Ағылшын тіліндегі зат есімді сөзтіркестердің қазақ тіліне аударылу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 15:20, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап шетел тілдерінің мәртебесі жоғарылады. Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында гамматика табиғатында, әсіресе, оның синтаксис саласында анық байқалатын өзгерістерді көрсету үлкен мәнге ие болып отыр. Сөздер өзара тіркесіп, сөйлем құрамына ену арқылы өзінің толқынды қызметің өтейді, яғыни адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет етеді. Сөздердің өзара тіркесу қабілетің әдеби тілдің дамуынан, тілдік факторлардың әсеріне өзгіріп, жаңа мәнге ие болып отырады. Мұндай өзгерістер зат есімдердің сөз тіркестердің тіркесу қабілетінен де анық байқалады.

Содержание работы

Кіріспе

I тарау Аудама мәселесінің теориялық және практикалық негіздері
1.2. Аударма барысында ұсынатын негізгі принцептері:
1.2.1. аудармадағы эвиваленттілік мәселесі
1.2.2. Трансформациялық әдіс



II тарау Ағылшын тіліндегі зат есімді тіркестердің қазақ тіліне берілуі
2.1 . Сын есіді тіркестердің зерттелуі
2.2. Қазақ тіліндегі сын есімді сөз тіркестерді сипаттау
2.3. Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімді тіркестердің аударылу
жолдары



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пайдаланған дерек көздер тізімі

Файлы: 1 файл

зат есім дайын.docx

— 142.66 Кб (Скачать файл)

Аударма теориясы екі тілді жүйелі түрде салыстыруды көздейді. Аударма үшін бір тілдің құралдары арқылы бейнеленген мазмұнды басқа тілдің құралдары арқылы баламалы етіп беру негізгі мақсат екеніне орай, тілдік бірліктерді салыстыру олардың мазмұн ортақтығы, осы бірліктердің семантикалық, мағыналық ортақтығы негізінде жүргізілді. Аударма теориясы үшін салыстырылатын бірліктердің бір ғана тілдік деңгейге, мысалы, лексикалық, грамматикалық және т.с.с, жатуы тіпті міндетті емес.

Аударма барысында салыстырылған тілдердің бірінде грамматикалық тұрғыдан бейнеленген мағыналар басқа тілде лексикалық және басқа құралдардың көмегімен бейнеленуі мүмкін екендігі жиі болады. Басқаша айтқанда, аударма теориясы үшін онда бейнеленген мазмұнның бірлігі ғана мәнді болып табылады.

Аударманың түп негізіне тілдік опиратциялар, яғыни екі тілдік жүйені салыстыру ісі жатыр. Сондай-ақ аударма мәтіні тек тілдік деңгейде алмастыруы ғана емес, мәтіннің «жоғары» деңгейде құрылу әдісіне өтуді талап етеді.

Өзгертулер аудармашының түпнұсқаны өзгерту қалауынан емес, оны толықтай қамтып, мүмкіндігінше дәл беру қажеттілігінен туындайды.Сондықтан түпнұсқаға адалдық аудармашының еркіндігімен бірдей болуы тиіс. Абсолютті аударма ұғымы жоқ болғандықтан да, түпнұсқаның жоғалған элементтерін аударма орнын толтыру әдісі орын алады.

Көркем мәселелері жөнінде жазған көптеген тілтанушылар аудармашылық мәселелерді әдебиеттанушылық тұрғыдан түсідіру қағидаларын қабылдай отырып, әуел бастан-ақ аудармаға тек лингвистикалық көзқарасты ғана ұсынады. Барабарлық (адекваттылық), баламалық (эквиваленттілік), дәлділік, толыққандылық – аударманың ең маңызды, басымдылық ие категориялары. Өз кезегінде аударманың көп аспектілері болуы ударманың дәлдігі секілді бірқатар мәселелерді туындатады. Бұл мәселеге жауап қысқа да, нұсқа түрде «эвиваленттілік» және «адекваттылық» деген екі ұғымның аясындағы аудармаға қойылатын талаптармен тікелей байланысты.

Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады.Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім ҚұдайбердіұлыЛ.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын

монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. [Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет.]

В.Н.Комиссаров аударма процесі жүретін ртүрлі жағдайлардағы эвиваленттілік түрлерін зерттей келе, эквиваленттілік түпнұсқа тілі мәтіні және аударма тілі мәтіннің мазмұнның барлық деңгейлерінің ең жоғары дәрежедегі парапарлығын білдіреді. Алдыңғы қатарға эквиваленттіліктің мазмұны жағынан деңгейлік табиғаты жайлы тұжырым шығады. Автор бұл құбылысты мынадай бес деңгей бойынша қарастыруды ұсынады:

1) тілдік  белгілер деңгейі

2) сөйленіс  деңгейі

3) хабарлама  деңгейі

4) жағдайатты  суреттеу деңгейі

5) коммуникация  мақсаты деңгей»

Эквиваленттіліктің әрбір деңгейінің ерекшелігі – аударма кезінде алдыңғы деңгейде жоғалған түпнұсқа мазмұнның бөлігін кейінгіде сақтау, сәйкесінше, аударма берілетін эквиваленттіліктің әрбіртүрінде алдыңғғы деңгейде сақталған түпнұсқа мазмұнның бөліктері де бірге сақталып отырады. Эквиваленттілікке жетудің міндетті шарты ретінде түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі мәтіндер бір-біріне коммуникациялық теңбе-теңдікте болуын қамтамасыз ететіндей сөйленістің негізгі үстем қызметін сақтау ұсынылады.

Біздің ойымызша «эквивалнттілік» ұғымын түсінуді оның сапалық, бағалаушылық сипаты жайлы тұжырым жеңілдете алады. «Сапа» сөзі эквиваленттілікке қатысты қолданылғанда аударылатын мәтіндердің мазмұндық – ақпараттық бағамын білдіреді. Аударманың динамикалық моделінде эквиваленттіліктің динамикалық сипатына басты назар аударылады. Бұл модель шеңберіндегі аударманың мақсаты – Ю.Найданың пікірінше, «аударма тіліндегі хабарламаның түпнұсқа тіліндегі хабарламамен үйлесіп, дәл келуі емес, хабарлма мен аударма тіліндегі қабылдаушысының арасындағы динамикалық байланысты немесе функционалды» эквиваленттілікті құру. Ол байланыс өз кезегінде түпнұсқа тіліндегі хабарламаа мен оның қабылдаушысының арасындағы байланыспен жуық шамада бірдей болуы керек.[Nida E71969:119]

Осылай эквиваленттілік анықтамасына прагматикалық фактор негізіледі. Прагматикалық фактор қабылдаушының хабарламаны жалпы мән-мағыналық, бағалау экпрессиялық қырынан қабылдауына бағытталған коммуникациялы әсер ету. Динамикалы эквиваленттілік ұғымына түпнұсқа мәтінінің барлық формалды мазмұндық сипаттары мен белгілер аударма мәтінінде сақталуын көздейтін формальды сәйкестілік ұғымы қарама-қарсы қойылады.

Коммунмкация теориясының негізгі тұжырымдары эквиваленттілік туралы өзіндік ұғымды қалыптастыратын аударманың коммунмкациялық үлгінің құрылуына септігін тигізді. Егер коммуникациялық эквиваленттілікке мынадай анықтама береді: «Коммунмкативная эквивлентность – это

отношение между текстами, имеющие место и том случае, когда коммуникативная значимость двух текстов одинакова» [Егер Г.1976:138] Коммуникациялық маңыздылық ұғымының құрамына барлық ішкі тілдік мағыналардың жиынтығы болвп табылатын функциональды маңыздылық ұғымы кіреді. Функционалдық маңыздылық ұғымының құрамына барлық ішкі тілдік мағыналардың жиынтығы болып табылатын функциональды маңыздылық ұғымы кірелі. Функциональдық маңыздылыққа кірмейтін коммуникациялық маңыздылықтың элементтері жағдайят жайлы жалпы қабылданған экстралингвистикалық білім аумағындағы ішкі лингвистикалық мағыналардың интерпретацияса ретінде қарастырылады.

Коммуникациялық маңыздылық қалай түпнұсқа – аудармаға қатысты басты орындағы коммуникациялық эквиваленттілікке апарса, функциональды маңыздылықтың да солай функциональды эквиваленттілікке апаратынын аңғаруға болады. Функциональды эквиваленттілік жайлы ғылыми болжам – аударманы жүзеге асырудың мүмкін жолдарының бірі ғана.

«Эквиваленттілік» ұғымын түсініп – қабылдауда біраз заңдылықтардың бар екенін атап өтуге болады. Біріншісі – оның деңгейлі сипатында, оның себебі – тіл мен сөйлеудің жүйелі ирархиялы болып келуінде. Екінші заңдылылық – бұл ұғымның дамуы түпнұсқа тіліндегі мәтіні мен аударма тіліндегі мәтіннің қабылдаушыға беретін коммуникациялық әсерімен үйлесетін белгінің барлық деңгейлері үшін бірдей маңызды болып табылатын коммуникаациялық эквиваленттілікті мойындату жолымен жүретіндігінде. Осы тұста Ю.Найданың бретін түсіндірмесі де ерекше: «При этом перевод имеет своей целью полную естественность способов выражения» [Найда Ю.1978:114]

Ал үшіншісі – аударманың  бір де бір моделі эквиваленттілікті абсолюттік шама ретінде, ал ұқсастық, не бірдейлікті эквиваленттіліктің қажетті шарты ретінде қарастырмауында. Өйткені аударма тек лингвистикалық термендермен түсіндіріле алмайды, лингвистикалық трансформацияны әлем, мәдениет жайлы ұғым-түсінік, біліммен толғастыру қажет.

Аударманың тағы бір белгісіне түпнұсқа тілі мен аударма тілі мәтіндерді мазмұнның адекваттығы жатады. Лингвистикалық әдебиетте эквиваленттілік пен адекваттылық не бірін-бірі алмастыра алатын, не бір-бірімен жанасып жатқан ұғымдр ретінде қарастырылады. В.Н.Комиссаров адекваттылықты аударманы жасау үшін орындалған міндеттерге аударманың сай болуында жатқан аударма тілінің құндылығы деп түсіндіреді. Автор аударманы құндылығының ұғымына аудармашылық эквиваленттіліктің белгілі-бір дәрежесі кіреді, бірақ соған келіп саяды деу қателік дейді.[Комиссаров В.Н. 1973:194]

Эквиваленттілік пен адекваттылық ұғымдарын байланыстырушы келесі сатысы – мәтіннің ақпараттық сипаты. Эквиваленттілік төмндегілердің информациялық инварианты ретінде тұжырымдалады:

а) әр түрлі тілдердегі мәтіннің мазмұны

ә) жіберуші мен қабылдаушының берген «реакциясын» талдау нәтижесінде алынған мән (мағына)

б) жағдаят

Эквиваленттілік теориясының шеңберіндегі эмпирикалық нысан аудармалы сәйкестіктерді табу, белгілеу. Аудармадағы сәйкестіктерді әр тұрғыдан түсіндірмелер беріледі: лексикалық бірліктердің семантикалық бірдейлігі, суреттеліп отыршған ситуация және хабарламаларға берілетін коммуникациялық реакцияның бірдейлігі жағынан. Р.К.Миньяр-Белоручевтің «сәйкестіктер категориясын» тілдік туындыны құрайтын әр түрлі компоненттердің сәйкес келуі мен мағыналық ақпарат тұрғысынан қарастырса, олөзіне тән жан-жақты сипатқа ие болады деген пікірі өте құнды. [Миньяр-Белоручев Р.К. 1980;84]

Ал А.Д.Швейцер: «Адекватность с точки зрения ценности информации рассматривается как орентир, указывающий направление и предел возможного информационного преобразования, поэтому  перевод может быть адекватным даже тогда, когда коечный текст эквиваленттен лишь в одном из функциональных измерений», – деп түсінеді.[Щвейцер А.Д.1985:96]

Бізге аудармаға тілдік көзқарастардың басымдығы жағдайында онда тілдегі және сөйлеудегі бірліктердің табуға әрекеттену әлі күнге дейін нәтижесі болып келеді. Осындай жолмен, біздің ойымызша, кез-келген тілдік деңгейдегі бірлік аударманың бірлігі бола алады. Дегенмен, біздің пайымдауымзша, аударманы әрлендіру үшін фраза үстілік бірлік немесе күрделі синтаксистік тұтастық күрделі синтаксистік тұтастық шеңберінде жеке сөздік ерекшеліктері, мәтін синтаксисі, оның эмоциялық тоны берілетін, фрагмент қаншалықты табиғи дыбыстылатынын, сөйлемдрді, күрделі синтаксистік тұтастықты және абзацтарды ажырату немесе топтастыру қаншалықта өзін-өзі ақтағанын, жүргізілген алмастырулардың қажеттігін қарастыру қажет. Аудармашы сөйлемінің аясында жеке сөздердің мағынасы, сөйлемдердің құрылымы және солармен байланысты интонация, сөйлемдердің ырғағы және оның стилистикалық реңкі қаншалықты дәл берілгендігіне неғұрлым жетік көңіл бөлуі тиіс.

Сөздер мағыналарының эквиваленттілік дәрежесін қарастыра отырып, олардың семдық құрамын салыстыру керек, соңын арқасында шығындарды болдырмауға қол жетеді. Аударманы мұқият түрде тек мәтінді толықтай ғана емес, оның жекелеген әрбір элементтерін салыстырыра қарастыруға болады. Мұндай элементтердің  бірі – аудармалық трансформацияларды қолдану.

Бұл аудармаға теңбе-теңдік эквиваленттілік туралы философиялфқ ілімінің призмасы арқылы неігз береді. «Эквиваленттілік» терминнің оның теңдңк типіндегі барлық мүмкін қатынастардың тұтастық ұғымдарын белгілеу, яғыни әлдеқандай қатынастардың баламалығын табылуына орай артықшылыққа ие, өйткені нысандардың барлық қатынастарды теңдігі болмайды. Осылайша, онтологиялық тұрғысынан қарағанда, теңбе-теңдік (баламалық) объективтік негізі бар мінсіздендіру болып табылады: іс жүзіне «әр түрлі заттар» ретінде көрсететін жағдайлар бар екенін біздің көзімізді анық жеткізеді.

Бір тілдегі мәтін төмендегі талаптарды қанағаттандырса ғана келесі бір тілдегі мәтінге баламалы (эквивалентті) болып табыла алады:

Түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтінін шарты түрде алғанда, теңбе-тең коммуникациялық –қызметтік қасиеттерге ие болуы тиіс (яғыни аударма мәтін аударылатын тілдің) ( аударма жүзеге асырылатын тілдің)

    • иелеріне, жуық шамамен алғанда, бастапқы мәтін, бастапқы тіл иелерін еткендей ықпал жасауы тиіс;
    • Бастапқы мәтін мен аударма мәтіннің арасындағы барлық «өтемелі» ауытқушылықтар тұсында аудармада жол беруге болмайтын алшақтар бой көрсетпеуі тиіс;
    • Екі шарт шеңберінде мүмкін болатын шамада бастапқы мәтін мен аударма мәтін бір-біріне мазмұны бойынша да, сол секілді пішіні бойынша да жеткілікті дәрежедеұқсас болуы тиіс.

 

Қорытындыдыға бастапқы мәтін мен аударма мәтіннің эквиваленттілігін анықтайтын жағдайлар жиынтығынын ішіндегіқарама қайшылықтар мәселесіне қайта оралайық. Оның түп тамыры аударма «мұраты» мен оның нәтижелерінің объективтік мүмкіндікткрі арасындағы сәйкессіздік болып табылады. Бір тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз етуге тұрақты бағытталған ол тек жекелеген жағдайларда ғана осы мұратқа жақындайды.

Бұндай жағдай аударманың күрделі, бастапқы да қарама-қайшылықты табиғатынан туындайды; өйткені, бір жағынан алғанда, егер аударма өзінің жалғыз тілді қарым-қатынас мұратына бағытталғандығын жоғалтса, ол бірден өзінің өзгешелігінен айырылады, аударма болудан қалады; екінші жағынан алғанда, аударма арқылы екі тілдік қарым-қатынас өзінің арылуға болмайтын өзіндік ерекшеліктеріне орай бір тілдік қарым-қатынаспен ешқашан тең түсе алмайды. Аудармаға тән бұл бастапқы қарама-қайшылық, ішінара алғанда, бастапқы мәтін мен аударма мәтінді теңдестірудің жекелегн шарттары арасында көрініс береді. Бұл қарама-қайшылықтар аударма табиғатынан, оның мәдинетінен туындайтынына орай олар диалектикалық қарама-қайшылықтар санына жатқызылуы тиіс. Бастапқы мәтін мен аударма мәтіннің теңдестірілуі (бастапқы мәтінге теңбе-тең аударма мәтін жасау) процесінде аударма бұл қарама-қайшылықтарға түгелге жуық түрде, яғыни оның шешімі аударманың қоғамдық қызметін қатынастың осы нақты жағдайында, осы нақты контексте аса жақты түрде жүзеге асыратындай етіп шешуі керек. Эквивалентті аударма, осылайша, аталған қарама-қайшылықтардың ең жақсы шешімі яғыни аударма процесі аудармаға тән аударманың әр түрлі актілерінде әр қилы ерекшелігімен көрінетін қарама-қайшылықтарды жеңу үрдісі болып табылады.

Информация о работе Ағылшын тіліндегі зат есімді сөзтіркестердің қазақ тіліне аударылу жолдары