Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

      Сондай-ақ, тек мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымның, барлық құқық иеленушілердің мүддесін білдіруге болады деп, пайдаланушылардан  тиісті төлемдерді талап ететін жағдайларды  өзгертуге болады. Осындай шешімнің тағы бір артықшылығы - мұндай жағдайда аударымдарды жинауға кеткен шығындар, тек басқа да әдіс-тәсілдермен аударымдарды жинауға кеткен шығындардан ғана емес, сонымен бірге, құқық иеленушілерге сыйақы жинауға кеткен шығындардан да аз болады. Соңғысы оны жинауға, тағайындауға және төлеуге кеткен шығындардан тұрады [34; 124 б.].

      Барлық  жиналған сомалар (аударымдарды жинауға  кеткен шығындарды есептемегенде) не тиісті мемлекеттік органдарға (Мәдениет Министрлігі, Білім және Ғылым Министрлігі және т.б.), немесе оларға бағынышты арнайы құрылған бюджеттік емес қорларға аударылуға тиіс. Қаражат тек осы қорлар туралы ережелерде көзделген мақсаттарға ғана жұмсалуы керек.

      Қарап отырсақ, анағұрлым маңызды және өзекті сұрақтар болып мыналар табылады: жиналған аударымдар қандай мақсаттарға жұмсалуы тиіс? Олардың есебінен қызметтің (мысалы, мақсаттық бағдарламалар) немесе жеке бір ұйымдардың, шығармашылық одақтардың тек нақты бір түрлерін қаржыландыру қажет пе? Бұл қаражатты шығармашылық қызметті қолдауға ма, әлде шығармашылық қызметкерлердің өзін әлеуметтік қорғауға жұмсау керек пе?  Өкінішке орай, қолданыстағы әлемдік тәжірибе белгілі бір мағыналы қорытындыға негіз бермейді. Дегенмен жалпы тенденция, жиналған қаражат қайтыс болған автордың туыстарын қамтамасыз етуге емес, тірі авторларды қолдауға  жұмсалу керек деген пікірге тоқталады.

      Шын мәнінде, ақылы қоғамдық игілік жүйесінің  негізгі және жалғыз ғана міндеті, келесідей  түрде болу керек: тиісті туындыларды  ақылы пайдалану есебінен кейбіреулер үшін барлығына қол жеткізуге болатын мәдени мұра жасау. Мұндай жүйенің мәнісі шығармашылық қызметкерлерді әлеуметтік қорғауда емес, жеке бір маманның өкілдеріне «қайыр көрсетуде» емес, ұйымның барлық мүшелерінің шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу. Мынаны есте ұстау керек: шығармашылық қызмет үшін жағдай туғызу әруақытта тікелей немесе жанама түрде авторларды әлеуметтік қорғауға көмектеседі [35;215 б.].

      Ақылы қоғамдық игілік жүйесінің мақсаты  болып, қазіргі кезде, тек шығармашылық қызметті көтермелеу ғана емес, сонымен қатар қоғамның мәдени дамуын қамтамасыз ету және адамның «мәдени құқықтарын» қамтамасыз ету мен тану танылады. Ақылы қоғамдық игілікке айналған туындыларды пайдаланудан түскен аударымдар, мәдениет объектілерінің ақылылығын бекіту есебінен, ұйымның барлық мүшелеріне осы объектіге қол жеткізуін қамтамасыз ететін, көбінесе мәдениетті қаржыландырудың әдеттегі және заңды қайнар көзі ретінде қарастырылады. Жиналған қаржы есебінен қызметтің жеке түрлерін, арнайы мақсаттық бағдарламаларды секілді, нақты бір ұйымдарды (шығармашылық одақтарды, кітапханаларды, мұрағаттарды, мектептерді және т.б.) қаржыландыру қажет [36; 39 б].

      Мұндай  жүйе, кем дегенде, екі артықшылыққа ие. Біріншіден, қорғалмайтын туындыларды  пайдалану тиімді болмайды, нәтижесінде  қорғалатын туындыларды шығару және пайдалану жағдайлары арта түседі. Екіншіден, авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауға, тек мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды қолдауға, қоғамдық игілікке айналған туындыларды пайдаланған үшін аударымдарды уақытында және толық жинауға, демек, құқық иеленушілерге сыйақы жинауға да, туындылардың барлық түрлеріне мұндай жүйенің және олардың коммерциялық пайдаланудың әдіс-тәсілдерінің ақырындап таралуына, заңды және жеке тұлғалардың кең шеңберінің және мемлекеттік биліктің нақты органдарының авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауға қызығушылық пайда болады.

     Барлық  авторлар немесе авторлық құқықтың өзге де иелері ерте ме кеш пе өз авторлық құқықтарын қорғау мәселесіне кезігеді. Және де  осы сұрақтар шығармасын жариялағаннан кейін туындайды, дегенмен Қазақстан заң шығармашылығы авторлық құқығын қорғауды шығарманың шығарылу күшіне қарай қарастыралды, бірақ тәжірибеде авторға өзінің  авторлығын мойындатуға әкеліп соғады.

     Ең  дұрысы қорғаудың бірінші жариялағанға дейін тіркеген жөн[37; 86 б.]. Шығарманы тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік Комитеті жүзеге асырады (ҚР ӘМ ИМК). Тіркеу рәсімі “Авторлық және сабақтас құқытарды қорғаудағы шығармаға құқықты мемлекеттік тіркеу туралы” инструкцияда қарастырылған. ҚР ӘМ ИМК арызды  қабылдағаннан кейін бір ай ішінде шығарманы тіркеп, интеллектуалдық меншік объектісін мемлекеттік тіркеу  туралы куәлігін беруге міндетті, немесе арызданушыға жазбаша түрде тіркеуден бас тарту негізі туралы ескерту қажет. Егер тіркеу үшін қосымша құжаттар қажет болса онда тіркеу мерзімі құжаттарды  алғанға дейін тоқтатылуы мүмкін.

     Авторлық  және сабақтас құқықтар туралы ҚР-ның  заңы Азаматтық Кодекстен, “Авторлық  және сабақтас құқықтар туралы” заңнан және осы заңдарға сәйкес шығарылған өзге де нормативтік актілерден тұрады. ҚР-ның авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңын бұзған үшін азаматтық, әкімшілік, және қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

     Азаматтық жауапкершілік. Авторлық және сабақтас құқықтырды қорғауды сот жүзеге асырады. ҚРАК-нің 970-бабында және ҚР-ның авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 49-бабында қорғаудың түрлері көрсетілген. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейді

     Әкімшілік жауапкершілік. Заңсыз тарату,сақтау, контрафактілік даналарды шығару мақсатында өндіру, тең авторлыққа мәжбүр ету немесе иемдену әкімшілік жауапкершілікке соқтырады. “Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы” ҚР заңының 129-бабында авторлық және сабақтас құқытарды бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары белгіленген. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oннaн жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

   Қылмыстық жауапкершілік. Тәжірибеде қылмыстық  жауапкершілікке негізінде аудиовизуалды  шығармалардың контрафактілік даналарын  таратушы және шығарумен айналысатын тұлғалар тартылады. Тергеуші орган сараптама қорытындысына және алынып қойған шығармалардың данасына сәйкес ҚРҚК-кің 184-бабына сәйкес қылмыстық істі қозғау немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, - жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады. Бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен, ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген,адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

   Құқықбұзушы адамды  қылмыстық жауапкершілікке  тарту үшін құзіретті  органдарға арыз жазу керек. Құзіретті орган  сол арыз бойынша үш тәулік ішінде

  • қылмыстық істі қозғау туралы;
  • қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы;
  • арызды, хатты өткізу туралы тергеуге, жеке айыптау ісі бойынша – соттылыққа туралы шешім шығару тиіс. Шешімді қабылдау мерзімі анықтау орган басшысының шешімімен он тәлік, кейбір жағдайларда 2 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Ол туралы прокурор үш тәулік ішінде жазбаша түрде жариялайды.

      Авторлық  құқық және сабақтас құқықтар арқылы туындыларды қорғау, халықаралық  танылған, әрдайым дамып жатқан құқықтық институт болып табылады. Және берілген салада құқықтық реттеуге жататын көптеген мәселелер, әлі де болса теорияда және тәжірибеде бір шешімін тапқан жоқ. Барлық елдердің заңгерлері, белсенді шығармашылық қызметпен байланысты нақты қоғамдық қарым-қатынастарға нәтижелі әсер етуге мүмкіндік беретін, бірдей құқықтық конструкциялар іздеуде. 

    3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы          бойынша қорғау

 
 

    Қазақстан Республикасында авторлық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 971-984 баптарымен, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң), 1942 жылғы 6 қыркүйектен Дүниежүзілік (Женева) авторлық құқықтар туралы Конвенция нормаларымен (Қазақстан оны бұрынғы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін және келісім-шарттарын   заңды мұрагері ретінде таныған болатын), 1996 жығы желтоқсанның 20-нан авторлық құқықтар және орындау және фонограммалар бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Женевадағы Келісім-шарттың Ережелерімен (Қазақстан оларға 2004 жылғы сәуірдің 16-нан №545 және №546 Заңдарымен қосылды) және тағы басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелінеді.

    Қазақстан Республикасының авторлық құқық  саласында заңнамасы басты мақсаттарға және міндеттерге жетуіне бағытталған. Біріншіден, авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларды жасау бойынша қызметін ынталандыруы қажет. Осы мақсаттарда авторлық құқық шығармашылық еңбекпен айналысуға жағдай жасап мүмкіндік туғызады, жеткен шығармашылық нәтижелерінің қорғауын, құқықтық тануын, және авторлардың соңынан олармен жасаған туындыларды қолдануына құқықты бекіту және табысты алуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, авторлық құқық қоғамның мүдделерінде туындылардың кең қолдануына жағдай жасайды. Басқа сөзбен айтсақ, авторлық құқықтың қорғауын күшейтуі және оны бұзғаны үшін жазаның қаталдануы адамның күнделікті өмірінде авторлық құқықтардың объектілерін қолдануға ешқандай бөгет жасамауға қажет.[38;]

    Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнің шегінде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында бақылау және (немесе) iске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндетi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасының бiрыңғай патенттік жүйесiн дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, Қазақстан Респбуликасы Әділет министрлігінің ережесіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитет қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген  міндеттерге сәйкес: 1) мынадай салаларда  мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын  қамтамасыз ететін функциялар:

  • туындыларға және сабақтас құқықтар объектілерiне, өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына), селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхема топологияларына және өзгелерге құқықтарды қорғауды;
  • өз құзыретiнiң шегiнде зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
  • зияткерлiк меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды;
  • Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсіптiк меншік объектілерін шет елдерде патенттеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;
  • өнеркәсіптік меншік объектілерiне, селекциялық жетiстіктерге, интегралдық микросхема топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтінiмдердi қабылдауды және тiркеудi қамтамасыз етудi;
  • қорғау құжаттарын беруге өтiнімдерге сараптама жасауды және өнеркәсiптiк меншiк объектілерінің, селекциялық жетiстіктердiң, интегралдық микросхема топологияларының мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргізудi ұйымдастыруды, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстау жөнiндегi шараларды қамтамасыз етудi;
  • авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне куәлiктердi, өнеркәсiптiк меншік объектілеріне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхема топологияларына қорғау құжаттарын берудi;
  • қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер бойынша сараптама шешімдеріне қарсылықтарды және қорғау құжаттарын беруге қарсылықтарды қарауды ұйымдастыруды;
  • ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, оның iшiнде шет елдерде де пайдалану кезiнде қазақстандық және шетелдiк авторлардың, сабақтас құқық иеленушiлерінің, олардың құқықтық мирасқорларының зияткерлiк меншiк құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;
  • ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын және көшiрмелерiн сақтауды;
  • автордың авторлыққа қайтыс болғаннан кейiнгі құқығын, атына құқығын, беделiн қорғау құқығын, сондай-ақ жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды заңнамада белгiленген жағдайларда жүзеге асыруды;
  • зияткерлік меншік объектiлерiн бағалаудың әдiснамасын жүзеге асыруды;
  • авторлық құқықты ресми тiзiлiмдерде тiркеудi;
  • туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды тiркеуді, мемлекеттiк тiркеу куәлiктерiн берудi;
  • өнеркәсiптiк меншік объектілерiн, селекциялық жетістіктердi, интегралдық микросхема топологияларын пайдалануға айрықша құқықтарды беру туралы шарттарды, лицензиялық шарттарды, сублицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi;
  • патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауды жүргiзудi;
  • мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың Комитетке берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердің қорғалуын қамтамасыз етуді;
  • зияткерлік меншiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар енгізудi;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
  • стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді;
  • зияткерлік меншік құқығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін жүзеге асыруды;
  • тіркелген өнеркәсiптiк меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиялары және өзгелері туралы деректерді бюллетеньде жариялауды;
  • патент иеленушінің аталған лицензияны алуға ниет білдірген тұлғамен төлемдер туралы шартын тіркеуді;
  • патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу тәртібін анықтау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлді тіркеу туралы куәлік беруді;
  • зияткерлiк меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өзге де жұмыстардың ұйымдастырылуын және өткізілуін қамтамасыз етуді;

Информация о работе Авторлық құқық