Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:47, курсовая работа

Описание работы

Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса, оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................

Файлы: 1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать файл)

    Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету  қажеттігін мойындай отырып, АЭА аумағында  қызметін жүзеге асырып отырған инвесторларда  келесі бес жыл бойы қазіргі режимді  пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын, ал инвестициялық преференциялар алуға келісім-шарт жасасқан инвесторларда келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанша преференциялардың қазіргі режимін пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын атап өткен жөн.

    3. Жаңа Кодексте бірлескен қызметке қатысушыларға, туынды қаржы құралдарына салық салу егжей-тегжейлі жазылған. Шағын және орта бизнес үшін аванстық төлем жойылды, іссапар кезінде тәуліктік шығыстарға лимит беру болмайды, өкілдік шығыстардың нормасы еңбекақы төлеудің 1 процентіне дейін ұлғайды. Жалға берушіге жалға берілген тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалатын шығыстарды шегеруге рұқсат етілді.

    4. Қосылған құн салығы бойынша,  ҚҚС бойынша қазіргі жеңілдіктер  жиынтығының орнына есепке жатқызылған  ҚҚС-тың есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізілді. 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделіп отыр. Бұл жылды ҚҚС-тың классикалық жүйесіне көшу және жеңілдіктердің мынадай жиынтығын жою сәті ретінде белгілеуге болады: импортқа ҚҚС төлеудің, есепке жатқызу, «еркін қойма» аумағынан сатуды босату әдісімен импортқа ҚҚС төлеудің мерзімін кейінге қалдыру.

    Алкогольге  және темекі өніміне акциздердің  ставкалары үш жыл ішінде (2009-2011 жылдар) біріздендіріледі. 2009 жылдан бастап ставкалар Салық кодексінің мәтініне енгізіледі[30].

    5. Шағын бизнеске салық салуды  реформалау бөлігінде айтарлықтай  өзгерістер болмайды. Патент негізінде  және оңайлатылған декларация  негізінде шағын бизнеске арналған арнайы салық режимдерінің бұрынғы түрлері сақталады. Алайда, экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту және базарлардағы салық салуды жүйелендіру қажеттігін назарға ала отырып, 2011 жылдан бастап біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін жою ұсынылып отыр.

    6. Жер учаскелерінің ауданы мен  аумағына қарай бірыңғай жер  салығы ставкаларының 0,1 %-дан  0,5 %-ға дейінгі үдемелі шәкілін  енгізу ұсынылып отыр. Бұл ретте,  ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге  арналған басқа режимдер сақталады:  заңды тұлғалар үшін салықтарды 70 %-ға азайту, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеушілер үшін 70 %-ға азайту.

    7. Жеке табыс салығының бірыңғай  ставкасы 10 процент деңгейінде сақталады.  Әлеуметтік салықты реформалау  шеңберінде салық ставкалары 13 проценттен 5 процентке дейінгі кемімелі шәкілден ставкасы 11 процент шәкілге көшуді жүзеге асыру ұсынылып отыр.

    8. Заңнамада мүлікке салынатын  салықты алу тәртібін өзгерту  көзделіп отыр. Барлық мүліктен (негізгі  құралдар мен материалдық емес  активтер) жылжымайтын мүлікке дейін  салық салу объектілерін азайту ұсынылып отыр. Бұл ретте, жергілікті бюджеттердің табысін сақтау мақсатында ставканы 1 проценттен 2 процентке дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

    9. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық бойынша жылжымайтын мүлікті  бағалау әдістемесін Салық кодексіне бекіту ұсынылып отыр, сондай-ақ ставкалар құны 30 млн. теңгеден басталатын қымбат тұратын мүлікке ғана

    0,5 проценттен 1 процентке дейін ұлғайтылды.

    10. Көлік құралдарына салынатын  салық бойынша ескі жеңіл, жүк  және арнайы автокөлік құралдарына пайдалану мерзіміне байланысты төмендетілетін түзету коэффициенттерін алып тастау ұсынылып отыр, осыған байланысты салық ставкалары өзгерді.

    11. жер қойнауын пайдаланушыларға  салық жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік  беретін салық салудың мынадай  негізгі өзгерістері енгізілді:

    - роялти төлемін өндіру көлемі  мен әлемдік баға есептеу базасы  болып табылатын пайдалы қазбаны  өндіруге салынатын салықпен (ПҚӨС) ауыстыру. Бұл ретте, рентабельдігі  төмен, суланған, шағын дебетті  және түгесілген кен орындарын  игеріп жатқан жер қойнауын пайдаланушылар үшін жеңілдікті ставкалар белгіленеді.

    -2009 жылғы 1 қаңтардан бастап ТШО  келісім-шартынан басқа (Қазақстан  Республикасы Президентінің жарлығымен  бекітілген) барлық жер қойнауын  пайдаланушылар мен қолданыстағы  ӨБК үшін келісім-шарттар салық режимінің «тұрақтылық» ережесін алып тастау;

    -жеке  салық есебін жүргізудің базалық  қағидаттарын белгілеу;

    -қол  қойылатын бонустың бастапқы  мөлшерін айқындау;

    -үстеме  пайда салығының әдістемесі өзгертілді  және салық алынатын таза табыстың мөлшері 20 %-дан 25 %-ға дейін ұлғайтылды.

    Жаңа  Салық кодексі экономиканың орнықты  дамуы және оны жаңғырту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

    Бұл жерде әңгіме бір жағынан мемлекет және екінші жағынан кәсіпкерлік  қауымдастық ұсынған нормалар туралы болып отыр. Оны тарқатып айтар болсақ, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның заңнамасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ. біздің білуімізше, жаңа кодексті әзірлеуге Үкімет бар-жоғы 6 ай уақытын жұмсаған көрінеді. Ал Парламентте талқылап-таразылауға екі-үш ай ғана беріліпті. Еліміздің экономикасы үшін аса маңызды заңның бұлай асығыс қабылдануы, оның сапасына әсер етпей ме?

    Бұл жөнінде айтар болсақ, заңнаманы  Үкіметте талқылағанда жұмыс тобына Парламент депутаттары көбірек  тартылды. Яғни олардың заң заңнамасын жан-жақты қарап, өздерінің ой-пікірлерін, ескертулерін айтуға көп мүмкіндік берілді. Уақыттың аздығы депутаттардың ұсыныстар жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда мәжілісшілер қазір аса жоғары құлшыныспен бұл заңды қарап жатыр. Жұмыс тобының мүшелері күн сайын отырыс өткізеді. Барлық тараптардың ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс.Осындай қызу тірліктің нәтижесінде мемлекеттің де, кәсіпкерлік қауымдастықтың да көңілінен шығатын заң дүниеге келуі керек. Заң заңнамасын әзірлеу барысында халықаралық сарапшылар шақырылды.

    Батыс Еуропада, АҚШ-та салық жүйесі жақсы  дамығандықтан, біз олардың тәжірибесіне көбірек үңілдік. Бұл заңнаманы  дайындау кезінде бізге Дүниежүзілік банктің, Еуропалық Одақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары қол ұшын берді. Олармен бірге жұмыс істедік. Бұл жерде айта кететін жай, Салық кодексінің жаңа заңнамасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.

    Жаңа кодекс шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тұсау салатын әкімшілік кедергілерді жоюға жол ашты.Ең бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі – салық есептілігінің шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Мәселен, қазір салық төлеушілер әр айдың 25-нан кешіктермей салық туралы есептерін беру міндеттеледі.Онымен қоса, шағын және орта бизнеске арналып корпорациялық табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер шегерілді. Бұл – бизнес жыл сайын салық органдарына сабылып, КТС бойынша аванстық төлемдер туралы есеп беруден құтылды деген сөз. Сондай-ақ әкімшілік процедуралар да жеңілдетілді. Тағы бір жаңалық – ҚҚС бойынша бір ғана салық төлеу кезеңі белгіленді. Бұған дейін салық төлеу мерзімі бір ай немесе бір тоқсан болып келсе, енді ол бір тоқсан болып өзгертілді. Бұл әрекеттердің барлығы салық процедураларын жетілдіру үшін жасалып отыр. Мәселен, бұған дейін салық төлеушілер ай сайын ҚҚС бойынша декларация тапсырып келсе, ал 2009 жылдан бастап салық декларациясын тек бір тоқсанда ғана тапсыратын болады.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  орынбасары Ербол Орынбаев Алматыда 3-ші Қазақстандық салық форумында сөз сөйледі

    Қазақстанның  жаңа Салық кодексін жүзеге асырудағы  негізгі міндеттердің бірі - салық  жүйесі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену. Бұл жайлы  Алматыда өткен 3-ші Қазақстандық салық форумында айтылды.

      Жаңа Салық кодексін жүзеге  асырудағы негізгі міндеттердің  бірі – шикізаттық емес сектордың  салықтық жүктемесін азайту. Оның  ішінде экономиканы әртараптандыру  мен елдің бәсекеге қабілеттігін  арттыру мақсатында шағын және  орта бизнес үшін жеңілдетілген салық жүйесін сақтау. Одан кейін өндіруші сектордың салықтық жүктемесін көтеру. Сондай-ақ Бүкіләлемдік банктің салық салу рейтингі бойынша, салық жүйесі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену.

    Шикізаттық  емес сектордағы салықтық жүктемеде корпоративті табыс салығының көлемі қазір 20 пайызды құрайды. Жаңа заңнамада оны 2009 жылы - 20 пайызға, 2010 жылы - 17,5 пайызға, 2011 жылы 15 пайызға дейін азайту көзделген болатын, бірақ бюджет кірісінің ойдағыдай орындалмауына байланысты 20 пайыздық ставка қалдырылды. Онда қосымша құн салығын 13-тен 12-ге, әлеуметтік салықты 13,5 пайыздан 11 пайызға дейін төмендету қарастырылған болатын.

    Сонымен қатар еліміздің орта мерзімді фискалды саясатында да бұл мәселелер көтерілген болатын, яғни, фискалдық саясат алдағы орта мерзімді кезеңде ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

    Фискалдық саясат саласында экономиканың теңгерімді және сапалы өсу мақсаттарына қол  жеткізу үшін:

    елді  дамытуға тапсырылған көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискалдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджет шығыстары, салық жүктемелерін реттеу, Ұлттық қордың қаражатын және бюджет тапшылығы және т.б.);

    бұдан әрі салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру;

    негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша  бюджет шығыстарының нақты басымдықтарын  белгілеу;

    орта  мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарымен  өзара байланысты мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды дамыту көзделеді.

    Экономикалық өсуді басқаруға көшу жағдайларында бюджет шығыстарының экономиканың өсуі бойынша нысаналы қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін салалар дамуының болжамды көрсеткіштерімен тығыз байланысы қамтамасыз етіледі.

    Мемлекет  Басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының (бұдан әрі - Жолдау) шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін жаңа Салық кодексі қабылданды, ол экономиканың жаңғыруы мен әртараптануына, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал ететін болады.

    Жаңа  Салық кодексі:

    - тікелей әсер ететін заң қағидаттарын  іске асыруды; 

    - экономиканың шикізат емес секторына  түсетін жалпы жүктемені азайтуды;

    - экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға ықпал ететін жағдайлар жасауды;

    - салықтық әкімшілендіруді жетілдіру  және салық рәсімдерін жеңілдету  есебінен бизнесті жүргізу жағдайларын  жақсартуды көздейді.

    Мына  нормалар Салық кодексінің негізгі  аса маңызды және тұғырнамалық сәттері  нормалары болып табылады:

    - корпорациялық табыс салығының  ставкаларын кезең-кезеңмен төмендету,  атап айтқанда 2009 жылы 20 %-ға дейін; 

    - инвестициялық салық преференциялары  тек корпорациялық табыс салығы  бойынша ғана берілетін болады. Жеңілдік үш жылға дейінгі  кезең ішінде инвестицияларды жеделдетіп шегеру түрінде жүргізілетін болады.

    Сонымен бірге, залалдарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады, бұл  инвестициялық жеңілдікті тездетіп есептен шығару басымдықтарын пайдалануға  толық көлемде мүмкіндік береді;

    - қосылған құн салығының ставкасы 2009 жылдан бастап 12 пайызға 

    тең болады. 2009 жылдан бастап сатып алушыларға төленген ҚҚС сомасынан өнім берушілер  төлеген ҚҚС сомасының, яғни «дебеттік» сальдо сомасының артығын қайтару  туралы ереже енгізілетін болады. Бұл шара салық төлеушінің, әсіресе негізгі қаражатты жаңғырту және жаңарту кезеңінде өнім берушілерге төленген ҚҚС түріндегі айналым қаражатының тұрып қалуын болдырмауға бағытталған.

    Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан экономиканы  тұрақтандыру жөніндегі бүгінгі жағдайда Салық кодексінде қаржы секторына салық салуға қатысты бірқатар мәселелер көрініс тапты.

    Атап  айтқанда, 2009 – 2011 жылдар кезеңіне левередждің (жеткілікті капиталдандыру ережесі) шекті  коэффициентін қаржы ұйымдары үшін  
7-ден 9-ға, өзге де заңды тұлғалар үшін 4-тен 6-ға ұлғайту есебінен сыйақы шегерімінің мөлшері ұлғайтылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары