Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:25, курсовая работа
Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11
ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53
ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------------------------
Тақырыбы: ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы
КІРІСПЕ ------------------------------
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны
------------------------------
1.2. ҚР-дағы меншіктің
түрлері және нысандары ------------------------------
1.3. Меншік құқығына
ие болу және оның тоқтатылуы ------------------------------
ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке
меншік ұғымының құқықтық ара
қатынасы және меншік құқығын
қорғау әдістері ------------------------------
3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының
маңызы ------------------------------
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың
меншік құқығының мазмұны -----
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53
ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------
КІРІСПЕ
Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік1 қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.
Ең маңыздысы мемлекет пен меншік қатынасы, өйткені нақ солар мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асырудың басым бағыттарын, қоғам мен мемлекеттің дамуын анықтайды. Осыған байланысты меншікті мемлекеттік қорғау мәселелерін мұқият шешкен маңызды деп ойлаймын.
Меншік қатынастары өзінің сипаты бойынша әртүрлі және әртүрлі құқық салаларымен: конституцияның, әкімшілік, азаматтық, жер, еңбектік, қылмыстық және т.б. реттеледі. Бұл жалпы теоретикалық қорытып таңдаудың және аталған институттың әртүрлі қоғамдарда атап айтқандай нарықтық қатынастар жағдайында дамуына тән жалпы заңдылықтарды атқарудың қажеттілігін ұсынады. Бұл меншік моделі енді ғана қалыптасып келе жатқан, нарықтық қатынас пен нарықтық экономика енді ғана дамып келе жатқан біздің мемлекетімізге қолданылуға жатады. Мұндай тектегі заңдылықтарды анықтау қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық аядағы жүргізіліп жатқан реформалардың, бағыттылығын дұрыс анықтауға, жекеленген қайта құрулардың негативтік салдарының алдын-алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан «Меншік құқығы»
тақырыбы азаматтың құқық жүйесіндегі өз
Атап өту керек, берілген тақырып әрқашанда көптеген авторлардың назарын аударуда. Бұл сұрақты тереңірек зерттеумен мынадай көрнекті ғалымдар К. Маркс, Ю.К. Толстой, А.П. Сергеев, А.Г. Жусупов, Е.А. Суханов айналысқан. Бұл авторлардың барлығы, бірінші кезекте, меншік құқығын экономикалық қатынас, экономикалық санат ретінде ашады, содан кейін құқықтық санат ретінде ашады.
Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық
игіліктердің нақты тұлғаға
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік
құқығының нормалары мүліктің
белгілі бір тұлғаларға
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленудің заң жүзінде қамтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу, тағы басқа өзге де нысандар да болуы мүмкін. Бұл құқықтар тек мүлікке ие болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Билік ету құқығы дегенімі – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық айтылған құқықтардың ішінде негізгісі болып оның бар болуы меншік иесін басқа титулдық иеліктерден ерекшелендіреді. Меншік иесінің осы үш құқығы, заңмен тарихи дамуынан туындап отырған заңды құрылымы болып табылады.
Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің құқықтарында ғана емес, сондай-ақ. Олардың өзгешелігінде болып отыр. Мұнда жалдап алушыға мүлікке қожалық етуге мүмкіндік беруінде.
Басқа заңдылық мүлік иесінің құқықтар меншік иесі өкілеттігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесі өкілеттігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда болады. Меншік құқығының осы үш құқығының /триада/ дерексіз ұғымы.
Меншік және заңды тұлға ұғымдары өзара тығыз байланысты. ҚР заңдары бойынша коммерциялық заңды тұлғалар, олар өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда көздейді және коммерциялық емес заңды тұлғалар. Олардың мақсаты таза пайда табу емес және пайданы қатысушылар арасында бөлмейді. Бұл әртүрлі қарапайымдылық сипатындағы мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтыну кооперативтері, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер.
Өзіне тиесілі мүліке меншік иесі ретінде қатысатын заңды тұлғалардың тобы орасан көп. Қазіргі нормативтік-құқықтық актілер бойынша келешекте мемлекеттік кәсіпорындардан, сондай-ақ меншік иесімен қаржыландырылатын мекемелерден басқа барлық заңды тұлғалар меншік иесі болуы керек. Бірақ жоғарыда аталған әлеуметтік құрылымдар оларды меншік иесі деп тануға әртүрлі жолмен келеді. Егер өндірістік және тұтыну кооперативтерінің қандай атауменен аталмасын, олардың құқықтары қалай болса да шектелмесін. Қазаннан кейінгі жылдардың барлық кезінде көруге болады, бұл бойынша шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар туралы, діни ұйымдар айтуға болмайды.
Шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктердің қызметі бастапқыда қойылған болатын. Ал кейін социализмнің барлық фронт бойынша «шабуылы» мүлдем тоқтатылды және елдің экономикасынан жеке капиталистік элемент ретінде аяқты түрде шығарылып тасталды. Олардың қайта жандануы 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында басталды және үлкен реформаның мақсаты болып «өркениетті капитализм құру» жарияланған кезде осы күндері айбынды мөлшерге жетеді.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының
түсінігі, мазмұны
Бізге белгілі адам қоғамдық ұдайы өндіріске қатыса отырып өзі үшін белгілі бір материалдық құндылықтар жасап шығарады. Сондықтан меншікті біріншіден экономикалық санат ретінде қарастыру қажет. Бірақ жасалған материалдық құндылықтарға индивидтердің қатынасы әртүрлі. Ұдайы өндірістің мәні материалдық құндылықтарды жасап шығаруда, жоғарыда атап өткендей олар меншіктеледі не меншікке айналдырылады. Кез келген материалдық құндылықтар оларды ары қарай меншіктену мақсатымен жасалады, бұл өз кезегінде меншік (меншіктену) қатынасының өзін өндірістік қатынастардың негізі, өзегі етеді.
Маркс ескергендей, меншік бұл белгілі бір тұлғалардың материалдық құндылықтарға өзінікі ретінде, өздеріне тиісті ретінде қатынасы сәйкесінше басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы, сәйкесінше басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы1. Осыған сәйкес «меншік материалдық құндылықты меншіктену фактісінен немесе материалдық құндылықтардың басқа тұлғаларға (олардың ұжымына) тиістілігі фактісіне тұратын заттардың себебі бойынша адамдар арасындағы қатынастарды және сәйкесінше бұл құндылықтардан басқа барлық тұлғалардың оқшауланатындығын білдіреді»2.
Сонымен, меншік қатынастары:
Біріншіден, өндірістік процесте адамдар арасында қалыптасатын өндірістік қатынастар ретінде;
Екіншіден, өндірістің қаражаты түріндегі материалдық құндылықтардың тікелей меншіктену бойынша экономикалық қатынастар ретінде көрініс табады.
С.Н. Братусь және басқа ғалымдар азаматтың құқықтық пәнін зерттей отырып келесідей қорытындыға келген, меншік өндірістің қажетті алғы шарты бола тұрып және ол арқылы жүзеге аса отырып өндірілетін материалдық игіліктерді меншіктенудің негізіне айналады. Олар меншікті екі қалыпта қарастырған: статикалық-өндіріс құралдарының және оның өнімдерін белгілі бір тиістілігі, меншіктену жағдайы ретінде және динамикалық сызықша материалдық құндылықтарды пайдалану және көшу жағдайы ретінде1. Шындығында бұнымен келіспеуге болмайды, өйткені меншік иесі материалдық құндылықтарды пайдалана алады және ары қарайғы осы құқықтардың тағдырын анықтайды.
Осы күнге дейін меншіктің
айрықша экономикалық санат
Меншік құқығының ұғымы және мазмұны толық түрде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында және 9 сәуір 1993 жылғы «Меншік туралы» ҚР заңында ашылып көрсетілген.
Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Аталған құзіреттер бүтіндей алғанда субьективтік меншік құқығы ретінде өзімен бірге меншік иесінің заңы қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс мүмкіндігін көрсетеді, олар оған ол меншік иесі болып қалғанға дейін тиісті болады. Меншік иесі құзіреттерде нақты жүзеге асыра алмайтын жағдайларда (мысалы, борышы үшін оның мүлкіне арест салған кезде немесе мүлікті заңсыз басқа біреу иеленген кезде) ол құзіреттердің өзінен ғана емес, меншік құқығынан толығымен айырылмайды. Меншік құқығының мазмұнынын ашу үшін, меншік иесіне тиесілі әрбір құзыретке анықтама беру қажет.
Иелену құқығы1 – бұл мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Бұл жерде сөз затқа шаруашылық үстемдігін жүргізу туралы жүруде, ал меншік иесінің онымен тікелей жанасуда болуын тіпті талап етпейді. Мысалы меншік иесі ұзақ мерзімге іс сапарға бара отырып, оның пәтеріндегі заттарды иеленуші болып қала береді. Затты иелену заңды және заңсыз болуы мүмкін. Заңды иелену қандайда бір құқықтық негізге сүйенбеген, сондықтан титулсыз деп аталады. Заңсыз иеленушілер өз кезегінде адал және адал емес болып бөлінеді. Егер мүлік оны еріктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушыны білмесе және біреуге тиіс болмаса, онда иеленуші адал болып табылады. Егер бұл туралы білсе және білуге тиіс болса, онда иеленуші адал емес болып табылады. Иеленушілерді заңды және заңсыз деп бөлу меншік иесі виндикациялық талаптың көмегімен өзінің затын қайтаруды талап еткен кезде табыс және шығын бойынша меншік иесі иеленуші арасында есеп айырысқан кезде, сондай-ақ иеленуші иелену көмегі бойынша меншік құқығын ала алады ма немесе жоқпа деген сұрақты шешу кезінде мәнге ие болады. Заңды және заңсыз деп иеленушілерді бөлу иелену көмегінде маңызды орын алады. Атап айтсақ, заңды иеленуші меншік иесі жоқ жылжымайтын мүлікті заң бойынша 15 жыл иеленсе, аталған мүліктің толық меншік иесіне айналады.
Меншік құқығының келесі элементі пайдаланушының құқығы2. Бұл ҚР АК 188-бабынан сәйкес оның мүліктен пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Пайдалану құқығы иелену құқығына сүйенеді. Бірақ кейбір кезде затты иеленбей-ақ оны пайдалануға болады.