Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 21:44, курсовая работа
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.
Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
. Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
. Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25
2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………….….………….….……….….........................38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72
Логистиканың интегралды концепциясын қалыптастыруда және бекітуде анықтаушы орынды ақпараттық байланыс жүйелері арқылы (мысалы, спутниктік телекоммуникациялық жүйелер) белгілі бір уақыт масштабында алыстағы материалды ағымдарды әр уақытта бақылап отыру мүмкіндігін алады. Сонымен бірге, ақпараттық технологиялардың революциясы, тек материалды емес, сонымен қатар жүретін ақпараттық ағымдарды басқару қажеттілігі туралы түсінікті күшейтті.
Әлемдік экономиканы интеграциялау және бизнесті ғаламдастыру халықаралық логистикалық жүйелердің құрылуына әсер етті.
Ірі батыс фирмалары ғаламдық стратегияларды дамытуға, яғни әлемдік рынок үшін және арзан шикізат, бөлшектер, еңбек ресурстарын табуға болатын жерлерде өнім өндіруге тырысты. ЕО елдерінде және АҚШ-пен Канада арасында болғандай дәстүрлі ұлттық, сауда, кеден және басқа да кедергілердің жойылуы шекаралар арқылы тауарлардың, қызметтердің және адамдардың еркін өтуіне әсер етті және халықаралық логистикалық үйлесудің мәнін күшейтті. Халықаралық аренада логистикалық белсенділік кешенді болды, ал өндірісті және дистрибьюция орталықтарын орналастыру, көлік түрін таңдау, қызмет түрін, қорларды басқару әдістерін таңдау, байланыс және ақпарат жүйелерін жобалау сияқты мәселелер логистикалық менеджменттің жаңа дағдыларын талап етті[5].
90-шы
жылдардың басында логистика
алдыңғы қатарлы орын алатын
халықаралық бағдарламалар мен
жобалар белсенді түрде
80-ші
жылдардағы онжылдық оның
Сонымен, “логистикалық ренессанс” кезеңінде көптеген іскер ұйымдары үшін логистика бәсекелестік күрестегі маңызды стратегиялық құралдардың бірі болды және алдыңғы қатарлы интегралды логистиканың концепцияларын қолданған фирмалар рыноктағы өз позицияларын бекітті. Қазіргі сатыда болашақ логистикалық концепцияның эволюциясына әсер еткен батыс рынок экономикасындағы негізгі тенденцияларға мыналар жатады:
Логистикалық зерттеулердегі басты назар бәсекелестік күрестегі артықшылықты құруға ауысты. Бәсекелестік күшейген жағдайда рынокта өз бәсекелестерін табысты жеңу үшін фирма икемді және қозғалмалы болуы тиіс, яғни бәсекелестіктің маңызды факторы уақыт болып табылады. Бұдан басқа, іскерліктің сыртқы ортасы кешенді және анықталмаған болып келеді, бұл қалыптасушы логистикалық жүйелердің жоғары деңгейлі бейімделуін және тұрақтануын талап етеді.
Логистика
ғылым ретінде және азаматтық
саладағы бизнес құралы ретінде ең
алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың басында
қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы
дамыған капиталистік елдердегі нарықтық
қатынастардың тарихымен, эволюциясымен
тығыз байланысты, іскерліктегі “логистика”
терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында
ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла
бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы
Батыста мамандар, ғалымдар, іскерлер
арасында қарастырылып отырған түсініктің
атауы және мазмұны бойынша талқылаулар
әлі күнге дейін аяқталмаған. Логистика
бойынша батыс әдебиеттерін сараптай
отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:
көптеген авторлар бірдей логистикалық
қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді
қолданады. “Логистика” терминінің ең
көп кездесетін синонимдерінің тізімі
1 кестеде келтірілген [6].
Кесте 1. Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын “логистика”терминінің синонимдері
Термин атауы (ағылшын тілінде) | Атаудың аудармасы |
Physіcal dіstrіbutіon | Физикалық бөліну |
Marketіng logіstіcs | Маркетинг логистикасы |
Materіals management | Материалды менеджмент |
Logіstіcs engіneerіng | Логистикалық инжинеринг |
Іndustrіal logіstіcs | Өнеркәсіптік логистика |
Busіness logіstіcs | Бизнес логистика (коммерциялық логистика) |
Logіstіcal management | Логистикалық менеджмент |
Іntegrated logіstіcs management | Біріккен логистикадағы менеджмент |
1 кестенің жалғасы
Термин атауы (ағылшын тілінде) | Атаудың аудармасы |
Supply management | Жабдықтау менеджменті |
Logіstіcs pіpelіne management | Логистикалық арна менеджменті |
Dіstrіbutіon management | Бөлу менеджменті |
Supply chaіn management | Логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі) |
Tіme-based management | Уақытқа негізделген менеджмент |
Іntegrated dіstrіbutіon | Біріккен дистрибьюция |
Supply chaіn logіstіcs | Жабдықтау тізбегінің логистикасы |
Servіce response logіstіcs | Қызметке жауапты логистика |
Іntegrated supply chaіn management | Біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент |
Біздің ойымызша, түрлі терминнің қолданылуы зерттеушінің талғамына байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны “физикалық бөлу” терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және “дистрибьюция” терминінің синонимі болып табылады [4].Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминологиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақты-ланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қазіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму перспективасын бағалау қызық.
Отандық және шетел экономикалық әдебиеттерінде логистика түсінігінің көптеген анықтамаларын кездестіруге болады, онда басқару объектісі материалдық ағымдармен шектелмейді. Сондай-ақ “банктік логистика”, “ақпараттық логистика” сияқты бірқатар басқа терминдер пайда болды [2].
Логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағымдарды басқарудың теориясы мен практикасы ретінде қарастырады.
Материалды ағымдарды басқару, басқа кез келген объектілерді басқару сияқты, екі бөлімнен тұрады:
Материалды
ағымдарды басқару бойынша
Ғылым ретінде логистика мынадай міндеттер атқарады:
Ғылыммен алынған білім материалды ағымдарды басқару саласында дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдерді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер қажет. Сондықтан да анықтамалардың басқа тобы логистиканы шаруашылық қызмет ретінде қарастырады: логистика - өндіріс және айналыс сфераларындағы материалды ағымдарды басқару болып табылатын шаруашылық қызметтің бағыты [4].
Логистиканың негізгі объектісі – ішкі материалды ағымдардың схемасын, шикізаттың алғашқы көздерінен бастап соңғы тұтынушыға дейін, қарастырып өтейік (2-сурет). Бұл схемадағы материалдар қозғалысының бүкіл жолын екі үлкен учаскіге бөлуге болады:
2
сурет. Материалды және
Тізбек бойынша қозғалуына байланысты саналық құрамы өзгеріп отырады. Ең алдымен, шикізат көзі мен алғашқы өңдеуші кәсіпорын арасында, сондай-ақ түрлі өндірістер арасында жаппай біртекті жүктер қозғалады. Тізбектің соңында материалды ағымдар тұтынуға дайын әр түрлі тауарлар ретінде көрінеді. Кейбір өндіріс орындары ішінде материалды ағымдар бар. Мұнда цехтар арасында немесе цехтардың ішінде түрлі бөлшектер, жартылай фабрикаттар, дайындамалар орын ауысып отырады.
Логистикалық процесс кезінде материалдық ағым кәсіпорынға дейін жеткізіліп, қойма және өндірістік учаскілер тізбегі арқылы оның тиімді жылжуы ұйымдастырылады, содан соң дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысына сәйкес жеткізіледі.
Түрлі сапалы материалды ағымдарды басқару бойынша аталған қызмет түрлері логистиканың мазмұнын құрайды, оны логистикалық терминологиялық сөздік былайша анықтайды: логистика (logіstіcs) – шикізат пен материалдарды өндірістік кәсіпорынға дейін жеткізу үрдісінде, тұтынушының талаптарына сәйкес дайын өнімдерді тұтынушыға дейін жеткізу үрдісінде жүргізілетін материалды және материалдық емес операцияларды, тасымалдауды, қоймалауды басқару, жоспарлау және бақылау туралы ғылым.
Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы ғылым ретінде пайымдайды. Шаруашылық қызмет ретінде логистика келесі анықтамада ұсынылған: логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі.Логистика түсінігін осылай пайымдау көбінесе шетел әдебиетінде кездеседі [3].
Материалды
ағымдарды басқарудың негізгі объектісі
ретінде бөліп қарастыру
Жоғарыда
логистиканың пайда болу тарихын
зерттеп, оның ғылым ретінде қалыптасу
эволюциясын, логистиканың мән-мағынасын
жан-жақты қарастырып кеткен болатынмыз.
Логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген
кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді
жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі
шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің
және дайын өнімдердің қозғалысын және
сақталуын басқару үрдісі. Логистикалық
әдістерді қолдана отырып қандай экономикалық,
әлеуметтік, саяси және тағы басқа артықшылықтарға
жетуге болатындығын төменде қарастырып
өтеміз.
Информация о работе Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары