Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:23, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың басымдығы;
Шағын бизнесті
мемлекеттік қолдаудың
Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын бизнестің барлық субъектілері үшін қажеттілігі;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады:
Қаржылық қолдау көрсету;
Шағын бизнесті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
Бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру
Бір жылдан астам
пайдаланылмаған мемлекеттік
өнеркәсіп саласын ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін немесе сенімгерлікпен берілген объектілерді шағын бизнес субъектілеріне 1 жыл өткен соң өтеусіз беру.
Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Жоғарыда аталған заңда (Жеке кәсіпкерлік туралы) алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз. Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке бизнесті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрлымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады.
Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасында
бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше
мемлекеттік бағдарламалары қабылданды.
Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін
шағын бизнесті қолдау мен дамытудың
7 мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарлама
мақсаты – шағын және орта бизнес
субъектілерінің қызмет сферасын барынша
кеңейтуге және олардың қызметін
барынша жандандыруға бағытталған
институционалды шарттарды
3.2 Жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы
Жалпы алғанда елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 серпінді бағытының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл деп аталады. Мұнда шағын кәсіпорындарды дамыту бойынша мынадай алты мәселе атап көрсетіледі:
Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрлымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының бизнестің дамуын толығымен ынталандыруы, сондай-ақ бизнестің «қалтарыстан» шығуына жәрдемдесуі үшін одан әрі жетілдіре түсу қажет.
Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу.
Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды құрылымсыздандыру мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекомуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбырлары көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек.
Төртіншіден,
жаңа кәсіпорындар мен компаниялар
құру барысын жетілдіру қажет. Мәселен,
«жалғыз терезе» жүйесінің
Бесіншіден, тұрлаулы
және серпінді өсу үшін біздің Қазақстанның
шағын және орта бизнесінің жоғары
сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс
туғызудың негізі ретінде мемлекет
пен мемлекеттік компаниялардың
ресурстарын жариялы әрі
Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялық конкурстық негізде дамыту үші арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар, яғни жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Қазына» қоры арқылы шешілуі тиіс.
Ал, Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру – мемлекеттік
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен
2008 жылдың 14 ақпанынан бастап жылдың
аяғына дейін шағын бизнес субъектілеріне
мараторий жарияланғаны белгілі. Бұл
мараторий 2009 жылы тағы да жарты жылға
ұзартылды. Яғни, кәсіпкерлер жұмысын
себепсіз тексеруге жол берілмейді
және барлық тексерулер тоқтатылады. Бірақ,
бұл адам өмірінің қауіпсіздігімен
тікелей байланыты азық-түлік
өнімдерін өндіру мен дәрі-дәрмек
өндірісіне қатысы жоқ. Сонымен қатар
2008 жылы шағын бизнес мәселелері бойынша
кәсіпкерлерге арналған интернет конференция
өткізілді. Елімізде шағын бизнестің
даму жолындағы үлкен кедергілердің
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстардың жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді.
Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.
Алакөл ауданында кәсіпкерлікті жүйелі түрде жүргізіп, оны одан әрі өркендету үшін 2008 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалды. Осы бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамда халықтың орташа тобын қалыптастыру жолында жұмыс жасалуда.
Азаматтар жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел қол жеткізеді. Соның нәтижесінде 2009 жылы ауданда 9 дүкен, 1 қонақ үй, 1 сауда үйі, 2 мейрамхана, 2 монша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Шағын кәсіпкерлік саласындағылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. 2008 жылы шағын бизнеспен 13551 адам айналысса, бұл көрсеткіш былтыр 16315 адамға жетті. Соған байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемін айтарлықтай арттырды. Атап айтқанда, 2008 жылы 598,5 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2010 жылы бұл нәтиже 1 млрд.218 млн. 375 мың теңгені құрады. Бұл жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдай. Дағдарысты толық еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түскен кезде шағын бизнестің болашағы айтарлықтай болатыны күмәнсіз.
Дегенмен, табыс өздігінен
келген жоқ. Осы орайда, салық комитеті,
басқа да мекемелермен бірлесе отырып,
кәсіпкерлерге, әсіресе, жұмысын жаңа
бастаған адамдарға нарықтың талаптары
мен ерекшеліктерін, салық төлеудегі
өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру,
бизнесті дамытудың жаңа жолдары
туралы жиі-жиі сабақ өткізіп, «дөңгелек
үстелдер» ұйымдастыруы өз нәтижесін
беруде. Үкіметтің әлеуметтік-
Бүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғына тұрып, көпшілігі бизнесін шыр айналдырып әкетті. Бұл ретте несие беретін ұйымдар мен банктердің ауыл адамдарына көмегі айтарлықтай.
2010ж екінші деңгейдегі банктерден 50 кәсіпкер 190 млн.теңге несие алды. Шағын несиелік ұйымдар 15 адамға 20 млн.теңге несие берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауданда 19 жобаға 25 млн.теңге, 13 кәсіпкерге 21 млн., 7 мемлекеттік емес ұйымға 10 млн.теңге несие берді.
Істің ілгері басуына оң ықпал ететін факторлардың бірі – инвестиция тарту. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 2010 жылы 270 млн.512 мың теңге инвестиция тартылды.
«Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» қорлар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірлесе отырып ұйымдастырған «Кәсіпкерлік экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады және куәліктер табыс етілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында
Қытайдағы «Достық–Алшаңқай»
Елбасының биылғы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – мемлекеттің басым бағыты»
атты кезекті Жолдауында тәуелсіз мемлекет
өмірінің қажетті әрі маңызды салалары
жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылатын
10 нақты міндеттер анықталды. Соның бірі
– мемлекеттегі кәсіпкерлікті белсенді
түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісі.
Осының аясында Елбасының қолдауымен жеке кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғау, заңсыз және негізсіз тексерістерден сақтау жұмыстары «Бизнес тірегі» атты жобасымен күрделі жүргізілуде.
Бүгінгі күні аталған жобаның негізінде әр кәсіпкердің (шағын, орта, ірі) құқығы қорғалуда.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерiнің бірі - жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.
Аудандық прокуратурамен
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу процедурасы өзіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуді, тексеру жүргізу мерзімінің ұзартылуы, тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы туралы, тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәліметтерді есепке алу және оның нәтижелері, сонымен қатар өткізілмеген тексерісті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен шығаруды енгізеді.
Бұған орай ҚР Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 5995-санымен
тіркелген) «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге асыратын
тексерулерді бірыңғай мемлекеттік
тіркеуді, есепке алуды және бақылауды
жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту
туралы» №71 Нұсқаулығының күші жойылып,
Қазақстан Республикасының