Қазастандағы жеке кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Курсач.docx

— 92.42 Кб (Скачать файл)

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде  есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші  ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға  мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады.Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтінкоммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру  әр алуан функцияны орындаумен байланысты. Сөйтсе де кәсіпкерлікті қызмет түрі ретінде жүзеге асырумен байланысты және шаруашылық жағдайдың ерекше түрі ретінде оған тән функцияларды ажырата  білген дұрыс. Кәсіпкерлікке шаруашылық жағдайдың ерекше түрі ретінде тән  функциялар - бұл қоршаған ортамен  өзара ықпалдасу тәсілдері, оған функциялардың келесі екі тобы жатады. Бірінші топқа кәсіпкердің қоршаған ортамен өзара ықпалдасуын көрсетеді  және оларды ден қою функциялары  деп атауға болады. Функциялардың  екінші тобы кәсіпкерлік өзінің айналасына қатысты орындайтын рөлін білдіреді, сол себептен оларды қайта құру функциялары  деп атауға болады.

Ден қою функциялары - бұл ортаның  жағдайларына бейімделудің ағымдағы міндеттерін  іске асырумен және кәсіпкердің оның өзгерістеріне ден қою қабілетімен  байланысты функциялар. Осы тұрғыдан қарастырылатын функциялар басқарушылық қызметтің қаржыны, өндірісті, кадрларды, жабдықтау мен өткізуді басқару  сияқты ерекше түріне жатады. Нысаны бойынша  басқарушылық функция бола тұра кәсіпкерлік  функция ретінде олардың өзіндік  ерекше маңызы болады.

Қаржыны басқару бір қарағанда  қаржы мен инвестиция нарығында  ақша тарту мен оны пайдалану  мәселесімен ғана айналысатын сияқты, алайда осы функцияның кәсіпкерлік  маңызы анағұрлым терең және оның міндеті барынша аз тәуекелге  бас тігіп барынша жоғары қайтарымды қамтамасыз етумен байланысты. Кәсіпкер осы міндетті шешу үшін, бір жағынан, жұмылдырылатын ақшалай қаражаттың бағасын барынша төмендетіп, екінші жағынан, инвестицияланған қаражатты  тиімді пайдаланып, одан мол қайтарым алуға тиіс. Демек, осы функцияның негізгі маңызы кәсіпорын активтерінің құны мен оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету екен.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету  функциясына запас шамалы болса  да онымен үздіксіз жабдықтау, яғни өндірісті  қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жатады. Осы мәселенің шешімі істі ұйымдастыру жағы емес, нарықтағы жағдаяттың келешекте қалыптасуының белгісіздігімен байланысты. Сондықтан кәсіпкер трансакциялық шығындарды барынша қысқарту, яғни өндірістік ресурстармен қамтамасыз етудің нарықтық және нарықтық емес нысанын оңтайлы үйлестіре білуі тиіс.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңдері

Кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда құқығының пайда болуына байланысты тарихи қалыптасты. Бастапқыда сауда құқығы Батыс Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттықтың дамуында делдалдық қызмет атқарған Италияда пайда болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда консулдық соттар шешімдеріне негізделген қарапайым құқық болып табылатын итальяндық сауда құқығы қалыптасты. Сауда құқығының ары қарай дамуы Италияның сауда-саттық үстемдігін Франция, кейіннен Испания, Англия, Голландия сияқты елдер алмастырған ХV-XVIII ғасырларға жатады. 1673 ж. Францияда Сауда кодексі, ал 1681 ж. тарихқа Кольбер ордонанстары ретінде енген Теңіз кодексі қабылданады.

1811 ж. Австрияда Жалпы  азаматтық кодекс, ал 1897 ж. Сауда  кодексі қабылданады. Германияда, сол сияқты Францияда да, сауда-саттық  заңдарын бір жүйеге түсіру (унификация) азаматтық кодексті жүйелеуден  бұрын іске асырылды.

Сөйтіп, жеке құқық дуализмі тек континенталдық құқық елдеріне ғана тән. Сонымен қатар дуалистік  тұжырымдама немесе жеке құқық дуализмі Азаматтық және Сауда кодекстері бір мезгілде жұмыс істейтін елдерге, ал жеке құқықтың монистік жүйесі Азаматтық  кодекс және арнайы заң қызмет ететін континенталдық құқық елдеріне тән. Жеке құқық дуализмі, атап айтқанда, Германияда Сауда жинағының арнайы заңы ретіндегі Азаматтық жинақпен қатар өмір сүретінінен көрінеді. Бұл сауда құқығы нормаларының азаматтық  құқық жиынтығында бірге қаралуға тиіс екендігін білдіреді. Франция  мен Германияның тәжірибесін  ТМД елдерінің бірқатары, мысалы, 2003 ж. қаңтардың 16-сында Украинаның Шаруашылық кодексі және Украинаның Азаматтық кодексі бір мезгілде қабылданған және 2004 ж. қаңтардың 1-інен заңды күшіне енген Украина пайдалануда.

Ағылшын-американдық құқық  жүйесі елдерінде азаматтық кодекстер  жок, бірақ арнайы сауда заңы жұмыс  істейді. Сөйтіп, іс жүзінде АҚШ-тың  барлық штаттарында АҚШ-тың Біртектес  сауда кодексі негізінде әзірленген коммерциялық кодекстері қабылданды. Сол себепті жеке құқық дуализмі кең таралмады және шетелдік мемлекеттерде  жеке құқықтың монистік жүйесі қалыптасқан  деген қорытынды жасауға болады.

Ресей империясында, батыс-еуропалық  құқық жүйелерінен айырмашылығы, ешқашанда азаматтық құқықтың айрықша  бөлігі саналатын оқшау сауда  құқығы болған емес. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясында ақыр соңында аяқталмай қалған азаматтық құқықты бір жүйеге келтіру жұмысы басталған. Демек, революцияға дейінгі Ресейде біртұтас жеке құқық тұжырымдамасы қалыптасқан.

 «Екі секторлы құқық»  теориясы өз атауын экономикадағы  екі сектор құқытағы екі сектордың  (жеке сектор – азаматтық құқықтың  болуы, ал мемлекеттік сектор  – шаруашылық құқығының болуы)  өмір сүруіне ықпал етуі себепті  алған. Ол кезде экономиканың  мемлекеттік секторының дамуы  оның артықшылықтарға ие болуына  және жеке секторды біртіндеп  ығыстырып шығаруға жеткізеді  және тиісінше, мемлекеттік секторға  қызмет ететін шаруашылық құқығы  азаматтық-құқықтық қатынастардың  және азаматтық құқықтың жойылуына  әкеліп соқтырады.

Аталған теорияның кемшіліктерінің  қатарына экономиканың жеке секторының болуын, және, демек, азаматтық құқықтың уақытша құбылыс болып саналуын жатқызу қажет, бірақ даусыз артықшылық ретінде алғаш рет экономика  саласында қатынастарды арнайы құқытық  реттеу қажеттілігі және құқық жүйесінің  құрылымдық элементі іспетті шаруашылық құқығының дербестігі негізделгенін  атап өткен жөн.

ХХ ғасырдың 30 жылдарында кеңес мемлекетінің экономикадағы  көп салалылықты жеңуге бағытталған  өзгерген экономикалық саясаты жағдайында «екі секторлы құқық» теориясының орнын  біртұтас шаруашылық құқығы басты, ал оның өкілдері (Л.Я.Гинцбург, Е.Б.Пашуканис  және басқалары) социалистік шаруашылық қатынастардың арнайы құқытық реттеуді қажет ететінін, ол үшін Шаруашылық кодексін әзірлеу және қабылдау керек  екендігін айтты. Бір жүйеге салынған заңның болуы, өз кезегінде, шаруашылық құқығы дамуының биік дәрежесіне және оның құқықтың салалары ретіндегі дербестігіне дәлел болады.

ХХ ғасырдың 60 жылдарында И.В.Сталиннің жеке басқа табынушылығы әшкереленгеннен кейін, елде орын алған  түбегейлі өзгерістер енді шаруашылық құқығының үшінші мектебінің пайда  болуына ықпал етті.

Шаруашылық құқығының  үшінші мектебінің негізін қалаушылар (В.В.Лаптев, В.К.Мамутов), сонымен бірге  олардың алдындағылар да шаруашылық қатынастардың біртұтастығы туралы тезисті және оларды айрықша құқықтық реттеу қажеттілігін қорғап бақты, нәтижесінде  шаруашылық құқығының монистік тұжырымдамасы  әзірленді.

ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында шаруашылық құқығы теориясы өркендеу шегіне жетті, іс жүзінде барлық ғалым-заңгерлер  шаруашылық құқығының жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен ерекшеленетін  және оны құқытың дербес саласы ретінде  сипаттайтын қажетті белгілерге ие тұтас құқықтық білім болып  табылатынын растады.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап, ТМД-нің жекелеген елдерінде  саны көп жақтастары тағы бір рет  оның дербестігі мен біртұтастығын  негіздеуге тырысқан кәсіпкерлік құқықтың жаңа (бұл жолы – төртінші) мектебінің қалыптасу және даму үдерісі басталды. Қазақстанда кәсіпкерлік құқық саласында азаматтық-құқықтық ғылым аясыда арнайы зерттеулер жүргізіледі, ал кәсіпкерлік құқықтың жеке мектебі жоқ.

Кәсіпкерлік құқықтың қазіргі  заманғы тұжырыдамасы, дамыған социализм  жағдайында болғандай, бүтін және біртұтас болып табылмайды. Бұрынғы КСРО-ның  ыдырауы және тәуелсіз және егеменді мемлекеттердің құрылуы қоғамдық және экономикалық өмірде түбегейлі өзгерістер тууына жеткізді, сол себепті жабық  тұрпатты экономикадан нарықтық экономикаға  көшу және құқықтық мемлекет орнатуға бағытталған демократиялық түрлену  орын алды.

Кәсіпкерлік құқыққа қатысты  оның мәні және құқықтық табиғатын  түсіну үшін, негізгі уш көзқарасты бөліп айтуға болады:

Сонымен, бірінші көзқарасқа сәйкес, кәсіпкерлік құқық құқықтың дербес саласы болып табылады. В.С.Мартемьяновтің пікірі бойынша кәсіпкерлік құқық  саласына тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру үшін азаматтардың меншігін сату барысында пайда болған қатынастар көшті.

Кәсіпкерлік құқықты зерттеудегі  екінші бағыт кәсіпкерлік заңының  белгілі тұтастығын тануға негізделген. Осыған байланысты Ю.Г.Басин кәсіпкерлік  құқық азаматтық құқықтың қосымша  саласы, ал кәсіпкерлік заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді  дегенді айтады.

Үшінші бағыттың өкілдері (мысалы, Н.Ю.Круглова, П.Г.Лахно, С.П.Мороз) кәсіпкерлік құқық – бұл жеке-құқықтық және әр түрлі салаларға жататын  көпшілік-құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді  мақұлдайды.

Сөйтіп, кәсіпкерлік құқық  – құқықтың әр түрлі салалары нормаларын біріктіретін жан-жақты саласы. Құқықтың жан-жақты саласы, бәрінен бұрын, өзіне тән салалық әдісі жоқ, бірақ арнайы, дегенмен көрнекті заңдық режим орын алатын құқықтық реттеудің  біртұтас тақырыбы болып табылады.

Батыстық құқықтануда  құқық жүйесіндегі кәсіпкерлік  құқықтың алатын орны туралы мәселені шешудің екі негізгі бағыты қалыптасқан.

Бірінші бағытқа сәйкес, шаруашылық құқығы құқық саласы немесе заң саласы емес, себебі ол экономикалық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын әзірлейтін немесе қолданатын жаңа тәсіл болып  табылады.

Шаруашылық құқығының  екінші бағыты оны құқықтың дербес саласы деп танудан көрінеді. Сонымен  бірге бұл тұжырымның аясында  ғалымдардың пікірлері бөлінді  де, шаруашылық құқығын тар және кең мағыналарында түсінуді жақтайтындар пайда болды.

Тар түсінікті жақтаушылар  шаруашылық құқыққа қатынастарды экономиканың мемлекеттік реттелуі бойынша реттейтін  нормаларды енгізеді.

Шаруашылық құқығының  кең түсінігі жан-жақты, яғни кәсіпкерлік  құқытың көпшілік-құқытық және жеке-құқықтық табиғатын тануға саяды.

Сонымен, мынадай қорытынды  жасауға болады: шетелдік заң әдебиетінде  шаруашылық құқығын кең мағынасында  түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда  болатын қатынастарды реттейтін құқықтың әр түрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы, еңбек, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларын сыйғызады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең манызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік. Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріңце зерттелген. Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердіңқосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды. 
 Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікген шеттету процесі. Ол бір жактан, тікелей өндірушілердің тек ғана жұмыскерге —идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге кажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады. 
Бұл жағдай Еуропада 16 - 18 ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдын алғашкы корлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге өкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты. 
 Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып ғана күнін көретін адамдардың көбеюі — бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады. 
 Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады — бұнда лендлордтаршаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өріс алды. 
 Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары — сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік — екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды. 
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығьшың жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады. 
 Бүгінгі біздің елдің басындағы етпелі кезенді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен тендестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді. 
 Ішкіге алдымен жекешелеңдіру жатады. Ол мемлекеттік меніпікті келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:

Информация о работе Қазастандағы жеке кәсіпкерлік