Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12
Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29
2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34
Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43
3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57
3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау.....................................................................................50-57
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64
Авторлық
құқық әрқашанда техникалық прогресспен
үзіліссіз байланыста болды. Өткен
кезеңде де жаңа техникалық жетістіктер
авторлық заңға өзгерістердің
Алғашқы алғышарттар 1400 жылы Venedig-де
мәлім болды және содан бұл
жүйе барлық Европада тез
Алғышарттар туралы ереже
Сонымен, заңнама негізінде
Бұл бастама Англияда қаланды, ондағы қабылданған авторлық құқыққа қатысты 1-құжатты, авторлық құқық саласындағы қабылданған алғашқы заң деуге болады. Ол 1709 жылы Аннаның мәртебесін қабылдаумен бірге жүзеге асырылды. Сол кезде авторларға өзінің туындысын 14 жылға құқықтық қорғау құқығы берілді, ал ол қайтыс болмаған жағдайда тағы да 14 жылға ұзартылды. Туындыны шығару және қайта шығару монопольдық басылған кітаптың 9 данасы тіркеліп, университеттер мен кітапханаларға таратылды.
АҚШ-та тұңғыш штаттардың авторлық құқық туралы заңдары француз және американ революциясына дейін пайда болды. Олар сол заңда көрсетілгендей «меншіктің ең қасиетті түрін» қорғады. 1789 ж. 17 наурыздағы заңда «адамға өзінің ақылының еңбегінің нәтижесінен артық тиесілі меншік жоқ» деп көрсетілді.
1762 ж. Испанияда кітап басу
құқығы «тек қана оның
Францияда 1791 және 1793 жылдарда өнер жазушылары мен қызметкерлерін құқықтық қорғау туралы заңнама қалыптасты және 1957 жылға дейін қолданыста болды да көп уақыт бойы көптеген елдерге үлгі болды. Бұл заңнама сол кездегі әдеттік- құқықтық көзқарастардың әсерімен қабылданды. Бұл көзқарастарға сәйкес, автордың өзінің туындысына деген құқығы рухани шығармашылық туындысына жеке меншік құқығы ретінде қарастырылды және оны материалдық құндылықтарға жеке меншік құқығы секілді жоғары дәрежеде тануға тура келетін.
Өнер қызметкерлері мен жазушылардың құқығы заңнамада бекітілгеннен кейін, олардың әрдайым даму және кеңею кезеңі (19 ғасыр мен 20-ғасырдың басы) басталды. Туындылардың көптеген түрлері құқықтық қорғауға алынып,қорғаудың өзі туындыларды пайдаланудың көптеген әдіс-тәсілдеріне қарсы бағытталды. Құқықтық қорғау мерзімі автор қайтыс болғаннан кейін 50 жылға дейін көбейді. Бүгінгі таңда авторлық құқықты қорғаудың анағұрлыл жиі кездесетін мерзімі және авторлық құқық бойынша көптеген заңнамалар, басқалармен қатар ерекше жағдай ретінде “droit moral” қорғауын иеленеді (Кеңес авторлық құқығында мүліктік емес жеке құқық түсінігіне жақын түсінік) [11; 36 б.].
Ақырында 1886 жылы авторлық құқықты қорғаудың халықаралық жүйесін және алғашқы көп жақты Берн конвенциясын дайындау үшін алғышарттар құрыла бастады.
Ресейде авторлық құқықтың дамуы. Міне бірнеше ғасырлардан бері өркениетті әлемнің назары авторлық құқық мәселелеріне аударылған. Ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде мүмкін болатын қолсұғушылықтың анағұрлым қиындатылған жаңа нысандарынан интеллектуалдық меншікті қорғауға жұмылдырылған, тиісті заңнамаға өзгертулер еңгізу қажеттілігіне байланысты, оларға деген қызығушылық артпаса, кемімейді [ 12; 15 б.].
Ресейде
авторлық құқықтың құрылуы және дамуы
Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың
авторлық құқық тарихымен салыстырғанда
өзіндік ерекшелігімен
Ресейдегі авторлық құқықтың маңызды ерекшелігі болып, айтарлықтай ерте пайда болған цензуралық заңнамамен тығыз байланысы танылды және Ресейдегі бірінші авторлық заң, цензура туралы заңнаманың аясында пайда болды. 1828 жылы 22 сәуірде бекітілген жаңа цензуралық жарғы «жазушылар және шығарушылар туралы» деп аталатын арнайы бөлімді қамтыды. Бес баптан тұратын бөлім, цензуралық жарғыға қосымша болып келген. Жазушылардың құқығы туралы жан–жақты ережемен толықтырылды. Тек әдеби туындыларға қатысты берілген заң бойынша, кітапты жазушы немесе аударушы, өмір бойы өз туындысын пайдалану және игілігіне алынған мүлік ретінде өзінің көзқарасы бойынша оны сату құқығына ие болды. Бірақ авторлық құқықты қорғау, цензуралық ережелерді сақтауға байланысты болды, себебі «кітапты басып шығарушы тұлға цензуралық жарғының ережелерін сақтамаса барлық құқықтардан арттырылды»[13;63 б.].
Әлемдік құқық тарихында авторлар мен басылымдарды қорғау туралы алғашқы заңды акт 1710 жылы Ұлыбританияда пайда болды.
Ресейде де бұрынғы жағдай өзгеріп жатты. 1897 жылы Мемлекеттік кеңес жаңа заңды дайындауға тез арада кірісуге шешім қабылдады. Алайда оны қабылдау үшін он үш жылдан астам уақыт қажет болды. 1911 жылы 20 наурызда ол «Авторлық құқық туралы ереже» деп аталды және бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған принцип бойынша құрастырылды. Ол сол кездегі батыс еуропалық заңнамаларының ең жақсы үлгілері негізінде әзірленсе де, онда ресейлік авторлық құқыққа тән, авторлық құқықты қорғаудың анағұрлым төмен деңгейі көрініс тапты. Бірақ 1971 жылғы төңкерістен кейін бұл заң алынып тасталды. Ал қарастырылып отырған саладағы бірінші кеңес заңы болып, 1917 жылы 29 қазанда ОАК-ның «Мемелекеттік басылым туралы» (басылымға жататын шығармаға бес жылдан аспайтын мерзімге мемлекеттік монополия жариялауға рұқсат енгізілді) декреті табылды.
Авторлық құқықтарды қорғауды біртіндеп қалпына келтіру және кеңейту кезеңінен (әскери коммунизмнен бастап) өткеннен кейін, тиісті заңнама өзінің орнын 60-жылдардың басында КСРО және одақтық республикалардың азаматтық заңнамасының негіздерінде дербес жеке бөлім ретінде тапты.
Жоғарыда
аталған тарихи кезеңдерден бастап
бүінгі күнге дейін, авторлық құқық
саласында заңнамалардың
Сонымен, Ресей, КСРО-ның бұрынғы құқық иеленушісі ретінде, 1952 жылғы авторлық құқық туралы Жалпыәлемдік конвенцияның нормаларымен байланысты (КСРО оған Конвенцияның мәтінін қайта қарау туралы Париж хаттамасына қол қоймай, 27 мамыр 1973 жылы қосылды ). 3 қараша 1994 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысымен әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясына (1971 жылғы редакцияда), авторлық құқық туралы жалпы әлемдік конвенцияға (1971 жылғы редакцияда) және 9 қыркүйек 1986 жылғы фонограмма шығарушылардың мүдделерін қорғау туралы конвенцияның қосымша бірінші және екінші хаттамаларына қосылды, дегенмен 18 мамыр 1964 жылғы орындаушылардың құқықтарын қорғау туралы Рим конвенциясына қосылған жоқ.
Ал енді біздің елде авторлық құқық қалай және қашан пайда болды деген сұраққа тоқталып кетсек.
Қазіргі Қазақстан
Тұңғыш рет Қазақстанда
Қазақстан
Республикасының «Авторлық
«Әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Берн конвенциясына қосылу туралы» Заңы 1998 жылы 10 қарашада қабылданды.
«Автор» терминін анықтағанда
және түсіндіргенде әртүрлі
Аталған жағдайдың айқындығы сонда, тіпті кейбір ұлттық заңдарда бұл туралы аталмайды да.
Авторлық құқықтың субьектісі шығарманың авторы болып табылады. Творчестволық еңбекпен шығарманы тудырған тұлға автор болып танылады. Шығарманы тудырушы жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілігіне қарамастан кез келген жеке тұлға бола алады. Қол жеткен шығармашылық нәтиже обьективті формаға айналған кезден, оны басқа адамдардың қабылдауы қамтамасыз етілген сәттен бастап туынды иесінде бірден авторлық құқық пайда болады [14; 26-34 б.б.].
Азаматтың авторлық құқық иегері болу мүмкіндігі азаматтың құқық қабілеттілік мазмұнына кіреді, ал соңғысы адамның, жасына да, денсаулық жағдайына да байланысты емес.
Авторға олардың шығармалары қоғамның пайдаланғаны үшін сыйақы есебінен өмір сүруге рұқсат беретін қолдау жүйесі, оларға өздерін шығармашылық қызметке арнауға мүмкіндік береді. Олардың шығармаларын қоғамның лайықты тануы, авторға творчестволық қабілетінің дамуы үшін толығымен жинақталуға мүмкіндік береді. Авторлық құқықты қорғаусыз оларға барлық қоғам жеңіске жететін өздерін жұмысқа арнау үшін қажетті стимулдар болмас еді. Баспалар және басқа да шығарманы таратушыда басып шығаруда, таратуда және шығарманы сатуда талап етілетін коммерциялық тәуекел мен қарды салымдары үшін компенсацияны қажетсінеді.
Авторлық құқық, осылайша, жаңа білім іздестіру үшін қуатты стимул мен ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Әлемдік Сауда ұйымының толық құқықты мүшесі болуға ынталы. ӘСҰ-на кірудің маңызды шарттарының бірі-TRIPS нормаларын- халықаралық сауда аспектісі бойынша интеллектуалдық меншікке құқық келісімін сақтау.
Сонымен қатар, осы міндетті орындау үшін іс-шаралар тізімін қабылдау туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 19 ақпандағы № 211-ші «Қазақстан Республикасының жалпы әлемдік сауда ұйымына кіру туралы» қаулысы қабылданды.
Бір
қарағанда интеллектуалдық
Интеллектуалдық
меншік объектілеріне құқықты қорғау
үшін мақсатқа бағытталу мен тер
төгіп жұмыс жасау міндеті
алда тұр.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 973-бабына сәйкес, авторлық қатынастар осы Азаматтық заңмен және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы өзге де заң актілерімен, ал оларда көзделген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі [15;973-бап.].
Сонымен қатар, реттелетін мәселелердің өзіне келер болсақ, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусым № 6-1 Заңының 1-бабында: «Осы Заң санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді» делінген.
Сонымен қатар, авторлық құқық қатынастарын құқықтық реттеуде жоғарыда аталған заңдармен қатар, бірнеше халықаралық конвенциялар үлкен маңызға ие.
1952 жылғы 6-қыркүйекте Женевада қабылданған Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, әдебиет, ғылым және өнердің дамуына ықпал жасау – халықаралық өзара түсіністікке игі әсерін тигізетіндігі қадап айтылған. КСРО аталмыш конвенцияға тек 1973 жылы ғана қосылған болатын. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін, Одақтың құқықты мұрагерлерінің бірі ретінде аталған конвенцияның мүшесі болып қалды.