Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

      Объектілердің тізімін кеңейтуден басқа, заң шығарушы оларды нақты бір жүйе бойынша тәртіппен орналастырған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңнің 971, 972 -баптарында, істің мән-жайы бойынша, құқықтардың көрініс табу әдіс-тәсілдерінің және алдын ала келісіп алудың дәрежесінің белгілері бойынша объектілердің топтамасы берілген.

   Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 971-бабына сәйкес:

      1. Авторлық құқық шығармашылық  қызмет нәтижесi болып табылатын  ғылым, әдебиет және өнер туындыларына  олардың бағытына, мазмұны мен  маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.

      2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып  шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ  халыққа таратылмаған туындыларға  қандай да бiр объективтi нысанда:

      1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);

      2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк  алдында орындау және т.б.);

      3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);

      4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);

      5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);

      6) өзге де нысандарда қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын, кейіпкерлердің атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

      4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды».

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Авторлық  құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусым №6-1 Заңының 6-бабында  бұл туралы айтылған.

  Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:       

      1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

    2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк  алдында орындаушылық және сол  сияқты);

    3) үнжазба  немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

    4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне  немесе  фотокадрлар және сол сияқты);

    5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат,  және сол сияқты);   6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.

      3. Заңның осы бабының 1-тармағында  аталған белгiлерi бар және  дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

      Авторлық  құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң  өздерiне қолданылмайды.

      Туындыға  деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену  құқығымен байланысты емес.

      Қандай  да болсын материалдық объектiге меншiк  құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды  қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды» делінген.

      Ал Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 972-бабына сәйкес, авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерiне мыналар жатады: 

      1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар  болып табылады:

      1) әдеби туындылар;

      2) драмалық және музыкалық-драмалық  туындылар; 

      3) сценарийлiк туындылар; 

      4) хореография және пантомима туындылары;

      5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық  туындылар; 

      6) аудио-бейне туындылар ;

      7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары  мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;

      8) қолданбалы өнер туындылары;

      9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ  өнерi туындылары;

      10) фотосурет туындылары және фотосуретке  ұқсас әдiстермен алынған туындылар; 

      11) географияға, топографияға және  басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;

      12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 

      13) өзге де туындылар. 

      2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды  қорғау кез келген тiлде және  кез келген нысанда көрсетiле  алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.

      3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:

      1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);

      2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа  да iрiктелу және (немесе) материалдардың  орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.

      Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негіз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектілері болу - болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.

      Авторлық  құқықтың аталған объектілерінің әрбіреуі көптеген түрлер бойынша - олардың нысаны, жанры, қолдану аясы бойынша саралануы  мүмкін. Мысалы, әдеби туындылар  көркем, ғылыми, оқу және тағы да сол  сияқты сипатта болуы мүмкін. Кейбір туындылар заңда алғаш рет тура көрсетіледі (мысалы, комикстер). Алайда барлық аталған және аталмаған түрлер, олар шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылғанда және белгілі бір объективті нысанда көрініс тапқанда ғана, авторлық құқықтың объектілері бола алады. Тек тәжірибелік маңызы бар және құқықтық қорғау ерекшелігіне байланысты ЭЕМ үшін бағдарламалар, интегралдық микросхемалардың  топологиясы қосымша түсініктемені қажет етеді [ 19; 223 б.].

     Сонымен қатар, туындыларды туынды (аудармалар, аннотациялар, рефераттар және т.б.) және құрамдас (энциклопедиялар, антологиялар және т.б.) деп бөлу заңды көрініс тапқан. Дербес өзінің туындыларын шығаратын авторлардың жеке қабілеттерінің қайталанбайтындығының нәтижесінде, авторлық құқықтың объектілері әрдайым нақты болып келеді. Оған қоса кейбір шығармашылық дербес туындылар басқалармен үйлесімді түрде байланысып, олардың жаңа сыртқы нысанын құрайды. Мұндай туындылар –туынды деп аталады. Оларға аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндемелер (резюме), қойылымдар, оранжировкалар және т.б.ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қайта өндеулері жатады.

     Туынды  туындылардан басқа авторлық құқықтың объектісіне, сондай-ақ жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар және т.б.) және материалдарды  жинау немесе орналастыру бойынша шығармашылық еңбектің нәтижесін көрсететін басқа да құрамдас туындылар жатады.

       Құрамдас туынды - материалдарды  iрiктеп алу және (немесе) орналастыру  бойынша шығармашылық қызметтiң  нәтижесiн бiлдiретiн туындылар  мен басқа да материалдардың  жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы). Одан басқа, бұлар, авторлық - құқықтық қорғаудың объектілерінің дербес түрлері, дербес туындылар және бұлар негізделген туындылар авторлық құқықтың объектілері болып табыла ма, әлде жоқ па, оған байланысты емес. Құрамдас туындылар авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын басқа мәліметтерден және материалдардан тұруы мүмкін.

        Авторлық құқықтың объектілері  болып табылмайтын  туындылар. Заң дәстүрлі түрде авторлық құқықтың  объектілері болып табылмайтын туындылардың шеңберін қарастырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 974-бабына сәйкес, оларға мыналар жатады:

      1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және  дипломатиялық сипаттағы өзге  де мәтiндер), сондай-ақ олардың  ресми аудармалары;

      2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер  (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша  белгiлерi және өзге де мемлекеттiк  рәмiздер мен белгiлер);

     3) халық шығармашылығының туындылары;

     4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар  мен фактiлер туралы хабарлар.

     Авторлық құқықтың обектілерін алдында қарағанда және берілген мәтінінен көріп отырғанымыздай, ең алдымен сөз ресми құжаттар төнірегінде қозғалып отыр. Болжамды тізімі мәтіннің бірінші бөлігінде берілген объектілер, ресми құжаттың барлық талаптарына сай болуға тиіс және оны қабылдаған орган туралы мәліметтермен қамтылуы тиіс. Құжатты қабылдау актісінің өзі берілген органның құзыретіне сәйкес болуы қажет. Бұл шарттар орындалмағанша дейін, сөзді құжаттар туралы емес, авторлық құқықты қорғайтын, олардың жобалары туралы қозғауға болады. Заңнамада қандай аудармаларды ресми деп санауға болатын түсінік қамтылмаған. Біздің ойымызша, ресми аударма деп берілген құжатты қабылдаған органмен жүзеге асырылған немесе дұрыстығы мемлекеттік нотариуспен расталған аударма танылады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарға қоса мынаны ескеру қажет: заңдарды, сот шешімдерін, әкімшілік және т.с.с. актілерді жүйелендіру бойынша шығармашылық еңбек авторлық құқықты қамтиды. Сондықтан туынды және құрамдас туындылар, олар авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын туындыларға негізделсе де, авторлық қорғалады [20; 56 б.].

      Жалауларға, елтаңбаларға, ордендерге, ақша белгілеріне  авторлық құқықтың қолданылмауы толығымен  түсінікті - өзінің мәні бойынша бұл  заттар мемлекеттік ықпалға ие және барлық халыққа тиесілі болуға тиіс, сондай-ақ белгілеу немесе еңгізу туралы заңды актіде арнайы бекітілген тәртіппен пайдалануға жатады. Яғни жоғарыда аталған заңды немесе ақша белгілерін пайдалану мүмкіндігін, олардың жобасын жазған немесе эскизін салған тұлғалардың қарауына байланысты қоюға болмайды. Сондықтан «заңның, елтаңбаның, жалаудың авторы» деген сөзді пайдалануды, авторлық құқықтық мағынада емес, тікелей тұрмыстық мағынада түсіну қажет [21; 650 б.].

      Сонымен қатар, «Өзге мемлекеттік рәміздер мен белгілер» деген анықтама түсініктемені қажет етеді. Бұл жерде сөз жоғарғы лауазымды тұлғалардың штандарттары (мысалы, ҚР Президентінің штандарты), ресми таңбалар, бақылау және қадағалау органдарының белгілері (әртүрлі инспекциялардың, кеден органдарының, мемлекеттік авиакомпаниялардың және т.б. мемлекеттік стандарты және сертификаттары) туралы болып отыр.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің  975-бабына сәйкес, ресми құжаттардың, мемлекеттік рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады.

      Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы.

      Жобаны, жасаушының келiсiмiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.

      Ресми құжаттарды, мемлекеттік рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттік рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.

      Құзыретті орган жобаны қабылдағаннан кейін ол әзірлеушінің есімі көрсетілмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкін.

      Авторлық - құқықтық қорғауды халық шығармашылығының туындыларына ұсынбау да толығымен  түсінікті. Біріншіден, мұндай шығармашылықтың  субъектісін анықтау мүмкін емес, екіншіден, қазіргі туындылардың авторларына  халық шығармашылығының оң әсерін шектеуге болмайды, керісінше оны жан-жақты қолдау керек.  Ресми құжаттар, рәміздер және белгілер де (ҚР АК-нің 975-бабы) авторлық құқықтың мүлдем жаңа объектілері болып табылады және сондықтан объектілердің жалпы тізімінен шығарылып, жеке дербес баптармен реттеледі [22; 255 б.].

Информация о работе Авторлық құқық