Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 18:29, реферат
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а)Эстетикалық өнер
б)Күй өнерінің мәдени –философиялық мәні
в)Әл-Фарабидың музыканың улкен кітабы
г)Философия мен өнер ұштастықтары
3.Қорытынды
4.Әдебиеттер тізімі
1) музыкалық практика
2) музыка теориясы
музыкалық практиканың міндеті- табиғи немесе жасанды аспаптардан шығатын, құлақ арқылы қабылданатын әуендердің түрлерін іздестіру.
Табиғи аспаптар- бұл тамақ, кішкене тіл және тамақтағы басқа мүшелер,Содан соң-мұрын, жасанды аспаптар- мысалы , сыбызғы, лютня, және басқалары.
Музыкант- практик әуендерді, олардың тондарын және әдетте,музыкалық аспаптардан шығатын барлық үндерді біледі.
Музыка теориясы интеллекцияның пайымдау обьектісі ретінде музыка саласынан білім береді , әуендердің неден құралатындығы себептерінің
бәрі келтіріледі. Музыка теориясы бұларды қандай аспап арқылы немесе қандай дене арқылы жүзеге асырылса да, жалпылама түрде қабылдайды.
Музыканың үлкен кітабы- формасы жағынан ерекше, логикалық бірізділікпен жазылған, бас-аяғы жинақы, мазмұны терең энциклопедиялық еңбек. Бұл еңбек тек Шығыста ғана емес, әлемдік деңгейде құнды еңбек болып саналады. Бұл шығарманы негізге ала отырып, көптеген ғұламалар, мысалы, Ибн Сина (980-1037) және оның замандастары мен кейінгі кезеңдегі авторлар-Дервиш Али Бухари, Сафиуддин Джурджани секілді ғалымдар өзінің музыкалық еңбектерін жазды. Ибн Синаның негізгі музыкалық еңбегі –Музыкалық ғылымдар жинағы Музыканың үлкен кітабының негізінде жазылған. Фарабидің еңбегіне ірі музыка теоретиктері Сафиуддин Урмави, Абдулкадир Мараги, Әбдірахман Жәми, ал XIX ғасырда Уаджид Алихан да Матла ал-улум уа маджма ал –фунун деген шығармасын жазуда сүйенеді.
Фарабидің Ғылымдар классификациясын XI ғасырдың өзінде монах Гульдисал латын тіліне аударып, оны барлық Еуропа елдеріне танымал етті. Әбу-Насырдың музыкалық теориялық еңбегіне деген үлкен қызығушылық танытқан үлкен толқын XIX ғасырда басталды десе болады. Оның музыка саласына арнап жазған шығармаларына көптеген шығыстанушы- ғалымдар үлкен мән берді. Мысалы, Вилоттоның Араб музыкасы (1826) Косегартен, Ланд, Кизеветтер, Сальвадор-Даниэль секілді ғалымдардың еңбектерінен Фарабиге жасаған сілтемелерді көруге болады.
1974 жылы Лейденде Ланд Араб музыкасы деген атпен Музыканың улкен кітабының тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. Сондай-ақ, Фараби музыкасы Ресейде де Танымал болған . П.П. Сокальский музыка теориясының жалпы эволюциясына тоқталып өткен.
XX ғ. Еуропада Фарабидің
музыкалық еңбектерін
1930 жылы Музыканың улкен
кітабын бірінші рет толық
түрде Рудольф д Эрландже
Фарабидің музыкалық мұрасын Кеңес Одағы ғалымдары ішінен В.М. Беляев, И.Раджабова, Т. Вызго, Д. Рашидова, А.Джумаев секілді ғаламдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілердің, атап айтсақ, А.К. Көбесов, О. Матякубов, А.Х. Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.
Жоғарыда айтылған көптеген зерттеулерге қарамастан, Фарабидің музыкалық мұрасын түсінуде көптеген мәселелер әлі де болса қала бермек. Ең маңыздыларын атап айтсақ, Фарабидің музыкалық –теориялық шығармасының дұрыс интерпретациясын, аудармасын жасау үшін әр түрлі салаларда: теория және музыкалық эстетикасын; музыка ырғағын, жанрларын, формаларын, музыка органологиясын толық түсіну үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек екенін айтып кетсек артық болмас.
Бүгінгі таңда рухани мәдени дүниетанымды қалыптастыратын нақтылы да терең философиялық маңызы бар міндет.Рухани дүние мен мәдени таным негіздерінің байланысы адам баласының жан дүние байлығының терең де сергек ,сезімтал болып қалыптасуына көмектеседі. Рухани мәдени қалыпты өмірге алып келуде халықтың рухани мұра үлгілері бірден-бір қажетті құрал ретінде қолданылады. Күй өнері және оның мәдениеттанулық ерекшеліктерін «күй», «қоңыр», «саз-сарын», «ырғақ» ұғымдары шеңберінде жан-жақты талдау арқылы қарастырғанда ғана анықтай аламыз. Осы аталған ұғымдардың ішінде әсіресе «саз-сарын», «ырғақ» арақатынастарының негізінде мәдени таным түсінігі қалыптасып, мәдениеттанулық өлшемдер анықталады. Күй өнерін мәдени-философиялық тұрғыдан талдай отырып қажетті таным-түсініктер мен ой-пікірлерді зерделей пайдаланғанда, қажетті түйін-тұжырымдар жасап белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Күй өнерін мәдениеттанулық тұрғыдан зерттеудің бағыт-бағдарының маңызын есте ұстай отырып, оны халықтың рухани құндылық дүниесі ретінде құрастыру көзделінеді:
Біріншіден, халықтың өзімен өмір табалдырығын бірге аттаған мәдени-рухани дүниесі ретінде қарастырып, талай-талай асулардан шыңдала жеткен асыл қазынасы ретінде тану.
Екіншіден, өмірдің қилы-қилы кезеңдерінде тірек болған сүйеніші ретінде тану:
Үшіншіден; өмір суреттерін шынайы танытып бере алған өнері ретінде халық болмысына арқау болған құбылыс ретінде тану:
Төртіншіден, күй өнері мәдени-философиялық ойға, яғни халықтың таным түсініктеріне негіз болған үлгісі ретінде құрастыру көрсеіледі.
Күй-халықтың рухани өмірлік қажеттіліктерінің ерекше формасы. Күй өнері оны мәдениет-танулық ерекшелігі адам жанына ләззат беруімен ғана шектелмейтіндігіне де,ол адам болмысымен, өмірмен күндестігінде. Күй өнер ретінде адамдардың тұрмыс тіршілік қалыптарындағы қарым-қатынас құралы болуымен қатар әлеуметтік жағдайларды реттеушілікте қызметтері бар. Күй өнеріне байланысты айтылатын көзқарастар мәдени таным мәселесі күй сазының сезімдік табиғатына үңілдіредіде, ондағы айтпақ сырдың тереңіне бойлатылады. Сондықтан да күй рухани құндылық дүниесі ретінде жаныңды жай тапқызыдырар күмбірімен халыққа рух,жігер береді, әріділдік қасиеті қалыптастыратын құбылыс ретінде қымбат. Қандай жағдайда болмасын күй өнері –халықтың өткен өмір жолдарының шежіресі ретінде халықтың өмір сү.рі қалыптарына арқау бола білген құбылыс. Қазіргі кезде қазақ халқының өзін-өзі тану сияқты маңызды мәселелеріне, атап айтқанда мәдени, рухани байлығына мән берілмей отырғаны аян. Оған бүгінгі таңдағы халыптасып отырған ұлттық құндылықтар мен батыстан келген құндылықтардың ар-қатынасын айтуға болады. Сондықтан да бізге өзімізді
ұлт ретінде сақтап қалу үрдісінде ертеден қалыптасқан озық үлгілі рухани,мәдени байлықтарымызды ұлттық құндылықтар ретінде танытыпқарастырған абзал. Қазіргі таңда ұлттық мәдени мұраларға ерекше ықылас қалыптастыруды алдымызда тұрған мақсат, міндет ретінде
түсініп,халықтың өзіндік қадір қасиетін танытатын түсініктер мен көзқарастарды қалыптастырып, халық болмысының құндылық негізін нығайту жауапкершілігі тұр. Әр уақытта халық қалыптастырған руханидүниеге негізделген мәдени мұрамен қаруланып соған арқа сүйеген дұрыс. Себебі бұл дүниенің шынайылығына деген сеніміміз мол.Сондықтан да күй өнері мәдени құндылық ретінде қымбат.
Дүние тіршілік,біртұтас ғарыштық
жүйеге, ырғаққа бағынады. Тәңірінің жаратуымен
биосфера –Жер планетасының генофонды
бар, әрбір тірі, жанды, жансыз табиғаттың
бір-бірімен құпия жалғасқан өз ұшы бар.
Жалғасып, үйлесіп негізгі жүйені құрайды.
Адам баласына керек дүниенің барлығы
біртұтас жүйеге негізделген табиғи қызметімен
орайласып жатады. Адамның табиғи өрісі
–қоңырға, сол табиғаттағы өскендердің
заңы бойынша анықталады.Сол табиғилық
адам тіршілігіне ықпал етеді. Ал адамның
да табиғат өрісіне, қоршаған ортасына
әсері де зор. Ол табиғи өріске зиян
келтірмейтіндей сол заңдылықтарды ұстана
өмір сүргенде ғана үйлесімділік ырғағы
орнығып, ұлы табиғат өрісі –қоңырдың
табиғи айналымы қуаттады. Дүниенің
күн нұрында өсіп өркендеуі, сылдыраған
бұлағы, өзен суы барлығы күй өнерінде
біртұтас дүние екені шертіледі, әрі оны
поэзиядан бастап қуаттайды. Осыған орай
халықтың саз өнері және оның тылсымдық
қуат-қарымы жөнінде айтылған дүниелер
аз емес, соның бірі «Қоңыр» ұғымымен
байланысты . Қоңыр ұғымы тек бояц түрін
ғана анықтамайды. «Қоңыр ұғымы дүние
–тіршіліктің де қыр-сырын ұғындырып,
оның мәдени-философиялық мәнінің терең
екендігіне көз жеткізеді. Ақын Біләлов
Оралтайдың қоңыр сөзіне қатысты концепциясы:
«Ұлттық ділдің өзіндік жүйесі бар. Ол
жүйе халықтың ұлттық рухани-энергетикалық-
Ал түркі елдерінің, оның ішінде қазақтың рухани өрісі қоңыр»
Кез-келген халықтың тіршілік еткен ортасына лайықты қалыптастырған рухани-энергетикалық өрісі бар. Осы рухани өрісті қазақ халқы «қоңыр» деп атаған. Халық өз тарапынан қалыптастыратын энергетикалық өрісті күшейту үшін Тәңірлері мен киелердің тарапынан келетін өрістерін қуаттай отырып, жоғары күш иелері мен киелерімен байланыс бірлігін түзеп отырған. Сондағана адамдардың ниет, пиғылдары өзгеріске түсіп, киелі өрістің шапағаты молаяды. « Рухани өрісіміз, яғни қоңырымыз күшті болса, соғырлым ұлттық діліміз қуатты болмақ»,-дейді ғалым Нәжімеденов Жұмагелді. « Өлең өзінің мазмұндық құрылымына тән сазды, байсалды әуенді қажет етеді. Кең, шалқыма әуенді, әнді бұрынғы қазақтар қоңыр әндер немесе молқы ән депатаған. Қоңыр әндер қазақ даласына өте көп тараған. Мұның сарқыншақ үлгілерін байтақ қазақ даласынан күні бүгінге дейін көруге болады. Сонаменқатар әуен талғампаздығы оның философиялық сипатымен қабаттас екен. Философиялық ойдың қара өлеңмен қойындасуында сыр жатыр. Философиялық зерде мен категолиялар жалпы халықтық тілден оқшаулана алмауына байланысты, философиялық ой қазақша атауға өте ұрымтал. Қазақ тілі философиялық атауларға бай, тек тұспа лын таба біл,» — дейді философ Ақатаев Сәбетқызы. Ғалым С. Ақатаев айтқандай қоңыр сөзінің қатысы тек ән мен күйге ғана емес, сонымен қатар кеңістігіне, тіршілігіне тағы басқаларға қатысы бар. Сондықтан да қазақ дүниетанымының бір тетігі ретінде «қоңыр» ұғымын алуға болады. Қоңыр ең алдымен халықтың тіршілік ету кеңістігі, өзін қоршаған әлемі, қоңыражай қалыпты мекені, соған лайықты іс-әрекеттер: ойлауы, сезінуі, қабылдауы. Географиялық орта дегеніміз –қоғамдық өмірмен тікелей байланысты түсіп, қарым-қатынас жасайтын, дамуына тікелей қажетті болып табылатын табиғат дүниесінің бір бөлігі. Біз тәнімізбен, жанымызбен географиялық ортаға байланыстымыз. деген философ Кішібеков Досмұхамедтің жасаған тұжырымдамасы, ой-пікіріміздің дұрыстығын дәлелдей түседі.Егер де қоңыр сөзінің домбыры мен қобыз үніне жағын қарастыратын болсақ, онда оған тікелей қатысы барын аңғарамыз. Табиғи тіршілік еткен кеңістігімізлегі дүниелердің барлығы адам болмысына әсер ететінін жоғарыда айтқанымыздай, оның барлық іс-әрекетінде көрініс табады. Домбыраның шертілуіне, сазының күмбіріне қарай, домбыра үнін қоңыр үн дейтіні де содан. Мысалы: «Қоңыр саз», «Қоңыр күй», «Назқоңыр» ,«Алқоңыр», т.б. сияқты ән-күй атауларының өзі де көп дүние сырын түсіндіріде. Себебі рухани өрісіміз-қоңырдан негіз алған үндік саз, ол табиғаттың өзі қалыптастырған үндік бояу. Яғни, қоңыр үн –табиғи үн, табиғатқа жақын үн. Қазақ халқы сол табиғаттың аясында көшпелі өмір тіршілігімен өзінің болмыстық қасиетінің бірі ретінде табиғаттың қоңыр үнін еншіленген. Табиғи қасиеті ретінде танылған қоңыр үн, халықтың төл музыкалы аспабы домбыра мен қобыз сарындарында да көрініс тауып,оның дүниетанымтүсініктерімен сабақтасып жатыр. Қорқыт ата да қоңыр үндіқобызымен дүниені таныған.қобызымен емдеген. Қобызымен ойнағанда, оған емделуге келген адамдар, қоңыр сазды қобыз сазды қоңыр күш-қуатымен –ақ айығып кетеді деген аңыздар да бар. Яғни қоңыр ұғымы музыкалық дыбыстардың үндік бояу ерекшелігін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өзін қоршаған ортаның қалыпты, тіршілікке орай қонымды болғанын да көрсетеді.
Құлаққа жағымды, ақырын ғана бабымен сөйлеу мәнерін Қоңыр дауысты деп ерекшелейді. Яғни, қоңыр сөзі табиғатқа, тұрмысқа, адамның көңіл
күйіне, мінез-құлқына да қатысты айтылатынын байқаймыз. Мұндай таным –түсінікті қалыптастырған, әрине, өзімізді қоршап тұрған рухани өріс-қоңыр екені белгілі. Бұдан ұғарымыз, қоңырдың дүниетанымдық жағымен қатар өзіндік ерекшелікті сақтау сияқты түсініктерді дебілдіретінін көрсетеді. Қоңыр үндік бояу, табиғаттың өзі қалыптастырған дыбыс бояу ерекшелігі. Осыған орай қазақ домбырасының үні, оның бояуы, болмысы , табиғаттың өзі тудырған бояу. Яғни домбыра мен қобыздың қоңыр үні, табиғаттағы барлық үндердің үйлесімді бірлігін танытатын –үн. Домбыра, қобыз тағы басқа аспаптардың үндік қасиеті табиғатымызға тән болған қоңыр үн бояуынан өріс алып халықтың болмыс бітім ерекшелігін танытыпрухани өрісін қуаттаған. Ертеде ата-бабаларымыз қоңырды күшейту үшін «қоңыр күй тартатын болған. Қоңыр күйлер әдетте домбыраның ми нотасының бұрауына түсіріп, бос бұрап тартқанды талап етеді. Себебі күмбірлеген үн , шіңкілдеген дыбыстан емес,төмендеу келген жуан да емес ортадағы толқымалы дыбыстар сазынан төгіледі. Үн тереңнен қайырылып, күмбір күйдің сазы өзіңе жақын бояуларымен ынта қойғызадыБір қарағанда қоңыр күйлер музыкалық поэтикалық шығарманы еске түсіреді. Күйдің орындалуы жеңіл, сезімге бай, әуезі мен ойға жетелейтіндей әсер қалдырады. Философиялық ой жүйесі тереңірек, қайғыға салмай, тәтті үмітпен адам сезімін бейне бір тербеткендей. Қоңырды сезіну, ұғыну оны сақтау өзіңнің биоөрісіңді қалыптастыру, яғни түрлі жамандықтан қорғана білу.Күй ырғақтары түрлі кезеңдердің тарихи келбетінің көрінісін суреттеп беретін құбылыс ретінде танылады. Яғни күй өнерінің ырғақтары әр кезеңнің талап-тілектеріне лайықты мәдени танымдық ерекшелігін көрсетіп, көркемдік шындығын қалыптастырады. Тіршілік қарым-қатынастар адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыстар, олардың біртұтастығы мен бір-біріне қарама-қарсылығы және бір-бірімен байланысты арақатынысы. Осы үш құбылыс-жер бетіндегі барлық тіршіліктің, адам баласының өмір сүруінің қайнар көзі, әрі қозғаушы күші. Өнердің қамтитын аясы-осыған байланысты өрбіген қарым-қатынастарнегізінде пайда болған құбылыстар. Мұндай түсінікті көптеген шығармалардың мазмұнынан ұғынуға болады. Сол сияқты күйшілердің күйлерімен танысқанда да, күйдің тууына негіз болған тіршіліктегі осы қарым қатынастар байланысы мен тікелей кіріккен талаптардың дамуымен сабақтасқан түрін көреміз. «Көшпелілердің дүниеге көзқарасында адам әлемге қарсы қойылмаған. Ақыл мен сезім үйлесілімділігі, іштей санамен үндестігі» деген пікір адамның әлемге лайықты үндестігінен туатын құбылыс күй өнері екен. Күйдегі ерекшелік-саздық құбылыс, ырғақ, үйлесілімділік. Өнердің басқа салаларына қарағанда күй сазында нақтылық болмағанымен, ол сезімге сәуле артар, сыры мол, жанға сұлу иірімімен әсер ететін толқыны мол-құбылыс. Музыкадығы оныңішіндегі күйдегі құбылысты тудыратындар: көне дәстүр, ғұрып, салттар, елдің тіршілігі, туған жердің өз топырағы мен тау-тасы. Күйдің баурап алар сезімге, ойға ұйтқы болар сыртқы қабаты ол-ерекше құбылыс ретіндегі дыбыстық қабаттары-саз-сарын. Ал өзіне тән ерекшелік ретінде, ішкі қабаты,ол-саздың ырғақтық қабаттары. Күйдің мәдени –философиялық танымы, ондағы көркем шындықтытүсіндіргісі келген құбылыс, яғни саз сырын , ол қоңыр күймен түсіндіргісі келген құбылыс , яғни саз-сарын, ол қоңыр күймен түсіндіргісі келген күйшінің санасындағы құбылыс, яғни оның болмыстағы шындығы. Себібі, күйші сол ортаныңтудырған жемісі, ол сол ортамен біте қайнассқан тамырыбір табмғат туындысы ретінде оның дүниетанымы көркемкүй образындағы сазбен өрнектелген. Күйші дүниетанымы оның күйшілік өнерімен дүниеге көзқарасы арқылы өзін қоршаған ортаны қабылдаудан туған. Домбыраны саусақ сөйлетпейді, көңіл күй сөйлетеді. Тәттімбеттің саусақтары өр көңілдің күйін екі етпей орындап, күйшінің жүрегін тербеген құбылыс, сағыныш қоңыр күй болып төгіліп жатты. Сағыныш сезім. Сезім дегеніміз адам мен Алланың арасындағы байланыс. Сезіммен аңсаймыз. Сезім барлықты ұстайды. Шындық сезім арқылы білінеді» дейді Ғарифолла Есім.
Халық күйі –философиясы терең,мәдени танымы жоғары музыкалық шығарма. «Қазақ халқында жүйеленген философия жоқ, Оның философиясы жай қарапайым философия дәстүрінде» -деп филосов Кішібеков Досмұхамед айтқандай, күй өнері оның саз сырыны ырғағының дамуымен үндескен қарапайым философиялық таным. Бұл философиялық таным , саздың мәнін ашатын мына құралдарымен, атап айтқанда үн жүйесімен, саздық сарын және ырғақпен қағыстағы ерекшелікпен,орындаудың экспрессиялылығынмен тығыз байланысады. Ырғақ жүйесі көбінесе халықтың дүние танымымен орайласқан күй өнерінің саздық ерекшелігімен танылады. Күйдегі ырғақ пен саздың іштей қабысуы , айтпақ ойды білдіріп, өзіндік табиғатын танытады. Саздың сарын мен ырғақ жігі байқалмайды. Халық дүние танымында күйсарынын ырғақсыз түсіну мүмкін емес. Себебі күй табиғатында ой,образ, бейне нақтылығы ырғақ арқылы көрініс табады. Сезім қуатын , көңіл күйін, ой толқынын, күй өңін кіргізетін саздық сарын дүниетанымдық түсінігін ырғақ пен саз-сарын, қоңыр бояу, оның дүниетанымдық түсінігін, бейнелеушілік сипатын танытады. Күй-ойға, сезімдік құбылысқа, саздық бояуға мейлінше мол қаныққан, ырғақтық әлем. Күйдегі мәдени-философиялық түсініктер саз бен бірлігімен танылады.
Филослфияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суре-тін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Информация о работе Философия және өнер Н.Макиавеллидің әлеуметтік ойлары