Қазастандағы жеке кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Курсач.docx

— 92.42 Кб (Скачать файл)

Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен  ұштасқан бизнестің неғұрлым күрделі  және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді  қолдау мақсатында шағын кәсіпкерлікке  несие берудің кепілді жүйесін  жасау үшін жағдай жасалады. Осы  жүйе несиені өтеу қабілетсіздігі жағдайында шығындардың орнын толтыру жолымен  несиелік мекемелермен тәуекелдерді бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға  ниет білдірген, бірақ жеткілікті қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің  талаптарын қанағаттандыра алатын несие  тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл мәселе шағын кәсіпкерлерліктің  салалық құрылымын жетілдіру, бастапқы капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы  қайта өңдеуші өндірістерді дамыту қажеттігіне байланысты ерекше маңызды.

Белгілі бір  тәжірибесі бар және қызметтің жаңа бағыттарын игеру үшін жоғары технологиялы жабдықтар мен қосымша капиталға  мұқтаж  кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың жаңа құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады. Лизингтік құрылымдарды дамыту мен венчурлық құрылымдарды құру жаңа өндірістердің пайда болуына және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңге дейін өндірістерді қалпына келтіруге ықпал етеді.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне:

-  несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;

-  шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

-  шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;

-  қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың  тізілімдерін жасау мен жүргізу  оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады. [2].

Осылардан көріп  отырғанымыздай, шағын  бизнестің тиімді әрі ырғақты дамуы үшін мемлекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы саясаты алдыңғы орынға шығады. Шағын бизнестің гүлденуіне еліміздегі инвестициялық климаттың жағдайы тікелей әсер етеді. Соңғы кезде тәжірибеге енгізілген тура инвестициялар тартудың рөлі зор. Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент, қалаларында жүзеге асырылған тура инвестициялар тартудың тәжірибесі – бұл әдістің өміршеңдігін көрсетті. Кәсіпкерлер форумы кезінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: Кәсіпкерлердің қаржы-несие ресурстарына қол жеткізуіндегі шектеушілік проблемасы біз қажет еткендей қарқынмен шешіліп отырған жоқ. Несие алудағы негізгі кедергілер жоғары қарыз пайызы және несиені қайтарудың қысқа мерзімі болып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктердің шағын бизнеске берілетін несиелер бойынша пайыздық ставкалар мөлшері шетел валютасында 16-18% және теңгеде 20-24%–ға дейінді құрайды. Алынған несие ресурстарын игерудің орташа мерзімі шамамен 11-12 ай. Сондықтан да Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке шағын бизнес секторын дамытудың арзан халықаралық бағдарламалық заемдарына қызмет көрсету кезінде банк маржасының төмен ставкаларын белгілейтін шараларды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шараларды талдап жасауды тапсырды.«Даму» бағдарламалары бойынша ШОБ субьектілеріне берілген қаржының былай бөлінгенін байқауға болады: сауда саласына – 45,7%; қызмет көрсету саласына – 24,2%; өнеркәсіпке –17,2%; құрылысқа – 5,2%; ауыл шаруашылығына – 5,1%; көлік пен байланысқа – 2,7%.Республикамызда шағын және орта  бизнестi қолдау саясаты жоқ деуге болмайды. Қайта мемлекет тарапынан көптеген заң жүзiндегi қолдаулар көбеюде.

 «ДАМУ»  қоры аймақтарда басымдыққа ие  салалардағы шағын және орта  бизнесті дамытуға бағытталған  мақсатты қаржыландырудың ондаған  бағдарламасын іске асыруда.

Негізгілер:  

- Аймақтық  қаржыландыру бағдарламасы;

-  «ДАМУөндіріс»;

-  «Бизнестің жол картасы – 2020»;

-  Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;

- Әйелдер  кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.

Аймақтық  қаржыландыру бағдарламасы- ауыл шаруашылығы  өнімдерін, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен  айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек. Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы –«ДАМУ аймақтары ІІ». Бағдарламаның  басым салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп  кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени қызмет көрсету, спорт және т.б. бар.«ДАМУ өндіріс»қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8% -ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді. «ДАМУ» қоры сыйақы мөлшері төмен – 8%-дық талаптары өте жақсы лизингтік бағдарламаәзірледі және әрекетке енгізді. Кәсіпкер жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда қосымша кепілдеме ұсыну қажеттілігі жойылады.  Осының өзі кәсіпкерлік секторды дамытуға оң әсер етіп  көпшілігін қолдауға, өз бизнесін кеңейтуге және жаңа бастаманы іске асыруға мүмкіндік береді.  

 Кәсіпкерлік  секторды қаржылық қолдау үшін  мыналар қажет:

-  аймақаралық банктер  (оның ішінде шағын бизнесті қолдау бойынша мамандандырылған) желілерін одан ары дамыту;

-  өндірісті қолдауға қарыздары бойынша коммерциялық банктермен кепілді қамтамасыз ету;

-  несиелік ресурстарды бюджеттен тыс жұмылдырудың басқа формаларын қолдану;

-  дәстүрлі емес қаржыландыру қызметін дамыту (лизинг, факторинг, венчурлық қаржыландыру, франчайзинг және басқалары);

-  шағын кәсіпкерлік несие ассоциациясының өзін-өзі басқаруы үшін жағдай жасау.

Осы көрсетілген  қажеттіліктерді орындай отырып, шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа түрлерін қарастыру  қажет.

Қорытындылай  келгенде мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы - несиелік және инвестициялық  қолдау саясаты келесідей негізгі  бағыттарда жүзеге асуы керек:

-  басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда несиелеу;

-  екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік беру жүйесін енгізу және дамыту;

-  екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды  жалғастыру;

-  венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;

-  шағын кәсіпкерлікті қолдау процессі кезінде сақтандыру компанияларының белсенді қатысу.

 
  
 

 

 

 

 

Бөлім 3. Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің даму жолдары мен бағыттары

3.1 Кәсіпкерлікті қолдаудың меклекеттік саясаты

 

 

     Бүгінгі таңда Республикамызда экономиканы  нарықтық қатынаста қайта құру жолында  оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік  қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттік қолдау күн тәртібіндегі өзекті мәселелерің бірі. Сондықтан елдің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін нрықтық экономиканың негізі болып табылтын кәсіпкерлік қызметті қолдау және реттеу шараларының тиімді іске асырылу қажеттігі туындап отыр. Кәсіпкерлікті қолдаудың және реттеудің келесідей түрлерін атап өтуге болады:

  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу;
  • Инновациялық қолдау және ынталандыру;
  • Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
  • Құқытық қолдау және заңдар қабылдау;
  • Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
  • Салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпкерліктің маңызды салалрын дамыту іс-шаралары жатады.

 

     Осы жоғарыда айтылған өнеркәсіптегі кәсіпкерлік  қызметті қолдау мен реттеу шараларының  ішіндегі қалған бағыттарға да әсер ететін негізгі реттеу мен қолдауды, кәсіпкерліктің дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мелекеттік іс-шаралар жиынтығы болып табылады.     

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық  және жергілікті қаражат есебінен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетін бөлінген қаржы шегіде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттік бюджетінен, мемлекеттік жәрдемақылардың, мемлекеттік ақшалай гранттар есебінен жүзеге асырылатын болады [12; 11-84].     

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мен рететудің негізгі бағыттарына:

  • Елде жекешелендіруді одан ары жүргізу;
  • Нарықтық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтердің еркін қызмет етуіне қолайлы ортаны қалыптастыу;
  • Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімін сертификаттаудың оңайтылған тәртібін белгілеу;
  • Ұлттық маңызды және шағын кәсіпкрелік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
  • Қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын жасау;
  • Елдегі кәсіпкерлік субъектілерінің шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау;
  • Өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсіпкерлік субъектілеріне артықышылықтар беру.

 

      Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы жеке кәсіпкерлік  қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті іреді.      

Республикадағы  өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымның келесі сатысы Астана және Алматы қалалары және облыс  әкімдері мен аппатарттары. Кәсіпкерлік  қызметті қоолдау және дамыту мемлекеттік  саясатты іске асыру үшін әкімшілк жанында Кәсәпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған . Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді).      

Кәсіпкерлік және өндірістік облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алмаы  және Астана қалалары) өз өкілеттігі шегінде  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.       

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппаратымен ұсынылған, олардыңм құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы орнадарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.          

Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын  кәсіпкерлік инновациялық экономикада  өз орнын шұғыл түрде табу үшін нарықтағы шынайлықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап оытрғанын түсінуде. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жерглікті орнадардың әкім аппатарттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұймдар кесетсі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:

  • шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
  • атқарушы билік жергілікті және аймақтық орнгандары үшін ұсыныстар мен кеңстерді жетілдіру.          Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұғымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
  • өнеркәсіптегі кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдру;
  • нарықты экономиканың дамуын ынталаныдырушы мүмкіндіктерді жасау;
  • Қазақстан Республикасында жұмыс жапсаушы кәсіпкрелік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;
  • кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.           Перзидент жанынадағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне шағын және орта бизнестің дамуныа кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.     Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, заттық-технологиялық, ақпараттық-сараптамылық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады [20; 33-34].            

 

 Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің  дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан  белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес  бастаманы  қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру  мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі  қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан  Республикасының «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге  болады.

Жеке бизнестіті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі  бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы  жетілдіру;

Жеке бизнесті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа  да объектілерін құру және дамыту.

Бюджет қаражаты есебінен жеке бизнес субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік  және ақпараттық қамтамасыз ету.

Жеке бизнесті  мемлекеттік қолдау  және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде  келесілерді атауға болады:

Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік  проблемеларын зерделеу және оны  дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу  институттарын  құру;

Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың  жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;

Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың  қаржы институттарын құу;

Бизнес-инкубаторлардың  және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған  бағыттармен бірге келесілерді  де қамтиды:

Шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен  технологиялады пайдалану үшін жағдай жасау;:

Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің  және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;

Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық  және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;

Оңтайлы салық  режимін белгілеу;

Шағын бизнеске кредит берудің бағдарламаларын  қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражаты еебінен  гранттар мен займдар беру;

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды  тарту мен пайдалану жүйесін  жасау;

Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып  алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;

Жұмыс істеп  тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың  ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын  құру жолымен кадрлар дайындауды, қайта даярлауды және олардың  біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Информация о работе Қазастандағы жеке кәсіпкерлік