Авторлық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7


1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12

Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22


2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43

2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29

2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34

Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43


3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57

3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50

3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы

бойынша қорғау.....................................................................................50-57


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64

Файлы: 1 файл

авторское послед.doc

— 426.00 Кб (Скачать файл)

     Автордың  құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау қағидасы тек авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін  бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың  қорғауын қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған [4; 120-216 б.б.].

     Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі.

     Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен  туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары  болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды[ 5;56 б.].

     Авторлық  құқық туралы заңнама.

     Ғылыми  және көркем туындылар аясындағы  қарым –қатынастар  жиынтығы авторлық құқық туралы заңнаманы құрайтын әртүрлі нормативтік актілермен  реттеледі. Ол нақты бір бірлікпен  сипатталады. Бұл бірлік барлық заң  актілерінің  міндеттері мен жалпы бағыттылығында, сондай-ақ онымен реттелетін қарым-қатынастар аясында және авторлық құқықты  қорғау әдіс-тәсілдерінде көрініс табады. Авторлық құқық туралы заңнама-азаматтық заңнаманың құрамдас бөлігі. Азаматтық заңнаманың негізі мен азаматтық кодексте авторлық құқық өзі дербес жеке тарау болып  қарастырылса да, онымен реттелетін қарым-қатынастарға бұл заңдардың басқа нормалары да қолданылады және жалпы нормалары ғана емес (мысалы, авторлық құқыққа ие бола алатын азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы), сонымен қатар бірқатар арнайы нормалар (мысалы, автордың кейбір құқылығын мұра бойынша ауысу кезіндегі мұрагерлік туралы, авторлық шарттарды жасасу және орындау  кезіндегі шарттар  туралы, авторлардың  мүліктік  құқықтарын қорғау кезіндегі шығындардың орнын  толтыру және т.б.) [6; 112-116 б.б.].

     Авторлық  құқықтың  нормалары  республикалық  маңызы  бар  әртүрлі  заңды  және  нормативті актілерде  көрініс  табады.  Азаматтық заңнаманың  негізі    барлық  республикаларда  біркелкі  шешімді  талап  ететін  сұрақтар   бойынша  қағидалық  ережелерді  бекітеді.  «Авторлық  құқық»  негіздері  бөлімі  авторлық  құқықтың  объектілері  ретінде  туындылардың  қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем  шығармашылығы  субъектілерінің  құқықтарын,  ғылыми  және  көркем  шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын,  авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік  авторлық  құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу  қажеттілігімен  анықталған. Авторлық істер бойынша  дауларды шешу  кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО  Жоғарғы Сот Пленумының «Авторлық  құқық қатынастардан  туындайтын дауларды шешу кезінде  соттардың заңнаманы  қолдану»  басшылық  етуші  қаулысы  қолданылады.

     Бұрынғы КСРО-ң  басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы  да  авторлық  құқықтарды  қорғаудың  халықаралық  жүйесіне  қатысады. Бұл КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим  қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың  болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.

     Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар  тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде  шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.      

     Конвенцияға қатысушы мемлекеттің  аумағында  туындылары алғаш рет жарық көрген, Конвенцияға қатыспайтын мемлекеттің  азаматтарының  авторлық құқығы да қорғалады. Жалпы әлемдік  конвенция азаматтығы жоқ тұлғалардың авторлық құқықтарына  қолданылады, себебі әрбір қатысушы мемлекет ішкі заңнамамен өзінің азаматтарының  секілді, осы мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып жатқан барлық тұлғалар да авторлық құқығын  қорғау құқығына иеленеді. Сонымен қатар Жалпы әлемдік конвенция авторлық құқықтарды қорғауды ұсынудың шарттарына назар аударады: бірінші басылымнан  бастап туындының барлық даналарына авторлық құқық иеленушінің атын, жарыққа алғаш рет шығу жылын арнайы белгілеу; арнайы процессуалдық  талаптар, қорғау мерзімінің  ұзақтығы және т.б.

     Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың  және хабар таратушы ұйымдарының  мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим  конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.

      Авторлық  құқық өзіндік ерекшелігі бар  сала ретінде  шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. «Авторлық құқық материалдық зат ретінде  әдеби жазба мен  бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды» [7; 40 б.].

      Барлық  интеллектуалдық әрекеттің негізінде  авторлық жатыр. Ол туындыны шығару кезінде  шығармашылық еңбекті көрсетеді.

      Шығармашылық  барлық ғылым  саласында, әдебиетте  және өнерде қоғамның ілгері  жылжу  күші болып табылады. Ғылымның, әдебиеттің және өнердің  дамуы халықаралық өзіндік түсінушілікке жақсы ықпал етеді. Сондықтан авторлық құқық саласы мемлекеттер арасында жаңа қатынастардың пайда болуына негіз болады.

      Авторлық  құқық әдебиет, өнер, ғылыми туындылардың авторлары мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейді. В.А.Дозорцев айтқандай: «Шығарма жасауға байланысты әрекеттер идеологияны қалыптастыруға, адамды тәрбиелеуге бағытталған» [8; 28б.].

      Рыноктың  экономикаға өтуі  авторлық құқыққа  да өз әсерін тигізді. Егер марксистік теория барлық ғылым негізінде соның ішінде азаматтық құқық негізінде болып «құқықтың  проприетарлы құрылымын шығармашылық нәтижеге бөлуге болмайтын болса, рыноктық экономикадағы заңдар интеллектуалдық меншікті қорғайды.

      Авторлық  құқық  авторлар және аудио, видео, кітап  өнімдерін шығарушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, туындыларды орындаушылар, автор шығармасының өнімдерін таратушылар арасындағы қатынастарды  реттейді. Осыған орай  авторлық құқық кітап, аудио, видео өнімдерін шығарушылар, өсы өнімдерді таратушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының да мүдделерін қорғайды. Қазақтан өз тәуелсіздігін алғанға байланысты оның құқықтық өмірінде түрлі өзгерістер болды. Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай жасалып жатыр. Республиканың әдебиет және бейнелеу өнімдерін қорғау туралы 1986 жылғы Берн конвенциясына  фонограмма өнімдерін  шығарушыларды осы өнімдерді заңсыз қайта шығарушылардан қорғау конвенциясына қосылу, оның шығармашылық қауымдастықтан өзіне лайықты орнын алуға ұмтылуын көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы және интеллектуалдық меншіктің  халықаралық ұйымы арасында шартқа қол қойылды. Негізгі халықаралық конвенцияларға қосылу және интелектуалдық меншіктің халықаралық ұйымымен шартқа қол қою, біздің мемлекетімізге халықаралық қауымдастықтағы авторлық құқық саласында үлкен мүмкіндіктер туғызады. Мемлекетіміз өз авторларымызды олардың туындыларын шет елдерде қолданған уақытта қорғау мүмкіндігін алды. Осыған қоса Қазақстан шет ел авторларының туындылары елімізде қолданылғанда, оларды қорғау міндетін өз мойнына алды. Жуық арада республикамыздың дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына  енуі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты бағыты.

      Дүниежүзілік  сауда ұйымына кірудегі басты  талаптардың бірі  авторлық құқықты  қорғау және тиісінше бұзылған авторлық құқықты қорғау. Осы экономикалық саяси және құқықтық жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымы ережесіне сай 140-қа жуық мемлекет сауда-саттық қарым-қатынастарына түсіп отырғандықтан, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен талаптарды бұлжытпай орындауы міндет.

      Қазіргі таңда Республика Парламентінің жоғарғы палатасында Үкімет ұсынған  «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интелектуальной собственности» заң жобасы талқылануда.

      Заң жобасын талқылау интелектуалдық меншікке байланысты заң шегіндегі авторлық құқық заңы дүниежүзілік конвенцияға сәйкескендірілгелі жатқандығын көрсетеді.

      Бірақ, менің ойымша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына кіруіне  байланысты мәселе шешіліп жатқанда,интеллектуалдық  меншікке байланысты сұрақтарды реттейтін қылмыстық, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары түпкілікті және нақты зерттелуі тиіс.

      Жекелей келгенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінде интеллектуалдық меншік аясында құқық бұзушылық  жасауға  байланысты  қарастырылатын  жаза нормаларын  бөлек бөлімге біріктіру. Себебі интеллектуалдық меншік шығарма авторының  меншігі. 

        Бұл  бөлімге  мемлекет өміріндегі  түрлі салаларда қолданылатын  туындылар авторларының  құқығын  бұзуға  байланысты көзделген  жазаларды реттейтін  нормалар енуі  керек. Жекелей Қылмыстық Кодекстегі интеллектуалдық меншікке қарсы жасалған  қылмысқа байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 184-бабы -  көрінеу жалған жарнама беру Қылмыстық Кодекстің 198-бабы - тауарлық белгіні заңсыз пайдалану,199 – бабы - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату ҚР ҚК-нің 227-бабы. Осы баптардың барлығы бір бөлімге  біріктіру нормаларды бірыңғай түсіндіруге және интеллектуалдық меншік аясындағы  құқық бұзушылықты бірыңғай саралауға мүмкіндік туғызады және интелектуалдық меншікті қорғау деңгейін көтереді.

      Тауарлық  белгі  интеллектуалдық  меншіктің  объектісі болғандықтан  Қылмыстық  Кодекстің 199-бабына өзгерістер енгізіп, оны Қылмыстық Кодекстің 184-бабына сәйкестендіру керек.

      Тәжірибеде  ірі залал  болғандығын дәлелдеу қиын  болғандықтан ірі залал  орнына ірі мөлшерде деп көрсету  керек.

      Залал мөлшеріне байланысты сұрақты шешу өте қиын. Себебі интеллектуалдық  меншік  объектілері  материалдық  негізбен  қоса материалдық емес негізде де болады.

     1.2 Авторлық құқықтың пайда болу тарихы

 
 

     Әдебиет пен өнер бұрынғы заманнан бері танымал, ал авторлық құқықтың тарихы 200 жылдан сәл көп уақытты қамтуда.

      Қазіргі авторлық құқықты  құрайтын кейбір ойлар, сонау бұрынғы заманнан келді. Ең алдымен бұл туынды мен оның авторының арасындағы байланыс туралы көзқарасқа байланысты. Бөтен біреудің туындысын алып пайдалану сонау ерте заманның өзінде моральдық тұрғыдан қате деп саналды, ал туындыны бұрмалау антикалық Греция мен Римде, ал одан бұрын Индияда да қоғамдық пікір мен сөгіске ие болды. Өз заманында Грецияда мынадай ереже болды: маңызды оқиғалардың қол жазбасы,пьесаның қойылымы шын мәнінде мәтінін өзіне сай келе ме,әлде жоқ па, міне соны қадағалау үшін арнайы архивке сақталуға берілді.

      Ғасырлар  өте келе  мәтіннің бұрмалануына қатысты шағымдар көптеп жасалынды. Мысалы, Мартин Лютер өзінің туындысын  кеңінен бірнеше мәрте қайта  басылымына қатысты әбден назары болды.Ол: “Егер менің кітаптарымды жаман, нашар ұстаса, оның залалына әлде болса шыдауға болар еді. Бірақ енді олардың менің кітабымды басым, асығыстық танытқандары соншалықты мен өзім артынан осы кітаптарды оқығанда, мен оларды танымаймын...Қарапайым адамды оның атының көмегімен алдау- бұл алаяқтық” [9; 345 б.].

      Лютер өзінің наразылығын ең алдымен бұрмаланған басылымға бағыттады, оның сөздерінде, ол мұндай корректурамен келіспейтіндігі байқалады. Мұндай көзқарас салыстырып қарағанда ол кездегі жаңа көзқарас болып саналды және біз бұдан Лютердің  заманында, автор қайта басуды және басқа да жариялымның нысанын бақылау құқығын иемденуге, демек, оның туындысын пайдаланудан түсетін пайданы алу мүмкіндігін иемденуге тиіс деген ойды кездестіреміз.

      Бұл көшіру (кітап басу, ағаш пен мыста  ойып басу) техникасының саласындағы  өзгерістермен тұспа-тұс келді.Көшірудің жаңа мүмкіндіктері жаңа заң шығаруға міндеттеді. Ол заңды жаңа авторлық құқықтың алғы шарт деп санауға болады, басымшылармен немесе басып шығарушылармен ұсынылған нақты бір туындыларды басу үшін арнайы артықшылықтар енгізілді.

Информация о работе Авторлық құқық