ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------------------------

Файлы: 1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать файл)

   Тендердің бұл түрлері мемлекет меншігін мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші және екінші кезеңдерінде қолданылған. Жаңа жарлықты тендердің бұл түрі болмауы өкінішті-ақ .

  Жарлықтың 16-шы бабында, жекешелендіруге жататын кәсіпорын заңдарда белгіленген тәртіп бойынша алдын-ала акционерлік қоғам болып қайта құрылуы, кейіннен сатып алу  құқығымен сенім білдірген басқаруға немесе жалға берілуі мүмкін деп айтылған. Қазіргі уақытта Қазақ ССР- інің жалға алу туралы заңының күші тоқтатылған. Сондықтан, сатып алу құқығымен жалға берілуі мүмкін емес. Барлық жалға берілген кәсіпорындар шаруашылық серіктестікке немесе акционерлік айналдыруы керек.

   Жарлықтың төртінші тарауы жекешелендірудің тәртібі мен шарттарына арналған.

  1. Объектіні жекешелендіруге сатушы дайындайды.
  2. Объектіні жекешелендіруге дайындау кезінде сатушы.
  3. Сатушы әзірлеген және Қазақстан Респуликасының Үкіметі бекіткен нормативтік құқықтық актіге сәйкес жекешелендіру объектісінің құнын бағалайды.
  4. Егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын немесе акцияларды мемлекеттік пакеті болып табылса, кредитордың, дебитордың, берешектің мүлік салығының сомасы туралы ақпарат әзірлейді және сатып алушының талабы бойынша жекешелендірілетін кәсіпорын жасасқан контракттар мен шарттар туралы ақпаратты  береді.
  5. Жекешелендіру жүргізудің шарттарын, нысандары мен түрлерін белгілейді, оны іске асыруға даярлықты жүзеге асырады.
  6. Мүліктің сақталуын қамтамассыз етеді.
  7. Жекешелендіруді өткізуге қажетті басқа да іс шаралар жүргізеді.

  Бірақ, объетіні  жекешелендіруге дайындаудан бұрын,  мемлекет меншік иесі ретінде  жекешелендіру туралы шешім қабылдау  керек. Ол туралы жарлықта ештеңе  айтылмаған, ондай шешім кім қабылдау  керек, мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетке, әлде Үкіметке, бұл сұрақ заңды түрде шешіле керек те, қандай объектілер бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет шешім қабылдайтын толық көрсетілуі керек. Бұл сұрақтың заңды түрде шешілуі әр органның жекешелендіру бойынша функциясын белгілеп берер еді де, ол органдардың бір – бірінен ісіне рарласуын жоққа шығарар еді.

   Тараудың 1 бабында  2-3 пунктінде сатушы жекешелендіру  жүргізудің шараларын, нысандарын, түрлерін белгілейді. Оны іске  асыруға даярлықты жүзеге асырады  деп айтылған.

  Алайда, жекешелендіру  туралы заң актілерінде  бұл  функция мемлекет мүлкі жөніндегі  комитетке және жекешелендіру  туралы мемлекеттік комитетке  бекітіліп берілген. Жекешелендіру  комитеті жекешелендірудің  формаларын  және түрлерін белгілейді. Жекешелендіру туралы комитет есеп, мемлекет мүлкін белгілеу  комитеті жекешелендірудің формасын, түрін белгілеу керек.

  Себебі Қазақстан  Республикасы мемлекеттік мүлікті  басқару жөніндегі мемлекеттік  комитет туралы ережесі бойынша  бұл комитет мемлекет мүлкін  орылымды басқару құқына ие, қысқаша айтқанда, ол меелекеттің меншік иесі.

  Ал, жекешелендіру   жөніндегі комитет жекешелендіру  процесіне негізгі сатушы болып  есептеледі. Сондықтан, жекешелендірудің  формаларын, түрлерін сатушы емес, оны меншік иесі анықтау керек. Сатушы меншік иесінің басшылығымен және тексеруімен соған /сатушыға/ берілген мүлікті сатумен ғана айналысуы керек.

  Бұл жағдайда Ресей  Федерациясында дұрыс жолға қойылған, себебі, жекешелендірудің формалары  мен түрлерін Ресей Федерациясының  мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеті белгілейді.

    Жарлықтың  20 бабында жекешелендіру объектілері  сатудан түскен қаражат мемлекеттік  кіріс бюджет кірісіне жіберіледі, бұған Қазақстан Республикасынң  Үкіметі белгілейтін сауда-саттық  ұйымдастыру мен өткізуге кететін шығындар қосылмайды деп айтылған.

   Жекешелендірудің  бірінші және екінші кезеңдерінде  жекешелендіруден түскен қаражат  бюджет кірісіне толығымен жіберілген. Жаңа шыққан жарлық бұл жағдайды  дұрыстап отыр. Сонымен бірге,  жекешелендіруден түскен қаражаттың  толығымен бюджет кірісіне жіберу дұрыс еместеу сияқты. Себебі, жекешелендіру  процесінде  кәсіпорын ештеңе ала алмайды қалады. Сондықтан, инвестициялық конкрусты жекешелендірудің түрлеріне жатқызу керек те, сауда-саттық инвестициялық конкурсы арқылы өткізгенде түскен қаражатты кәсіпорынның есебіне жіберу керек.

     Жарлықта  жекешелендірілген мүлікті бастапқы  жағдайын келтіру тәртібі көрсетілмеген.  Себебі, жекешелендірілген кәсіпорындар  сатып алу келісімінің шарттарын  бұзуы мүмкін. Онымен қоса жекешелендірілген кәсіпорынның іс-әрекеті республикамыздың қауіпсіздігіне, егемендік прнциптеріне, табиғатқа, халық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан жекешелендірілгенде мүлікті бастапқы қалпына /деприватизация/ келтіру, табиғи сұраныс. Сол үшін жекешелендірілген мүлікті бастапқы қалпына келтіруді заңдастыру қажет.

 

 

2.2. Мемлекеттік  меншік және жеке меншік ұғымының  құқықтық ара қатынасы және  меншік құқығын қорғау әдістері 

 

   Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.

    Қоғамдық меншік, соның ішінде, діни бірлестіктер меншігі жеке меншіктің ерекше түрі болып көрінеді.

 Заң құжаттарына  сәйкес азаматтарға немесе заңды  тұлғаларға тиесілі бола алмайтын  жекеленген  мүлік түрлерінен  кез-келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін.

  Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

     Азаматтардың меншік құқығы - өз алдына құқықтық институт болып материалдық игіліктің бір адамға  тән екендігін бекітеді.

  Нарықтық экономика  жағдайында жеке даралық және коллективтік кәсіпкерлердің өсуі уақытында азаматтардың тұтыну объектілеріне меншіктің құқығы азаматтар құқығының негізгі құқықтық институты болып қалады да азаматтардың негізгі тобына материалдық игіліктің тиістілігін белгілейді.

 Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан азаматтары меншігінде – жер учаскесі, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай, бақша үйлері, гараждар, үй шаруашылық заттары, акциялар, облигациялар, басқа да бағалы  қағаздар жалпы информация құралдары, өндіріс тұтыну әлеуметтік мәдени мүліктері жатады. Кейбір мүліктер заңда тура көрсетілген жағдайда меелекеттің қоғамдық қауіпсіздігі мақсатында азаматтардың меншігінде болмауы мүмкін.

 Кез келген азамат  тиесілі мүлікті кәсіпкерлікпен  айналысу үшін және заңмен  шектелмеген іс-әрекет жасауға пайдалана алады. Сондықтан, өз мүлкін қолданып өз «еңбегінен тыс пайда көру» терминінің мазмұны мен күші табылды. Өз мүлкі негізінде кез келген заңмен шектелмеген мәмілелерген  отырып, пайда көруге болады.

  Қазіргі уақытта қолданылып жүрген заңдар азаматтардың меншік құқығының объектілерін кеңейтті. Заңда тиым салынбаған малдар арқылы мүліктің саны мен бағасын көбейтем десе де тиым салынбайды. Мысалы,азаматтардың меншігінде болған үйлердің, сая-жайдың, басқа да құрылыстарға меншік,иалдың тағыбасқа саны шектелмейді.

    Азаматтардың  меншік құқығының пайда болу  негіздерінің ерекше түрлерінің  бірі тұтыну кооперативтеріне  пайын толық төлеп өз меншігіне айналдыру. Бұл жағдай кооперативтік меншік құқығының күшін жойып, обьекті азаматтардың құқығына айналдырады. Осының бәрі азаматтардың меншік құқығының обьектлерінің шеңберін көбейтеді. Оның бір куәсі азаматтардың меншік  құқығында бағалы қағаздардың пайда болуы акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттар т.б. Сонымен бірге, тек қана кәсіпқой кәсіпкерлердің ғана емес, көп азаматтардың коммерциялық қатынастарда мүмкіндіктерін кеңейтті. Азаматтардың меншіктерінің пайда болу жолдарының бірі - өндіріс кәсіпорындарына және салымдар салу нәтижесінде көрген пайдалары.

Бұл жолды жан-жақты түрде қолдау керек. Жеке кәсіпкерлердің меншік құқығы азаматтардың және олардың семьяларының шаруашылық жүргізу үшін оларға заңмен бекітіліп берілген материялдық игіліктер және әр түрлі өндіріс құралдары болып табылады.

Бұл қатынастардың ерекшелігі және олардың коммерциялық, өндірістік негізгі тұтынушылық және өндірістік қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайда көру болып есептеледі. Заңда көрсетілген шарттар негізінде жұмысты жөндеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдай кәсіпкерлер меншігін оның құқтық тәртібінің жеке меншік қатынастарынан ерекшелендіріледі. Сонымен бірге, бұл жерде қатынастардың еңбектік түрі сақталады да, меншік иесінің өндіріске қатысуын қажет етеді. Меншік құқығының субьектілері ретінде азаматтар, олардың жан ұясының мүшелері, басқа да еңбек шаруашылығын бірге жүргізетін адамдар бола алады.

Жеке меншік құқығының  обьектісі болып тұтыну қажеттілігін қанағаттандыратын өндіріс құралдары, өндіріс шаруашылық комплекстері жеке, несие, жанұя, кәсіпорын, шаруашылық құрылыстары, машиналар, құрал жабдықтар, көлік-құралдар, материалдар, өндіріс тауарлары, алынған кірістер, тұрғын үйлер т.б. мүліктер болып табылады.

Кәсіпкерлік - өз атынан, өз тәуекеліне және өзінің жеке мүлкіне жауап беретін,  азаматтардың пайда табуға бағытталған іс әрекеті.

Кәсіпкерлердің бұл  ерекшк белгісі оның басқа елмен іс әрекеттермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік немесе басқа ұйымдардағы жалдау еңбегі. Оның коммерциялық мінездемесі іс-әрекетін  азаматтардың басқа қоғамдық саяси, мейірімділік, әлеуметтік, мәдени іс әрекетпен шектейді.

Азаматтардың жеке меншік және ұжымдық кәсіпкерлігі құқықтық тұлғаның құрмай-ақ болуы мүмкін. Жалдау еңбегін тұрақты қолданған кезде бұл іс әрекеті құқықтық жасау арқылы істеуге тура келеді.

Кәсіпкерлікпен әрекет қабілеттілігі бар кез келген шетел азаматының азаматтығы жоқ тұлға айналысуына құқығы бар.

Кәсіпкерліктің екінші формасы кәсіпорын басқарушысының меншік иесі мен немесе меншік иесінің өкілет берген органымен ерекше келісім бойынша іс-әрекетін жатқызуға болады.

  Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркеуге жатады. Заң бойынша қазіргі уақытта кәсіпкерлік іс-әрекет мемлекеттің қолданылуна ие болып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың олардың ісіне заңсыз араласуын сотта дауласуға болады.

     Азаматтар кәсіпкер ретінде өз меншігіне мемлекет және басқа органдардың мүлкін алуға, өз мүлкімен басқа шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетіне араласуына, банкте есеп-шот ашуға, заңда белгіленген тәртіп бойынша сыртқы экономикалық қатынастарға араласуға, валюталық операциялар жасауға, түскен пайдаға билік етуге, өлшемі шектелмеген кіріс алуға құқығы бар.

   Кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап береді.

      Кәсіпкердің шамасы жоқ деп танығанда сонымен бірге, кәсіпкердің заң талабын бірнеше рет бұзған жағдайда оның іс-әрекеті сот шемшімен қысқартылады.

   Еңбек қожалығы жанұялық немесе басқа топтық өндірістің  және иемденудің ұымдастырылған құқықтық формасы болып табылады да қосалқы жалдау еңбегін пайданалуға болады.

   Шаруа қожалығы азаматтардың еңбек қожалығының ерекше түрі болып табылады.

  Олардың жалпы белгілері іс-әрекеттерінің еңбектік түрі сонымен заңдарда белгіленген жағдайларда жалдау еңбегін қолдану, өндірістің тауарлары бағыты оны ұйымдастырудың отбасылық формасы болып табылады.

   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша шаруа қожалығының мүлкі олардың мүлкі олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиістілі болады.

   Шаруа  қожалығы мүшелігінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шарушылық үшін сатып алынған жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылық және өзгеше қора-қопсы құрылыстары және басқа да құрылыстар өнім беретін малмен күш көлігі, өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал сайман және тағы басқа мүлік болады.

 Шаруа қожалығы  қызметінің нәтижесінде алынған  жемістер, өнім және табыс шаруа  қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі  болып табылады және олардың  арасындағы келісім бойынша пайдаланады.

  Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Өз алдына заңды тұлға боп құрылтайшылардың есебінен құрылған, сондай-ақ, шаруашылық серіктестік өз қызметі нәтижесінде өндірген және алған меншік құқығы бойынша тиесілі болады.

Ақша, бағалы заттар, мүліктік құқық, соның ішінде интеллектуалдық меншік және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына салынатын салым бола алады. Шаруашылық серіктестікке қатысушының салымын ақшалай бағалауды шаруашылық серіктестікке қатысушының салымын ақшалай бағалауды шаруашылық серіктестікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша жүргізілуі тиіс. Барлық қатысушының шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлестері, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе олардың жарғылық капиталға салған салымдарына тең болады.

Толық серіктестіктің жарғылық капиталдық мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң өкілдерінде  белгіленген ең төменгі мөлшерден  кем болмауы керек, жарғылық капиталын  азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннан кейін кең жол беріледі. Бұл ретте соңғылары тиісті міндеттемелерді мерзімнен бұрын тоқтатуды немесе орындауды және залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Толық серітестікке қатысушының өз үлесін оның басқа қатысушыларына келісіммен ғана беріледі. Үлес үшінші жаққа берілгенде сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтары мен міндеттердің бүкіл жиынтығы соған ауысады, ал қатысушы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісімімен құқықты мираскер серіктестікке кіре алады. Құқықты мирасқор қатысуының толық серіктестіктің үшінші жақтар алдындағы бүкіл серіктестік қызмет кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы