Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
. Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25

2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………….….………….….……….….........................38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72

Файлы: 4 файла

Логистика.doc

— 780.00 Кб (Скачать файл)

     Мамандардың айтуы бойынша, Қазақстанның ритейл нарығы түгелдей бос деуге болады. Тұтынушылық қабілет бұл жерде Ресей мен Украинаға қарағанда төменірек, бірақ тез арада өсе алады. Бұған дәлел ретінде Қазақстанға өздерінің шығуы туралы көптеген сауда желілерінің хабарлауы?

  • өткен жылдың желтоқсанынан бастап, Қазақстанның көтерме нарығында Lacorte супермаркеттер желісі жұмыс істеуде;
  • Ресей Федерацияның «Вестер» көтерме желісі өзінің Қазақстандағы стратегиялық жоспарларын жүзеге асыра бастады;
  • «Арбат Престиж» компаниясы Қазақстан Республикасында өзінің дүкендерін ашуды жоспарлуда;
  • Raimbek Group холдингі өзінің Қазақстандағы ритейл нарығында орнын ұлғайтпақ;
  • Финдық Finn Flare 2007 жыл өзінің 4 сауда нүктесін Алматы, Қарағанды, Астане и Көкшетау қалаларында ашады;
  • өткен жылдан бастап «Эльдорадо» және Sulpak қазақстандық желісінің біріккен жобасы жүзеге асуда.

     Бірақ Қазақстан нарығының көп бөлігін  шағын ойнаушылар иеленуде. Бәсекелестіктің классикалық түрдегі түсінігі рейтеил нарығында жоқ. Қазіргі күні желілік ритейл, мамандардың пікірінше көтерме тауар айналымның 5-10 пайызын алады. Мұндай жағдайдың болуы аймақтар мен нарықтың дамуына шектелуіне себептер бар:

  • жоғары логистикалық шығындар;
  • халықтың төмен тығыздығы.

     Ірі сауда желілердің келуі 2-3 жыл ішінде қазіргі заманғы логистық қызмет құруды талап етеді, тарату орталықтар желісін құру арқасында.

     Тауар дистрибьюторлары. Қазақстан нарығының  қазіргі заманғы логистикалық қызметтерге халықаралық компаниялар мұқтаж. Мысалы:

  • «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясы;
  • «ПРОКТЕР ЭНД ГЭМБЛ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС дистрибьюторы;
  • «Балтика» сыра жасау компанияның дистрибьюторы;
  • «Астана Моторс» компаниясы «Subaru Motor Kazakhstan» қызығушылығын көрсетеді - Subaru-ның Қазақстанда эксклюзивті және бірінші дистрибьюторы;
  • «Алем Мото Қазақстан» компаниясы YAMAHA корпорациясының Қазақстанда мототехниканың ресми дистрибьюторы;
  • «Turan MC» компаниясы- Hyundai Heavy Industries Co., Ltd Қазақстанда ресми дистрибьюторы;
  • «ДОРС Қазақстан» компаниясы Magner корпорациясының бүкіл Қазақстан бойынша  қызығушылығын көрсетеді;
  • «Центр МТС-cервис» ЖШС ерекше МАЗ, КАМАЗ, КРАЗ, МЗКТ және ЯМЗ арналған бөлшектерді сатады; Кез-келген импорттық дизельді техника үшін Fleetguard фильтрлері;
  • «АВТО-ПРОДУКТ» ЖШС –TOTAL LUBRIFIANTS француз мұнай концерннің ресми дистрибьюторы (ELF сауда таңбасы); GENERAL MOTORS американдық концерны (ACDelco сауда таңбасы).

     Логистикалық қызметтің отандық провайдер-компаниялары 5 суретте қарастырылған. Қазақстан нарығында логистикалық қызмет көрсетуді дамытуда тиімді транспорттық-логистикалық жүйе мұқтажға ие халықаралық логистикалық операторлар бар.

     5 сурет. Қазақстан нарығында логистикалық қызмет көрсететін провайдер- компаниялар 

     Қорыта  келгенде, қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы  игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық  экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

     Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым  кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық  өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.

     Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам  жасау үшін логистика ауадай қажетті  нәрсе, бірақ бұл  логистика өз бетінше кешенді сала ретінде  қызмет етеді деп айту қиын,  себебі  кәсіпорынға  логистиканы жүргізу  беймәлім  белгісіз зат, оны қалай  өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген  сұрақтар туындайды  бұл  сауалдардың әр бірі  өз  бетінше  тағыда  сұрақтар  туғызады, ал  осының  бәрін  дұрыс  қолданбауы  нақты  мәліметтердің  бетін ашпайды,  яғни    сондықтан   нарықтағы  кәсіби маманданған  логистиканы жүргізумен айналысатын  ұйымдарға  жүгіну  дұрыс  шешім  болады.

     Келесі  бөлімде Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындардың  іс-әрекеттері талданады. Кәсіпорындардың  логистикалық қызмет нарығындағы алатын орны, көрсететін қызмет сипаттары, ерешеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері, даму болашақтары жан-жақты қарастырылады. 
 

      
    1. «High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының  іс-әрекеттерін талдау
 

     Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен даму үстінде. Бірақ толық бағалық логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

     Клиенттердің  тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы  өзекті мәселелердің бірі.

     Қазақстан Республикасы Президенті Н.А Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан экономикасын кластерлерді дамыту бойынша диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.

     Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі  даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу»  логистикалық жүйенің негізгі элементінің  үйлесімін икемді және тиімді түрде  жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизімін құрастыру болып табылады. 

     Осы заманғы экономикалық үрдістердің  даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

     Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды талап ете бастады.

     Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.

     Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым сферасы «қалдық принцип» бойынша қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.

     Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы  дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар  айналым сферасында). Бұл жердегі  жағымсыз жақтар келесідей:

  • тауар өткізуші құрылымның рационалды емес дамуы;
  • қазіргі заманғы электрондық коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;
  • төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында. Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;
  • дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;
  • өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;
  • тауарды өңдеу қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация және автоматтандырудың төмен даму деңгейі.

     Көрсетілген фактілер мен жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі.

     Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

     Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір   көшбасшысына айналды.

     «High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU»  орталықта 150000 паллето-орынға қойма бөлмелері болды. Сонымен қатар, Астана қаласында 40000 палетто-орынға арналған «DAMU Astana» логистикалық орталық салына басталды.

     Компанияның басты мамандануы-бұл барлық бекітілген шарттар негізінде XXI ғасыр технологиялар  талаптарына сай, халықаралық стандарттарға және индустриалды-логистикалық орталықтардың сапалы түрде құру және дамыту. Өзінің құрылу уақытынан бастап компания ірі мегаполис ішінде жүкті ағымдарды басқару бойынша тұтынушының мұқтаждығын қанағаттандыру стратегиясын таңдады. Қалалық магистральдардың транспорттық толуы қоймаларды қаланың сыртына шығару арқылы шешілді. Басында инвестициялар барлық қазіргі заманғы талаптар негізінде жұмсалды. Себебі, Қазақстанда коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыратын логистикалық объектілер болған емес.

     Компания жүкті сақтау, тасымалдау және кедендік тіркеу бойынша мәселелерді тиімді тасымалдау, жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді.

     Қоймалар  логистикалық жүйенің негізгі элементтердің  бірі. Қорларды сақтауға әдейі құрастырылған  орындардың болуы, материалдық ағымдардың жүрудің барлық кезеңінде керек, біріншіден шикізат көзінен бастап, соңғы тұтынушыға дейін.

     Қазіргі заманғы қойма логистикалық операциялар  қызмет көрсету үлкен көлемде  орындайды. Тұтынушыға кең көлемде  қоймалау, жүкті қайта өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с логистикалық келісімдері.

     «High Tech Logistic» компаниясының қоймалық ғимараттар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен қоймалық автоматтандырылған есеп жүйесімен жабдықталған. Бұл жүкті жоғары динамикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, тауарларды қоймаға келу уақыты бойынша, өндіру уақыты бойынша тексеруге болады.Бұл сақтау процесін жеңіл басқаруға мүмкіндік беребі. Компанияның қойма территориясының негізгі қызметтері:

  • арнайы температуралық шарттарды талап ететін тауарларды сақтау;
  • іріленген жүкті сақтау;
  • тиеу-түсіру жұмыстары;
  • тапсырыс берудің арнайы талаптары бойынша тауарды өңдеу;
  • таңбалау, термоорау және пакеттеу;
  • логистикалық оператор есебінде сақтау;
  • қоймада жүктің қозғалысы бойынша керекті есептер беру;
  • бас қоймада, УСҚ, кедендік, дәріханалық қоймаларда сақтау.

     Компания  транспорттық логистикада келесі қызметтерді  көрсетеді:

  • транспорттық-логистикалық шешімдерді табу;
  • есікке дейін принципі бойынша Алматы; Алматы облысы бойынша жүкті алушыға толық кешенді қызмет көрсету;
  • Қазақстан қалалары бойынша авто, теміржол транспортпен дистрибуция;
  • барлық тәуекелділікті ең тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;
  • жіктің қай жерде орналасқандығы туралы тез ақпарат беру;
  • жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау;
  • әр клиентке жеке менеджердің болуы;
  • кеңес беру қызметі;
  • кең агенттік, әріптестік желілік;
  • экспорт-импорт тауарларды «есіктен-есікке» жүйесі бойынша жеткізу.

ОТзыв.Б.А.Т.doc

— 26.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

РЕФЕРАТ.doc

— 26.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

рецензия на работу.doc

— 25.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары