Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12
Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29
2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34
Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43
3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57
3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау.....................................................................................50-57
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64
Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi.
- авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
-
авторлық құқығын, оның
- жасырын
немесе бүркеншiк атпен
- тең
авторлар жасаған туындыға
- автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
- егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.
- жоғарыда
аталған мерзiм сол мерзiмнiң
басталуы үшiн негiз болып
- Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға қорғау берiлген кезде, авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның 5-бабының 4-тармағына сай авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiн туындының шыққан елiнде белгiленген мерзiмнен асыруға болмайды [27; 28 -бап].
- жоғарыда аталған
мерзiмдер мерзiмнiң өтуiнiң
Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы
Туындыға авторлық құқықтың
Авторлық құқықтың ауысуы
Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi. Авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады.
Автордың авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның 15-бабында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтары мұрагерлiк бойынша ауыспайды. Автордың мұрагерлерi мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға құқылы. Мұрагерлердiң аталған заңды құқықтарының мерзiмi шектелмейдi.
Өсиет
орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша
автор өзiнiң мүлiктiк емес жеке құқықтарын
қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы.
Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр бойы атқарады.
Автордың мұндай нұсқауы болмаған жағдайда
автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк
емес жеке құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi,
егер мұрагерлерi болмаса немесе олардың
авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан
Республикасының мұндай қорғауды жүзеге
асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады
[28;].
Мемлекеттің маңызды міндеті болып оның аумағында пайда болатын және қолданылатын авторлық және сабақтас құқықтардың объектілерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету табылады.
Көптеген мәселелер заңнаманы қолдануға байланысты туындайды, оған енжар және қарама-қайшылыққа толы сот тәжірибесі дәлел бола алады. Туындайтын даулардың тез, объективті, әділ және заңды сот шешіміне қол жеткізу, судьяларды және заң қызметтерін мамандандыру арқылы қол жеткізуге болар еді. Сондай-ақ құқық иеленуші тұлғалардың соттарда өздерінің құқықтарын қорғауға кеткен уақытқа өтемақы алу, олардың өкілдерінің еңбекақысын төлеу мәселелерін шешу қажет. Мұндай көзқарас авторлық құқықтарды жай ғана ресми жариялау емес, оларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз етудің нәтижелі жұмысына қол жеткізуге мүмкіндік береді [29; 336-342 б.б.].
Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясында авторлық құқықтың негізгі санаттары мен қолданыс мерзімі белгіленді.
Конвенция
авторлық құқық саласындағы қатысушы
Конвенцияға сәйкес, қорғау мерзімі автордың өмір ұзақтығын және оның өлімінен кейінгі 50 жылды қамтиды. Кинематографиялық жұмыстар мен қолөнер туындылары үшін ең төменгі қорғау мерзімі шығарма дүниеге келгеннен кейінгі 25 жылға созылды [30; 38]
Авторлық құқықтарды мұндай басқарудың мәселесі мынада: әрбір ұйым тиісті төлемдерді барлық құқық иеленушілерге беруге және пайдаланушылардан талап етуге болады деп санайды. Бұл үшін заңды кедергілер жоқ, сондықтан үйлестіруші рольден мемлекеттің бас тартуы, бір жағынан, бұл салада алаяқтықтың өсуіне, ал екінші жағынан, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қалыпты жұмыс істей алмауына алып келеді. Мемлекет мұндай ұйымдарға қатысты нақты бір үйлестіруші функцияны орындауға тиісті. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына, «авторлық сыйақыны жинау бойынша қызметті» лицензиялауды көздей отырып, өзгерістер енгізу дұрыс болар еді [31; 162 б.].
Авторлық құқық туралы заңнама кешенді сипатқа ие. Берілген салада туындайтын қоғамдық қарым - қатынастардың күрделілігі, түрлі жоспарлылығы, оларды құқықтық реттеу кезінде қазақстандық құқықтың түрлі салаларына тән әрқилы әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау басым түрде жеке құқық жүйесі бойынша құрылады, яғни құқық иеленушілердің көзқарасы бойынша шешіледі. Мұнда жеке құқықтың негізгі қағидасы әрекет етеді-шығындарды толықтай өтеу. Алайда авторлық құқықты жеке салаға сөзсіз жатқызу және «жеке құқықты қолдану - бұл соттардың және судьялардың ісі», «мемлекет бұл сұрақтарға араласпауға тиіс» деген қорытынды шығару қате болар еді. Кейбір жағдайларда жеке құқықтық әдіс-тәсілдерді алмастырмайтын, бірақ оларды толықтыратын жариялы-құқықтық әдіс-тәсілдерді қолдану қажетті болып табылады[32; 33 б].
Интеллектуалдық қызметтің шығармашылық жетістіктерін және басқа да нәтижелерін таратудың жаңа әдіс-тәсілдерінің пайда болуы, авторлық және сабақтас құқықтар жүйесінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлінің нығаюы, интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекеттік органды қайта құру қажеттілігі туралы сұрақты өзекті етеді.
XX-ғасырдың ортасынан интеллектуалдық қызметті қаржыландырудың жаңа қайнар көздерін игеру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешудің бір нұсқасы ретінде, «ақылы қоғамдық игілік» институтын енгізу туралы, мемлекеттің ұйымдастырушылық мүмкіндігін пайдалану туралы ұсыныстар жасалуда. Жоғарыда аталаған институт, әдетте шығармашылық қызметтің қаржыландырылуын және оны қолдауды қамтамасыз ететін қорлар мен басқа да құрылымдарды құрумен және олардың қызметімен байланысты [33; 241-257 б.б.].
Бұл институттың құқықтық мәні туралы сұрақта екі түрлі көзқарас бәсекелеседі: олардың біреуіне сәйкес, ақылы қоғамдық игілік - бұл авторлық құқықтың жалғасы, екіншісіне сәйкес, фискальды сипаттағы құрал, мәдениетті дамыту мақсатында алынатын алым немесе өзіндік тектес салық, немесе оны кейбір жағдайларда «мәдени рента» деп атайды.Мұндай трактовкада ақылы қоғамдық игілік, осы институтпен қамтамасыз етілетін алым арқасында тиісті қызметті қаржыландыру үшін пайдаланылатын құралдардың бірі болып табылады. Алғашқы екеуінің жиынтығын көздейтін үшінші көзқарас та бар.
Ақылы қоғамдық игілік институтын көздеген бірқатар елдерде, оның құрамындағы туындыларды еркін пайдалану жүйесі әрекет етуде, пайдаланушы міндетті түрде тек тиісті ақшалай аударымдарды, салық немесе алымдарды төлеуі қажет. Мұндай тәртіп мысалы Аргентина немесе Италия заңдарымен бекітілген. Екінші шектеулі көзқарас, ақылы қоғамдық игілік аясындағы туындыларды коммерциялық пайдалану үшін, пайдаланушы мемлекеттік органның келісімін алуға тиіс. Мұндай жүйенің әрекетінің ұзақтығы не нақты бір мерзіммен шектеулі (Франция) не ең кең мағынада шектелмеген (Аргентина). Аударымдарды төлеу барлық түрдегі туындыларды пайдаланған үшін көзделуі мүмкін. Мұндай көзқарас Мексикада, Аргентинада тәжірбиеде қолданылады. Ол «адамзаттың барлық мәдени игілігін» қамтиды. Екінші нұсқа болып, туындылардың тек жеке бір категорияларын пайдаланған үшін аударымдар төлеу табылады (Франция, Португалия). Аударымдарды жинау жауапкершілігі құрылған қорларды басқару және жиналған қаржыны тағайындау не мемлекеттік органға, не авторлар мен орындаушылардың мүддесін білдіретін ұйымдарға жүктеледі.
Ақылы қоғамдық игілік институты ақырындап әлемнің көптеген дамыған елдерінің заңнамаларында бекітіледі. Мұның өзі, қоғамдық игілікке айналған авторлық және сабақтас құқықтардың объектілерін пайдаланумен байланысты мемлекетте міндеттердің туындауы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 29-бабына сәйкес, туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың қоғамдық игiлiкке айналғандығын бiлдiредi.
Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды кез-келген адам авторлық сыйақы төлемей еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiнiң құқығы мен оның беделiн қорғау құқығы сақталуға тиiс.
Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды пайдаланушылар авторлардың шығармашылық қызметiне ықпал ету, олардың материалдық - тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың кәсiби қорына немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерікті.
«Қоғамдық игілік» категориясы сонымен қатар Ресей заңнамасында да бекітілген. Ресей Федерациясының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 28-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Ресей Федерациясының Үкіметі, қоғамдық игілікке айналған туындыларды елдің аумағында пайдаланған үшін арнайы аударымдарды төлеу жағдайлары бекітілуі мүмкін. Алайда шын мәнінде «қоғамдық игілік» Ресейде пайдаланушылардың секілді, оның құрылуына ешбір қатысы жоқ тұлғалардың игілігі болып табылады. Әсіресе мұндай жағдай телеарна және радиоақпараттар аясында орын алады. Телерадиоақпараттық ұйымдар қоғамдық игілікке көшкен және көшпеген туындылардың барлық жиынтығын пайдалану арқасында пайда алады. Авторларға және басқа да құқық иеленушілерге сыйақы, алынған пайдадан пайыз түрінде анықталады. Нәтижесінде, құқық иеленушілерге қорғалатын туындыны пайдаланудан түскен пайдадан белгілі бір пайызы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық игілік болып табылатын туындыларды пайдаланудан түскен пайдадан белгілі бір пайызы төленеді. Мемлекет экономикалық жағдайларға байлансыты жеткілікті түрде мәдениет деп аталатын қоғамдық өмірдің саласын қаржыландыра алмайды. Сонымен бірге қоғамдық игілікке айналған туындыларды бекіту секілді, мәдениетті қаржыландыру көзі қолданылмайды.
Құқық иеленушілерге - жеке тұлғаларға төленетін сыйақының мөлшерімен салыстырғанда, бұл аударымдардың мөлшерін азайту үшін объективті себептер жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша мұндай аударымдар түскен пайданың бір пайызынан аспауға тиіс. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кез-келген объектілерін, олардың «қоғамдық игілік» категориясына жататынына немесе жатпайтынына қарамастан, пайдаланған үшін бірдей минималды ставканы бекітіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер еңгізу дұрыс болар еді (айырмашылықтар құқық иеленушілердің категорияларымен емес, туындыларды пайдалану түрлерімен байланысты болуға тиіс). Қалай болса да, қоғамдық игілікке ауысқан туындылар үшін авторлық сыйақыны жинау бойынша жұмысты ұйымдастырып, мәселені шешу қажет. Аударымдарды бұрыннан бері бар құрылымдар-авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды ұйымдар арқылы жинау дұрыс болар еді. Сонымен қатар, заңда келесідей презумпция орнату қажет: мемлекет аударымдарды жинауды жүктеген, тек қана мүліктік құқықтарды басқаратын ұйым, мемлекеттің мүддесі секілді айрықша категориялардың барлық құқық иеленушілерінің (басқа ұйымдарға өздерінің құқықтарын басқаруды тапсырғандардан басқа) мүддесін білдіру тиіс. Басқа ұйымдар, тікелей оларға өздерінің құқықтарын басқаруды тапсырған құқық иеленушілердің мүддесін ғана білдіре алады. Бұл монополизмді еңгізбей және авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын шектемей, заңнамадағы айқын кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.