Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

      Ресми құжаттардың жобасының мәртебесі  туралы сұрақ, соңғы жылдары КСРО-ң  бұрынғы республикаларындағы, жаңа егемен елдердің заңнамалық жұмыстарының дамуымен байланысты. Нәтижесінде бірқатар елдердің ғалым - заңгерлерінің күшімен, кейбір мәселелердің дұрыс заңи шешімдері, сондай-ақ альтернативті ұсыныстар мен толық нормативтік актілер пайда болды. Кейбір жағдайларда ұсынылған шешімдер олардың әріптестерімен басқа елдердің заңшығарушылық процесінде ұятсыз қолданылды. ҚР АК-нің 975-бабы, авторлық құқықты жобаны дайындап өндеуші тұлғаға бекіте отырып, бұл саладағы мәселелердің алдын алуға айтарлықтай тұрарлық.

      Сонымен қатар, автор жобасын құзыретті  органға бергенде немесе оны ашық басылымға жариялағанда, құзыретті  органның жобаны пайдалану үшін, сондай-ақ құжаттың мазмұнын өзгерту үшін өндеушінің келісімінің болуы презумпциясы қолданылады. Берілген норманың үшінші бөлігі қарым-қатынастардың ресми деңгейі өсетін және өндеушінің есімін атауды қажет етпейтін уақыттың, сондай-ақ жағдайдың көрсетілуін қамтиды. Құзыретті органның (Парламенттің, Үкіметтің, Министрліктің немесе ведомствоның) жобаны мақұлдау сәті, авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын туындылар туралы ҚР АК-нің 974-бабын құжатқа қолдану мүмкіндігін және авторлық құқықты жүзеге асыру шегін белгілейді.

      Авторлық  құқық, сондай-ақ, идеяларға, әдіс-тәсілдерге, процестерге, жүйелерге, амалдарға, концепцияларға, принциптерге, жаналықтар ашуға және фактілерге таралмайды. Берілген авторлық құқықты шектеу, мемлекеттік мүддемен емес (заңдармен және ордендермен секілді), авторлық құқықтың аталған жетістіктердің тиісті  қорғауын қамтамасыз ете алмауымен   келісілген. Идеяларды, әдіс-тәсілдерді және т.с.с. жетістіктерді тікелей қорғау, берілген жетістіктерді қатаң нысаншылдыққа бой ұру мен қорғау құжатын (патенттік-құқықтық модель бойынша) беру шеңберінде ғана мүмкін. Ал қорғау құжатын берудің өзі, авторлық құқықтың функцияларына кірмейді.

      Сонымен, ақпараттық сипатқа ие оқиғалар мен  фактілер туралы хабарламалар, авторлық құқықтың объектісінің шығармашылық сипатының  басты талаптарына сай келмейді. Шынымен де, ауа-райы болжамында, валюталардың курсы туралы ақпаратта және тағы басқа шығармашылықтың элементі жоқ. Алайда мұндай оқиғалар мен фактілердің апталық немесе басқадай мерзімді көрінісі, егер болған оқиғалар бойынша констатациядан басқа анализ, басқа тұлғалардың авторлық бағасы орын алса, авторлық құқықтың объектісі бола алады.

      Келесі  кезекте авторлық құқықтың қолану аясына келер болсақ, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»  Заңының 5-бабына cәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған  не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан  Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған  не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан  Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.

      Егер  туынды Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерде алғаш жарияланған  күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан  Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.

      Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.

      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық  шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi [23; 112-124 б.б.]. 

      2.2  Авторлық құқықтың субъектілері

 
 

     Авторлық  құқықтың субъектісі болып заң немесе келісім шарт бойынша авторлық құқыққа ие, ғылыми, әдеби және өнер туындыларының шығарушылары, олардың құқық иеленушілері немесе жұмыс берушілер мен басқа да тұлғалар табылады.

     Авторлық  құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар секілді заңды тұлғалар да бола алады. Соңғысына әдетте газет, журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды шығармалар, аудиовизуалды шығарманы дайындаушылар және қызметтік шығарманың авторына жұмыс берушілер жатады.

     ҚР  «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының          9-бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.          Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:

     қоршауға  алынған латынша "С" әрпi;

     айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

     туындының алғаш жарияланған жылы.

     Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық  иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн  авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

     Бiр  жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi.

     Өзге  дәлелдер болмаған жағдайда туындының  түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады.

     Туынды  жасырын немесе бүркеншiк атпен  жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк  аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын  жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi.

     Егер  өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының  авторымын деп санайтын жеке тұлға  оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп  тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi. 
      Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

     Сонымен, авторлық құқықтың пайда болуы мен авторлықтың ақиқаттылығына келер болсақ, шығармаға авторлық құқық оның шығарушысында туындының күшіне енген сәтінен бастап туындайды. Авторлық құқықтың патенттік  құқық пен  және басқа да өндіріс меншіктерінің объектісімен салыстырғандағы да басты ерекшелігі осында. Авторлық құқықтың пайда болуына және қолданысқа енуіне тіркелудің, басқа да  шығарманы арнайы рәсімдеудің  және қандай да бір формальдық сақтаулар қажет [24; 145-192 б.б.].

     Авторлық  құқықтың иегері өзінің құқықтарын хабарлау үшін, шығарманың әрбір данасында болатын және үш элементтен тұратын авторлық құқықтың қорғау белгілерін пайдалана алады: қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); туындының алғаш жарияланған жылы.

     Авторлық  құқықты қорғау белгісі ақпараттық мақсатқа қазмет ететіндіктен және оның орны факультативті мазмұнға ие болғандықтан,   әр шығармаға міндетті түрде қорғау белгісінің болуы туралы ведомстволық нұсқауларға жол беретін 1952 жылғы Авторлық құқық туралы әлемдік конвенциясына қарама-қайшы келеді.

     «С» әрпі «copyriht» («авторлық құқық») деген  ағылшын сөзінің алғашқы әрпі. Басып шығарылған туындының данасындағы  авторлық құқықты қорғау белгісінің орны тәжірибеде осы шығарманың авторлық құқығын пайдаланудан туындайтын санкцияланбаған  жағдайлардың болмауын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қорғау белгісінің көмегімен қызметтер, бюро және қоғам, авторлық құқықтары бұзылғандар, шығармаларын заңсыз пайдаланушылармен эффективті түрде күресе алады. Мысалы, кедендік органдар елдегі туындылардың шығарылымының тізімдерін ала отырып, импортталатын өнімдегі қорғау белгісі мөрінің болуын қадағалап отырады. Қорғау белгісінің болмауы, сот органдарымен оның заңсыз орнын тасымалдауға тиым салумен, өнімді алып қою және басқа да санкциялармен бірдей болып есептеледі.

     Авторлықтың презумпциясы да бар: дәлелдер болмаған жағдайда шығарманың авторы болып, түпнұсқа немесе көшірмеде көрсетілген тұлға  автор болып есептеледі. Бұл презумпция бір шығарманың бірнеше авторлары  болған жағдайда, яғни, тең авторлық кезінде таралады.

     Келесі  кезекте тең авторлар жайлы айтар  болсақ, екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.

     Егер  туындының бiр бөлiгiн осы туындының  басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану  мүмкiн болса, бұл  бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.

     Егер  тең авторлар арасындағы келiсiмде  өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

     Тұтас алғанда, туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың  өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.

     Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.

     Тең авторлық, екі немесе одан да көп  тұлғалардың біріккен шығармашылық еңбегімен туындыны шығару фактісін қамтиды. Тең авторлық бойынша шығармаға авторлық құқық бәріне бірдей, бөлінбес тұтастық ретінде және жеке бөліктерден тұратын, бір-біріне тәуелсіз қолданылады.Бірінші тең авторлық бөлінбейтін, ал екіншісі-бөлінетін деп аталады. Тең авторлықтың бұл екі түрі, шығарманы пайдалану режимімен ерекшеленеді [25; 110-152 б.б.]. 

     Құрамдас  туындылардың авторлары. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.

     Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды  және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы. Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.

Информация о работе Авторлық құқық