласының ресурстық  әлеуетін одан әрі молайтуға  Каспий және Арал теңіздерінің  айдынында республика жүргізіп  жатқан жер қойнауы учаскелерін  кең ауқымды зерттеулер ықпал  ететін болады.

Каспийдің солтүстігінде  алынатын 2,02 млрд. тонна болжамды қормен 2000 жылы ашылған Қашаған кен орны соңғы 30 жыл ішіндегі әлемдік тәжірибедегі ең маңызды оқиға деп аталды. 

 

1-диаграмма Қазақстан  Республикасында 01.01.2010 ж. алынатын газ қорлары - 3,7 трлн. текше м. 

 

      Қазақстан Республикасының аумағында 2009 жылдың қорытындылары

бойынша негізгі мұнай өндіруші компаниялар «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ТШО) (22,5 млн. тонна), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ҚПО б.в.) (11,9 мен. тонна), «ҚазМұнайГаз» барлау және өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - БҰ) (8,9 млн. тонна), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «СНЛС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ) (6,0 млн. тонна) және «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы (5,7 млн. тонна) болып табылады.

Көрсеткіштің атауы

Саны, млрд.текше м

1

Шикі газ өндіру, барлығы

36,0

2

Шикі газды пайдалану, оның ішінде:

16,3

2.1

технологиялық және өз қажеттіліктеріне

7,5

2.2

қойнауқатқа қайта айдау

8,8

3

Құрғақ газ өндіру, оның ішінде:

19,7

3.1

жер қойнауын пайдаланушылардың өз технологиялық қажеттіліктеріне тұтынуы

3,0

3.2

таратылатын тауарлық құрғақ газ

15,6

3.3

жерасты газ қоймаларына газды айдау

1,1





       Республика аумағындағы көмірсутек  шикізатының құрылықта игеріліп жатқан кен орындарының көбі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті. Құрылықтағы өндірістің одан әрі өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ кен орындарының интенсивті игерілуіне байланысты. 2012 жылдың аяғында Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді іске асыруды бастау жоспарлануда. Құрылықтағы қалған кен орындарында (Теңіз бен Қарашығанақты есептемегенде) өндіру көлемі 45,0 млн. тоннаны немесе 2009 жылғы жалпы өндіру көлемінің 58,8%-ын құрайды, 2014 жылы бұл көрсеткіш 44,9 млн. тоннаға дейін немесе жалпы өндіру көлемінің 52,8%-на дейін төмендейді.

      Ішкі тұтынудың 36%-ы Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жеткізілетін қарашығанақ газының осындай көлеміне айырбасталатын, Қазақстан Республикасының оңтүстігіне (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары) Өзбекстан арқылы, сондай-ақ Қостанай облысына Ресей арқылы жеткізілетін газ импорты есебінен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай көрсетілген облыстардағы газ магистралі жүйесінің кеңестік газ тасымалдау жүйесі салынған кезеңде құрылуына байланысты болып отыр.

                2009 жылғы тауарлық газды тарату теңгерімі

Көрсеткіштің атауы

Саны, млрд. тек. м

Таратылатын тауарлық құрғақ газ

15,6

Импорт*

3,1

Газ ресурстарының жиыны, оның ішінде:

18,7

Ішкі тұтыну

8,6

Экспорт*

10,1


* - СВОП операцияларын есептеумен

Газ саласының жағдайын талдау оның мықты және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтауға мүмкіндік тудырды.

 

Мықты жақтары

Осал жақтары

Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін және экономикалық дамудың жоғары қарқынын қолдауға ықпал ететін Қазақстан Республикасының серпінді әрі конструктивтік ішкі және сыртқы саясаты.

Қолайлы инвестициялық климат, шетелдік инвесторлардың Қазақстан Республикасына келуге дайын болуы.

Инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі.

Бай табиғи минералдық-шикізаттық ресурстар және тереңдетіп өңдеу үшін оның экономикалық тартымды құрамы.

Азия мен Еуропа нарықтарын біріктіретін интеграцияланған мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының болуы.

Жаңа газ тасымалдау қуаттарын дамыту жөніндегі әлеует.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы дамыған заң шығару базасы.

Жер қойнауын пайдалануды реттеудің қалыптасқан келісімшарттық жүйесі.

Газ саласында сатылай интеграцияланған, оның ішінде ҚМГ және еншілес компаниялары тобы атынан инфрақұрылымдық құрылымдардың болуы.

Мемлекеттің қолдауы.

Күрделі гидрологиялық және климаттық жағдайлар.

Тарихи ластану, ілеспе мұнайлы газды және оның құрамдас бөліктерін (күкірт) кәдеге жарату проблемалары.

Негізгі әлемдік нарықтардан қашықтық.

Еуропаның және үшінші елдердің нарықтарына шығу үшін транзиттік елдерге тәуелді болу.

Жобалардың жоғары қаржы  сыйымдылығы мен қаржы нарықтарындағы дағдарыс салдарынан инвестициялық ресурстардың тапшылығы.

Газ құбырларының, өңдеу зауыттарының негізгі қорларының әбден тозуы.

Газ кен орындарын игерудегі ұлттық компанияның қатысу үлесінің төмендігі.

Ішкі нарықтың солтүстік және орталық аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін қажетті дамыған газ-көлік инфрақұрылымының болмауы.

Батыс өңірлерден өз газын жеткізетін газ құбырының болмауы салдарынан Өзбекстан мен Ресейден табиғи газ жеткізілімдеріне тәуелді болу.

Республиканың газ саласының  тиімді дамуын қамтамасыз ететін жеткілікті заң шығару базасының болмауы.

Республиканың өңірлерін  газдандыру жобаларын бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Жұмыстарды қаржыландыру және газ тасымалдау желілеріне қызмет көрсету бойынша өңірлік атқарушы органдарды бюджетпен қамтамасыз ету жөніндегі нақты бағдарламаның, сондай-ақ халық пен заңды тұлғаларды газбен жабдықтауды қамту аймағын кеңейту жөніндегі жұмыстарды қаржыландырудың болмауы.

Қазақстан экономикасында өндіру және табиғи газды пайдалану технологияларын (көмір қабаттарынан метан шығару, ілеспе газды кәдеге жарату, көлікті газға ауыстыру және т.б.) кеңейту бойынша заңнамамен белгіленген салық жеңілдіктерінің болмауы.

Жер қойнауын пайдаланушы үшін тартымды экспорттық жеткізілімдер болған жағдайда, мұнай-химия өндірісі үшін қажетті газ көлемдерімен қамтамасыз ету қиындықтары.

Қазақстандық газды үшінші елдерге тасымалдау үшін ресей газ-көлік жүйесіне тең қол жеткізу және қазақстандық газға әділ нарықтық бағаны белгілеу бойынша «Газпром» ААҚ-пен келіспеушілік. Қазақстандық мұнай-химия өнімінің түпкілікті бағасында тасымалдау құрамының елеулі үлесі.

Мүмкіндіктері

Қауіптері

Дамып келе жатқан елдердегі экономикалық өсудің қалпына келуі энергия тасығыштарға сұраныстың көмірсутектердің жаңа қорларының молаюынан асып түсу үрдісін тудырады.

Әлемдік көмірсутек ресурстары қорларының шектеулілігі.

Өңірлік халықаралық нарықта (Орталық және Шығыс Азия) мұнай-химия өніміне, оның ішінде off-take жеткізілімдеріне болжамды сұраныстың болуы.

Тұтыну тауарларын қоса алғанда, қосымша құны жоғары өнімді шығару.

Каспий өңірімен (РФ, Түрікменстан, Әзірбайжан, Иран) интеграциялану.

Халықаралық санкция алынған  кезде көмірсутектер экспортында Иранның аумағын пайдалану.

Қытайдың батыс өңірлерінің серпінді даму бағдарламасына қатысу мүмкіндігі.

Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің жеткізілімін ұлғайту, Қазақстанның халқын жұмыспен қамтамасыз ету.

Шектес - машина жасау, құрылыс индустриясы, сервистік компаниялар, теңіз флоты салаларын дамыту және жаңғырту.

Техногендік авариялар тәуекелі. Каспийдің экологиялық сезімтал аймағында мұнай өндіру.                                            Транзиттік елдер тарапынан газ транзитіне қатысты саясаты мен тарифінің өзгеру ықтималдығы.

Жобаларды іске асыру мерзімдерін кідірту және олардың құнының қымбаттауы.

Орта азиялық газ транзиті көлемдерінің төмендеуі. ҚР аумағын айналып өтумен газ тасымалдау жобаларын дамыту.

Саланың шикізаттық және отындық  бағытта дамуын сақтау.

Теңіз кен орындары көмірсутектерін игеру мен жағадағы инфрақұрылымды дамыту тәсілдеріндегі теңгерімсіздік.

Көрші елдерде (Әзірбайжан, Ресей) теңіз жобалары саласындағы артық қуаттардың және жинақталған үлкен тәжірибенің болуы, бұл олардың бәсекелестік артықшылықтарын күшейтеді.

Өзбекстан мен Ресейден жеткізілімдердің шектелуі салдарынан болуы мүмкін ықтимал газ тапшылығы.

Жеке инвесторлардың салада шоғырлануын күшейту.

Кадрлардың, техникалық персоналдың, орта және жоғары буындағы инженер  мамандардың жетіспеушілігі.


 

 

 

Қазақстанда газ және мұнай өндіру болжамы мына келесі кестеде көрсетілген.

      2010-2014 жылға дейінгі мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің өсу үрдісі

 

Көрсеткіштің атауы

2009 ж.    

(нақты)

 2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

мұнай және газ конденсаты, млн. тонна

76,5

80,0

81,0

83,0

83,0

85,0


 

     Болжам бойынша  2010 жылы республикадағы газ өндіру  деңгейі шамамен - 37,0 млрд. тек.  метрді, ал 2014 жылға қарай - шамамен  55,8 млрд. тек.метрді құрайтын болады.

    Өз қажеттіліктеріне  пайдаланатын газды, сондай-ақ  кері айдау көлемдерін ескергенде, 2009 жылы тауарлы газды өндіру  және шығару балансы және 2014 жылға  дейін күтілетін болжамды көлемдер  төмендегі кестеде көрсетілген.

 

       2014 жылға  дейінгі тауарлық газды өндіру  мен шығарудың перспективалық  балансы

млрд. тек.м.

Көрсеткіш атауы

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Шикі мұнай өндіру, барлығы

36,0

37,0

43,6

44,8

53,5

55,8

Шикі газды пайдалану, оның ішінде:

16,3

14,5

16,4

15,9

20,0

22,3

өзінің технологиялық  қажеттіліктеріне, оның ішінде газды жағу

7,5

6,1

6,0

5,5

7,7

7,7

қойнауқатқа қайта айдау

8,8

8,4

10,4

10,4

12,3

14,6

Құрғақ газ өндіру, оның ішінде:

19,7

23,3

27,2

28,9

33,5

33,5

жер қойнауын пайдаланушылардың өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынуы (газ-турбиналық қондырғы және т.б.)

3,0

3,3

3,6

3,6

4,0

4,0

таратылатын тауарлық құрғақ газ

15,6

20,0

23,6

25,3

29,5

29,5

газды жерасты сақтау қоймасына айдау

1,1

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0


    Жүргізілген зерттеулер бәсекеге қабілетті, қосылған құны жоғары экспорттық мұнай-химия өнімін шығару бағытында саланы әртараптандыруға мүмкіндіктердің бар екенін көрсетті.

Информация о работе Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту