Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12
Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29
2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34
Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43
3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57
3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау.....................................................................................50-57
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64
Құқық иеленушілерге-жеке тұлғаларға төленетін сыйақының мөлшерімен салыстырғанда, бұл аударымдардың мөлшерін азайту үшін ешбір объективті себептер жоқ. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кез-келген объектілерін, олардың «қоғамдық игілік» категориясына жататынына немесе жатпайтынына қарамастан, пайдаланған үшін бірдей минималды ставканы бекітіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу дұрыс болар еді [42; 48 б.]Қалай болса да, қоғамдық игілікке ауысқан туындылар үшін авторлық сыйақыны жинау бойынша жұмысты ұйымдастырып, мәселені шешу қажет. Аударымдарды бұрыннан бері бар құрылымдар-авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды ұйымдар арқылы жинау дұрыс болар еді. Сонымен қатар, заңда келесідей презумпция орнату қажет: мемлекет аударымдарды жинауды жүктеген, тек қана мүліктік құқықтарды басқаратын ұйым, мемлекеттің мүддесі секілді айрықша категориялардың барлық құқық иеленушілерінің (басқа ұйымдарға өздерінің құқықтарын басқаруды тапсырғандардан басқа) мүддесін білдіру тиіс. Басқа ұйымдар, тікелей оларға өздерінің құқықтарын басқаруды тапсырған құқық иеленушілердің мүддесін ғана білдіре алады. Бұл монополизмді енгізбей және авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын шектемей, заңнамадағы айқын кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тек мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымның, барлық құқық иеленушілердің мүддесін білдіруге болады деп, пайдаланушылардан тиісті төлемдерді талап ететін жағдайларды өзгертуге болады. Осындай шешімнің тағы бір артықшылығы-мұндай жағдайда аударымдарды жинауға кеткен шығындар, тек басқа да әдіс-тәсілдермен аударымдарды жинауға кеткен шығындардан ғана емес, сонымен бірге, құқық иеленушілерге сыйақы жинауға кеткен шығындардан да аз болады. Соңғысы оны жинауға, тағайындауға және төлеуге кеткен шығындардан тұрады.
Барлық жиналған сомалар не тиісті мемлекеттік органдарға, не оларға бағынышты арнайы құрылған бюджеттік емес қорларға аударылуға тиіс. Қаражат тек осы қорлар туралы ережелерде көзделген мақсаттарға ғана жұмсалуы керек.
Қарап отырсақ, анағұрлым маңызды және өзекті сұрақтар болып мыналар табылады: жиналған аударымдар қандай мақсаттарға жұмсалуы тиіс? Олардың есебінен қызметтің (мысалы, мақсаттық бағдарламалар) немесе жеке бір ұйымдардың, шығармашылық одақтардың тек нақты бір түрлерін қаржыландыру қажет пе? Бұл қаражатты шығармашылық қызметті қолдауға ма, әлде шығармашылық қызметкерлердің өзін әлеуметтік қорғауға жұмсау керек пе? Өкінішке орай, қолданыстағы әлемдік тәжірибе белгілі бір мағыналы қорытындыға негіз бермейді. Дегенмен жалпы тенденция, жиналған қаражат қайтыс болған автордың туыстарын қамтамасыз етуге емес, тірі авторларды қолдауға жұмсалу керек деген пікірге тоқталады.
Мұндай жүйе, кем дегенде, екі артықшылыққа ие. Біріншіден, қорғалмайтын туындыларды пайдалану тиімді болмайды, нәтижесінде қорғалатын туындыларды шығару және пайдалану жағдайлары арта түседі. Екіншіден, авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауға, тек мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды қолдауға, қоғамдық игілікке айналған туындыларды пайдаланған үшін аударымдарды уақытында және толық жинауға, демек, құқық иеленушілерге сыйақы жинауға да, туындылардың барлық түрлеріне мұндай жүйенің және олардың коммерциялық пайдаланудың әдіс-тәсілдерінің ақырындап таралуына, заңды және жеке тұлғалардың кең шеңберінің және мемлекеттік биліктің нақты органдарының авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауға қызығушылық пайда болады.
Авторлық құқықтың пайда болуы және оны әрі жетілдіру, дамыту үшін ол туындыны тіркеу, өзге де арнайы ресімдеу немесе кез келген шарттылықтың жүзеге асуы басты талап емес. Авторлық құқықтың қолданылу аясына келетін болсақ, ол автордың бүкіл ғұмыр бойы және автор қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Автордың өзінің құқығын, оның есімінің құқығын және автордың беделін қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды. Белгілі бір туындыға авторлық құқықтың пайдалану уақытының бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Біздің еліміздің аумағында қорғауға алынбаған туындылар да қоғамдық игілікке айналған болып табылады. Ал қоғамдық игілікке айналған туындыларды кез келген адам авторлық сыйақы төлемей еркін қолдана алады. Ондай жағдайда авторлық құқық автор есімінің құқығы мен беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Негізінен авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі және ол мұрагерлік тәртібімен заң бойынша немесе өсиет бойынша беріледі. Автордың құқығын қадірлеу және қорғау шараларын одан әрі дамыту, жетілдіру үшін болашақта бірқатар қосымша құжаттарды қабылдаумен сипатталады, өйткені автор құқығын қорғау – еліміздің мүддесін қорғаумен пара-пар. Қазіргі уақытта автордың құқығын бұзып, оның еңбегін, маңдай термен жеткен жетістігін өзгенің пайдалану жағдайлары әлі толастар емес. Солардың ішінде әсіресе авторлық құқық нысандарын пайдалану, музыка саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітап шығару ісінде кеңінен етек жайғаны да жасырын емес. Сол себептен де авторлық құқық дегеніміз – бұл жай ғана сөз, жалған жансыз түсінік емес, ол әрбір өнерге құштар адамның, ғалымның, өнертапқыштың толағай жемісі, еңбегінің нятижесі. Авторлық құқық - өнер мен әдебиетті, ғылымды өмірінің айнасы ретінде көретін адамның өмір сүруіне қажетті табыс көзі болуымен қатар, оның адами бейнесін, рухани жан дүниесін айрықша білдіретіндіктен бұл қасиетті ұғымның тамыры терең, аясы өте кең [43 ; 22б.]
Қандай меншік түрі болмасын, санаткерлік меншікпен теңдестірілмейді. Өйткені, ол қанша мезгіл өтсе де тозбайтын, ескірмейтін қазына, халықтың рухани байлығы. Сол себептен де оны әрқашан қолдап, жұмыла қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз, міндетіміз болып қала бермек [44;]
Қазақстанның “301 қара тізімнен” шығуы қабылданған шаралардың адекваттылығы екендігін мойындады. Бұл қара тізім қатарында Қазақстан 1999жылдан бастап тұрған. АҚШ сауда өкілдіктерінің жылдық есебінде жарияланатын бұл тізімге интеллектуалдық меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша жеткілікті көңіл аударылмайтын мемлекеттер кіреді. Осыған байланысты Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымының құрамына кіруге тағы бір кедергі шеттетілді, бұл біздің еліміздің рейтингін және инвестициялық тартымдылық деңгейін жоғарлатады.
Біздің еліміз осы қол жеткізген табыстарымен тоқтап қалмай интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың кепілдігі ретінде әлемдік қоғамдастықтардың мойындатуына қол жеткізеді [45;]. Осындай алдына қойған мақсатпен қазақстандық кедендік органдарға ex-officio міндеті жүктелуде, бұл контрафактілік шығарылымдармен, өзіндік қылмыстық тергеу жүргізу белгілерімен интеллектуалдық меншік объектілерін құрайтын қосымша құзіреттермен тауарларды шығаруды тоқтату. Көрсетілген құзіреттердің заң шығарушылық бекітуі контрафактілік өнімдердің жолына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның шығарылуын және әкелуін қысқартады.
Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар арқылы
туындыларды қорғау, халықаралық
танылған, әрдайым дамып жатқан құқықтық
институт болып табылады. Және берілген
салада құқықтық реттеуге жататын көптеген
мәселелер, әлі де болса теорияда және
тәжірибеде бір шешімін тапқан жоқ. Барлық
елдердің заңгерлері, белсенді шығармашылық
қызметпен байланысты нақты қоғамдық
қарым-қатынастарға нәтижелі әсер етуге
мүмкіндік беретін, бірдей құқықтық конструкциялар
іздеуде.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
15 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері)- Алматы: Юрист, 2007 ж.;