АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
№ 2
семестрлік жұмыс
«Қазақстан Республикасының
саяси жүйесі»
ЖОСПАР
Кіріспе................................................................................................3
- Қазақстан
мемлекетілігінің түп-тамырлары.........................4
- Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы............5
- ҚР-дағы саяси
жүйенің құрылымы мен ерекшеліктері.......9
Қорытынды......................................................................................13
Әдебиеттер тізімі.............................................................................14
КІРІСПЕ
1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заң қабылдады.
Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші
бабында Қазақстан Республикасы
тәуелсіз демократиялық және
құқықтық мемлекет, ол өз өкімет
билігін толық иеленеді, өзінің
ішкі және сыртқы саясатын
дербес белгілеп жүргізеді деп
айтылғандай, осы күннен бастап
Республика тарихында жаңа кезең
басталды. Бірақ біреулер ойлағандай
ел тәуелсіздігі құжатқа қол
қою рәсімі арқылы қол жеткендей
оңай келген жоқ. Сонау «Ақтабан
шұбырынды» жылдардан басталған,
ел басына қауіп төнген ауыр
кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына
қарсы жүргізілген ұлт-азаттық
көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы
ұлт зиялыларының тәуелсіздікке
деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық
жүйенің нығаю тұсындағы наразылықтар
мен көтерілістер, қазақ жастарының
Желтоқсан оқиғасы кезіндегі
саяси серпілісі және 90-жылдардың
басындағы қызыл империяның тұяқ
серпер алдындағы жанталасына
қарсы ұлт республикаларының
саяси күресі, осылардың бәрі
ғасырларға созылған отаршылдықтан
тәуелсіздікке жеткен баспалдақтар
еді.
Қазір
мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің
ұзаққа бармайтындығы туралы батыс
саясаткерлерінің 80-жылдардың бас
кезіндегі болжамдары расқа шықты.
Өйткені, 80-жылдардың басына таман
КСРО-дағы барлық республикаларда сас
ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының
елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі
қайта құру деп аталған бағыты
да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады.
Аталған қайта құру бағыты терең
терең ойластырылған ғылыми концепциясыз,
айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.
Дегенмен,
кеңес саяси жүйесіндегі реформалар
ұлт республикаларында әртүрлі
бұқаралық ұйымдардың құрылуына
жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей»
қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары
«Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан»
партиясы, Қазақстан социал-демократиялық
партиялары құрылды. Бұл партиялар
мен қозғалыстар да Қазақстанның
егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан
1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Қазақстан
мемлекетілігінің түп-тамырлары
Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы
дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз
егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын
ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың
мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан
белгілі.
Демократияның негізгі бір принципіне
де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын
сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты
жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда
ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе.
Бұл - бір. Екіншіден, қазақ
халқының ұлттық-саяси дамуының
тамыры кешегі кеңес дәуірінен
де әрі тереңде жатқанын ұғынуы
қажетті. 400 жылдан астам шексіз
шығын қасірет, құрбандықтармен
өткен саяси күресте дүниеге
келген алғашқы тәуелсіз қазақ
мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Қазақстанның Россияғға
қосылуы аяқталған соң мүлде
жоғалып, оның орнына отаршылық
саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі
орнады.1917 жылы ақпан революциясынан
кейін, Қазан революциясы кезінде
ескі саяси жүйенің ыдырауына
байланысты бүкіл Россия көлемінде
етек алған бұқаралық-халықтық
қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс
заңды түрде қазақтың ұлттық
автономиясын, тәуелсіз мемлекетін
құру идеясын тудырды. Осы кезеңде
Алаш партиясы құрылып, оның
басшылары « Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Конститутциялық Заң қабылданды.
Осы заң бойынша Қазақстан
Республикасының өз территориясында
өкімет билігін толық иеленетіндігі,
өзінің ішкі және сыртқы саясатын
дербес жүргізетіндігі белгіленді.
Аталған заң республиканың жаңа
Конституциясын әзірлеуге негіз
болды.
Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы
1990 жылғы желтоқсанда
Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
республикаларының жетекшілері
өзара төрт жақты шарт жасау
жөніндегі келісімге қол қойды.
Бұл келісім бойынша олар өздерінің
Одақтық шартқа қарсы қоятын
талаптарының бар екендігін ашып
айтты. Республикалар бұрынғы
федерацияның орнына, енді конфедерация
түріндегі одаққа бірігу жөнінде
талап қойды. Ол бойынша Орталықтың
шешуіне сыртқы саясат, халықаралық
мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік
банк және финанс, елдегі қорғаныс
мәселелерін шешуді қалдырып
қалған мәселелердің барлығын
жергілікті жерлерде шешу дұрыс
деп есептелінді.
1990
жылы 25 қазанда республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларация
қабылдағаны жоғарыда айтылды.
Осы кезде Қазақ Мемлекеттігі
шеңберінде Республикадағы Жоғары
атқарушы және билік жүргізуші
өкімет басшысы ретінде Қазақ
КСР-нің Президентіне жеткілікті
өкілеттік беру қажеттілігі пісіп
жетілді. Мұндай өкілеттіктер
республика парламентінің 1991 жылы
20 қарашада қабылдаған «Қазақ
КСР-да мемлекеттік өкімет билігі
мен басқару құрылымын жетілдіру
және Қазақ КСР Конституциясына
өзгерістер мен қосымшалар енгізу
туралы» Заңы бойынша берілді.
Заң негізінде Республиканың
мемлекеттік басқару органдарында
өзгерістер жасалды. Прокуратура,
Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі
істер, Әділет, Сот органдары қайта
құрылды. Қазақстанның мемлекеттік
Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып
қызметіне кірісті.
1991
жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында
тұңғыш рет республикада жалпы
халықтың қатысуымен Президент
сайлауы өткізілді. Дауыс беру
қорытындысы бойынша Н.Назарбаев
Президент болып сайланды. Осы
кезде Президенттің жарлығымен
бұрын одаққа бағынған кәсіпорындар
мен ұыймдарды республика үкіметінің
қармағына беру, мемлекеттің сыртқы
экономикалық қызметінің дербестігін
қамтамасыз ету, елімізде алтын
қорын жасау туралы және т.б.
заңдар шығарылды. Сол жылы 10 желтоқсанда
Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының атауы
Қазақстан Республикасы болып
өзгертілді.
1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында
парламент депутаттары «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Заң қабылдады. Заңның
бірінші бабында Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына
жоғары иелік ету құқы бар,
тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын
жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен
халықаралық құқықтық принциптері негізінде
өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы
барлық ұлттардың өкілдері жергілікті
қазақтармен тең құқықты азаматы
деп саналды. Олар республикадағы мемлекеттік
өкіметтің қайнар көзі және егемендікті
бірден-бір қорғаушы болып табылады.
Республика азаматтарының құқықтарына
қол сұғушылар заң бойынша
қылмысқа тартылуы тиіс делінген.
Заңда
Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі
құқы, республика азаматтарының әскери
міндетін өтеу, оның тәртіптері мен
талаптары жөнінде айтылған. Оған
сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды
қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және
шекаралық әскерлердің істері мен
қауіпсіздік органдары Президентке
бағынады деп жазылған. Республиканың
мемлекеттік тілі – қазақ тілі,
ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі
болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы
16 желтоқсан республика тәуелсіз күні
ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан
кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен
мемлекеттік даму процесі басталды.
Еліміздің жаңа конституциясының жобасы
дайындалды. Облыстардың, қалалардың және
аудандардың басқару органдарына
реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер
лауазымы енгізіліп, олардың алдына
Президент пен Үкімет шешімдерін
орындау, жергілікті жерлерде экономикалық,
мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу
міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау,
оларды қызметінен босатуды Қазақстан
Президенті мен жоғарғы әкімшілік
органдары жүргізетін болып белгіленді.
Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау,
депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты
комиссиялардың қызметіне басшылық
ету, әр түрлі қоғамдық ұйымдарымен
байланыс жасау Кеңестердің қарауына
берілді.
Республикамыз
тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен
мемлекет ретінде халықаралық аренаға
шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан
біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық
валюта қорының, Халықаралық реконструкция
және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің,
Халықаралық даму қауымдастығының,
Инвестицияға кепілдік беретін көп
жақты агенттіктің, Инвестициялық
таластарды шешу жөніндегі халықаралық
орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мүшесі болды және
басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.
Өзінің
тәуелсіздігін алған Қазақстан
Республикасын дүниежүзінің ондаған
елі таныды. Біздің елді алғашқылардың
бірі болып Түркия, сол сияқты
АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания
және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.
Қазақстан шет елдерде дипломатиялық
және консулдық өкілдіктер ашуға
кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік
пен миссия, халықаралық және ұлттық
ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей
бастады. Республиканың егемендікке
қол жеткен алғашқы кезінен бастап
мемлекет аралық және үкімет аралық келісім-шарттарға
қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз
Қазақстан Республиканың алдына
үлкен келелі міндеттер қойылды.
Олар елдің ішкі жағдайында Егемен
Қазақстан мемлекетінің тұтастығын
нығайтып, нарықтық экономикаға көшу,
жоспарлады іске асыру, елдің ішінде
көп ұтты халықтардың бірлігін сақтауда
барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның
сыртқы саясатындағы басты міндеттер
–оның бүкіл дүниежүзі елдерімен
байланыстарын одан әрі дамытып,
алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің
қатарына қосылу, елдің қәуіпсіздігін
қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай
отырып, ядролық соғысты болғызбау.
Халықтың ерік жігері тек осындай
сас маңызды міндеттерді іске
асыруға бағытталды. 1992 жылы қаңтарда
Қазақстан өзінің тұңғыш сом алтынын
шығарып, мемлекеттің алтын қорын
жинауды бастады.
Республиканың
мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз
ету мақсатымен 1992 жылы қаңтарда Ішкі
істер әскері құрылды. Армия қатарына
шақырылған жастар Қазақстан аумағында
әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие
болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық»
қағида бойынша әскерге шақырылғандар
туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда
қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы
тамызда Республика Президенті әскери
қызметшілер үшін әскери анттың жаңа
мәтінін бекітті.
Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы
кезек күттірмейтін міндет ретінде
оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды
талап етті.
1992
жылы маусымда Жоғарғы Кеңестің
сессиясы республиканың жаңа
мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын
бекітті. Сол жылғы желтоқсанда
Республиканың Гимнінің (әнұран) жаңа
мәтіні қабылданды.
1936
жылы бекітілген Қазақ КСР-інің
мемлекеттік туы мен елтаңбасында
Кеңес елінің идеологиялық бағытын
(тап күресі, «кеңес» халқының
бірлігі, коммунизм идеясын дүние
жүзіне тарату) бейнелеген және
республиканың этникалық-мәдени
ерекшелігін ескермеген рәміздер
енгізілген еді. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы – мемлекеттік
негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында
арайлы күн, күннің астында қалықтаған
қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір
матаның ағаш сабына бекітілген тұсында
ұлттық оюлармен кестеленгентік жолақ
өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына
тең. Бірыңғай көк-көгілдір төбедегі бұлтсыз
ашық аспанның биік күмбезін елестетеді
және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ
жолына адалдығын аңғартады. Күн – уақыт,
заман бейнесі.Ұлан-байтақ кеңістікте
қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының
еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының
жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.