Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2011 в 15:41, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан республикасының Конситуциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесін анықтау, талдау және проблемаларын шығару
Қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттер көзделдi
•Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы беру
•Конституциялық құқығының жүесі анықтау
•Конституциялық-құқықтық нормалар талдау
•Конституциялық-құқықтық принциптері сипаттамасын беру
•Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі аңықтау
•Конституциялық іс жүргізу аңықтау
Кіріспе.....................................................................................................................3-6
Тарау – 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
1.1. Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы....................................7-8
1.2. Конституциялық құқығының жүйесі.........................................................9-14
1.3. Конституциялық-құқықтық нормалар......................................................15-17
1.4. Конституциялық-құқықтық принциптері................................................18-40
Таару – 2. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі.............................................................................................................41-48
2.2. Конституциялық іс жүргізу.......................................................................49-61
Қорытынды.........................................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................64-65
Конституциялық заңның 35-бабымен көзделген жағдайларда Кеңес Төрағасы Кеңес мүшесіне осы мәселе бойынша үш күн ішінде ұсыныс дайындауды тапсырып, ол ұсыныс Конституциялық Кеңестің отырысында қаралады.
Қосымша шешім қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес Төрағасы Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындалуын іске асыру үшін өз өкімімен Конституциялық Кеңестің мүшесін және Конституциялық Кеңестің аталған шешімді қабылдау жөніндегі отырысы өткізілетін күнді белгілейді.
Қосымша
шешім осы Регламенттің 21-тармағына сәйкес
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың
өтініші келіп түскен күннен бастап, ал
Конституциялық заңның 35-бабы 1-тармағының
2) тармақшасы тәртібімен Конституциялық
Кеңестің өз бастамасымен қосымша шешім
қабылданатын жағдайда, іс жүргізу қозғалған
күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.
Конституциялық Кеңестің қосымша шешім
қабылдау жөніндегі отырысы осы Регламенттің
2-бөлімінде белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Қорытынды шешім қайта қаралған жағдайда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындалуын іске асыру үшін өз өкімімен Конституциялық Кеңестің мүшесін, сондай-ақ осы мәселе бойынша жаңа отырыстың өткізілетін күнін белгілейді, оны өткізу тәртібі осы Регламенттің 2-бөлімінде айқындалады.
Конституциялық
Кеңестің қорытынды шешімдері (қаулылары)
қабылданғаннан кейін екі күн
ішінде Конституцияның 72-бабымен көзделген
субъектілерге немесе олардың өкілдеріне,
сондай-ақ барлық жағдайларда Қазақстан
Республикасының Президентіне, Парламенті
Палаталарына, Жоғарғы Сотына, Бас прокурорына,
Әділет министріне жіберіледі.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері
республикалық ресми басылымдарда қазақ
және орыс тілдерінде жарияланады.
Басқа шешімдер қабылданғаннан кейін
бес күннен кешіктірілмей тиісті мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдарға жіберіледі
және қажет болған жағдайда қазақ және
орыс тілдерінде ресми басылымдарда жарияланады.
Конституциялық Кеңестің қосымша шешімдері
Конституциялық Кеңес белгілеген тәртіппен
жан-жаққа жіберіліп, жарияланады.
Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін белгілейді. Шешімді орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде Конституциялық Кеңеске хабарлайды. Конституциялық Кеңестің шешімдеріндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар міндетті түрде қарап шығып, қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңеске міндетті түрде хабарлауға тиіс.
Конституциялық
Кеңес қабылдаған шешімнің орындалуын
бақылау Кеңес отырысына
Конституциялық Кеңестің аппараты Конституциялық
Кеңестің Төрағасына Кеңес шешімдерінің
орындалуы туралы жартыжылдық және жылдық
есеп береді.
Конституциялық Кеңестің отырысында:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне елдегі конституциялық
заңдылықтың жай-күйі туралы мәлімет беру;
2)
Конституциялық Кеңестің жыл
сайынғы жолдауын талқылау
3) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы»
Жарлықтың 14, 15-баптарына сәйкес, Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату;
4)
Конституциялық Кеңестің
Кеңестің отырысында оның Төрағасының
бастамасы бойынша Конституциялық Кеңестің
өзге де ұйымдық және қызметтік мәселелері
қаралуы мүмкін.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы мәселені тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті (Төрағаға қатысты) және Конституциялық Кеңестің Төрағасы (Конституциялық Кеңестің мүшесіне қатысты) қозғайды, бұл туралы оларға жедел түрде хабарланып, осындай мәселенің қойылуына «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 14-баптарымен көзделген негіздер байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, бұл мәселе Конституциялық Кеңестің қарауына енгізіледі.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы мәселе, өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның қатысуымен, Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан құрамда қаралады. Ол адам дәлелсіз себептермен отырысқа келмей қалған жағдайда, мәселе оның қатысуынсыз қаралады. Мәселені қарау кезінде Конституциялық Кеңес қажетті құжаттарды тексеріп, аталған мәселелерді қарауға негіз болған жағдайлар туралы куәлерді тыңдайды.
Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтату Конституциялық заңның 15-бабына сәйкес іске асырылады.
Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауының жобасын Конституциялық Кеңестің мүшелері мен аппараттың тиісті бөлімдері дайындайды [18 б. 56].
Конституциялық
Кеңес жолдауының жобасын дайындау
үшін Кеңес Төрағасының өкімімен
жұмыс тобы құрылуы мүмкін.
Жолдаудың жобасын дайындау барысында
Конституциялық Кеңес тиісті мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардан қажетті
құжаттарды және өзге де ақпаратты талап
етіп алуға хақылы.
Конституциялық Кеңестің жолдауы Кеңестің отырысында бекітіліп, оған Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері қол қояды және Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберіледі.
Конституциялық Кеңес Төрағасының шешімімен жолдаудың мәтіні өзге де мемлекеттік органдарға жіберілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат талап еткен жағдайда Кеңес Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Кеңес мүшесіне материалдар дайындауды тапсырады. Ақпарат жіберілерден бұрын Конституциялық Кеңестің отырысында талқыланып бекітіледі.
Регламент Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Регламентке өзгерістер мен толықтырулар жоғарыда аталған тәртіппен енгізіледі.
Аппарат өзінің міндеттері мен функционалдық уәзипаларына сәйкес өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Парламент Сенатының және Мәжілісінің Аппараттарымен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Жоғарғы Соттың Аппаратымен, Бас прокуратураның Аппаратымен, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімгершілігі жөніндегі комитетпен, жергілікті соттармен және өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайды.
Аппараттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны шегінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі – Төраға) бекітеді.
Аппараттың негізгі міндеттері құқықтық, консультативтік, ақпараттық-анықтамалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқару, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қосалқы міндеттерді шешу болып табылады.
Аппарат өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мыналарды іске асырады:
1) Төраға,
Төрағаның орнын басушы адам
және Аппарат басшысы
2)
конституциялық іс жүргізу
3)
Конституциялық Кеңестің
4) кадр жұмысы;
5) Аппарат қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;
6)
Төрағаның өкімі мен
7)
ақпараттық-талдау жұмысын
8)
Конституциялық Кеңесті
9)
бұқаралық ақпарат
10)
Конституциялық Кеңестің
11)
өзге мемлекеттердің
12) заңнаманы сақтау, жүйелеу және кодификациялау;
13)
мемлекеттік құпиялардың
14)
мемлекеттік органдармен,
15)
өз өкілеттігі шегінде
16)
заңнамаға сәйкес мемлекеттік
органдарда бар қолжетімді
17) заңнамамен, Төрағаның өкімдерімен, бұйрықтарымен және осы Ережемен жүктелген өзге функциялар.
Конституциялық
Кеңес аппаратының мынадай
1) құқықтық сараптау бөлімі;
2) талдау бөлімі
3) ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі;
4) қаржы бөлімі.
Аппаратта мынадай лауазымдар тізбесі белгіленеді:
1) Аппараттың басшысы;
2) бөлім меңгерушісі;
3)
бөлім меңгерушісінің
4)
Төрағаның кеңесшісі,
5) сектор меңгерушісі;
6) бөлімнің бас консультанты;
7) бөлімнің бас сарапшысы;
8) бөлімнің референті.
Аппаратты мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын, Төраға қызметке тағайындап, қызметінен босататын Аппараттың Басшысы басқарады. Аппараттың Басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі немесе Төрағамен келісе отырып, Аппарат басшысы айқындайтын өзге тұлға атқарады.
Аппараттың Басшысы:
1)
Аппараттың жұмысын
2)
Конституциялық Кеңестің
3)
Төрағаға Аппараттың
4)
Бөлім туралы ережені,
5)
Төрағаның бұйрықтарының,
6) Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;
Информация о работе Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі