Қазастандағы жеке кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Курсач.docx

— 92.42 Кб (Скачать файл)

Жапонияда 1963 жылдан бастап, тиісті заң  негізінде ШК мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Бұл – сапалы және тұрақты заңнама елдің экономикалық өміріне жағымды әсер ететіндігіне дәлел болып табылады. Аталған  заңның мақсаты – ШК өсуі мен  дамуына көмек көрсету, сонымен  қатар, ШК иелері мен қызметкерлерінің экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын  жоғарылату. Заңнамада – ШК қызметінің өндірістік және коммерциялық жағдайларын  жақсарту, жағымсыз экономика лық  және әлеуметтік факторларды түзету, ШК өміршеңдігін демеу мақсаттарға  жету құралы болып табылады.

Жапон үкіметі кәсіпкерлік сектордың  жаңарып тұруына және жаңа кәсіпорын  ашуға көп мүмкіндіктер береді. 2003 жылы жаңадан шағын кәсіпорындарды бастапқы жарнасыз – тек бір иенмен ашуға болатын заң шықты. 32 000 кәсіпорындар осындай жолмен құрылған. Сонымен  бірге, 2000 жылы шағын кәсіпорындарының банкротқа ұшырауын максималды түрде  ықшамдайтын заң қабылданған. Бұл  заң бойынша, егер несие берушілер  пайыздарын жоғарылатса немесе тағы басқадан қорғану үшін сотқа шағымдануға  рұқсат беріледі. Мемлекет кәсіпкерлерге  қаржылай көмек бермесе де, құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетеді.

Жапон үкіметі шағын кәсіпкерлікті  әрқашан қолдауға тырысады, себебі олар үшін ШК әлеуметтік қолдау элементі, сондықтан шағын кәсіпкерліктің тоқырауына жол бермейді.

Қытайдың 2006-2020 жылдарға арналған ұлттық экономикалық даму бағдарламасы негізгі  көңілді 11 маңызды секторларды дамытуға, оның ішінде телебайланыс және ІТ-саласына бөлген.

1.  АҚШ-ғы шағын кәсіпкерлікті негізгі мемлекеттік қолдау органы – «ШКӘ» («SBA») болып табылады. «ШКӘ» АҚШ-тың барлық ірі қалаларына қызмет көрсету бөлімшелері бар және ШК қызметі бойынша кең көлемді кеңес беру, оқыту, ақпараттандыру бөлімшелер желісі бар. Негізгі көмек – штаттар мен жалпы мемлекет деңгейінде және мемлекет органдары, екінші деңгейлі банктер, сауда палаталары, кәсіпкерлер одақтарының қатысуымен арнайы ақпараттық, қаржылық және ғылыми-техникалық қолдау  көрсетіледі.

2.  Еуропа елдерінде шағын кәсіпкерлік – халық шаруашылық саласының іргетасы болып табылады. ШК мемлекеттік қолдау келесідей жүзеге асырылады:

·  Алдыңғы қатарлы компаниялардың тәжірибесін таныстыра отырып, шағын кәсіпкерлікті жаңа ақпараттық технологияларды игеруге бағыттайды;

·  Жаңа кәсіпорындардың құрылуына жағымды жағдай жасау және дербес жұмысбасты тұлғалар үлесін жоғарылату;

·  Шағын кәсіпорындарды жаңа сауда және қызмет көрсету нарығына кіруін ынталандыру;

·  ШК қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби деңгейін жоғарылату, ҒЗТКЖ шеңберінде шағын кәсіпкерлікке көмек беру;

·  ШК экспорттық әлеуетін ынталандыру;

·  Әр түрлі қолдау бағдарламаларды мен жеңілдігі бар несиелерді өрістету және т.б.

3.  Азия елдерінің (Жапония және Қытай) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары: құрал-жабдықтарды жаңғырту; технологияларды жақсарту; басқаруды оңтайландыру; ШК құрылымдық қайта құру; әділетсіз бәсекені алдын алу және дұрыс мердігерлік жүйе құру; ішкі тұтыну сұранысын ынталандыру; кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету; қызметкерлер арасындағы қатынастарды сыйластыққа тарту және т.б.

Біздің көзқарасымыз бойынша, шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдаудың  дүниежүзілік тәжірибесінен Қазақстанда  қолдануға болатын ең қолайлылары:

·  Бизнес-инкубаторлар, инновациялық және ғылыми бақтар, технобақтар үлгісін құрудағы АҚШ, Жапония тәжірибесі

·  АҚШ және т.б. өнеркәсіптік дамыған елдердің икемді франчайзинг жүйесін қолдану;

·  Азия елдерінде кең қолданысқа ие экономикалық-ұйымдастырушылық тетігі ретіндегі субкелісім-шарт жүйесін қолдану және т.б.

Шағын және орта бизнеске аса назар  аударылатын елдер тізімі аталған  мемлекетгтермен шектелмейді. Алайда, біздің ойымызша, бұл елдердің шағын  және орта бизнесті дамыту тәжірибесі Қазақстан үшін маңызы үлкен.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 2. Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің  қызметіне анализ

2.1 Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің экономикалық ерекшеліктеріне анализ

Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың басымды  бағытының бірі - ол кәсіпкерліктің құрылуы және дамуы. Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту саласы үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын күшейтуде белсенді түрде керексіз әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстары жүргізілді.       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың 5-ші Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның негізгі тапсырмалары болып мыналар табылады: 

  • өнеркәсіптік кәсіпкерлікте салықтық әкімшілік жүйесін толық жетілдіру;
  • қаржылық-кредиттік жүйенің және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті инвестициялық қолдауды дамыту;
  • кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
  • оқыту, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті насихаттау;
  • кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жүйелендіру және толық жетілдір.        2004 жыл бойы Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді [9; 23-24].     Қазіргі кезде өнеркәсіптегі кәсіпкрелікті дамыту мақсатында келесідей институттар құрылып өз қызметтерін көрсетуде, олар келесідей болып келеді: «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ; «Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры» АҚ; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау мен отандық кәсіпкерлердің өз ынталары нәтижесінде келесідей одақтар құрылған: «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ; «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ; «Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ.   «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздың №775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын оырндау үшін құрылған.             Орталық Қазақстан экономикаысының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда «Виртуалды технопарк» концепциясы құрылған.     Оратлықтың екінші қызметі – бұл инжинириг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғарғы технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру. Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет – жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның халықаралық стандарттары және экологиялылығы.         «Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ – 2003 жылы мамырда ұлтытқ экономикады бәсекелестікті жоғарлату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.    Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты-анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.        «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру.     Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді.      Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады:
  • Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);
  • Даму және Қайта орнату Еуропалық Банкінің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);
  • Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);
  • Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.      Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызмететрді ұсынады: жобалық қаржыландару, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.      «Ұлттық инновациялық Қор» АҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық Қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30-мамырдағы №502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғары технологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолқабыс жасау.          Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:
  • ҚР аймағында еншілес қолрады құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;
  • инновациялық жоспарларды ж.үзеге асырушы компанияларды инвестициялау;
  • ұлттық инновациялывқ инфрақұрылымның элементтерін құруды инвестициялау.             Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясын үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу.   

 

 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі  жағдайы       

Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік  бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып  келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік  саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзінідік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикаыснда лайықты орын алуда.

Біз Қазақстанды  жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру туралы алдымызға өршіл мақста қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады, - деп атап көрсетті Президент [16; 7-8].     

Мемлекет  басшысы реформалар жүргізілген  жылдар ішінде өған барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерліікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикады мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі – қоғамдық пікір де оған ақрсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді қамтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғырударды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық қатынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі қадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайыз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензиялатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы,  “2010-стратегиялық жоспарды” және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.     

Ол  мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар  жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банк, Инновациялық қор, экспортты сақтандыру, жөніндегі  корпорация. Инжинниринг және тхнологиялар трансферті орталығы осы жылоды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызады. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден астатын 90-ға тарта жоба қаржыландырылуда [6; 13-15].     

 
  2.2 Жеке кәсіпкерліктің дамуына көмектесуші факторларға анализ 
 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Мемлекетке  елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді шешуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет.   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  2012 жылғы жолдауында кәсіпкерлікті –ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап берді. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:

Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға  ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.

Жергілікті  бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң  реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.

Бизнеске  жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік  шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда  қатаң жауапкершілік жүйесін  енгізуді қарастыру.

·  Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.  Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және “локомотив” рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар туғызуды көздеуі тиіс. Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар – өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы – өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты – өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.

Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің  қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

-  Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына жергілікті және республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың есебінен, заңдарда белгіленген тәртіппен несие беруі;

-  Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған 

 кәсіпкерлердің  міндеттемелерін орындауын қамтамасыз  ету үшін,  аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен екінші деңгейдегі  банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;

-  Тиісті жылдарға арналған  республикалық бюджетте аталған мақсатқа қаражат көзделген жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса, бюджеттен қаржыландыру;

-  Қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру тетіктерін әзірлеу.

Қазіргі кезде  Республикада жаңа ашылған кәсіпорындарды несиелеудің құралдары мен обьектілері  әлі де дамымай келеді. Бұл лизингтің, кейстық несие, франчайзинг, факторинг  және басқалары. Шағын бизнес әлі  күнге шейін банктердің қызығушылық  сферасынан тыс қалуда. Осыған байланысты оларды лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзинг пен факторингті  дамыту және қолдаудың басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор.

Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық  қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын  кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы  несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді.

Информация о работе Қазастандағы жеке кәсіпкерлік