Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 18:29, реферат
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а)Эстетикалық өнер
б)Күй өнерінің мәдени –философиялық мәні
в)Әл-Фарабидың музыканың улкен кітабы
г)Философия мен өнер ұштастықтары
3.Қорытынды
4.Әдебиеттер тізімі
• Джордж Беркли (1685-1753) — ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар — түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнінкөре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі — жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік «Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.
Давид Юм (1711-1776) — ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.
Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.
Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли
Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сапа сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға - Н.Макиавелли.
Николло Макиавелли (1469-1527 жж.) өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялык көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді. Ол ертеден келе жатқан «алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфәлау» айдарымен өмір сүруге тырысты (privus vivere deinde philosophari).Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды.Сондықтан Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н.Макиавелли өзінің негізгі еңбектерін жазады. Олар: «Патша», «Флоренция тарихы», «Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.с.с.
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы
Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің Жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың «өзім дегенде түйедей күшім бар» деген сияқты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топ -саудагерлер мен қолөнершілердің өмір салтын мұқият қарап, Н.Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі - өзінің меншігін сақтау, және - оны өсіруге, көбейтуге тырысу. «Патша» деген еңбегінде Н. Макиавелли «Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін», - дейді. «Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой (оnоrе) және сый-сияпат (оnоrі) келеді», - дейді ұлы ойшыл.Осындай адамға деген көзқарасты универсалды аңықтама ретінде пайдаланып, Н.Макиавелли өткен адамзат тарихын (ертедегі Греция мен Римді) осы тұрғыдан қарайды. Мұндай көзқарастың тарихтағы пессимистік нышанын айтпаса да көруге болады. «Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, қайсыбір төнген қауіптен қашады, оңай олжаға жүгіреді».Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік ұйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл коя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ.
Н.Макиавеллидің адамға деген көзқарастарының ғажап жері ол тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп, ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығады» деген пікірге келеді. Сонымен өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н.Макиавелли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды.Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті, киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды жұмаққа өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендерден есептейді. Соңынан XIX ғ. Ф.Ницше христиан дінінің моральдық қағидаларын сынағанда, осы Н.Макиавеллидің идеяларына ұқсас пікірлер айтады.Ал мұның өзі Н.Макиавеллидің айтуына қарағанда, кертартпалыққа әкеледі. Ол өткен Грек және Рим тарихында болған көп құдайлыққа сүйсіне қарайды, өйткені олар белсенді адамдарды, батырлықты паш еткен.
- Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес, - деген ащы пікірге келіп тоқталады ұлы ойшыл.
Н.Макиавеллидің фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағнасы
Қайта өрлеу заманындағы көп ойшылдар сияқты Н.Макиавелли де өмірге деген самарқаулыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы қойды. Ал адамның өмірін ол фортунамен тығыз байланыстырды. Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы фатумнан анағүрлым бөлек (fatum - латын сөзі, тағдыр) Егер фатализм адамның өмірі, жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті алдын ала болжанған, онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оған қарсы тұруға болмайды деп есептесе, фортуна ұғымы әлеуметтік қажеттілікпен теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін толығынан жоя алмайды. Н.Макиавелли: «Елу де елу» формуласына жақын фортуна біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздін өзіміздің еркіміз, өжеттілігіміз, қайрат-күшімізбен байланысты», - дейді. Сондықтан «абайлаудан гөрі батылдық жақсы», өйткені «фортуна -әйел, ал онымен тіл табысу үшін оны оқтын-оқтын сабап алу керек», неге десеңіз, ол «әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-артына қарамай, батыл түрде тарпа бас салып, оны өз еркіне көндіреді».Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында адамның батыл, тиімді іс-әрекеттер жасауын Н.Макиавелли «вирту» (virtu - лат. сөзі, айбындылық, қайраттық) деген сөзбен береді.Алайда толыққанды виртуды іске асыру әрбір адамның қолынан келе бермейді. Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің жүріс-тұрыстарында «ортаңғы жолды» ұстайды, оның өзі үлкен нәтижелерге ешқашанда әкелмейді. Ал тарихтағы ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеті тіпті басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып, бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол істі өмірге енгізуге тырысады.Н.Макиавелли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелілігі тек қана олардың айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пікірден аулақ. Ұлы адамдардың қайратты іс-әрекетінің жемістілігі –сол заманның қойған талаптарына сай келуінде.
Қорыта келе, «вирту» ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі ретінде Қайта өрлеу заманының негізгі құндылығына айнала бастады. Өзінің мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. Адам - ерікті, саналы, айбынды, күш-қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл Н.Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой-өрісіне зop әсерін тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айналады.
Н.Макиавеллидің саяси және моральдық философиясыН.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда «ақсүйектердің ісі» болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
Н.Макиавеллидің көрегендігі - саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмсн айтқанда, саяси технология) жасау болды.Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрган опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.Макиавеллидің атымен айтамыз.мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұны өзі шынайы Н.Макиавеллидің өзінің шығармашылығынан туатын көзқарасқа сай келмеуі де ғажап емес болар.Осы бағалау тұрғысынан алып қарағанда, біз расында да үлкен қайшылықты байқаймыз. Әрине, Орта ғасыр шеңберіндегі саясат жөніндегі түсінік қайта каралды, саясаттың моральдан дербес, өзінше қажетті құбылыс екені анықталды, ал сонымен қатар Н.Макиавелли қайсыбір саясаткердің зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, аулақ болды.
Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардын басын біріктіріп, бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсақ, «мүмкіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдықтан қашпау қажет» деген пікір айтқан болатын. Бірақ саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н.Макиавелли «Тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады», - деген пікір айтады. Оған себеп - қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты». Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек».
Халық мемлекеттік билікке, бір жағынан, қорқынышпен, екінші жағынан, сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау - сенімдірек. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан, абай болуы керек. Бірақ шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы, бір жағынан, арыстанға, екінші жағынан, түлкіге ұқсас болуы қажет.
- Қоғамдағы қайшылық өршіп,
адамдардың өкіметке деген
Информация о работе Философия және өнер Н.Макиавеллидің әлеуметтік ойлары