Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

      Бір ғасырдан астам тарихы бар әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі тұңғыш конвенция 1986 жылы Бернде қабылданды. Аталмыш  Конвенция өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 1883 жылы қабылданған Париж Конвенциясымен бірге Дүниежүзілік  Санаткерлік Меншік Ұйымының келісім жүйесінің негізін құрайды. Одан кейінгі келісімдер осы екеуін қамтитын санаткерлік меншікті қорғауды кеңейте және тереңдете түсті, сондай-ақ, техникалық дамуға байланысты өзгерістерді ескеруге немесе түйінді мәселелерді тудыратын жаңа салаларды қармауға ықпал жасады.

      Берн  Конвенциясына қосылу Қазақстан  мен Еуропалық Одақтың арасындағы әріптестік пен  ынтымақтастықты  одан әрі тереңдетіп, АҚШ-пен Сауда келісімін орындауға жол ашады. Берн Конвенциясына қосылған барлық елдер авторларының құқықтырының тең қорғалуы – осы құжаттың басты шарты. Яки, әр тарап өз заңдарына сәйкес сол мемлекеттің азаматы болып табылатын авторлардың, сондай-ақ басқа ел авторларының да құқықтарын тең дәрежеде қорғауды жүзеге асыруға міндеттенеді.  Шығармашылық еркіндікке осылайша жол ашу Конвенцияға қосылған барлық елдерге тән сипат.

      Берн  Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы  қағидалары толық сақталған және ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті «Қазақстан Республикасының әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылуы туралы» заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды. Осы арқылы Қазақстан өзінің шығармашылық еркіндігін санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын берік ұстай отырып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алуға ұмтылысын дәлелдей түсті.

      Жыл өткен сайын фонограмманы заңсыз қайта өңдеу мен көшіріп көбейту  кең етек алып, ол авторлардың, артист - орындаушылардың және фонограмма өндірушілердің мүдделеріне үлкен залал келтіруде. Дыбыс жазу техникасы мен жабдықтардың жедел жетілуі іс жүзінде бұл саланы, әсіресе дыбыс, дыбыс - бейне өрісін жекелеген жылпостардың пайдасына айналдырып отыр. Сол себептен де бір қатар мемлекеттер халықаралық ұйымдардың көмегімен фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі Конвенцияға (Женева, 1971ж.) қосылуды мақсат тұтуда 2000 жылдың маусымында ҚР Президенті «ҚР-ның  Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі Женева Конвенциясына қосылу туралы» Заңға қол қойды.

      Әрине, келешекте де Қазақстан аса маңызды  авторлық құқық саласындағы Конвенциялар мен Шарттарды қолдауы және оған қосылуы сөзсіз. 2001 жылы ҚР-сы ДСМҰ – ның авторлық құқық саласындағы, сондай-ақ  Берн Конвенциясын дамытудың жалғасы болып табылатын орындалымдар  мен фонограммалар жөніндегі Шарттарға да қосылмақ. Бұлардың алғашқысы компьютерлік бағдармалар бойынша авторлық құқықты қорғауды егжей – тегжейлі анықтайды және деректер қорына кеңейтілген мәлімет алуға мүмкіндік береді. Екінші Шарт туындыларды орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің және хабар тарату ұйымдарының мүдделерін қамтиды. Халықаралық ұйымдардың сарапшылары ДСМҰ – ның аталмыш келісімдеріне Қазақстанның қосылуы электрондық сауда бойынша бай мәліметтер жиынтығын еркін пайдалануға мүмкіндіктер береді деп есептейді.

      Республикамыз үшін артист – орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің және хабар таратушы ұйымдардың мүдделерін қорғау туралы Халықаралық Конвенцияға (Рим, 1961 жыл), сондай-ақ, жер серіктері арқылы берілетін бағдарлама тасушы дыбыстарды тарату туралы Брюссель Конвенциясына (1974 жылы) қосылудың да маңызы өте зор. Қазақстанның Рим Конвенциясына қосылуы туралы бірқатар құжаттар қазірдің өзінде әзірленіп, тиісті орындарға тапсырылды.

      Конвенцияларға  қосылу, келісімдерге және шарттарға  қол қою біздің мемлекетке бірқатар жауапкершілік жүктейді,себебі осы  келісімдер мен шарттар арқылы белгілі  міндеттемелер қабылданады. Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар, экономикасы дамыған өркениетті елдер Қазақстандағы санаткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне қадала назар аударып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары туралы 1992 жылдың 19-маусымында екі елдің Президенттері қол қойған Келісімдегі маңызды баптарының бірі – Тараптардың санаткерлік меншікті қорғау жөніндегі VII бабы болып табылады. Онда атап көрсетілгендей, Тараптар әр елдің өз заңдарының ережелеріне сәйкес санаткерлік меншік құқығын қорғайды, соның ішінде әдеби, ғылыми және көркем туындылармен қоса ЭЕМ-ға арналған мәліметтер жиынтығы да бар.  

      Авторлық  құқық және сабақтас құқықтардың  әлемдік жүйесіне Қазақстаннның  халықаралық көп жақты және екі  жақтағы шарттарға қосылу арқылы енуі - қазақстандық авторлардың құқығын шетелдерде барабар қорғауды қамтамасыз етумен қатар, санаткерлік меншік құқығын мойындайтын, әрі қорғайтын мемлекет ретінде республикамыздың халықаралық беделін арттырып, инвестиция тарту ахуалын жақсарта түседі.

      Авторлық  құқықтар жөніндегі комитет өзіне  жүктелген шаралардың қай-қайсысын да абыроймен атқарып келеді деп  ойлаймыз. Мәселен,Комитет 1998 жылы “Евразия”  кинофестивалі шенберінде дыбыс-бейне  саласындағы авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау проблемалары бойынша өткен халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды. Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымымен бірлесе отырып, Орталық Азия елдері үшін 1999 жылдың 1-3 маусымында Алматы қаласында аймақтық семинар өткізуге қатысты. 2000 жылдың 1-тоқсанында USAID-тың қолдауымен Қазақстандағы авторлық және сабақтас құқықтардың өзекті мәселелеріне арналған республикааралық семинар өткізілді. Сонымен қоса Комитет басшылыры Женева, Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Ташкент, Бішкек және басқа да қалаларда өткен халықаралық жиындарға қатысып, авторлық құқыққа байланысты Қазақстанда істеліп жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады [16; 29-38 б.б.].

      Жоғарыда  айтылған жайларға сәйкес ішкі заңдарды, авторлық құқық және сабақтас құқықтардың нормативтік базасын жетілдірудің мақсатты жұмыстары да баршылық. Қолданылып жүрген “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” ҚР Заңы өзінің негізгі өлшемдері бойынша халықаралық талаптарға сай. Бірақ кез келген Заңның орындалуы толықтай алғанда құқықтық сананың деңгейіне, құқықтық қатынастардың жағдайына, нормативтік-құқықтық келісімдерге тәуелді екендігі де шындық.

     Қазақстанда Кеңес кезінен кейінгі кеңістіктегідей  интеллектуалдық меншіктің Ұлттық жүйесі республиканың өз тәуелсіздігін  алғаннан кейін қалыптаса бастады. 1992жылы авторлық құқық бойынша бүкілодақтық агенттіктердің  қазақстандық бөлімшелер базасы негізінде Қазақстан Республикасының Министрліктер кабинетінің шешіміне сәйкес авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттік (АСҚМА) құрылған. 1996жылы игерілген АСКМА “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” заңы қабылданды, бұл заң ТМД елдерінің сарапшыларының мойындауы бойынша авторлық құқық объектілерін пайдалану нәтижесінде пайда болатын қатынастарды реттеу аумағында пішінді болып саналуы мүмкін.

     Қазіргі уақытта авторлық құқықты қамтамасыз етудің негізгі функциялары 2001жылғы  ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінің интеллектуалдық  меншік құқығы жөніндегі комитетке  жүктелген.

     Бұл органның негізгі міндеттерінің бірі болып авторлық құқықтарды сақтаумен, заңдылықты жетілдіру жөніндегі  ұсыныстарды енгізу, пайдаланушылардың құқықтық біліктілігін  жоғарлату, сонымен қатар интеллектуалдық меншік объектілерін пайдаланушы тұлғаларды мемлекеттік бақылау табылады.

     Патентті  беру жүйесі де ұйымдастырылған. Бүгінгі  күнде қазақстандық патенттік мекемелер  сараптамалық ұйымдардың рөлін интеллектуалдық  меншіктің Ұлттық институты жүзеге асырады. Ол өндірістік меншік объектілеріне, өнертабыстар, пайдалы үлгілер, тауарлық белгілер, тауарларды шығару орнының аты, өнеркәсіптік үлгілер, сонымен қатар селлекциондық табыс мәлімдемелеріне сараптама жүргізеді. ИМҰИ-ның (Интеллектуалдық меншіктің ұлттық институты) сараптама нәтижесі бойынша интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитет қорғау құжаттарын: патенттер және куәлік қағаздарын береді. Қазіргі уақытта ИМҰИ халықаралық конвенцияларды да басқарады. Сайып келгенде, республикада интеллектуалдық меншік  құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе жасалған. Дегенмен де, сарапшылардың пікірінше, оның тиімді қызмет етуі үшін мемлекеттік органдардың және барлық мүдделі ұйымдардың өзара әрекеттесуін күшейту қажет.

      Интеллектуалдық меншіктің негізгі жақтаушылары болып АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония  табылады. Бұл елдерге әлемдегі өнертабыстарға берілген патенттердің 2/3-сі беріледі. АҚШ-да 1миллион азаматқа жыл сайын 500-ге жуық патент беріледі, Жапонияда бұл көрсеткіш 2 есе үлкен. Ал Қазақстанды айтатын болсақ, тіркелген патенттердің саны бойынша (1млн тұрғынға 100-ге жуық) біз Ресей және Украинамен бір қатарда тұрмыз, ТМД елдерінің арасындағы үштікке кіреміз.

      Авторлық  құқық экономика, ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары  салаларында қатаң сақталуы тиіс болғандықтан “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы”  Заңды бір ғана ведомство жүзеге асырмайтыны мәлім, оған өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар жұмылуға тиіс. Осы мақсатта 2000 жылдың 29ақпан – 1 наурызында Әділет министрлігінің бастамашылығымен Ішкі істер және мемлекеттік кіріс министрліктерінің Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген “Туынды авторларының және сабақтас құқық иелерінің мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету туралы” Біріккен бұйрығы қабылданды. Аталмыш құжат “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңды жүзеге асыруды көздей отырып, фонограмма жасаушылардың мүддесін қорғап, олардың үнімін заңсыз көбейтулерден қорғау туралы Женева Конвенциясының қағидаларын басшылыққа алады.

      Осыған  орай, Авторлық құқықтар жөніндегі  комитет өз тарапынан тұрақты бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ нақтылы практикалық көмек көрсету мақсатында өкілетті органдармен қатар өзге де органдар(кеден, ішкі істер т.б. органдар) пайдалана алатын “Заңсыз жазылған дыбыс және дыбыс бейне өнімдерін анықтаудың әдістемесін” бекітті.

      Әлемдік қауымдастық 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап халықтарды бір-біріне жақындастыру қағидасын  аса бір белсенділікпен  жүзеге асыра бастады. Соның нәтижесінде  жаңа дүние тәртібін айқындауға, жаңа қатынастарды қалыптастыруға, адамзаттың даму жолдарының философиялық түйінін пайымдауға ықпал ететін ғаламдық сипаттағы  Біріккен Ұлттар Ұйымы пайда болды.

      Ғылым мен техниканың, озық технологиялардың, ғаламдық ақпаратттандырудың буырқанған дәуірінде ынтымақтастықтың жаңа түрлері  пайда болды. Мәселен, 1967 жылдың шілде айында Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымын құрайтын Конвенцияға қол қойылды. Бұл ұйымның рөлі мен маңызы өте зор. Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымын құра отырып, оған қатысушылар кез келген өзге халықаралық ұйымдармен өзара қатынастарда шығармашылық жұмысты көтермелеуді, Дүниежүзінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың арқасында басты мақсат  ретінде санаткерлік меншікті сақтауды көздеді [17; 25 б.].

      Дүниежүзілік  Санаткерлік Меншік Ұйымы өз қызметінде қағидалардың демократиялылығын, қарым-қатынастарда әріптестікті көздейді. Ұйымға санаткерлік меншікті сақтауға арналған қандай да бір “одаққа” мүше, кез келген өзге халықаралық келісімді мойындайтын әр мемлекет қосыла алады. Егер мемлекет сол “одақтарға ” немесе келісімдерге кірмесе де оның Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болуы жеткілікті деп саналады. Қазақстан шығармашылықтың дамуына,  санаткерлік меншік құқығын сақтауға айрықша мән бере отырып, 1992 жылы Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымының құрамына енді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2  АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

      

      2.1 Авторлық  құқықтың объектілері және объектілері  болып   табылмайтын туындылар

 
 

      Авторлық  құқық объектілері - туындылардың топтамасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 972-бабында айтарлықтай толық, бірақ сонымен қатар шектеусіз түрде берілген. Айта кететін болсақ, онда берілген туындылардың көбі бұрын да белгілі болған және КСРО-ның АК-нің 471-бабында көрініс тапқан. Бұрынғы авторлық құқықпен қорғалмаған, мүлдем жаңа объектілер болып қала құрылысының және бақ - парктік шаруашылықтың туындылары, қолданбалы өнер туындылары, ЭЕМ үшін бағдарламалар табылады. 

      ЭЕМ үшін бағдарламаларды авторлық құқықтың объектілерінің қатарына қосуға, осы  объектілердің мәні және олардың  интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерінің арасындағы орны туралы әлемнің бірнеше елдерінің қатарында әдебиеттегі ұзақ пікірталас себепші болды. Әртүрлі елдердегі тәжірибе әртүрлі жолдардан өтті, кейбір елдерде бағдарламалар патенттік заңнамада қорғалды, ал екінші бір елдерде - аралас жүйе бойынша сараптама мен тіркеудің элементтерімен қорғалды. Бағдарламалардың иеленушілерін құқықтық қорғау және ұйымдастыру бойынша мамандар, заңнаманы қолдану тәжірибесін талқылау және анализ жасау нәтижесінде, авторлық құқық бұл объектілерді анағұрлым жедел және арзан тәсілмен қорғайды деген пікірге тоқталды [18; 60-61 б.б.].

      Түсініктеме беріп отырған бөлім олардың  сыртқы көрінісінің барлық элементтерін - мұндай бағдарламалардың мәтінін  және олардың жазылу тілін, операциялық  жүйені құрайтын бағдарламалардың үйлесімін, объектілік кодты қорғайды. Қорғаудың мұндай әдісінің осал жағының көрініс табуы, әрине орын алады - оның көмегімен, бағдарлама жазылған алгоритмдерді қорғау мүмкін.

Информация о работе Авторлық құқық