Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12
Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29
2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34
Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43
3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57
3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау.....................................................................................50-57
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64
Туынды шығармалардың авторы. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi.
Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады[26; 45 б.].
Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды.
Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):
Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс - бейнежазу туындысының құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып саналады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар (сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс процесiнде туған (қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар авторларының әрқайсысы өз туындысына авторлық құқықты пайдаланады.
Қызметтiк туындыларының авторлық құқық субъектілері. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке құқығын қызметтiк туынды авторы иеленедi.
Егер жұмыс берушi мен автор арасындағы шартта көзделсе және өзгеше көзделмесе, қызметтiк туындыны пайдалануға мүлiктiк құқықты жұмыс берушi иелендi.
Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
Туынды табыс етiлген кезден бастап он жыл өткеннен кейiн, ал жұмыс берушi келiскен жағдайда - одан да ертерек, жұмыс берушiмен жасасқан шартқа қарамастан, оның туындыны пайдалануға және авторлық сыйақыны алуға толық көлемде авторлық құқығы болады.
Қызмет
бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс
берушiнiң қызметтiк
Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары.
Автор өз ғылым,әдебиет және өнер шығармашылығын туындау нәтижесінде жеке мүліктік емес сияқты мүліктік сипаттағы субъективті авторлық құқықтарға ие болады.
Бұл
құқықтар ерекше аттарға ие. Авторлық
құқықтың ерекшелік теориясы ертеде
орыс төңкерілісіне дейінгі
Авторлық құқықтың ерекшелік сипаты - авторлық құқыққа ие болушының тек өзі ғана (яғни автор немесе оның құқыққолданушысы) авторлық құқықты жүзеге асырады және туындыны пайдалану туралы сұрақтарды өзі шешетіндігінде. Әрине сонымен қатар жеке авторлық құқық болушылар, мысалы, авторлық құқық және авторлық атқа құқық. Авторлық тұлғалықтан ажырағысыз,заң субъективті авторлық құқықтың іс әрекет кеңістігінен белгілі бір алып қоюларды бекітеді. Шығармашылыұ туындыларды пайдалану мүмкіндігі тек қана жасаушыларға емес басқа да тұлғаларға тәуелді болады. Дегенмен де, туындыны пайдаланумен байланысты негізгі құқықболушылар құқыққа ие болушының келісімінсіз үшінші тұлғаға жүктелген тыйымдар авторлық құқыққа ие болушының өзі қамтамасыз етеді.
Тек автор ғана заңмен көзделген жағдайларда және оның құқыққолданушылары туындыға билік ете алады.
Авторлар мүдделерінің бүкіл қоғам мүдделерімен байланысты болуы авторлық құқық қағидаларының бірі болып табылады. Бұл қағиданың пайда болуының негізі авторлық туындыларды еркін пайдаланудың заңда бекітілуінен көрініс табады. Бұл барлық әлем мемлекеттерінің заңдарында белгілі және авторлық құқық бойынша халықаралық конвенциялармен тікелей рұқсат етіледі.
Кеңестік
авторлық заңда көптеген жылдар бойы
авторлық құқық – творчестволық
туындыларды жасаушылардың
Ең кең таралған және автрлық құқықтың ең даулы классификациясы болып оның жеке мүліктік емес және мүліктік болып бөлінуі табылады. Көптеген авторлардың айтуынша, авторлық құқықтар бір-бірімен байланысты болғаны соншалық,оларды мүліктік және мүліктік емес сипатта екенін ажырату қиын. Мысалы олардың пікірінше ,туындыны жариялауға құқықты қай топқа жатқызу керектігі түсініксіз,себебі, бәрі бірге жеке сияқты мүліктік сәттерге байланысты. Сол себептен мамандар авторлық құқықты мүліктік және мүліктік емес деп бөлу қажеттігін теріске шығарады, басқалары бұл бөлудің шарттылығын көрсетеді, ал үшіншілері берілген жіктеудің қатыстылығына назар аударады.
Әйтсе де, заң авторлық құқықтарды жеке мүліктік емес және мүліктік деп бөлінуін мойындайды да, қай құқықтар жеке мүліктік емес қайсысы мүліктік сипатта екендігін көрсетеді. Бұл жіктеудің маңыздылығы – жеке мүліктік емес құқықтар тек туындыны жасаушыға қатысты болады,олар басқа тұлғаларға берілмейді,және мерзімсіз қорғалады. Ал мүліктік құқықтар еркін басқа тұлғаларға беріледі және жедел сипатта болады.
Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1)
туынды авторы ретiнде танылу
және оны пайдалану кезiнде
осы туындыға басқа адамдардың
авторлығын тануды
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы). Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4)
белгiсiз тұлғалар тобының
Автордың мүліктік құқықтары.
1.
Авторлық құқық. Шығарманың
Маңызды субъективтік құқықтағы авторлық құқықтың ерекшеленуі шығармашылық еңбектің және қоғамдық мойындаулардың нәтижелерін және осы нәтижелердің байланысуы авторлардың шығармашылығымен индивидуализациялау қажеттілігімен шартталған.
Авторлық құқық келесі белгілермен сипатталады:
а) ол авторлық тұлғалықтан ажырағысыз, тек туындыны жасауға жатады,айырылмайтын, одан бас тартуға болмайды. Бұл құқық туындыны жасаудың өз фактісімен туындайды және бұл туынды жарияланған ба әлде жоқ па,қызметтік тапсырманы орындау тәртібі бойынша жасалған ба әлде еркін түрде ма,туындыны біреудің біреудің пайдалануында ма,әлде жоқ па деген сияқты жағдайларға тәуелсіз. Тұлғаға туындының авторы екендігін мойындату үшін қандай да бір нысаншылықты орындау немесе қандай да бір келісім қажет емес.
б) бұл абсолюттік құқық болып табылады. Себебі, барлық және әрқайсысының берілген құқық болушылардан бұзушылық жасамау міндеттерін хабарлайды.
в) ол автордың бүкіл өмірі бойы қызмет етеді және қайтыс болғанда тоқтатылады. Әрі қарай ол заңды факт ретінде жүзеге асырылады және онымен барлығы есептесу керек. Автор қайтыс болғаннан кейін ол авторлық туралы заңмен қорғалады, бірақ субъективтік құқық ретінде емес, мойындау және қорғауға мұқтаж болатын қоғамдық көзқарас ретінде мойындалады.
г) авторлық заң басқа да автор құқықтары үшін үлкен маңызға ие,себебі,қалған құқықтар осыдан туындайды.
2.
Авторлық атқа құқық. Берілген
құқыққа сәйкес автор туындыны
өз атынан,бүркеншік атпен
Авторлық атқа құқық автордың жеке мүліктік емес құқығы болып табылады. Автор оны ешкімге де бере алмайды. Авторлық құқық сияқты бұл құқық туындының пайда болу фактісінен туындайды, авторлық құқықтан ерекшелігі – ол туындыны жариялаған жағдайда жүзеше асырады. Туынды жарияланбағанға дейінгі қарастырылған құқық мүмкіндігінше жүзеге асырылады,себебі үшінші тұлғалар туындыға қол жеткізе алмайды және олар оның жасаушысының есімін біле алмайды.
Авторлық атқа құқық автордың бүкіл ғұмыры бойы сақталады және қайтыс болғаннан кейін мұрагерлерімен авторлық құқықтық ұйымдармен немесе қоғамдық көзқарас ретіндегі мемлекетпен қорғалады. Сонымен қатар автор әр жасау кезінде,ашық орындау, туындыны эфирге беру, дәйектеме келтірулер және туындыны өзге де пайдалану кезінде өз есімінің көрсетілуін талап етуге құқылы.
Авторлық
атқа құқық автор есімін туындыны
пайдаланушы тұлғалардың
3. Туындыны жариялауға және оған пікір беруге құқық. Берілген құқықтың жүзеге асырылуын авторға өз туындысына ашық жария болуға заңды қамтамасыз етілген мүмкіндік ретінде анықтауға жатады. Сонымен қатар автор бір уақытта екі сұрақты шешеді. Біріншісі, автор туындысын белгісіз тұлғаларға жеткізуге дайын екендігін өзі анықтайды. Екіншісі, автор жариялаудың уақыты, орны және тәсілі туралы сұрақтарды өзі шешеді. Мысалы, әдеби туындылардың авторы жариялау жолымен,ашық орындау, эфирге жіберу және тағы басқа жолдармен жария қылуы мүмкін.