Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

2) бақылау және қадағалау функциялары:

  • мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн;
  • авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн, селекциялық жетістiктердi, интегралдық микросхема топологияларын және өзгелерді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық келісімдердің орындалуын;
  • патент iсi саласында сараптама жасауды жүзеге асырушы мемлекеттiк ұйымдардың қызметін жүзеге асырады [39;].

   Қазіргі кезде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзудың ең көп таралған түрлері- құқық иеленуші тұлғалармен шарттық қатынастарды рәсімдеусіз тиісті объектілерді пайдалану, туындыны қолдану кезінде автордың аты-жөнін көрсетпеу.

    Ішкі  Істер Министрлігінің мәліметі бойынша, 1997 жылы интеллектуалдық меншіктің және шетел құқық иеленушілерінің құқықтарының бұзылуынан туындаған шығындар, АҚШ-ң  бір миллиард долларынан асып түскен. Ең алдымен сөз аудио  және видео өнімдерінің айналымы, компьютерлік бағдарламалар мен бдасылымды өнімдердің айналымы аясында авторлық және сабақтас құқықтардың  бұзылуы туралы болып отыр. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, мысалы бағдарламалық қамтамасыз ету 91%-ға «пираттық» болып отыр. Видеопираттық саладағы жасырын нарық 85 %-ды қамтиды. Баспа және кітап шығару саласындағы контрафактілік өнім 70 %-ды құрайды. Ережеге сай, бұл құқық иеленуші тұлғаның келісімінсіз аудару, кітаптарды заңсыз басып шығару немесе тираждарын үстеп басу арқасында жүзеге асады. Кабельді теледидар 90 %-ға ешбір төлемақысыз бағдарламаларды, фильмдерді пайдаланады.

    Авторлық  және салалық құқықтарды бұзумен  байланысты қылмыстарды тергеудің  бір типті құқық қолдану тәжірибесінің  болмауы көбінесе қылмыстық құқықтық нормалардың сәйкесінше жетілмеуі  деп түсіндіріледі.

    Авторлық және салалық құқықтарды қорғау жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың деректері бойынша мультимедиялық тауарлардың аудио-бейнетаспалар, компакт-дисктер және өзге де тауарлардың жалпы көлемі шамамен 50 млн. дананы құрайды. Егер олардың 70%-ға жуығы  “пираттық” десек, онда бұдан туындайтын залал отандық, сондай-ақ шетелдік құқық иеленушіліктермен жылына 2млрд. теңгені құрауы мүмкін. Ал мемлекет сәйкесінше тек қосылған құн салығы бойынша 2,8млрд. теңгеге  жуығын жоғалтады.

    Егерде  көрші еліміз Ресейді алсақ,сараптамалық бағалар бойынша заңсыз шығарылатын және сатылатын аудио және бейне тауарлардың айналымы-80%, компьютерлік бағдарламаларды тасушылар – сәйкесінше тауарлардың жалпы көлемінің 90%-ын құрайды. Контрафактының көлеңкелік айналымы 10млрд. рубльді құрайды, ал федерация жылына бюджеттің 550млн. долларын жоғалтады. Осы заңсыз қолданудан түскен кірістер авторлық немесе салалық құқықтардың индустриясына,ұйымдасқан қылмыстық топтар және қылмыстық қоғамдастықтардың жалғасуына және өзге де аса қауіпті қылмыстардың туындауына әкеп соғады. Авторлық құқықбұзушыларға қарсы күресудің әрекет етуші әдістерінің бірі - қылмыстық құқықтық құралдарды қолдану болып табылады. Бүгінгі күнде қылмыстық заңда азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын авторлық және салалық құқықтар кеңістігінде тек 184-бап қана емес, сонымен қатар ҚРҚК-нің 184-б. 1-тармағы да қамтиды. Статистикалық мәліметтерді талдау бойынша авторлық және салалық құқықтарға қол сұғушылық санының ұлғаю үрдісін көрсетеді.

    Мұндай  жағдай Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Заңды тәжірибеде қалыптасқан әдетке сәйкес құқықтарды қорғаудан (жалпы құқықтық режимнің бекітілуі) құқықтарды сақтауды (құқықтар бұзылғанда немесе бәсекелескен жағдайда қолданылатын шаралар) ажырата білу керек. Егер заң құқық берсе, онда оны сақтау әдіс-тәсілдерін де беру қажет. Соңғысы, қажетті жағдайларда құқықты мәжбүрлі түрде жүзеге асыру болып табылады. Заңнама авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдаланудан қорғаудың нәтижелі механизмдерін айтарлықтай жеткілікті түрде қамтиды, алайда олар тәжірибеде әрдайым жүзеге аса бермейді. Оның себептері тек экономикалық факторларда ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық факторларда да жасырынып жатыр.

    Қарастырылып  отырған салада бұзылған құқықтарды қорғау механизмі нәтижесіз болып келеді. Бұрын кеңес соттары көбінесе тек қана бір талап-арызды-авторлық сыйақыны өндіріп алу туралы талап арызды қарастыратын.

    Туындайтын  мәселелердің жаңалылығы, халықаралық  құқық нормаларының қолданылуы құқық  иеленуші тұлғалар үшін де, қолданушылар үшін де, судьялар үшін де қиындық туғызып отыр. Сонымен қатар құқықтық қорғанушылық көп жағдайларда дау қаншалықты дұрыс және тез шешілетіндігіне байланысты

    Құқықтық статистика комитетінің мәліметтері және Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының арнайы есебі бойынша соңғы он жылда (1998жылдан – 2008 жылға дейін) Қазақстан бойынша тіркелген қылмыстық  істердің көрсеткішіне назар аударайық.[40;] 

Диаграмма 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы есебі бойынша соңғы он жылда (1998жылдан – 2008 жылға дейін) авторлық құқық бойынша тіркелген қылмыстық  істердің көрсеткіштерінің динамикасы

       Елімізде тәуелсіздік жылдары  36 мыңнан астам алдын ала патент, патент және тауарлық белгілерге  куәліктер берілген. Республиканың туындыларға және пайдалы үлгілерге берілген мәліметтер саны бойынша белсенді өлкелер - Алматы (2005жылы 50%-ға жуық мәлімдеме), Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары болып табылады. Патенттеле алатын ғылыми зерттеулердің көп бөлігі мемлекет бюджеті арқылы орындалады (40-%-ға дейін). Көбіне белсенді ұсынылатын және енгізілетін салалардың ішінде мұнай-газ өнеркәсібін, дәрігерлік және ауылшаруашылық салаларын атап өтуге болады. Туындыға берілген қорғау құжаттарының 50%-ға жуығы осы салаларға беріледі.

     Техниканың  дамуымен, авторлық ұйымдардың қызметін үйлестіру қажеттілігімен, авторлық және сабақтас құқықтардың саласында  болатын  бұзушылықтардың санының  өсуімен және мұндай бұзушылықтарға қоғамның қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты мәселелер, мемлекет ішіндегі және халықаралық заңнаманың қарқынды дамуы, қоғамдық игілікке айналған туындыларды қолдану мәселелері, амалсыз мемлекеттің авторлық құқықты қолдану аясындағы ролін нығайтуға әкеп соқтырады. Ол енді авторлық және сабақтас құқықтарды тек қана қорғаумен, сақтаумен және реттеумен шектелмеуі тиіс. Ішкі заңнаманың нормаларын өндеу мен халықаралық шарт арқылы интеллектуалдық меншікті қорғау атты екі әдеттегі функцияларға тағы бірнеше жаңа функциялар қосылады.

      Олардың біреуі болып- авторлық және сабақтас құқықтарының иеленушілерінің мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдарға қатысты  үйлестіруші функция табылады. Көптеген елдерде авторлық ұйымдар  еңбекші  профсоюздарына қарағанда ерте құрылған. Мысалы, Ресейде 1974 жылы драматург А.Н. Островскийдің бастамасы бойынша «Орыс драмалық жазушылардың қоғамы» құрылды, ал 1875 жылы «Орыс драмалық жазушылар мен композиторлардың қоғамы» болып қайта құрылды. Ресей Федерациясының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы «мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жүйесі» атауын алған, авторлық және сабақтас құқықтарды жүзеге асырудың ерекше жүйесін құруды көздейді. Оның мәні мынада: сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүліктік құқықтарын, оларды жүзеге асыру жеке тәртіпте мүмкін болмаған немесе қиын жағдайларда қамтамасыз ету. Сонымен, компьютерлік желі жағдайларында қорғалатын объектілерді тарату және пайдалану сипатына, әдеттік авторлық құқылылыққа қарағанда, алынған пайдаға немесе пайдалану уақыты мен жиілігіне пропорционалды сыйақы төлеу анағұрлым сәйкес келеді.

      Мүліктік  құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың негізгі міндеті  болып, құқық иеленушілерге сыйақыны жинау, тағайындау және төлеу табылады. Қосымша міндеттер: пайдаланушыларға лицензия беру және олардың шарттарының сақталуына бақылау жүргізу, құқық бұзушылармен күресу, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени сипаттағы функцияларды жүзеге асыру. Сонымен, аталған ұйымдар туындыларды әртүрлі пайдаланған үшін тек сыйақыны жинау және тағайындау ғана емес, сонымен бірге құқық иеленушілердің мүддесін білдіруші өкілдікті, яғни өз тектес «лоббистік қызметі» және басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 44-бабына сәйкес, кез-келген автор, оның мұрагері немесе қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесі өздерінің мүліктік құқықтарын мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға беруге құқылы. Яғни құқық иеленушілердің өздері мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың шектеусіз санын құра алады. Құқық иеленушілердің әртүрлі категориялары және әртүрлі құқықтары бойынша ұйымдарды құруға немесе бір уақытта авторлық және сабақтас құқықтарды басқаратын ұйымдарды құруға жол беріледі. Олар сабақтас құқықтардың объектілерін және туындыларын пайдалануға лицензия бере алады. Құқық иеленушілерге сыйақы жинау, тағайындау және төлеу, аталған ұйымдардың арасындағы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Авторлық құқықтарды мұндай басқарудың мәселесі мынада: әрбір ұйым тиісті төлемдерді барлық құқық иеленушілерге беруге және пайдаланушылардан талап етуге болады деп санайды. Бұл үшін заңды кедергілер жоқ, сондықтан үйлестіруші рольден мемлекеттің бас тартуы, бір жағынан, бұл салада алаяқтықтың өсуіне, ал екінші жағынан, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қалыпты жұмыс істей алмауына алып келеді. Мемлекет мұндай ұйымдарға қатысты нақты бір үйлестіруші функцияны орындауға тиісті. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына, «авторлық сыйақыны жинау бойынша қызметті» лицензиялауды көздей отырып, өзгерістер енгізу дұрыс болар еді [41,162б.].

    ҚОРЫТЫНДЫ

 
 

      Сонымен, дипломдық жұмысымның тақырыбын  зерттей келе, келесідей қорытындыға  келдім: авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар  сала ретінде  шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қорғайды. Авторлық құқық материалдық зат ретінде  әдеби жазба мен  бейнені емес, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды.

     Көптеген мәселелер заңнаманы қолдануға байланысты туындайды, оған енжар және қарама-қайшылыққа толы сот тәжірибесі дәлел бола алады. Туындайтын даулардың тез, объективті, әділ және заңды сот шешіміне қол жеткізу, судьяларды және заң қызметтерін мамандандыру арқылы қол жеткізуге болар еді. Сондай-ақ құқық иеленуші тұлғалардың соттарда өздерінің құқықтарын қорғауға кеткен уақытқа өтемақы алу, олардың өкілдерінің еңбекақысын төлеу мәселелерін шешу қажет. Мұндай көзқарас авторлық құқықтарды жай ғана ресми жариялау емес, оларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз етудің нәтижелі жұмысына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

     Қазіргі кезде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзудың ең көп таралған түрлері болып, құқық иеленуші тұлғалармен  шарттық қатынастарды рәсімдеусіз  тиісті объектілерді пайдалану, туындыны қолдану кезінде автордың аты-жөнін көрсетпеу табылады. Ең алдымен сөз аудио- және видео өнімдерінің айналымы, компьютерлік бағдарламалар мен басылымды өнімдердің айналымы аясында авторлық және сабақтас құқықтардың  бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай жағдай Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Заңнама авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдаланудан қорғаудың нәтижелі механизмдерін айтарлықтай жеткілікті түрде қамтиды, алайда олар тәжірибеде әрдайым жүзеге аса бермейді. Оның себептері тек экономикалық факторларда ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық факторларда да жасырынып жатыр. Қарастырылып отырған салада бұзылған құқықтарды қорғау механизмі нәтижесіз болып келеді.

      Техниканың  дамуымен, авторлық ұйымдардың қызметін үйлестіру қажеттілігімен, авторлық және сабақтас құқықтардың саласында болатын  бұзушылықтардың санының өсуімен және мұндай бұзушылықтарға қоғамның қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты мәселелер, мемлекет ішіндегі және халықаралық заңнаманың қарқынды дамуы, қоғамдық игілікке айналған туындыларды қолдану мәселелері, амалсыз мемлекеттің авторлық құқықты қолдану аясындағы ролін нығайтуға әкеп соқтырады. Ол енді авторлық және сабақтас құқықтарды тек қана қорғаумен, сақтаумен және реттеумен шектелмеуі тиіс. Ішкі заңнаманың нормаларын өндеу мен халықаралық шарт арқылы интеллектуалдық меншікті қорғау атты екі әдеттегі функцияларға тағы бірнеше жаңа функциялар қосылады.

      Олардың біреуі болып - авторлық және сабақтас құқықтарының иеленушілерінің мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдарға қатысты үйлестіруші функция табылады. ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 44-бабы бойынша,   құқық иеленушілердің өздері мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың шектеусіз санын құра алады.

      Авторлық  құқықтарды мұндай басқарудың мәселесі мынада: әрбір ұйым тиісті төлемдерді барлық құқық иеленушілерге беруге және пайдаланушылардан талап етуге  болады деп санайды. Бұл үшін заңды  кедергілер жоқ, сондықтан үйлестіруші рольден мемлекеттің бас тартуы, бір жағынан, бұл салада алаяқтықтың өсуіне, ал екінші жағынан, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қалыпты жұмыс істей алмауына алып келеді. Мемлекет мұндай ұйымдарға қатысты нақты бір үйлестіруші функцияны орындауға тиісті. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына, «авторлық сыйақыны жинау бойынша қызметті» лицензиялауды көздей отырып, өзгерістер енгізу дұрыс болар еді.

      XX ғасырдың ортасынан интеллектуалдық  қызметті қаржыландырудың жаңа қайнар көздерін игеру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешудің бір нұсқасы ретінде, «ақылы қоғамдық игілік» институтын енгізу туралы, мемлекеттің ұйымдастырушылық мүмкіндігін пайдалану туралы ұсыныстар жасалуда. Ақылы қоғамдық игілік институтын көздеген бірқатар елдерде, оның құрамындағы туындыларды еркін пайдалану жүйесі әрекет етуде. Мұндай тәртіп мысалы Аргентина немесе Италия заңдарымен бекітілген. Екінші шектеулі көзқарас, ақылы қоғамдық игілік аясындағы туындыларды коммерциялық пайдалану үшін, пайдаланушы мемлекеттік органның келісімін алуға тиіс. Мұндай жүйенің әрекетінің ұзақтығы не нақты бір мерзіммен шектеулі (Франция) не ең кең мағынада шектелмеген (Аргентина). Аударымдарды төлеу барлық түрдегі туындыларды пайдаланған үшін көзделуі мүмкін. Мұндай көзқарас Мексикада, Аргентинада тәжірбиеде қолданылады. Ол «адамзаттың барлық мәдени игілігін» қамтиды. Екінші нұсқа болып, туындылардың тек жеке бір категорияларын пайдаланған үшін аударымдар төлеу табылады (Франция, Португалия). Аударымдарды жинау жауапкершілігі құрылған қорларды басқару және жиналған қаржыны тағайындау не мемлекеттік органға, не авторлар мен орындаушылардың мүддесін білдіретін ұйымдарға жүктеледі.

Информация о работе Авторлық құқық