Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 16:47, курсовая работа
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
КІРІСПЕ...............................................................................................................4-7
1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ.....................................................................................................8-22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары................................... 8-12
Авторлық құқықтың пайда болу тарихы............................................13-17
Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі...................................18-22
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар.............................................................................................23-29
2.2 Авторлық құқықтың субъектілері......................................................29-34
Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары..................34-43
3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ..................................44-57
3.1 Жалпы ережелер.....................................................................................44-50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау.....................................................................................50-57
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................58-62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................63-64
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 АВТОРЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ
1.1
Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары....................
2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ....23-43
2.1 Авторлық
құқықтың объектілері және
2.2
Авторлық құқықтың
3 АВТОРЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ......
3.1 Жалпы ережелер................
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Біздің
елімізде шығармашылық жұмыстармен
айналысуға толықтай кепілдік берілген.
Ол Қазақстан Республикасының
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша «заң кері күшіне ие бола алмайды» деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды құқықтың жеке салаларына қалдырылды.
Бұл
оларды реттеу әдісі мен және
пәнінің ерекшеліктеріне
Батыс елдерінде авторлық құқық немесе ИМ (интеллектуалдық меншік) кеңістігі мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлінетін аймақ болып табылады. Бұл өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде дамыған елдерге әлемдік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
ИМ (интеллектуалдық меншік) ұлттық байлықты жинақтаушы және экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде көп мағынаға ие болып келеді. Мысалы, интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымының зерттеуі бойынша Америка Құрама Штатында авторлық құқыққа негізделген ұлттық интеллектуалдық индустрияның үлесі 12%-ға жетеді. Ақшалай баламаға аударғанда 500млрд. долларды құрайды, бұл американдық киімдерді, көлік құралдарын, компьютерлерді және ұшақтарды экспорттаудың жалпы көлемінен де асады.
Өз елімізге келсек, Интеллектуалдық меншік біртіндеп бағалы және толықтырылатын қор ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып келеді, болашақта бұл біздің республикамыздың азаматтарының әл-ауқат деңгейін анықтайтын болады. Осыған байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев интеллектуалдық меншік құқықтары мен қорғаулы саудалық маркалы тауарларды өндіруге қолайлы жағдайлар жасау еліміздің экономикалық дамуын қысқартуға басымдылықтың бірі болып табылады деп әлденеше рет жариялаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
ЕО (Еуропалық Одақ) саудасының бас директораты өз өкілдерімен, жеке компаниялармен және Қазақстанда жұмыс істейтін авторлық құқық қорғау жөніндегі қоғамдастықтармен сұхбат жүргізіп біздің елімізде интеллектуалдық меншікке құқыбұзушылық тең таралған тәжірибе деген қорытындыға келді. Елімізде шетел құқық иеленушілеріне ең ауыр тиеді,себебі оларға өздерінің құқықтарын дәлелдеу күрделірек, әсіресе егер олардың авторлық құқытары шетелде тіркелген жағдайда. Қазақстанда өкіметтерге сыбайлас жемқорлыққа және пираттыққа қарсы күресу қорлардың және қажетті тәжірибенің жетіспеуінен қиындыққа соқтырады.
Халықаралық тәжірибенің көрсетуінше әр мемлекеттің міндеті бұл – авторлардың құқықтарын бұзуға қарсы тиімді құқық қолдану жүйесін енгізу болып табылады. Бұл құқық иеленушілерге өз құқықтарын кесіп өтуге және шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік және сот органдары иелердің ерекше құқықтарының заңды талаптарының кез – келген уақытта қостау керек [3;87б.].
Қазақстанда Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау келесі заңды актілермен: Азаматтық кодекспен, “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы” заңмен, “Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарларды шығару орнының аты”, “ Селекциондық табыстарды қорғау туралы”, “Интегралдық микросұлбалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы”, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен реттеледі.
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуде сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексті қабылдау маңызды кезең болып табылады. Олар Интеллектуалдық меншік құқықтарымен байланысты қылмыстар және құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сонымен қатар, республикамызда “ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйені дамыту және құрастыру жөніндегі 2005-2015 ж.ж. программа” қабылданды.
Әлемдік
сарапшылардың көпшілігі
Еліміздің де жағдайы осындай, әлемдік мұхитқа тура шыға алмайтын елде әрине пираттар көп болады. Ғаламтор желісін пайдаланатын әр отандық қолданушы еш қиындықсыз тек қазақстандық желі сигментінде кедергісіз ресми емес аудио көз мөлшерілік континентімен өлшеп табуға болады.
Бұл жұмыс авторлық құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық құқықтың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, оның пайда болу тарихын зерттеу, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру, авторлық құқықты қорғау механизмін зерттеу.
Осы
дипломдық жұмысымда мен ҚР Конституциясын,
ҚР Азаматтық Кодексін, Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы заңды
және өзге де заңдарды, сонымен қатар
М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин, В.А. Дозорцев,
Н. В. Макагонова, О.А. Дворянкин, А. Корчагин,
Б. Бейнфест, Л. Подшибихин, В.И. Жуков, А.
Н. Долженко, В.Б. Резников, Н.Н. Хохлока,
Э.П. Гаврилов,Е.Н. Суханова, В.Я. Ионас,
А. Такоп, В.Л. Чертков, И.А.Зенин,Т.Е.Каудыров
және өзге де ғалымдардың еңбектерін пайдаландым.
Авторлық құқық - азаматтық құқық институттарының бірі болып табылады. Онымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау, ғылыми және көркем туындыларын шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдер арқылы қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық құқық - бұл әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар.
Авторлық құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға, өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Автордың жеке мүддесін барлық қоғамның мүддесімен сәйкес келу қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайдалануға жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделіп отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындыны шығару үшін пайдалануға болады.
Туындыны шығаруға және пайдалануға автордың моральдық және материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.