Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2011 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан республикасының Конситуциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесін анықтау, талдау және проблемаларын шығару

Қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттер көзделдi

•Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы беру
•Конституциялық құқығының жүесі анықтау
•Конституциялық-құқықтық нормалар талдау
•Конституциялық-құқықтық принциптері сипаттамасын беру
•Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі аңықтау
•Конституциялық іс жүргізу аңықтау

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3-6

Тарау – 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

1.1. Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы....................................7-8

1.2. Конституциялық құқығының жүйесі.........................................................9-14

1.3. Конституциялық-құқықтық нормалар......................................................15-17

1.4. Конституциялық-құқықтық принциптері................................................18-40

Таару – 2. Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі

2.1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі.............................................................................................................41-48

2.2. Конституциялық іс жүргізу.......................................................................49-61

Қорытынды.........................................................................................................62-63

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................64-65

Файлы: 1 файл

Конституционный совет.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     Сот ісін жүргізуде тараптардың жарыспалылығы  мен тең құқылығы принциптерін күшейткен, сол арқылы азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауының құқықтық мүмкіншіліктерін кеңейткен жөн. Әділ де тиімді сот  төрелігінің негізін құрай отырып, бұл принциптер іс бойынша объективті шындықты анықтау үшін оңтайлы жағдай жасайды. Бұл алқабилер қатысуымен өтетін сот енгізілуіне орай айрықша маңызға ие болады. Конституциялық Кеңестің есептеуінше, сот актілерінің және прокуратура іске асыратын қылмыстық қудалаудың заңдылығын прокурорлық қадағалау функцияларының ара-жігін заңда нақтырақ ажырату қажет [16 б.67]

     Елдегі  конституциялық заңдылықтың жай-күйі көбінесе қолданыстағы заңдардың сапасы мен ұлттық нормативтік-құқықтық базаның  тұрақтылығына байланысты болып келеді. Конституциялық бақылау материалдары, кейбір заңдардың тиісті түрде тұжырымдамалық дайындықсыз қабылданатынын, бір-біріне қайшы келіп жататынын, ал оларға негізсіз жиі енгізілетін түзетулер қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасының тұрақсыздығын туындататынын айғақтайды. Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне өткен жылдың өзінде Парламент 10 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізді, соның 7 – шілде айында. Үкімет бастамашылық жасаған жекелеген заң жобаларын қарай отырып, депутаттар олардың тұжырымдамалары шегінен шығып ғана қоймай, құқықтық нормалармен толықтырып та отырған. Бұл нормалар, Конституциялық Кеңестің есептеуінше, Конституцияда және өзге де заңнамалық актілерде көзделген барлық рәсімдерді сақтай отырып (негіздеме жасау, қаржы-экономикалық есептеу және ғылыми сараптама жүргізу, заңдық және әлеуметтік салдарына болжам жасау және т.б.) енгізілетін өз алдына бөлек заң жобасының нысаны болуға тиіс еді. Одан тыс, заң жобаларын әзірлеу және заңдарды қабылдау кезінде Парламенттің Конституцияның 54-бабы 1-тармағында және 61-бабы 3-тармағында белгіленген заң шығару өкілеттігінің шегі сақталғаны жөн. Соған орай Конституциялық Кеңес, Республика Үкіметінің, Парламентінің және заң шығару процесінің өзге де қатысушыларының өзара іс-әрекет жасау рәсімдерін жетілдіру, заң шығармашылығы қызметінің нәтижелерін және қолданыстағы заңнаманың тиімділігін ұдайы құқықтық тұрғыдан бақылаудың жүйесін қалыптастыру жөнінде заңнамалық шаралар қабылдау қажет деп пайымдайды.

     Конституциялық бақылау практикасы көрсеткеніндей, қолданыстағы заңнамада жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық белгілейтін, редакциялары жетілдірілмеген нормалар әлі күнге дейін бар, ал бұл құқық қолдануда қиыншылық туғызады. Атап өтілгеніндей, 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес: «... адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиіс, яғни оның нормалары жеткілікті дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерін өзінше пайымдау мүмкіндігін жоққа шығара отырып, заңдылы мінез-құлықты заңсыздығынан мейлінше айқындықпен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемдерге негізделуге тиіс», – деп түсіндірді.

     Конституциялық  Кеңестің осы құқықтық көзқарасы, құқық бұзушылық құрамдарының белгілерін айқындайтын нормалардың кемшіліктерін тауып, жою мақсатында заң алдындағы жауаптылық шараларын көздейтін заңнамалық актілерге тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

     Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қатыса отырып, Конституциялық Кеңес өзінің нормативтік қаулылары арқылы қолданыстағы құқық нормаларын жасайды, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтарының конституциялық негізде өзара келісіп іс-әрекет етуіне, конституциялық заңдылықты нығайтуға, адамның және азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары қорғалуына септігін тигізеді. Алайда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметіне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады, деп белгілейтін нормасы (11-баптың 1-тармағы) осы уақытқа дейін заңнамада іске асырылмады. Конституциялық Кеңес, мұндай жауапкершілікті сотты құрметтемегені үшін белгіленген жауапкершілікпен ұқсастыра отырып енгізген жөн деп пайымдайды, ал бұл Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңестің беделін көтеру және оның Негізгі Заңды қорғаудағы мүмкіншіліктерін күшейту қажет екендігі туралы тапсырмаларына сәйкес келеді («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының VІІ-съезінде сөйлеген сөзі)

     Елдегі  конституциялық заңдылықтың жай-күйін  бағалай отырып, Конституциялық Кеңес, Республиканың құқықтық жүйесі тұтас алғанда Конституция негізінде және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес сәттілікпен дамып, жетіліп келе жатқанын атап көрсетеді.

     Сонымен, конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Республика Парламентіне конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы осы Жолдауды жібере отырып, Конституциялық Кеңес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган, сондай-ақ Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар заңнама саласы мен оны қолдану практикасындағы аталған проблемаларды шешу үшін өз құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылдайды деп сенім білдіреді. Бұл елімізде конституциялық заңдылық режимінің нығаюына және конституционализм принциптерінің орнығуына септігін тигізеді. 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын  әрдайым әділ деп есептейді. Заңға  құрмет болмайынша, оны қастерлеу  ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция  мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

    Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай  орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып  өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

    Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы  заң бекерден-бекерге  шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың  дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет  бола бастады.

    Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз  орындау қажет. Қалың көпшіліктің  заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне  айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

    Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас  иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

    Біздің  Негізгі Заң  дүние жүзіндегі  ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз  сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде  ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

     Конституциялық  Кеңес азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңестің Республика Президентінің, Парламент депутаттарын сайлауды жургізу мен республикалық референдум жургізудің дурыстығы туралы дауларды қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқа өкілеттіктерінде Конституциялық Кенестің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны туралы идеялар тікелей немесе жанама орын алады. Конституциялық Кеңес қорғайтын осы шеңберге Конституция көздеген құқықтар мен бостандықтар кіре ме, әлде заңдар азаматтарға берген барлық құқықтар мен бостандықтар кіре ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа тек бip жауап бар. Алғашқы төрт өкілеттік конституциялық құқықтарытары мен бостандықтарды қорғауды көздейді ол жайында Конституцияның өзінде айтылады.

     Конституциялық  Кеңестің сайлауды немесе референдумы өткізудің дұрыстығы туралы дауларды қарастырғанын сайлау процесін бақылау деп санауға бола ма? Ол ондай болып табылмайды.Ол заңдық хұкім өкілеттіктерін атқарады, өйткені сайлау npoцесі субъектілерінің шағымдары жөніндегі дауларды шешеді. Әдебиетте конституциялық әділ сот органы сяйлау жөніндегі шешкен кезде. сөз ең алдымен субъективтік құқықтық емес, обьективтік сайлау құқығын  қорғау туралы болатыны аталады.-

     Билік бөлу принципі   конституииялық  құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституцияның  мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін олардын өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрніс тапты. Казақстан Респубикасының Констуитуциясында республикада мемлекеттік билік біртұтас,оның зан шаруашылық,атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөлу және тепе –тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау приципіне сәйкес Конституция мен заңдардың негізгі жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген.Бұл биліктің әр тармағымен өз құзыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді.Сонымен бірге ол билікті шоғырландыруды,бөлуді,манаполиясыздандыруды да білдіреді.Билікті бөлу,олардын бірде біреуі өзгелерінің өкілеттігін шектемеи,екіншісін өзіне бағындырмай және әр қайсысы өзара түсініктікпен,өзара ынтымақпен қызмет істеуі тиіс болған жағдайда Конституцияға сәйкес оның үш тармағын өзара тенестіруді де білдіреді.Мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін 

     Қазақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында ic жүргізуді шектеу принципімен ұштастыруды көздейді . Қазақстан Республикасы Конституцисына тән сипат, онда ic жүрпзудін түпкі билігі Парламенке бекітілген. Басқаша айтқанда, Парламент, оның Палаталары Сенат жене Межіліс  — өз кызметін  тек Конституцияда  көрсетілген өкеттік  шеңберінде  ғана жүргізеді. Ал үкіметін өкілеттілігіне келсек  Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген. Оның  Президентінің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің конституцялық тұрғыда бекітілуін мен түсіндіруге болады? Біріншіден,ол  жоғары өкілетті органың кеңестік конституциялармен жене белгілі бір денгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен  бекітілген бүкіл  билікті илену құқынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден,тәуелсіз,егемен Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отытып,биліктін бөліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер,әлеуметтік топтар ықпал ететін жолғарғы  өкілетті орган болып табылады.

     Іс  жүзінде өткізілген Парламентке сайлаудың жарамсыздығы туралы дауды қарастыру кезінде сөз тек сайлау заңнамасын бұзу туралы ғана емес, сонымен қатар Парламенттің заңды құрамын қамтамасыз ету қажетті, Президенттің легитимділігі қамтамасыз ету қажеттігi туралы жүреді. Ал заңды қабылдау жөнінде референдум өткізген кезде Конституциялық Кеңес халықтың шын еркін анықтауды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Әрине, талқылау кезінде Конституциялық Кеңес азаматтардың субъективтік құқықтарын да тікелей, сондай-ақ жанама түрде қорғайды. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз  Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы ҚР заңы. 2007ж.
  2. ҚР-сы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы” Конституциялық заң күшi бар Жарлығы.
  3. Амандықова С.К.  Қ Р- ның Конституциялық құқығы.  Астана  2007ж.
  4. Сапарғалиев Ғ.       Қ Р-ның Конституциялық құқығы  Алматы 2008 ж.
  5. Сапарғалиев Ғ.  Қазақстан Конституциясы; Кеше, бүгiн   Қазақстан заңдары-2007 №1
  6. Әбдiлдин С  Қазақстан Парламентi; одақтан мемлекетiкке. – Алматы, 2004 ж.
  7. ҚР-сы Президентiнiң 1995 жылғы 28 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес туралы” Конституицялық заң күшi бар Жарлығы.
  8. ҚР-ның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасынынң сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы” Конституциялық заң.
  9. Зиманов С.З. Конституция и парламент РК   Алматы – 2006 г.
  10. Котов А.К.  Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. (вопросы конституционного права)  Алматы: 1996 г.
  11. Конституция Республики Казахстан. Альбом схема, (Составители Мамонов В.В., Табаков    С.К.,)    Алматы 2006 г.
  12. Кубеев Е.К.  Конституционный строй РК:  (духовное и социальные основы) Караганда 1998 г 
  13. Максименко Н.В.  Методические рекомендации к изучению Конституции РК: учебное методическое пособие            Алматы  2005 г. 
  14. Марача В.Г., Матюхин А.А.,     Гражданское общество и государство в Казахстане: Основные  понятия и особенности становления.      Алматы  20004г.
  15. Малиновский А. Глава государства Республики Казахстан.         Алматы 2000 г. 
  16. «Парламент законодательная власть Казахстана» (отв. Ред. А.А.Таранов) Алматы–2006 г.
  17. «Права человека» Учебное пособие. – Алматы: Данекер, 2005 г.
  18. Сагиндикова А.Н. «Конституционное право РК» Алматы: Білім, 2006 г.
  19. Сапаргалиев Г. «Становление конституционного строя РК» Алматы, 2008 г.
  20. Турлаев А.В. «Гарантии прав личности в РК.» / «Теория и практика формирования правового государства в РК». Сборник научных трудов–Караганда: изд-во КарГУ, 2006 г.
  21. Турлаев А.В. «Понятие и генезис прав личности: понятие, структура» // Вестник.Карагандинского университета. 2006 г №2.
  22. Черняков А.А. «Конституционное право РК: проблемы теории и практики» Алматы: Әділет-  Экспресс. 2003 г
  23. Черняков А.А.  Нормативтік құқықтық актілердің  иерархиясы: жүйелі құқықтық анализ.,  Фемида № 3–2004 .
  24. Амандыкова С.К.  Конституционное право РК. – Караганда, Болашақ-Баспа, 2005 г.
  25. Черняков А.А.  Конституционное право РК.  Алматы: Әділет Пресс. 2004 г.
  26. ҚР Парламентiнiң Регламентi.
  27. ҚР Парламентi сенатының Регламентi.
  28. ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң Регламентi.
  29. Абдрасулов Е.  Некоторые аспекты толкования Конституции и закона: История и современность Евразииское сообщество – 2000г.\
  30. Козлова Е.И. Кутафин О.Е. Конституционное право России. М. Юрист, 2008 . С.448-454
  31. Гуценко К.Ф. Ковалев М.А. Правоохранительные органы. М. Издательство БЕК, 2005. С. 158-170.
  32. Гуценко К.Ф. Ковалев М.А. Правоохранительные органы. Тексты законов и иных правовых актов. М. Издательство БЕК, 2005. С. 115-116.
  33. Барри Д. Конституционный Суд глазами американского юриста// Государство и право. 2004. N 10. С.76
  34. Овсепян Ж.И. Судебный конституционный контроль в Российской Федерации// Государство и право. 2008. N 1. С.41-42.
  35. Шульженко Ю.Л. Закон о Конституционном Суде Российской Федерации 1994г.// Государство и право. 2006. N 7. С.5-10
  36. Кряжков В.А. Ю.Л. Шульженко Конституционный контроль в России// Государство и право. 2006. N 10. С.157.
  37. Кудрявцев Ю.В. Конституционный суд России: опыт и проблемы// Государство и право. 2004. N 1. С.133.
  38. Ершов В.В. Конституционные проблемы судоустройства и судопроизводства// Государство и право. 2007. N 12. С.46.
  39. Гаджиев Г.А. Кряжков В.А. Конституционная юстиция в Российской Федерации//Государство и право. 2007. N 7. С.3.
  40. Эбзеев Б.С. Конституционный Суд Российской Федерации - судебный орган конституционного контроля// Вестник Конституционного Суда. 2008. N2,3. С.84.
  41. Ершов В.В. Суд в системе органов государственной власти// Государство и право. 2008. N 8. С.31-35.
  42. Дубов И.А. Законодательная инициатива: проблемы и пути совершенствования// Государство и право. 2004. N10. С.26.
  43. Кряжков В.А. Органы конституционного контроля субъектов Российской Федерации: проблемы организации и деятельности //Государство и право. 2003. N 9. С.126.
  44. Ертісбаев Е.  Егемендік – ел игілігі.  Егемен Казахстан, 2000 ж.
  45. Кемалов М.  Заң – құқықтық қайнар көзі. Қазақстан заңдары. – 2000. - №8. 
  46. Конституционное право России (конспект лекций в схемах). – М.: «Издательство ПРИОР», 2001.
  47. Чиркин В.Е. Конституционное право России.М., 2003.

Информация о работе Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі