Қазастандағы жеке кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Курсач.docx

— 92.42 Кб (Скачать файл)
  • өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес кайта бөлу;
  • капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
  • жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сактаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;
  • таңдаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;
  • сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
  • «челнок» импортынан түскен табысты алу;
  • мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
  • коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.

  Капиталдың алғашқы қорлануының манызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, міне, 22 жыл өтті. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік Институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі шағын кәсіпкерліктің дамуы екені анық.

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.

Зерттеудің мақсаты республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Сауда құқығы ешқашан Қазақстанның құқық жүйесінде  оқшау өмір сүрмегенін есепке ала отырып, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың дамуында негізгі екі кезеңді  бөліп атауға болады.

Бірінші кезең-бұл экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының  қатар өмір сүруімен және экономиканың  (социалистік) жаңа тұрпатын құқықтық реттеу қажеттілігімен, сонымен қатар  социалистік құқық жүйесі және социалистік  заңдар негіздерін құрумен сипатталады.

ХХ ғасырдың 20-30ж.ж. басталып, ал содан кейін 20-30 жыл үзілістен  соң, ХХғ. 60-80ж.ж. ол құқықтың дербес саласы ретіндегі шаруашылық құқығын құрумен  аяқталды. Бұл кезеңде шаруашылық құқығы социалистік құқық жүйесінде  жетекші орындардың бірін иеленген-ді.

Шаруашылық құқығы теориясын  зерттеуге Л.И.Абалкин, Г.Л.Знаменский, В.В.Лаптев, В.К.Мамутов, М.Г.Масевич, В.А.Рахмилович, М.К.Сүлейменов, И.А.Танчук, Р.О.Халфин сияқты белгілі ғалымдар өздерінің маңызды  монографиялық еңбектерін арнады.

Шаруашылықты жүргізудің әдістерін жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті жетелдету, өнім сапасын  көтеру, ғылыми-техникалық ынтымақтастык  пен сыртқы экономикалық қызметті өркендету  мәселелері алдыңғы жоспарға шыққан ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысында басталған «қайта құру» дегеннің табысты жүзеге асуын дәл осы  шаруашылық құқығы қамтамасыз етуге  тиіс болды. Алайда бұл идеялардың іске асуына тағдыр жазбапты, өйткені КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылу үдерісі басталды.

Екінші кезең-бұл шаруашылық құқығының іс жүзінде Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік алған  сәтінен басталып, осы уақытқа  дейін жалғасып келе жатқан кәсіпкерлік  құқыққа айналу кезеңі. Қазақ КСР-інің 1990ж. желтоқсанның 11-індегі «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызметтің еркіндігі  және кәсіпкерліктің дамуы туралы»  Заңы Қазақстанның кәсіпкерлік туралы арнайы заңының тууына және кәсіпкерлік құқықтың қалыптасуына бастама болды.

1994ж. Қазақстан Республикасының  жаңа Азаматтық кодексінің қабылдануына  байланысты, кәсіпкерлік қатынастар  азаматтық заң тақырыбының құрамына  енді. Тиісінше, кәсіпкерлік қатынастар  деңгейлестігі бойынша азаматтық  заңды реттеу саласына, ал бұл  салаға енбеген шаруашылық қатынастар  сатыластығымен әкімшілік заңды  реттеу саласына жатқызылады.  Әйткенмен бұл кәсіпкерлік заң  азаматтық және әкімшілік заңдарға  «батып кетті» дегенді білдіреді.

Шаруашылық қызметінің еркіндігі  және кәсіпкерліктің дамуы туралы арнайы заңдық актілердің қабылдануына байланысты, ол заң саласы ретінде қалыптаса  бастады. Сол себепті кәсіпкерлік  құқықтың дамуындағы бастапқы кезеңді  жеке кәсіпкерлік туралы арнайы заңның құрылу кезеңі деп сипаттауға болады.

Содан кейін орын алған, жеке кәсіпкерлік туралы заңдарды жүйелеуге  және бұл салада біртұтас заң актісінің-2006ж. қаңтардың 31-індегі Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының  қабылдануына жеткізген өзгерістер егеменді Қазақстанның кәсіпкерлік  заңының және кәсіпкерлік құқығының  дамуындағы жаңа баспалдақтарды көрсетеді.

Жалпы кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында сауда құқығының пайда болуымен байланысты тарихи қалыптасқандығы және ол белгілі бір құқықтық нормалармен қатар қағидаларға сүйеніп қызмет атқаратындығы туралы мәліметтер алдым.

Бүгінгі уақытта әрбір  саланың құқықтарының нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Осыған сәйкес біздің еліміздің де кәсіпкерлік құқық нормалары, құқықтың қатынастарының қағидалары, сонымен қатар кәсіпкерлік құқық жүйелері қалыптасып бекітілген.

Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері  Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады. Мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

 

1.3 Жеке кәсіпкерліктегі шет елдердің тәжірибесі

 

Отандық шағын  және орта бизнестің нарықтық экономикада алатын орны ауқымды. Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнес экономиканың өсу қарқындарын, ЖҰӨ құрылымы мен сапасын анықтайтын жетекші секторлардың бірі.

Әлемдік шаруашылық жүйеде, Бірікен  ұлттар ұйымы мәліметтері бойынша, шағын және орта кәсіпорындар еңбекке  қабілетті халықтың 50%-на дерлік жұмыс  беруші болып табылады. Жапония, Италия, Швейцария сияқты елдерде шағын  кәсіпорындарды жұмыс күшінің көп  бөлігі шоғырланған. 

Шағын кәсіпкерлік секторы жылдамдылығымен  инновациялық беслсенділігімен, икемділігімен  және тез арадағы жаңа өндіріс  пен жұмыс орындарын құру қабілеттілігімен және т.б. ерекшеленеді. Мысалға, Америка  Құрама Штаттының (АҚШ) шағын шағын  кәсіпкерлік секторында соңғы он жыл ішінде шамамен барлық инновацияның 55% және 75%-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл ретте капитал салымының  тиімділігі ірі кәсіпорындарға қарағанда 9 есе жоғары [1, 70-77 бб.]. 

АҚШ-тың шағын және орта бизнес әкімшілігі - шағын және орта бизнес мәселелерін шешумен айналысатын  орталық ведомство АҚШ-тың басқа  мемлекеттік құрылымдардың жұмыстарын үйлестіреді, барлық штаттарында 100-ге жуық бөлімшелері, шағын бизнеске көмек  көрсету бойынша 1000-ға жуық жергілікті орталығы бар. Шағын және орта бизнес әкімшілігінің негізгі міндеті - қайта құрылған компанияларға көмек  көрсету үшін банктердің берген займдарына кепілдік беру. Кепілдіктер көбіне, 10-25 жыл өтеу мерзіміне 2,75 % жылдық ставкадан  аспайтын займдар үшін беріледі.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес әкімшілігі бағдарламасы несие беруде түрлі жүйелерге негізделген. Атап айтсақ:

- несиелендірудің контракт жүйесі  шағын кәсіпорындарға қысқа уақытта  пайдалы  және  спецификалық  тез  өтелетін  (12  айға  дейін)  контрактілерді қаржыландыруға мүмкіндік береді;

- маусымдық несиелеу жүйесі  маусымды қызмет түрлерімен айналысатын  шағын  кәсіпкерлік  құрылымдарға  жобаларын  қаржыландыруға  көмектеседі. Негізгі  шарт  қана  -  несиені  алуға дейін  соңғы  12  айда  бұл  кәсіпорында көрсетілген облыста жұмыс істеуі қажет;

- басты  мердігерлер  ретінде  шығатын  шағын  кәсіпорындарды  несиелеу жүйесі  (мысалы,  құрылыста).  Бұл  жүйе  бойынша  сатылуға  арналған резиденциялар  мен тұрғын  емес  үйлердің  (офистердің және т.б.)  құрылысы қаржыландырылады. Бұл тұрғыдан мұндай бизнеспен соңғы 3 жылда айналыскан компаниялар несиелендіріледі.

- өз өнімін экспорттаумен айналысатын  кәсіпорындарды несиелеу жүйесі. Ол экспортер-кәсіпорындардың несиені  алуға көмек беруде қолданылады;  көмек тауарлар өндірісі  мен  қызмет  көрсетуді  қаржыландыру үшін  3 жыл  мерзімге бағытталған.

- сенім  білдіретін  кәсіпорындарды  несиемен  қамтамасыз  ету жүйесі.  Ол шағын және орта бизнес әкімшілігінің  қызметтерін  оған  дейін  пайдаланған  және  барлық  қажетті міндеттемелер  мен  шарттарды  орындаған  кәсіпорындарды  несиелеуге бағаттылған.

- өндірістің қосымша өнімі улы  заттардың шығуын максималды  қысқартуға мүмкіндік беретін  құрал-жабдықтарды болжамдау, жобалау  және құрастыру үшін несие  беруде көмек бойынша, қоршаған  ортаның ластануын бақылау жөніндегі  жобаларды несиелеу жүйесі.

«Шағын бизнес туралы» АҚШ Заңында  елдің ұлттық әл-ауқаты мен қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін жеке кәсіпкерлік  пен еркін бәсекелестікке негізделген ел экономикасы шағын және орта кәсіпкерліксіз дамуы мүмкін емес. Мемлекеттің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету мақсатында «SBA» ел Президентіне тікелей бағынышты және басқа ешқандай мемлекеттік органға бағынбайтын болды [3,7 б.]. «SBA» қызметін басқарушы кандидатурасын Президент ұсынады және Сенатпен бекітіледі. Қазіргі таңда «SBA» шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) дамыту мен қолдау бойынша әлемдегі ең ірі үкіметтік ұйым болып табылады. «SBA» беделдігін мына жағдай дәлелдейді – жылдық бюджет 18 млрд. АҚШ долларын болғанда 2002 жылы ол ШОК саласына 400 млрд. $ жуық әр түрлі көзін тартулы көздеген, оның ішінде 46 млрд. $ мемлекеттік тапсырыс боцынша, «SBA» жалпы щтаты 8.2 мыңнан астам қызметкері бар елдің әр түрлі аймақтары мен ірі қалаларында 208 өкілдіктері бар [4].

Үлкен капитал салымын қажетсінбейтін, әр түрлі мемлекеттерде кең қолданысқа ие болған және біздің елде қолдауға мүмкін болатын ШОК қолдаудыңкейбір  түрлеріне қысқаша тоқталып өтсек:

Ø  «Қызметінен босаған жетекші қызметкрлердің кеңес бюросы» (Service Corps of Retired Executives - SCORE) зейнеткерлікке шыққан жоғары білікті мамандардың тәжірибесін қолданумен байланысты жұмыс. АҚШ-тың 389 кеңес беру бөлімшелерінде 11400 зейнеткерлер қызмет істейді. Олар 400 мыңнан астам клиенттерге кеңес береді. Мұндай құрылымдар EO (European Senior Service Network - ESSN), сонымен қатар, «TACIS» бағдарламасы бойынша ТМД елдерінде де қызмет істейді. Біздің елде бұл тәжірибені жоғары білікті зейнеткерлер жайлы жергілікті дерекқор құру жолымен қолдануға болады.

Ø  Шағын кәсіпкерлік дамуына көптеп көмегін тигізетін АҚШ тәжірибесіндегі «инкубатор» жобасын Қазақстанда қолданған оң нәтижесін тигізеді деген ойдамыз. Алғашында «инкубатор» термині кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында, әр түрлі ұйымдарда, компанияларда, мемлекеттік органдардың жанынан ашылған ұйымдарға қолданылды. Негізгі міндеті – алғашқы шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау.

Германияның экономика Министрлігі  қабылдаған шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) классификациясы бойынша 499 адамға дейін жұмысбасты фирмалар жатады.

Шағын және орта кәсіпорындардың Германияның  әлеуметтік рыноктік шаруашылық жүйесінің  негізін құрайды. Шағын және орта кәсіпорындардың категориясына  қазіргі кезде Германияның барлық кәсіпорындарының 99,6 %-н құрайтын 3,250 мың фирмалар кіріп отыр. Олар елдің 64 %-н жұмыс орындарымен, кәсіби білімін  алу мен жоғарылату вакансияларының 80%-н, салық салынатын айналымның 45,9%-н қамтамасыз етеді және жалпы  инвестициялардың 44,1%-н жүргізеді.

Шығыс Азия елдері – Жапония және Қытай тәжірибелеріне тоқталып өтейік. Жапонияда ШОК пен жеке шағын  кәсіпорындар (ШК) болып бөлінеді. ШОК қызметкерлерінің орташа көлемі мен жеке капиталы есеп беру кезеңінде келесідей шектік деңгейлерден аспауы қажет:

·  Өнеркәсіпте – 300 адамға дейін және 100 млн иеннен;

·  Көтерме саудада – 100 адамға дейін және 30 млн иеннен;

·  Бөлшек саудада және халыққа күнделікті қызмет көрсетуде – 50 адамға дейін  және 10 млн иеннен аспауы керек.

Жапония Заңы орташа қызметкерлер саны келесідей деңгейлерден аспайтын кәсіпорындарды ШК қатарына жатқызады:

·  Өнеркәсіпте – 20 адамға дейін;

·  Саудада және қызмет көрсетуде – 5 адам [7].

Жапония – бұл жеке кәсіпкерлік  елі. Мемлекетке өнеркәсіпте тек  тиын алаңы ғана тиесілі. Бұл елде шағын кәсіпкерлікке 5 млн 738 мың  кәсіпорындар жатады, жалпы санының  – 99%. Халықтың 88% шағын кәсіпкерлік  саласында жұмыс істейді.

Информация о работе Қазастандағы жеке кәсіпкерлік