Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 21:44, курсовая работа
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.
Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
. Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25
2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………….….………….….……….….........................38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 73 беттен тұрады. Жұмыс 7 суреттен, 5 кестеден, 39 қолданылған әдебиет көздерінен тұрады.
Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын негізгі тіректік сөздер: логистика, логистикалық ренессанс, материалдық ағым, логистикалық жүйе, логистикалық концепция, JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION, логистикалық орталық, сатып алу логистикасы, өндіріс логистика, тарату логистикасы, біріккен жүйе, макро/микрологистикалық концепциялар.
Жұмыстың мақсаты отандық кіспорындардың дамуында логистикалық әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.
Жоғарыда айтылған мақсатқа байланысты жұмыста мынадай міндеттер қойылған және шешілген – логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу, логистика әдістемелерін, оны қолданудағы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтірілген, шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін талдау, Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағын қарастырылды, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» кәсіпорындарының іс-әрекетін талданды, Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтірілген.
Жұмысты жазу барысында зерттелетін мәселе бойынша теориялық материалдар қарастырылып, Қазақстан Республикасындағы логистиканың даму нарығының жағдайы мен болашағы туралы нақты ақпараттар талданып, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» кәсіпорындарының нақты деректері зерттеліп қолданылған.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы логистиканың даму нарығының жағдайы, нақты мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар келтірілген.
Информация о работе Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары