Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:25, курсовая работа
Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11
ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53
ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------------------------
Қарастырылатын келесі объекті заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйымдар болады. Мақсаты ретіеде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық ұйым деп аталады. Бірақ меншік өзінің қызметін жүзеге асыру барысында маңызды орын алады.
Қазіргі заңды күші бар Азаматтық кодекстің 105-110 баптарымен коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарының тізімі қарастырылған Сондай-ақ бұл ұйымдардың ұйымдық құқықтық қызметтері және мүліктік қатынастары 1991 жыл 27 маусымдағы «ҚазССР-ғы қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңымен және 1992 жылы 15 қаңтардағы «Дінге сену бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылы 15 қаңтардағы «Дінге сену бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «ҚР Заңын күшіне енгізу туралы» қаулысымен реттеледі.
Тұтыну кооперативінен бастайық, тұтыну кооперативінің (ҚР АК 108- бап) өндірістік кооперативтерден айырмашылығы олар қатысушыларының жеке еңбегіне негізделген бірлескен өндірістік немесе басқа шаруашылық қызмет үшін емес, оның мүшелерінің мүліктік салымдарын біріктіру арқылы қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылады.
Тұтыну кооперативтернің қатарына тұрғын үй және тұрғын үй- құрылыстық, гараждық, саяжай, бақ өсірушілер серіктестері және т.б. сияқты кооперативтер жатады. Тұтыну кооперативімен өндірістік кооперативтің айырмашылығы олардың қызмкеттерінің сипаттары емес, оның мақсатында.
Тұтыну кооперативі құрылтайшыларының шешімі бойынша Жарғы негізінде құрылады. Тұтыну кооперативінің жарғысында кооператив меншігіне қатысты мәліметтер, кооператив мүшелерінің жарнасының мөлшері туралы шарттар, кооператив мүшелерінің құрамы және жарна төлеу тәртібі туралы және жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғандығы үшін олардың жауаптылығы туралы, қару органының құрамы және құзыреті туралы және т.б. көрсетіледі. Жарна қоры қатысушылардың жарнасы есебіненқұралады және несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруда минималды кепілдік болып табылады1.
Қоғамдық бірлестіктер (ҚР АК 106-бап) – бұл ортақ мақсаттарына жету маќсатымен құрылған тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі. Қоғамдық бірлестік – бұл дербес ұйымдық–құқықтық нысандағы коммерциялық емес заңды тұлғалардың біртұтас тобын білдіретін тектік ұғым. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң олардың қатарына жатқызылады (8 бап):