Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 12:50, реферат

Описание работы

Қазақтың жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ қорына бай. Бұл мұнай мен газ химия өнеркәсібін өркендетудің шикізаттық көзі бола алады. Оның үстіне қазақ жерінен өндіріліп жатқан мұнай да, газ да сапалық құрамы жағынан Ресейдің осындай өнімдерінен кем түспейді. Мамандардың пікірінше, біздің елімізде өндірілетін газ құрамында химия өнеркәсібіне басты шикізат бола алатын этан қоспаларының үлесі шамамен 13-16 пайыз аралығында кездеседі.

Содержание работы

I. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Отын энергетика кешені
2. Газ өнеркәсібі
3. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібінің дамуы
4. Қазақстан Республикасында газ өнеркәсібін дамытудағы проблемалар.
5. Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту шаралары

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

рефератЭК.docx

— 127.75 Кб (Скачать файл)

  

  Қаржыландыру көздері мен көлемдері:

Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының жалпы көлемі 5 195 937 млн. теңгені құрайды, оның ішінде көздер бойынша:

1) Республикалық бюджет - 101 607 млн.  теңге;

2) Қарыз қаражаты - 2 324 769 млн. теңге;

3) Өз қаражаты - 2 769 560 млн. теңге  (оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - 132 960 млн. теңге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе, газ өнеркәсібі – экономиканың қозғаушы күші.Газ саласы Қазақстан экономикасын дамытудың таяу жылдарға арналған перспективасында негізгі локомотив болып қала береді. Осы салаға салынған инвестиция көлемі мен табиғи ресурстық әлеуетті, жалпы мұнай-газ өнеркәсібінің мүмкіндігін өзге салаларды қоса дамыту барысында тиімді пайдалана білу қажет. Бұл сала индустрияландырудың негізгі қозғалтқышы болуы тиіс, деді Елбасымыз.

Президент біздің еліміздің  негізгі байлығы – мұнай, газ, көмір мәңгілік емес, олардың да сарқылатын кезі болады деген мәселені жиі айтады. Сондықтан, біз ертеңгі  күні балаларымыз бен немерелеріміздің энергия тапшылығына үрынбауы үшін бүгіннен бастап болашақ энергияны  дамытуымыз керек.

Болашақта балама энергия  көздерін дамыту, энергия тиімділігі мен үнемшілдікті арттыру арқылы біз табыс та табатын боламыз. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, энергия үнемдеу саласына салған әрбір доллар 2 доллар пайда экеледі. Сондықтан елімізде балама энергия көздерінің мол әлеуетін пайдалана отырып, бүл саланы жан-жақты дамыту қажет. Бұл ретте, біз әсіресе, көгілдір отынға көп үміт артамыз. Бүгінгі деректер бойынша, Қазақстандағы газ қоры 3,5 триллион текше метрді құрайды. Бұл – біздің еліміз әлемдегі газ қоры мол бірінші ондықтағы елдер құрамына кіреді деген сөз. Мамандардың пікірінше, еліміздегі басқа да балама қуат көздерінің әлеуеті орасан мол. 2030 жылдары еліміз өндірілетін барлық электр энергиясының 20 пайызын газдан, 15 пайызын балама энергия көздерінен алатын болады. Бұл көрсеткішті 2050 жылдары тиісінше 40 және 30 пайызға жеткізуге болады деген болжам бар.

Алдағы онжылдықта мұнай-газ  өнеркәсібі экономикалық өсімнің басты  қозғалтқышы болады - Қ.Келімбетов

«Экономиканы жедел түрде  жаңғыртудың  біз үшін ең тиімдісі мұнай-газ саласына негізделген  дәстүрлі стратегия болып табылады» - дейді   «Самұрық-Қазына» әл-ауқат  қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның  пікірінше, шикізат секторының экономиканың дамуына деген ықпалының  жағымды да, жағымсыз да жағы бар. Бар  гәп - шикізат секторының экономиканың өзге салалармен байланысында. Басқаша  айтсақ, табиғи ресурстар өзге салалармен тығыз байланысты болса, ол бірте-бірте  түрленіп, жаңғырып отырады. Ал өзге салалармен байланыс жоқ болса, керісінше, кері кетушілік орын ала бастайды. «Басқаша айтқанда табиғи ресурстарды дұрыс  басқара алмасаң ол тек мемлекетті шығынға отырғызады. Мысалы, өзінің шикізаттық ресурстарын дұрыс пайдалана  алған Норвегия, Канада, Австралия сияқты елдер өз мемлекеттерінің тұрақты дамуына жағдай жасай алды» - деді Қ.Келімбетов.

Оның  айтуынша, алдағы онжылдықта мұнай-газ өнеркәсібі экономикалық өсімнің басты қозғалтқышы болады. Өйткені көптеген сарапшылар қазір  мұнай бағасының болашақта тек  өсіп отыратынын айтуда. «Сондықтан бізге  қазір мұнай-газ саласына кешенді  саясат қажет. Ол ең басты деген үш мәселені қамтуы қажет. Оның біріншісі - мұнай-газ саласын дамыту болса, екіншісі - қосымша құны жоғары өндіріске  көшу және қолданыстағы мүмкіндіктерді әртараптандыруға бағытталған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Нұрғалиев Қ.Р Қазақстан экономикасы (оқу құралы)          Алматы 1999
  2. Е.Ахметов, Н.Кәрменова, Ш.Кәрібаева,Б.Асубаев    Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы Алматы “Мектеп” 2005 жыл.
  3. www.kaztransgas.kz
  4. www.wikipedia.kz
  5. Кенжеғозин М.Б. “Экономика”,2-том. Алматы, 2006. 437бет.
  6. Сейтқалиев Ғ.  “Экологиялық проблемалар”. Алматы, 2003. 257бет.
  7. http://alatau.almaty.kz/
  8. www.primeminister.kz
  9. www.ktga.kz/
  10. www.egemen.kz
  11. www.refik.ucoz.kz
  12. www.topreferat.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы газ өнеркәсібін дамыту