ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------------------------

Файлы: 1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать файл)

         Виндикациялық талап – меншік  құқығын қорғау әдістерінің таралған  түрі болып, меншік иесінің  өзгенің заңсыз иеленген өз  мүлкін күштеп талап етуі болып  табылады.

          Виндикациялық талапта құқықтық субъектісі болып отырған мүлкіне деген құқығын дәлелдеп, ие болғанын негіздеуі керек. Міндеттелу субъекті – мүліктің заңсыз иесі. Виндикациялық субъекті болып белгілі жеке зат. Меншік иесі негізінде мүлікті талап ете отырып, арам ниетті иеленушіден бүкіл иеленген кезінде өзі алған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе өтеуді: адал иеленушіден иеленушінің заңсыздығы туралы білген немесе білуге тиіс болған немесе меншік иесінің мүлікті қайтару туралы талап қою жөніндегі хабарламасы алған кезден бастап өзі немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін талап етуге де құқылы. Адал иеленуші өз кезегіндегі меншік иесімен мүліктен табыс есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жұмсаған қажетті шығындарды меншік иесінің өтеуінің талап етуге құқылы. Заңсыз иеленуші өзі жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтірмей болуға келіссе, өзінде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды былайша болу мүмкін болмаса, адал иеленушінің жақсартуға жұмсаған шығындарын өтеуді талап етуге құқығы бар, бірақ, ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерінен аспау керек. Арам  ниетті иеленушінің мұндай құқыѓы жоқ. Ал, егер мүлік оны неліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы  мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүлікті меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтпақ немесе мұның екеуінен де ұрлаған немесе олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.

           Егер мүлік шешімдерін атқару  үшін белгіленген тәртіп бойынша сатылған болса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша мүлікті талап етіп алдыруға жол бермейді. Сонымен қатар, ұсынушыға берілетін ақшаны сондай-ақ, бағалы қағаздарды адал иеленушіден талап етіп, алдыруға болмайды.

         Неготорлық талап – меншік құқығын жүзеге асыру үшін кедергілерді жою туралы талап болып табылады. Мысалы, жер учаскесі бар көшелердің даулары, біреулерінің салған құрылысы екіншісінің терезесіне күн түсуін жауып қалады немесе өз учаскесіне өту жолына тосқауылдық етеді.

          Бұндай талапты қоюдың субъекті  затты өз иелігінде сақтап  отырған меншік иесі болып  табылады. Ал, міндеттелген субъективті  меншік – құқығын өзінің іс-әрекетімен  бұзушы болып табылады.

         Неготорлық талаптың объектісі  талап қою кезінде сақталып тұрған құқық бұзушылықты жою болып табылады.

         Азаматтық құқықтарды қорғау  әдістерінің бір түрі меншік  құқығын тану болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі  даудың негізгі меншік құқығы  болуы мүмкін.Үнемі кездесетін  талаптың түрлерінің бірі тәркіленген мүлікті босату туралы талап болып табылады.

         Мүлікті тәркілеу және оған  билік етуге тиым салу заңда  көрсетілген жағдайларда, сот  шешімін орындалуын, азаматтардың  құқықтық тұлғалардың сотта талап  қойғанда мүліктік құқықтарын  қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдіс.

          Бұл қаралып жатқан талап туралы  әртүрлі көзқарастар бар, бір  жерде ол виндикациялық талаптың  бір түрі ретінде, екінші бір  жерде нигаторлық талап түрінде,  үшінші бір жерде меншік құқығын  тану туралы талаптың ерекше түрі ретінде танылды.

         Меншік иесінің құқықтарын бұзатын  үкімет басқару органдарына қойылатын  талап меншік құқығын қорғау  әдістерінің бір тобы болып  табылады.

         Егер  мемлекеттік басқару органын,  жергілікті өкілді немесе атқарушы  органды не лауазымды адамның жеке заңдарға сәйкес келмейтінін қалыпты немесе жеке құжат шығару салдарымен иесінің және басқа адамдардың өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөнінде құқықтар бұзылса, мұндай құжат меншік иесінің немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Нақты іс бойынша сот шешім шығарған жағдайда мемлекеттік басқару органдарының жергілікті өкілді немесе атқарушы органның заң құжаттарына қайшы келетін құжаттары қолданылмайды.

         Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншік иесіне келтірілген залал тиісті үкімет немесе басқару органының тиісті бюджет қаражатын толық көлемінде өтелуге тиіс.

        Меншік иесі емес, бірақ келісім  негізінде немесе заң негізінде  ие болушы тұлға – меншік құқығын азаматтық–құқықтық әдістерін қолдануына мүмкіндік бар.

         Бұл заттай құқықтық талаптарға  және мемлекеттік органдардың  меншік құқығын бұзушы шешімдерін  даулау талаптарға жатады. Басқаша  айтқанда заттық құқықтық субъект,  меншік сияқты өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне ие. Бұл қорғаудың бір ерекшелігі, заттық құқықтық еңбекті меншік иесіне виндикациондық немесе нигаторлық талап қоюға, мүліктік құқықтарын бұзушы ведомстволық актілерді дауласуға мүмкіншілік бар.

         Мүлікті құқықты қорғаудың заттық – құқық және басқа да әдістерін азаматтық заң тек қана меншік иесінен ғана есе, басқа заңды мүлік иелерінің қолдануына мүмкіндік береді. Мысалы, меншік иесімен келісім негізінде мүлікке уақытша ие болушы.

        Сондықтан, белгілі бір мүлікке деген өз құқығын қорғау үшін азаматтық құқықтық талаптарды заң немесе келісім негізінде мүліккке ие болған кез- келген тұлға қоя алады. Әртүрлі азаматтың құқықтық талаптар арқылы заң негізінде мүлікке ие болу құқығын қорғау – ие болу қорғауы деп аталады. 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ  МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

 

 

3.1. Заңды тұлғалар  үшін меншік санатының маңызы 

 

           Меншік және заңды тұлға ұғымдары өзара тығыз байланысты. Өйткені  меншікке біз кез келген заңды түрде алынған мүлікті, материалдық  құндылықтарды, жерді және т.б. жатқызамыз, себебі, меншік өзімен бірге  обьектілердің кең тізімін қамтиды. Ал заңды тұлғалар өзінің табиғаты бойынша қызметтің көп жақты түрлерін жүзеге асырады, сондықтан осы   қызметті жүзеге асыру үшін меншік иесі – заңды тұлғаға оқшауланған мүлік  қажетті.  

           Бұл заңды тұлға ұғымының өзінен туындап отыр. Заңды тұлға ұғымы АК 33-бабында берілген, онда айтылғандай «меншік, шаруашылақ жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жєне сол мүлікпен өз  міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік емес жеке құқықтармен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын ұйым  заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс»1.

         ҚР заңдары бойынша коммерциялық заңды тұлғалар бар, олар өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейді және  коммерциалық емес заңды тұлғалар, олардың мақсаты таза пайда табу және пайданы қатысушылар арасында бөлмейді. Бұл әртүрлі қайырымдылық сипатындағы мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтыну кооперативтері,   қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер. Бірақ сонда да коммерциялық емес  ұйымдар кәсіпкерлік қызметпен айналысуы мүмкін, өйткені бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді, ал коммерциалық заңды ең алдымен  шаруашылық қызметпенен, өндірістік қызметпен айналысады, қызметінен ондағы мақсаты қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға және өзінің  максималды пайда табуға бағытталған. Бірақ сонда да меншік санаты ұғымымен заңды тұлға ұғымының өзара қатынасына қайтып келеміз. Сондай-ақ коммерциялық емес заңды тұлғаларына өз балансына оқшауланған өзінің мүлкінің болуы тән. Мүліксіз өзінің қызметін жүзеге асыру және өзінің алдына қойылған мақсаттарға жету мүмкін емес. Бұл заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің барлығына заңды тұлғалардың меншік түрімен нысанына қарамастан қатысты.

        Өзіне тиесілі мүлікке меншік иесі ретінде қатысатын заңды тұлғалардың тобы орасан көп. Қазіргі заң күші бар заңдар бойынша келешекте мемлекеттік кәсіпорындардан, сондай-ақ меншік иесі қаржыландыратын мекемелерден басқа барлық заңды тұлғалар меншік иесі болуы керек. Бірақ жоғарыда аталған әлеуметтік құрылымдар оларды меншік иесі деп тануға әртүрлі жолмен келді. Егер өндірістік және тұтыну кооперативтердің қандай атауменен аталмасын, олардың құқықтары қалай болса да шектелмесін қазаннан кейінгі жылдардың барлық кезінде көруге болады, бұл бойынша шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар туралы, діни ұйымдар айтуға болмайды. Шаруашылық қоғамдар мен серіктестердің қызметі бастапқыда жойылған болатын, ал кейін социализмнің барлық фронт бойынша «шабуылы» кезінде мүлдем тоқтатылды және елдің экономикасынан жеке капиталистік элемент ретінде аяқты түрде  шыѓарылып тасталады. Олардың қайта жандануы сексенінші жылдардың  аяғы мен – тоқсаныншы жылдардың басында басталды және глобалды   реформаның мақсаты болып өркениетті капитализм құру жарияланған кезде осы күндері айыбында мөлшерге жетеді. Ұзақ уақыт бойы діни  конфессциялардың заңи мүддесі танылмады, ал олардың мүліктік базасы жоққа шығарылады. Сол немесе өзге заңды тұлғаны құрту тәртібі қатаң рұқсат беру тәртібінде болды, оларды оларды қаржыландырудың негізгі қайнар көзінің бірі болып бюджеттен қаржы бөлу болып табылады, олардың барлығы қызметі партия органдарының нұсқауымен қатаң реттеліп отырды. Олардың барлық қызметі сол кездегі әкімшілік-шаруашылық жүйеге тәуелді болды. Қоғамдық ұйымдар қатарында айрықша орынды СОКП алды, ал барлық билік және басқару органдарының және барлық қоғамдық ұйымдардың қызметін жоғарыдан төменге дейін бағыттап отырды. Оның  қозғалтқыш белдігі болып бірінші кезекте БЛКЖО және кәсіби одақтардың біріңғай жүйесі табылды, ал бүкіл одақ көлемінде ВЦСПС басқарылды. Бірақ Кеңес одағының тарауымен және біздің республикамызда дербес шаруашылық жүргізуге алғы шарттар пайда болады. Біздің Республика енді КСРО–ның бас орталығы – Москвамен «аяқ және қолы бойынша» байланысып жатқан жоқ. Егеменді мемлекет – Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін және оның нарықтық қатынастарға өткеннен кейін біз дербес шаруашылық қызметіне мүмкіндік алдық. Қоғамдық және діни ұйымдардың тағдыры аяқты түрде шешіледі. Олар биліктің айрықша қорғауын пайдалана бастады. Қызметі ұзақ уақыт бойы жойылған және тіпті тыйым салуда болѓан бірқатар ұйымдардың қайта жандануына байланысты, бұрын оларға тиесілі болѓан мүлкін қайтару туралы мәселе туындайды. Бұл жерде бірінші кезекте діни ұйымдар туралы сөз қозғалады олардың барлығы табандылықпен оларға шіркеулерді, монастырларды, дұға оқитын үйлерді, мешіттерді, ғибадат заттарын және т.б. қайтаруды талап етуде. Көптеген мүлік жаңа иесіне «қалыптасып» үлгерді және оларды шаруашылық, мәдени – ағартушылық және басқа қызметтерде пайдалануда (мысалы, музей  экпонаттары  ретінде). 

 Экономиканы және мемлекеттік меншік қатынастарын шегінде  жұмысшылардың еңбегінің нәтижесінен жұмысшылардың оқшаулануын  тарату жүргізу қажеттілігін негізге ала отырып бірқатар ғалымдар ұжымның әрбір қатысушысын олардың ортақ мүлкіне «бірге иеленуші, бірге иелік  етуші» деп жариялау мүмкіндігінде ең басты ұжымдық меншікті қарастыра  отырып ұжымдық меншіктің артықшылығына ерекше назар аударады1

         Жалпы ереже бойынша ұжымдық меншікті әрбір қатысушы ортақ  табысқа пропарцианалды бөлігін оған алуға мүмкіндік беретін және басқа  қатысушылармен біріге отырып ортақ мүлікті билік етуге, басқаруға  мүмкіндік беретін өзінің үлесін иеленеді. «Өйткені ұжымдық меншік топтың меншіктенуді болжамдайды. Және тек осындай меншіктену жаѓдайында еңбек ұжымы, әрбір жұмысшы өзінің өндіріс иесі ретінде жағдайын материализациялау жағдайында»2.

            Жоғарыда айтылғанның барлығы заңды тұлғалардың меншік  құқығының мазмұнын, оны жүзеге асыру шегімен тәсілін сипаттайтын   жалпы заңдылықтарды анықтау қажеттілігінен құтқармайды. Бірақ бұл  заңдылықтар бастан  кешіретін сәттің ерекшіліктерін ескере отырып алуы қажет, ал бұл оларға өзінің өңін береді. Мұндайлардың қатарына келесілер  жатқызылуы мүмкін. 

          Біріншіден, жоғарыда айтылғандай, сөз жүріп жатқан заңды  тұлғалардың барлығы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар  болып бөлінеді және сәйкесінше не жалпы не арнайы құқық қабілеттілік  беріледі, ал бұл оларға тиесілі меншік құқығының мазмұнын, оны жүзеге  асыру шегімен тәсіліне тікелей көрінеді. Құқықтарды алу оны кез келген жағдайда өзгеріссіз қалады, бірақ өзінің мазмұны және шекарасы бойынша олар онша бірдей емес. Мысалы коммерциялық ұйымдарда өз қызметін  жүзеге асыру бойынша бұл құқықтар едәуір кең. Аталған құқықтардың  коммерциялық емес ұйымдардың алдында ашатын ашатын мүмкіндіктер  жиынтығы атар.

        Екіншіден, меншік иесі ретінде  болатын заңды тұлғалардың көпшілігі ерікті түрде мүшелік (қатысу) қағидасында құрылған. Олардың мүшелері (қатысушылары) жарна, салым салу, акция сатып алу және т.б. тиісті ұйымның мүліктік қорын қалыптастырады. Сірә, ұйымға өзінің мүмкін  берген немесе қандай-да бір басқа салым салған жеке және заңды тұлғаларға ол қандай мақсатта пайдаланатындығы бәрібір емес, өйткені көп жағдайда  мүліктік пайда алуды көздейді. Сондықтан аталған тұлғалар көп жағдайда меншік құқығын жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылдауға жиналыс,  басқару органдары арқылы қатысады. Басқаша айтқанда, заңды тұлғаның меншік құқығын жүзеге асырған кезде оның қызметінің параметірін  анықтауда алқалы және жеке органдарының актілерінің үйлесуі орын алады (мысалы, жалпы жиналыс және бас директордың), және де шешуші мен  алқалы органдарының орны болуы керек.

         Үшіншіден, меншік құқығында заңды тұлғаға тиісті мүліктің  құқықтық режимін анықтайтын нормативтік құжаттардың ішінде заңды тұлғаның  құрылтай құжаттарының үлестік салмағы жоғары, атап айтқанда, бірінші  кезекте құрылтай шарты немесе жарғы, олар локалды норма  шығармашылығына жатады.

        Төртіншіден, меншік иесі ретінде заңды тұлғалардың мүлкіне ешқандай заттық құқыққа ие болмайды. Олар заңды тұлғаларға қатысты егер  шаруашылық серіктестіктері және қоғамдары, өндірістік және тұтыну  кооперативтері туралы сөз жүрсе, онда міндеттемелік құқықтарды иеленеді  немесе егер қоғамдық немесе діни ұйымдары, қайырымдылық қорлары,  ассоциациялар және одақтар туралы сөз жүрсе, онда заңды тұлғаға қатысты  мүліктік (не заттық, не міндеттемелік) құқықтарды мүлдем иеленбейді1.

         Жалпы заңдылықтар осындай, олар заңды тұлғалардың меншік  құқығын оқып үйрену кезінде олардың нақты түріне қарамастан ескерілуге  жатады.

         Менің көзқарасым бойынша бұл тақырыпты кеңінен дұрыс зерттеу  үшін бұл мәселені реттейтін заң базасы туралы бірнеше сөз айтып өту қажет.

         Заңды тұлғалардың меншік құқығы туралы заңдар жүйесі көптеген ҚР заңдарынан, ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтарынан тұрады.

         Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы атты бір тармаққа  қосымша. Менімен жоғарыда келтірілген заңды тұлға түсінігінен  туындағандай заңды тұлғаға келесі белгілер тән:

    1. Мүліктік оқшаулылық;
    2. Дербес мүліктік жауапкершілік;
    3. Азаматтық айналымда өз атынан қатысуы;
    4. Ұйымдық бірлік2

     Әрбір белгіге қарай қысқаша тоқталайық.

  1. Мүліктік оқшаулылық – заңды тұлғаның маңызды белгісі және  оның  мүлікке заттық құқықты: шаруашылық жүргізу құқығын немесе  оралымды басқару құқығын иеленуінен көрінеді.
  2. Дербес мүліктік жауапкершілік мүліктік оқшаулыққа негізделеді,  заңды тұлға жауапкершілікті өзіне тиесілі барлық мүлікпенен барлық  өзінің міндеттемелері бойынша алып жүреді.

Заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылардың (қатысушылардың)  мүлкінен ол осы мүлікпенен жауапкершілік заңды тұлғалардың  борыштары бойынша құрылтайшылардың, қатысушылардың жауапкершілігін жоққа шығарады. Бір мезгілде заңды тұлға оның    құрылтайшылары мен қатысушыларының міндеттемелері бойынша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              жауапкершілік алып жүрмейді. Бірақ заң құжаттарымен немесе заңды  тұлғаның құжаттарымен заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшылар мен қатысушылардың жауапкершілігі қарастырылуы  мүмкін. Онда меншік құқығында болатын мүлік міндеттемені орындау үшін қажетті.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы