ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақты тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол бірыңғай тұтас құқықтық институтты құрайды.
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------------------------

Файлы: 1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК  МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН  НЕГІЗДЕРІ 

 

2.1. Мемлекеттік меншік құқығының теориялық-құқықтық аспектілері

         

Қазақстан Республикасының  Конституциясы Азаматтық кодексінің  «Жалпы бөлімі»  191, 192 баптар.

Мемлекеттік меншік республикалық  және коммуналдық меншік түрінде  көрінеді.1

Республикалық меншік республикалық  қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген  мүліктен тұрады.

    Республикалық бюджет қаражаты, алтын, валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына  сәйкес комуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген тұлғалардан  тұрады.

        Жергілікті бюджет қаажаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де комуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

       Мемлекеттік  меншіктегі мемлекеттік заңды  тұлғаларға шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығымен  бекітіліп берілген.

       Ал  жер оның қойнау  су, өсімдіктер  мен жануарлар дүниесі басқа  да табиғи ресурстар тек қана  мемлекеттік республикалық меншікте  болады.Мемлекеттік меншік –  экономикалық категория ретінде  мүліктің халыққа тиістілігін  білдіреді.

    Осы көзқарастан мемлекеттік меншік құқығы объективті мазмұны ол, материалдық игіліктердің халыққа тиістілігі бекітуші және қорғаушы құқық нормаларының жинағы.

      Сонымен  бірге мемлекеттік мүлікке ие  болу, пайдалану және жойылу жолдары.

      Мемлекеттік  меншік құқығының субъективті мазмұны – меншік иесінің заңда көрсетілген құқықтарынан тұрады да, осы тұрғыда меншік иелену құқықтарынан ерекшеленбейді. Мұнда мемлекеттік меншіктің басқа түрлері меншік қатыныстарымен ерекшеленеді.

     Оның көріністері :

       Біріншіден: мемлекеттік меншікке кез келген мүлік жатуы мүмкін, сонымен қатар , айналымнан алынған немесе айналымға шектелінген мүлік.

       Екіншіден:  мүлікті өз меншігіне алу жолдарын  тек қана оны қолдану мүмкін (мысалы, алымдарды және салықтарды  жинау);

        Үшіншіден: саяси – егеменді мемлекет ретінде құқықтық актілерді шығару жолдары арқылы меншік иесінің құқықтарын және оны іске асыру жолдарын белгілейді.

Мемлекеттік меншік құқығында  кез-келген мүліктің болуы және заңда  көрсетілген жолдарымен алуға және белгіленген шектерде пайдалануға құқығы бар.

         Мемлекеттік меншіктің ерекше  сипаты, мемлекеттің – саяси егемендігінің  белгісі. Сондықтан, құқықтың  басқа да субъектілерімен бір  деңгейде болуы мүмкін.

        Меншік туралы заң мазмұны  бойынша өкілетті органдар халық атынан мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып табылады да, олар тек қана мемлекеттік мүлікті басқарады және билік етеді. Бұл мемлекеттік органдар мемлекеттік мүлікті шаруашылықта пайдалану үшін және азаматтық айналымды мемлекет атынан іш жүргізетін арнайы құрылған мемлекеттік органдар. Негізінен қазына институттары қайтадан құрылып, мемлекет шаруашылығын жүргізіп азаматтық құқық қатынастарында мемлекеттік толық праволы өкілі болып отыр. Қазына немесе мемлекеттік мүлік ведомостволары құқықтық қатынастарының субъектісі бола отырып, басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады1. Сондықтан, мемлекеттің товар айналымына қатысуы басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады да теңдік жөніндегі комитеттер жатады. Ал, мемлекеттік мүлік жөніндегі қорлар коммерциялық заңды тұлғалар үлестерін иемденіп солардың құрылтайшылары және қатысушылар болып табылады. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет жекешелендіруге жататын объектілерді белгілейді, ал мемлекеттік мүлік қорлары оларды сатушылар ретінде көрінеді, ал сатылмай қалған акцияларды иемденіп акционерлер жиналысында акционердің міндеттерін атқарады. Сонымен бірге, акцияның бағасының төмендеу нәтижесінен шыққан шығындарды өтейді. Кейбір жағдайларда мемлекеттің мүддесімен меншік иесі ретінде қаржы министрлігінің органдары қаржы бөлімдері, басқармалары немесе мемлекеттің басқару органдарының арнайы міндеттелген органдары қорғайды.

      Мемлекеттік  меншік құқығының объектілері  шектелмеген себебі, мемлекеттің  меншігінде, кез – келген мүліктің  болуы мүмкін. Бұл жағдай мемлекеттік меншіктің меншік құқығының ерекшелігінің салдары, сондықтан, мемлекеттік меншік құқығының объетілері әртүрлі. Солардың ішінде негізгі объектілер болып – мемлекеттік өкімет органдарының және мемлекеттік басқару органдарының мүліктері, бюджет қаражаттары, кәсіпорын, халық шаруашылық комплекстері және басқада әлеуметтік мәдени саласының объектіліері, мемлекеттік банкілер, сақтандыру қорлары, мәдени тарихи байлықтар және басқа да мемлекеттік міндеттерін атқаруға керек мүліктер жатады.

     Мемлекеттік  белгілі бір мүлікті өз меншігіне  алудың заңдылық негізі  әр  түрлі. 

     Шартты  түрде оларды екі топқа бөлуге  болады:

    Біріншіден: «жалпы  азаматтық тәсіл» - меншік иесі тек мемлекет қана емес, кез-келген басқа азаматтық құқықтың субъектілері болуы мүмкін, яғни, меншік құқығын әртүрлі келісімдер және мекемелер негізінде иемдену;

 Екіншіден: Тек  қана мемлекет белгілі бір  меншіктің иесі бола алады.  Мысалы, мемлекетке азаматтардың өсиеттеген мүліктері яғни, жай жалпы азаматтық меншік құқығына ие болу жолы иесіз қалған мүліктің мемлекеттік меншікке өтуі;

    Үшіншіден:  Меншік құқығына ие болу негіздерінің  маңыздылығының бірі 

алым – салықтар және міндетті төлемдер болып табылады.

    Кейбір меншік  иелерінен мүлкін жалпы мемлекеттің қажетін өтеуге алу және салық өндіру барлық мемлекеттерде ұлттық меншікті жасау үшін жүргізіледі. Сонымен бірге, салықтар мемлекеттің нарықтық экономика реттеу тәсілі болып табылады.

    Тарихта мемлекеттік  меншік құқығы бізде национализациялаудың  негізінде пайда болған, яғни арнайы заңдар негізінде жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру.

      Жеке  меншік мемлекеттің меншігіне  төлемсіз экспропарция негізінде (тартып алу) немесе бұрынғы меншік иелеріне белгілі бір төлем арқылы айналдырған.

   Елімізде Совет өкіметінің құрылу кезінде жеке меншік иелігінен мемлекеттің меншігіне қайтарылымсыз алу формасы қолданылған. Себебі, бұл форма революциялық кезеңнің әлеуметтік экономикалық талабы болды. Қазіргі уақытта меншік құқығын мемлекеттің шешімімен жоғалтып алу тек қана заңда көрсетілген жағдайларды меншік иесіне тартқан зиянын толық қайтару арқылы жүргізіледі.

   Жеке меншікті  мемлекет меншігіне айналдыру  реквизациялау және тәркілеумен  ерекшелінеді1. Реквизация және тәркілеу бұл да мемлекеттің меншігіне кейбір меншік иелерінің мүлкін алу жолдарының бірі.

      Реквизация – дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік өкімет және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін  (реквизация)1. Меншік иесіне реквизацияланған мүліктің құны өтелген бағаның оның сот тәртібімен даулануына болады.

   Мүлкі реквизацияланған адам реквизация жүргізуге байланысты  жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы.

   Тәркілеу – заң құжаттарында  көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасалған қылмысы немесе өзге де құққық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мүмкін2.

   Иесіз зат меншік  иесі жоқ немесе меншік иесі  белгісіз зат не меншік құқығынан  бас тартқан зат иесіз болып  табылады.

  Иесіз қозғалмайтын  заттарды олар табылған аумақтағы  жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуде жүзеге асыратын есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берген орган иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты комуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгіне алады.

   Комуналдық меншікке  түскені сот шешімі бойынша  танылған иесіз қозғалмайтын  зат оны тастап кеткен меншік  иесінің иеленуіне, пайдалануына  және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену көнелігіне сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

    Иесіз заттарды арнайы жағдайларды болып олжаның, көмбенің қараусыз жануарлар табылуы болып есептеледі.

    Жоғалған заттарды тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне, оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа да адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған заты оған қайтаруға міндетті. Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның туған жері белгісіз болса затты тауып алушы олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқарушы органға мәлімдеуге міндетті. Егер олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға немесе милицияға не жергілікті атқарушы органына мәлімдемесе затты тауып алушы орган меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол комуналдық меншікке өтеді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға ұстап алған адам егер оның өзі немесе тұрған жеті белгісіз болса, ондай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы милицияға немесе жергілікті атқарушы органға мәлімдеуге міндетті, олар меншік иесін іздестіру шараларын қолға алады. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруды не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін. Жануарларды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және жануарды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады. Бұл адам бағуында болған жағдайларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда олар комуналдық меншікке түседі және тиісті жергілікті атқару органы белгілейтін тәртіп бойынша пайдаланады. Көмбе, яғни, жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтауға болмайтын немесе заңдарға сәйкес оларды құқығынан айырған ақша немесе өзге де бағалы заттар. Тарих және мәдени ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы иенмесе қозғалмайтын мүлікті меншіктеуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құқығының елу процентін немесе сый-ақы алуға құқылы. Мемлекет меншігіне мемлекетке өсиеттелген және мұрагерсіз қалған меншік өтеді. Мемлекеттік меншіктердің пайда болу жолдарының бірі бағалы қағаздарды /облигация/ банк сертификаты, консамент, акция шығару. Заттай-ақшалай ұтыс лотореяларды шығарып ойнату аукциондарды өткізу болып табылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорын  мүліктерін құқықтық реттеу тәртібі  Күрделі меншік иелері – мемлекет жалпылай қоғамдық ұйымдар, басқа да меншік иелері өздеріне тиісті мүліктер негізінде шаруашылық жүргізу үшін жеке құқықты тұлғалар құрады. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заң құжаттарынан белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекет заттық құқы болып табылады.

  Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

   Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттеін алудан, сондай-ақ, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өнім, жеміс, төл алу және өзге нысандарды болуы мүмкін.

      Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

   Шаруашылық жүргізудің объектісі, егер заңдарды өзгеше көрсетілмесе кез-келген мүлік бола алады.

  Мүлікті құрылып  үлгірген мемлекеттік кәсіпорынға  бекіту  меншік иесі шешім қабылдаған мүлікке қатысы шаруашылық жүргізу құқығы, егер заңдарда немесе меншік иесінің шешімінде өзгеше белгіленбесе, бұл кәсіпорында мүлікті кәсіпорынның дербес балансына бекіткен кездк пайда болады.

Шаруашылық жүргізудегі  мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі, кірісі сондай-ақ, кәсіпорын шарттар  немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алуға арналған заңдарда белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне келіп түседі.

Мүлікке шаруашылық жүргізу  құқығы меншік құқығын тоқтатуға  арналған заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша сондай-ақ, меншік иесінің шешімімен кәсіпорыннан мүлік заңды жолмен қайтарылып алынған реттерде тоқтатылады.

Шаруашылық жүргізудегі  мүліктің меншік иесі заң құжаттарына  сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны  қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

Меншік иесі өзі құраған  кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі  мүлікті пайдалануынан келтірілген  пайданың бір бөлігін алуға құқылы.

Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның меншік иесінің  немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік  органның келісімінсіз кәсіпорын кәсіпкерлік  қызметтің мына түрлерін жасауға:

Біріншіден, өзіне тиесілі  үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді / үш жылдан астам / жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы