Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

     Жария кылуға құқық автордың заңмен қорғалатын ерекше көзқарасты білдіреді және сондықтан автордың өзіндік субъективтік  құқығы болып табылады. Бұл жағдайды ерекше  айтып өту керек себебі берілген құқық әрқашан бір уақытта автордың басқа қандай да құқықтарымен жүзеге асырыдады.

     Туындыны  жариялауға құқық туындыға пікір айту құқығымен ажырағысыз байланысты. Заң авторға туындыны жариялау туралы бұрын қабылданған шешімнен  бас тартуға мүмкіндік береді немесе егер туынды жарияланған болса туындының жарияланғаны туралы хабарлап, туынды халыққа жеткенше оны оны жоққа шығаруы мүмкін. Берілген құқықты іске асырудың жалғыз шарты ретінде заң жіберілген пайданы қоса отырып пайдаланушыға келтірілген шығындардың орнын толтыру үшін шаралар бекітеді. Бұрын жасалған туынды даналары  автордың өз үндеуінен алынады. Автордың  туындыны жариялауға берген келісімін жоюы әр түрлі себеппен болуы мүмкін: шығармашылық көзқарастың өзгеруі немесе автордың  дүниетануы,ішкі жағдайдың өзгеруі т.б., бірақ заң автордан туындыны жариялау себебінің орындылығын дәлелдеуін талап етпейді. Автордың басқа жеке мүліктік емес құқықтарына қарағанда жариялауға құқық басқа тұлғаларға өтуі мүмкін, бұл тағы да авторлық құқықтың жеке және мүліктік болып бөліну шартын көрсетеді.

     4. Автор атағын қорғау құқығы. Туындыны  жариялы түрде пайдалануға шығарғанда және  автор есімін атағанда автордың келісімінсіз оған немесе туындының атына  қандай да бір өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Автор атағын қорғау құқығы  өзге де субъективтік құқық сияқты шектеулерге ие. Туындының тұтастығын бұзушылық оның қол сұғылмаушылығына  қастандық ретінде бағаланбайтын сияқты заң жеке жағдайларды қарастырады. Мысалы, туындының үзінділерін ғылыми, полемиялық және ақпараттық мақсатта дәйектеме келтіруге жол беріледі. Автор өз атағын қорғау құқығына сүйеніп өзге тұлғалардың сәйкесінше стилизациялар мен пародиялар жасауына бөгет болуға, сонымен қатар критиктер мен комментаторлардың жолына кедергі жасауға құқығы жоқ.

     5. Жария жасауға құқық. Бұл ереже  заңда арнайы аталмаған, бірақ  автордың көзқарасын білдіретіндіктен  автор меншігіне жатады. Бұл құқық автордың жеке мүліктік емес құқығына жатады, әйтсе де онда автордың басқа да жеке құқықтарына мүліктік элементтер көп көрсетілген. Автордың келісімінсіз ешкім, жұмыс берушінің өзі де, егер сөз қызметтік туынды туралы айтылса ұқсас әрекеттерді жүзеге асыруға болмайды. Жария қылу құқығы көбінесе  бір уақытта басқа да субъективтік авторлық құқықтармен жүзеге асырылады. Егер жария қылу арқылы туынды алғаш рет жалпыға ортақ танылса бұл оның жарияланғанын білдіреді. Дегенмен автордың жеке көзқарасын іске асыруын жария қылу болып жариялы түрде орындау, эфирге беру немесе өзге де тәсілдермен жарияланған туынды даналарының шығарылуы табылады. Негізінде, туындыны жария қылу үшін оны алдын ала, яғни туындының даналарын кез келген заттық формада дайындау керек. Туындының даналары таратылып, сатылып кеткен жағдайда, прокатқа берілген болса ол жария етілген болып саналмайды, себебі, жария қылу үшін шығарылым данасы халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

     Жария қылу құқығын іске асыру туындының құқықтық режимін өзгертуге әкеледі. Туынды даналары шыққан сәттен бастап ол автордың келісімінсіз және авторлық сыйақыны төлемей тұрып, бірақ міндетті түрде автордың есімі көрсетілуімен бір данадан қайта жасалып кітапханаларда, мұрағаттарда, оқу орындарында туындының жеке түрлері газеттерде басылып, эфирде көрсетілуі мүмкін.

     Көшірмеге құқық. Бұл құқық үшінші тұлғалар оның қабылдауын рұқсат ететін туындыға объективті формасын қайта беруге арналған. Берілген құқық қандай да бір заттай формада туындыны қайта жүзеге асырумен ғана шектеледі, яғни, белгілі заттай тасушыда бекітумен байланысты. Жария орындау, эфирге беру және туындыны пайдаланудың өзге де тәсілдері автордың  аса маңызды  құқықболушысы  ретінде қарастырылады. Көшірмелеу үшін туындының бірнеше  немесе тіпті бір көшірмесінің  дайындалуын қанағаттандыратын  туындының данасын көп болуын талап етпейді. Мысалы, егер музыкалық шығарма алғаш рет ноталық белгілермен  жарияланса, онда магниттік пленкадағы жазылуы оны көшірмелеу деп карастырылу керек.

  1. Рұқсат алу құқығы. Бұл құқықтың жүзеге асырылуын бейнелеу өнері туындысының авторы өз шығармасының  көшірмесіне құқықты  жүзеге асыру  мүмкіндігін берумен сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, суретші  немесе мүсінші өз туындысының  көшірмелерін жасай алады, бұл үшін сурет немесе мүсіннің меншік иесі автордың туындыға рұқсат болуын  қамтамасыз ету тиіс. Автордың құқықтық мәліметінің іске асыру барысында ол меншік иесіне артық қолайсыздықтар туындатпау керек, жеке алғанда ол туындының оған жеткізуін талап ете алмайды.
  2. Таратуға құқық. Заң авторға туынды даналарын сатуға және жалға беруге, өткізуге туынды даналарын кез – келген әдіспен таратуға  жеке  құқық береді. Заң  тек заттай тасушыда  бекітілген туындыларды  ғана таратуды ұластырады. Туындының  өзін емес, туынды бекітілген заттай тасушының өзін сатуға және жалға беруге болады.

     Бұдан әрі, азаматтық айналымға жіберілетін  туынды көшірмелерінің болуы тиіс. Егер туынды көбейтілмесе, тек қана түпнұсқада болған жағдайда ол таратылмайды. Әйтеуір, заң халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын туынды даналарын таратуға құқықты азаматтық айналымға жеткілікті мөлшерде жіберумен ұластырмайды. Туынды таратылған  деп саналу үшін туындының бірнеше данасы да жеткілікті.

  1. Импортқа құқық.  Ерекше авторлық құқыққа иеленушілердің рұқсатымен жасалған, тарату  мақсатында  туынды даналарын импорттау ерекше құқыққа жатады.

     Әдебиеттерде  таратуға құқық тарату мақсатында туынды даналарын әкелу  құқығы  ретінде  қарастырылады, барлық даналар заңды  түрде немесе автордың өзімен жасалады немесе ерекше авторлық құқыққа иеленушілердің рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда автордың артынан бекітілген, аумақтан тыс жасалған өзінің туындыларының көшірмесін әкелуді бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі  туралы айтылады. Авторлық құқық әрекетін аумақтық шектеу импортқа құқықты арнайы бөлу негізі болып табылады. Елдің қандай да  бір аумағында қорғалмайтын туынды сол елде еркін қолданыла алады. Дегенмен сол аумақта туынды қорғалып бұл туындының даналары елге тарату мақсатында жеткізілген болса, онда бұл авторлық құқық бұзушылық болып табылады. Импортқа құқық (контрафакт өнімі) заңсыз жасалған даналарға таралмайды.

  1. Ашық көрсету және ашық орындауға құқық. Ашық көрсетуге құқық  бейнелеу өнері   шығармалары қатынасында жүзеге асырылады,ал ашық орындауға құқық – музыкалық, драма, хореографиялық, әдеби және кейбір басқа туындылар қатынасында жүзеге асырылады. Осы екі қаралатын құқық бірге жүзеге асырылуы тиіс, яғни еркін ашық баратын орындарда көрсету мен орындау бір уақытта орындалады. Көрсету және ашық орындау техникалық құралдармен ортақтана алады, ол көрермен дәрісханасын кеңейтеді.  Осы техникалық құралдардың арқасында халық тек қана туынды көрсетілетін немесе орындалатын жерде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерде бола алады.
  2. Эфирге берілуге құқық. Эфирге немесе кабельге беру кең дәрісхананың мәліметіне жеткізу болып табылды, әрине бұл құқық қорғауға мұқтаж авторлардың  аса маңызды көзқарастарын білдіреді. Берілген құқыққа ашықтық элементі тән.Туынды арнайы аппаратураның көмегімен ең кең дәрісханада қабылдана алады, барлығына ортақ мәліметке арнайы радиосигналдар (радиотолқындар) арқылы жеткізіледі.
  3. Кабель бойынша барлығына ортақ мәліметке арналған қатынасқа құқық. Бұл құқық мазмұны бойынша эфирге беру құқығына сай келеді. Тек бұл құқықта туынды кабель бойынша жүретін сигналдар, өткізгіштер, оптикалық тал жіптер немесе өзге де ұқсас құралдар арқылы жіберіледі. Сәйкесінше, потенциалды көрермендердің және тыңдаушылардың құрамы да өзгереді. Ол тиісті телерадио орталықтардың абоненттері болып табылатын тұлғалар болуы мүмкін.
  4. Аудармаға құқық. Аударма түпнұсқа тілінен басқа тілге сенімді , бұрмалаусыз түрде мазмұндауды білдіреді. Аудармаға субъективті құқыққа автордың өзі өз туындысын аудару және аудармасын пайдалану мүмкіндігі кіреді, басқа тұлғаларға аударманы қолдануға құқықты өзі береді. Авторлар іс жүзінде туындыны өздерінің аударуы сирек кездеседі, себебі, бұл жұмыс жоғары білім мен дағдыларды талап етеді. Сондықтан іс жүзінде аудармаға құқық туындыны аударылған түрде пайдалануға келісім беру құқығына апарады. Автор дербес қолдану мақсатында туындыны аударуға немесе іс не заң жүзінде тыйым сала алмайды. Автор аудармаға келісімін әдетте оның туындысын аудармасымен ниет еткен ұйыммен шарт жасауды білдіреді. Бұл ұйым туындыны сапалы түрде аударуға өзіне міндет алады, сонымен қатар автордың өтініші бойынша танысу үшін аударманы оған көрсетеді. Аудармашыны ұйым өзі таңдайды, алайда келісім шарт аудармашы кандидатурасын туынды авторымен келісуін  қарастыруы мүмкін. Аудармашыларға авторлық құқық творчестволық жолының басқа тілде мойындалуында жеткізіліп беріледі, дегенмен, аударылатын туынды автордың құқығына залал келтірмеуі тиіс.

     Аудару  үшін тиісінше келісім талап етіледі, себебі, аудармаға құқық автор  құқығының ерекше құрамы, бөлігі болып  табылады. Аудармалар біртума туындылармен тең құқылы қорғала алады.

     Берн  конвенциясының 3-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес:” Аудармалар, бейімделулер, музыкалық аранжирлаулар және өзге де әдеби және көркем шығармалардың  қайта жөнделген түрлері түпнұсқа туындылармен теңдес автордың түпнұсқа туындысына залал келтірусіз қорғалады.”  Автордың түпнұсқа туындысына залал келтіру туынды объектілерінің және басқа да аударма қатынасындағы құқық қорғауды берудің шарты ретінде қарастырылады.  Дегенмен, бұл туындымен берілетін қорғау түпнұсқа туындының авторлық құқығына залал келтірмеуі тиіс. Қорғалатын туындыны аудару, бейімдендіру,аранжирлеу немесе өзге де тәсілмен өзгерту үшін автордың келісімі қажет. Түпнұсқа туынды қорғалмаса келісім кажет емес. Аудармаға құқық автормен немесе оның құқық қолданушыларымен туындының барлық қорғалу мерзімі ағымында танылады.

     Авторлық  құқық туралы Бүкіләлемдік  конвенцияның 5-бабына сәйкес ол ішкі заңға ендіруге болатын аудармаға ықтиярсыз  лицензияны беру мүмкіндігін қарастырмайды.

  1.   Өңдеуге құқық. Автордың қайта істеп, аранжирлеп немесе өзге де тәсілдермен туындыны қайта жасау автордың өзіне туындыны басқа түрге, формаға немесе жанрға өңдеуге немесе басқа тұлғаларға өңдеуге рұқсат беруге мүмкіндік береді. Творчестволық өңдеу нәтижесінде құрылған туындыла авторлық құқықтың жаңа объектілері болып табылады. Бірақ оларды қолдану біртума туынды авторының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Әдеттегідей, автордың өңдеуге берген келісімі өңдеу нәтижесінде туындаған жаңа туындысын пайдалануға да берген келісімі болып саналады. Дегенмен автор өңдеуді қолдануға берген құқықты оны пайдаланудың алдын ала шарты ретінде қалдыра алады. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары жоғарғы қарастырылған құқықтық мүмкіндіктермен қатар олардың туындыларын пайдаланумен байланысты басқа да сабақтас құқықтарға ие болады.

  Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.  Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.      

1. Авторға  туындыны кез келген нысанда  және кез келген әдiспен пайдалануға  айрықша құқықтар берiледi.     

    2. Автор туындыны пайдалану кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына:     

1) туындыны  қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту  құқығы);     

2) туындының  түпнұсқасын немесе даналарын  кез келген әдiспен таратуына:  сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар жасауына (тарату құқығы);     

3) туындыны  көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке  көрсету құқығы);      4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы);     

5) жалпыға  бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге  немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы);     

6) туындыны  эфирге беруiне (радио және теледидар  арқылы тарату), оның iшiнде туындыны  кабель немесе спутниктiк байланыс  арқылы таратуына (эфирге хабарлау  құқығы);     

7) туындыны  аударуына (аудару құқығы);     

8) туындыны  қайтадан жасауына, аранжировкалауына  немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы);     

9) қала  құрылысы, сәулет, безендiру жобасын  iс жүзiне асыруына;     

10) заң  актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.     

     3. Туындыға түпнұсқасындағыдай объективтi  нысанда қайталап беру (туындыны  басып шығару, дыбыс немесе бейне  жазулар таралымы және т.б.) қайта  жаңғырту болып табылады.     

     4. Егер заңды түрде жарияланған  туындының даналары оларды сату  арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе,  онда Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде көзделген жағдайларды  қоспағанда, оларды одан әрi таратуға  автордың келiсiмiнсiз және авторлық  сыйақы төленбестен жол берiледi.     

      5. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен  сатылғандығына не оны сату  бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады.     

     6. Туындының (өнертабыстардың, өзге  де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық  және т.б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды

Информация о работе Авторлық құқық