Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
. Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25

2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………….….………….….……….….........................38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72

Файлы: 4 файла

Логистика.doc

— 780.00 Кб (Скачать файл)

     Ішкі  тасымалдау процессі функциональды  бірнеше блоктарға бөлінген:

  • дайындалу (тапсырысты жұмысқа алу, есеп жасау, транспорттық схемаларды және консолидация тәртібін анықтау, алдын ала тасымалдау және кедендік процедуралар бойынша мәселелерді талқылау, керекті бұйрықтарды дайындау)
  • негізгі (жұмысбастылық тауарға транспорт тамаңдау, кедендік процедураларды орындау, тасымалдау, белгіленген шараларды және мерзімдерді бақылау)
  • қорытынды (кедендік тазарту, тұтынушыға тауарды беру, жасалған іс-шаралардың тиімділігінің және кеткен шығындар анализі)

     Тәртіпке  салынған және автоматтандырылған компанияда жеткізуді ұйымдастыру жүйесі тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу кезінде болатын кез-келген өзгерістерге тез арада жауап қайтара, тез және тиімді басқару шешімдерді қабылдай алады. Сонымен, қатар «Хак Групп» компаниясында өзінің әріптестерінің талабына сай қазіргі бизнес процестерді жетілдіру үстінде.

     Клиенттерге мүлтіксіз қызмет көрсетуге жетісі келетіндіктен «Хак Групп» компаниясы өзі жеткізетін тауарларды сақтау, консолидациялаужәне әрі қарай тасымалдау үшін тармақталған желісті қоймалар желісті құрастырды. Барлық қоймалар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған. Ол қысқа уақыт ішінде жүкті тию-жүкті түсіруге және жақсы жағдайда оны сақтауға мүмкіндік береді.

     Жеке  меншік құқығы негізінде компания Алматы қаласында екі материалдық-техникалық базаны иемденуде. Олардың мақсатты белгілеуі өндірістік базаны және қоймаларды эксплуатациялау және қызмет көрсету.Бірінші материалдық-техникалық базаның көлемі-1278 м2. Оның құрамына энергоцех, темір соғатын цех, шеберханалар, гараж ғимараты, сонымен қатар қоймалар(750 м2). База 16-тонналық автокран, балка-кран, өрт және қауіп сигнализация, таразылар, автономды жылу, электр қуат, газ, канлизация, ыңғайлы жету жолдармен қамтамасыз етілген. Екінші материалдық-техникалық база орталық қойма, көлемі 1006 м2, 0,6349га жерде. База бірінші база сияқты жабдықталған.

     Қазақстан бойынша қоймалау желісі келесі қалаларда  орналысқан: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қзыл-Орда. Ресей Федерациясында: Челны жағалауында, Мәскеу, Омск.

     АҚ  «Хак Групп» өз қызметін бизнес-процесстерді рационализациялау және оңтайландыру принциптері негізінде жүргізеді, компания ішінде. Бұл жағдай өндірістік процестегі әр оперциясын қатаң бақылау және компанияның өндірістік циклдің барлық кезеңдерін алатын ақпараттық жүйенің әрдайым жаңаруының арқасында жүзеге асады. Сонымен, «Хак Групп» компаниясы логистикалық желісінің әрбір звеносын тауар үздіксіз қозғалысын өндірушіден тауарды тұтынатын тұтынушыға дейін бақылай алады. «Хак Групп» компаниясы Қазақстандағы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды жеткізетін ірі жабдықтаушысы. Компания Ресей Федерациясының ірі және жақсы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды шығаратын компаниялармен және Қазақстан осы тауарларды тұтынатын компаниялар мен жақсы әріптестік қарым-қатынаста.

     Сондықтан қазіргі кезде компания келесі түрдегі  ақпараттық қызметтерді көрсете  алады:

  • «Хак Групп» компаниясы мен оның әріптестерінің қоймаларындағы бар машинатехникалық мақсаттағы тауарлардың ассортиентігі туралы ақпарат беру.
  • Компанияның ресейлік өндіруші әріптестерінің тауарларының ассортиентігі және тауарды жеткізу мерзімі туралы ақпарат беру.
  • Компанияның машинатехникалық мақсаттағы тауарларға деген сұранысы туралы ақпарат.
  • Машинатехникалық мақсаттағы тауарларды таңдау бойынша жоғары маманды кеңес беру.
  • Қазақстан Республикасы бойынша кез келген нүктеге тауарды жіберу және жеткізу маршруттарын таңдауда кеңес беру.

     Қорыта  келгенде, логистика неғұрлым кең бағытқа иеленіп, кәсіпорынның дамуы стратегиялары бойынша ұсыныстар құру мақсатында жүреді. Мәнісі бойынша логистика стратегиялық менеджментке қажет элемент. Осындай логистиканың мақсаты қазіргі және болашақ уақытта кәсіпорын алдында болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді табу. Кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі - бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.

     Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің  арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үдерісі кәсіпорынды басқарудың үш деңгейімен жүзеге асырылатын тізбектелген кезеңдер қатарымен қарастырылған. Маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісі кезінде бөлімшелер арасындағы механизмді зерттеу стратегиялық маркетингтің негізгі қағидаларына сәйкес жасалған өндірісті басқарудың графикалық моделін құруға мүмкіндік береді.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес келесідей  мәселелерді алға қойылды:

     Қазақстандық  тауарлардың халықаралық нарықтарға қол жеткізуін жақсарту, жаңа экспорттық “орындарды” алу және ықпалдастық бастамаларды одан әрі тереңдету.

     Экспорттық  белсенділікке кедергі келтіретін әкімшілік, инфрақұрылымдық тосқауылдарды анықтау және қазақстандық тауарлар үшін неғұрлым перспективалы нарықтарды айқындау жөнінде бірқатар елдердің тауарлы нарықтарына талдамалық зерттеулер жүргізіледі.

     Экспортқа арналған бәсекелі отандық өнімді жылжыту  жөніндегі мақсатқа бағытталған саясатты қамтамасыз ету үшін қазақстандық тауарлар экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірленетін болады.

     Осы шаралардың өзі Еліміздің шетел  нарықтарында елдегі экспортқа шығарылатын  өнімдерге  болашақ  перспективті  нарықтарға  қазірден зерттеулер жүргізіп, талдау жүргізіп, сыртқы нарықтарға жылжуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірлеудің  өзі   еліміздегі  логистикалық жүйенің енді  пайдалы  қолдана  бастағанын  көрсетеді.

     Келесі  бөлімде Қазақстан Республикасы кәсіпорындарда логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалады.  

2.3  Қазақстан Республикасы  кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары 
 

     Жоғарыда жасалаған сауда кәсіпорындарының іс-әрекетін талдаудан көптеген кәсіпорындар шағын болып табылатынын және күшті бәсекелестікке төзе алмайтының көруге болады, сондықтан тауар нарығы инфрақұрылымның ұйымдастыру нысанын жетілдіруді ұсынып отырмыз. 

Кесте 5. Логистикалық жүйедегі шығындарды үнемдеу

Ағымдық процестер түрі Логистикалық  жүйедегі тиімділік тудыратын процестердің кезеңдері
Сатып алу логистикасы Өндіріс логистикасы Өндірісті қамтамасыз ету логистикасы Тарату логистикасы
Материалды  ағым Прогрессивті  материалдарды қолдану кезінде  материалды шығындардың өзгерісі есебінен үнемдеу Қоймалық  шығындардың төмендеуі есебінен үнемдеу
Сатып алуларды ұтымды өңдеу есебінен үнемдеу Материалдардың  болмауынан туындайтын тұрып қалуларды қысқарту есебінен өндіріс шығындарын төмендету Қоймалық  алаңдарды қысқарту есебінен үнемдеу 

Тиеу-түсіру операцияларының көлемінің қысқаруы және онымен байланысты шығындардың  қысқаруы есебінен үнемдеу

Материалды  ағым қозғалысының тездетілуінен болатын үнем:
  • Материалды сақтаулы қор мөлшерінің қысқаруы
  • Сақтаулы қорларды ұстау бойынша ағымдағы шығындардың қысқаруы
  • Логистикалық жүйеде болу уақытына байланысты материалды ресурстар жоғалтымын төмендету.
Қаржылық  ағым Сақтаулы  қорды қаржыландырған капитал мөлшерінің азаюы есебінен үнемдеу

Ақша  ағымы қозғалысының тездетілуі есебінен айналым капиталы мөлшерінің қысқаруы

      Жеткізу шартының бұзылуына шығындардың қысқаруы
Ақпараттық  ағым   Өндірісті ырғақты  ұйымдастыру салдарынан ағымдағы шығындарды қысқарту Техникалық  қызмет көрсету шығындарының қысқаруы  
Тапсырысты  өңдеу уақытының қысқаруы
 

     Сауда теориясында тауар нарығының  инфрақұрылымдық обьектілерінің ұйымдастыру  нысандарын дамытудың бірнеше бағыттары  бар. Оларға концентрация, мамандану мен әмбебаптау және комбинирлеу жатады.

     Логистикалық  жүйе  нарықты дамутыда жоғары тиімділік  әкелетінін дәлелдейік.

     Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасында сатып алу, өндіру және өнімді өткізу саласында құрылымдық өзгерістер болып  жатыр.

     Бірақ осы процеске логистикаға бағытталған жүйелік сипат беру керек. Нарықтық экономика жағдайында материалды ресурстар және олармен байланысты өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындардағы барлық ресурстар ағымын логистикалық әдістер арқылы басқару- әлемдік нарықта бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін объективті қажеттілік.

     Жаңа  индустриальды саясат болашағы шығындарды төмендету және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетумен алынған интеграция тиімімен сипатталады.

     Осы кестеден (5-кесте). біз логистика жалпы экономиканы ұйымдастыруда, экономикалық ұйымдар арасында тиімді байланыс орнату арқылы қолда бар мүмкіншіліктерді қолданып, жоғары тиімділікке жетуге жағдай жасайтынын көріп отырмыз.

     Сауда логистикасында қандайда бір логистикалық операцияны жетілдіру жалпы жүйілік тиімділік береді.

     Логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа  қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте  қажет. Енді келесі 6-сурет түрінде тауар нарығының инфрақұрылымын логистикалық интеграция арқылы жетілдіруді қарастырайық.

     Логистикалық  белгілердің жүзеге асуы синергетикалық тиімділіктің орындалуына әкеледі. Осы кездегі синергетика тәуелсіз қосалқы жүйелердің немесе элементтердің  бірігіп әрекет еткендегі олардың  жеке тәуелсіз жұмыс істегендегі тиімділіктерінің сомасынан жлғары болатын жалпы тиімділіктің жоғарылауын қамтамасыз ететін логистикалық жүйелердегі байланыстарды анықтайды. Енді кесте түрінде логистикалық жүйенің әкелетін тиімділіктерін көрсетіп өтейік.

     Төмендегі, 6-суретті ашып көрсететін болсақ, тауар нарығының инфрақұрылымының элементтері осы логистикалық жүйедегі өзара әрекеттесіп бірігуі қажет ұйымдар есебінде болады. Логистикалық интеграцияның келесі негізгі белгілерін көрсете кетейік:

  1. Тауар қозғалысының барлық процесін, тауарды сатып алудан бастап оны тұтынушыларға жеткізуге дейін процесті оңтайландыру ол логистикалық координацияны білдіреді.
  2. Материалды ағымдарды басқару және бақылау интеграциясы, ол басқару интеграциясы болады.
  3. Сауда кәсіпорындарының клиенттеріне көрсетілетін қызмет кешенімен қоса біртұтас материалды ағым технологиясы, ол технологиялық логистика болады.

 

     6 сурет. Тауар нарығы инфрақұрылымын жетілдіру

     Сауда логистикасының ішкі және сыртқы орталарының өзгермелі жағдайларына логистикалық жүйені бейімдеу, ол бейімделуші логистика болады.

     Сауда логистикасының барлық элементтерін ұтымды ұйымдастыру, олардың өзара қызмет етуін қамтамасыз ету, ол ұйымдастырушылық логистика болады.

     Суретте көрсетілген логистикалық интеграция түрлерін қарастырайық:

  1. Фирма ішіндегі интеграция үш бағытта жүзеге асады:

     а) Сауда кәсіпорындарының материалды ағымының біртұтас технологиясын өндеуді  білдіретін технологиялық интеграция. Ол фирма ішіндегі сауда логистикасының материалды негізі болып табылады негізі болып табылады және негізгі логистикалық операциялардың технико-технологиялық байланысын көрсетеді. Технологиялық интеграция келесі жағдайларды қамтуға мүмкіндік береді: тауарларды әкелудің ұтымды тәртібін орнату; жүктерді сандық және сапалық қабылдауды уақытылы өткізу; жылжымалы құрам мен көтеру-көліктік құралдарды ұтымды пайдалану; көлік-қойма жұмыскерлерінің еңбегін тиімді ұйымдастеру; тауарларды сатып алушыларға жеткізу бойынша көліктердің нақты жұмыс істеуі; ыдыстардың прогрессивті түрлерін және жүктерді бумалаудың жүйесін қолдану; логистикалық операциялардың байланыспауынан болатын жоғалтымдарды төмендету; фирма клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жоғарлату.

     ә) Материалдық қаржылық және ақпараттық ағымдарды басқарудың интегралданған жүйесін құруды білдіретін функционалды интеграция. Ол сауда кәсіпорының әртүрлі қосалқы бөлімдерінің материалды ағымдарды бақарудағы күш-жүгерін біріктіреді.

     б) технологиялық және функционалды интеграциялар синтезі ретінде болатын кешенді интеграция.

     Фирма ішіндегі интеграция сауда кәсіпорынының  материалды ағымдарын басқаруға  мүмкіндік береді, бірақ сыртқы орта факторларына әсер ете алмайды.

ОТзыв.Б.А.Т.doc

— 26.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

РЕФЕРАТ.doc

— 26.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

рецензия на работу.doc

— 25.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары