Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:23, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік
біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп
отырса да, өзінің негізін әлдеқашан
құрып болған. Ол заңмен қорғалады
және әрқашан дамып отырады. Қазіргі
уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне
ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік
іс-әрекетсіз нарықтықтік
Бүгінгі таңда Республикамызда
Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Жалпы алғанда елімізде жеке кәсіпкерлікке қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 серпінді бағытының бірі – жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл деп аталады.
Бөлім 1. Қазастандағы жеке кәсіпкерлік
субъектілері
Қазіргі уақытта Қазақстандық
кәсіпкерлік біршама
Кәсіпкерлік – адам қызметінің
ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған
кезінде атақты неміс экономисі
Гарвард университетінің
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Кәсіпкерлік
адам қызметінің ерекше саласы және ол
еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып
тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы
рет ағылшын экономисі Ричард
Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік
ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында
табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін
жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз
азаматтар мен бірлестіктердің
мүлікті жауапкершілік пен
Кәсіпкерліктің белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
• экономикалық мүдделілігі
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
• белсенді ізденуі
• жаңалықтығы
Кәсіпкерліктің
субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар,
заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық
ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық
ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық
қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық
делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері,
құнды қағаздармен операциялар.
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:
1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер
өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа
технологияларды қолдануға мүдделі болады.
Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер
минималды шығын жұмсау және максималды
пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті
таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде
кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын
бір процеске біріктіреді.
3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты
жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау
инициативасын өз жауапкершілігіне алады:
кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк
жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер
тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын
талдап , қорытындысына не болатынын білген
жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін,
іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды,
сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің
серіктестіктерінің немесе акционерлерінің
қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі
қажет.
1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа
тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің
алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат
көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі,
жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі,
еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз
беретін мекемелердің ақша ресурстары
болуы керек.
2. Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті
ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда
тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың
тауарға, қызметке деген талғамы, төлем
қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік
жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы
жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.
Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге
белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс:
денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау,
еңбек ақы мөлшерін қадағалау.
3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті
реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық
жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар,
кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын
және орта бизнесті қолдайтын органдар,
меншікке құқықтық заңдар.
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру
формалары.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру,
делдалдық кәсіпкерлік жатады.
• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар
өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты
кәсіпкерлік.
• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім
өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді
қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен
ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық
кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары
мен сауда мекемелері.
• Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып
алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар
болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің
түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық
банктер және қор биржалары жатады.
• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа
бағытталу туралы қаржылық шаруашылық
талдауды жасауға, басқару мәселелері
жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын
кәсіпкерлік.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі
бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру
төлемін алу нәтижесінде пайда болатын
қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі
бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін
кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына
ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық
кәсіпкерліктер жатады.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік,
серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе
бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.
Серіктестік – бұл екі немес одан да көп
адамдардың капитал салымдар (үлестері)
негізінде құрылған табыс алуға бағытталған
іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері
шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
2. Коммандиттік серіктестік мүшелері
аралас жауапкершілікке ие болады, яғни
біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған
капиталы негізінде жауап береді.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде
тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы
белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген,
заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік
қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын
ашық сатуға және басылымдарда акциялардың
құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік
қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында
астылатын, акциялардың құны басылымдарда
жарияланбайтын акционерлік қоғамның
түрі.
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік
формалары:
1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін
өнеркәсіп саласындағы корпорацияның
кең тараған формасы.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың
ерікті бірлестігі.
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық,
өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді
бірігіп шешу.
3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын
істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін
тауар сатуға біріктіру.
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы,
нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері,
патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру
бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік
бірлестік.
Кәсіпкерліктің негізгі
Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың
өз атынан мүліктік
жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге
асыратын дербес бастамалық
қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды
өзінің меншікті капиталымен қаржыланд
Жеке кәсіпкердің мынадай
Шаруа қожалығы– заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады.
Өз иелігінде (соның ішінде, жалға алған) бар меншік немесе жер учаскесін өмір бойы мұраға алған мүлікті пайдалану негізінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сатуды жүзеге асыратын жеке азамат, отбасы немесе адамдар тобы түрінде ұсынылған дербес шаруашылық субъектісі.