Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:47, курсовая работа

Описание работы

Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса, оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................

Файлы: 1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать файл)

       Сонымен бірге алымдар, төлемақы түрлері, мемлекеттік  баж және кедендік төлемдер бар.

     Енді  әрбір салықтар жіктемесіне жеке-жеке тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасында  фискалды жағымен жария болған, салықтық түсімдердегі табыс салығынан кейінгі екінші орынға ие жанама салықтардың атқаратын рөлі ерекше болып келеді. Оның ішінде, қосымша құнға салынатын салық, ең алғаш 1954 жылы Францияда негізі қаланған болатын. Қазір ол әлемнің 42-ден  астам елдерінің салық жүйесінде қолданылады[17].

    Жанама салықтар –жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрлымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ.Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтылығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с. Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатынын есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушылықта-өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторыларындағы тоқырауда –салық салуды тұтынысқа обьективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмысын қамтылуының төмендеуінің нәтжесінде оны әлеуметтік қолдауды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды арттыру қажеттігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлу процессіндегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірбие мұндай практиканы қолдап отырады.

      Жанама салықтардың ішіндегі  ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығыстың орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған  құн болып өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.

      Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы ҚР-ң кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша  салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ң  аумағындағы тауарлар  импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар ушін төленуге тиісті ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-тың салық салу обьектілері болып есептелінеді. ҚҚС-ты төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады, оған салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны ҚР-сы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын  бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілген тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. ҚР-ң кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін және әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құға салынатын салықты қоспағанда, ҚР-на тауарлар импортты кезендегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.

   Тауарларға қатысты өткізу бойынша  айналым:

  • тауарға меншік құқығын беруді;
  • тауарларды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді, мүлікті қаржы лизингіне беруді;
  • комиссия шарттары бойынша тауарларды тиеп жөнелтуді;
  • қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мулкін беруін;
  • кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды басқа мақсатқа пайдалануын;
  • қосылған құнға салынатын салықты дербес төлеуші болып табылатын бір құрлымдық бөлімшенің екінші құрлымдық бөлімшеге тауар жөнелтуін білдіреді.

    Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді  өткізу бойынша айналым кез  келген жұмыстарды орындауды  немесе қызмет көрсетуді. Соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауардың өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметі білдіреді[18].

    Қосылған  құнға салынатын салық мөлшерлемесі 12 пайызға тең және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады. Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға, халықаралық тасылымдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге  нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады. Кеден заңнамасына сәйкес ҚР-ң кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

      Жанама салықтар арасындағы фискалдық  маңызы жағынан екіншісі кеден  төлемдері- әкелім, әкетілім, сондай-ақ тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады.  Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдернде олар шамамен 2.5% құрайды.

    Акциздер- бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықша  ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіреді.  Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары  акциздерді жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.

    Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді  қоспағанда Қазақстан Респуликасы  резидент-заңды тұлғалары төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы  заңды тұлғалар-шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші- заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды. Негізгі шектерде бұл механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.

Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық  табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушілерінің табыстарының барлық түрлері қамтылады:

  • тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;
  • үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
  • міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;
  • күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
  • мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
  • ҚР-ң заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
  • борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;
  • кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар және басқа да табыстың түрлері.

    Салық төлеушілер корпорациялық табыс  салығын төлеуді өзінің тұрып  жатқан орны бойынша жүзеге асырады  және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын төлеп  тұруға міндетті.

    Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің  сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық  табыс салығы жөніндегі мағлұмдама б/ша есептеп шығарылған оны төлеу  есебіне жатқызылады.              

Жеке  табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9% алады. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі.Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып саналады.

   Салық мөлшерлемесі  баспалдақты  үдеме бойынша табыстың мөлшеріне  10% белгіленген.

      Төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналар жатады:

    • қызметкердің табысы;
    • біржолғы төлемдерден алынған табыст;
    • жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
    • девиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
    • стипендиялар;
    • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

      Салық агенттері жеке табыс  салығын есептеу мен ұстап  қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін куннен кешіктірмей жургізеді.Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күннінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.Салық кодексінде көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген. ҚР-ң шегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығынның сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда салық төлеу есепке жатқызылады. Шетелдік резидент-жеке тұлғалар табыстарына олардың ҚР-ғы көздерінен де, сонымен бірге одан тыс жерлерден де алған табыс кіреді. Салық салынатын табысты анықтау,резиденттен алынатын жеке табыс салығын есептеудің,ұстаудың және төлеудің тәртібі қызметтің сипатына қарай жүргізіледі.  Тұрақты мекемемен байланысы жоқ бейрезиденттер салықты төлем көзінен шегерімсіз төлейді; қызметі тұрақты мекеме құруға соұтыратын бейрезиденттер салықты төлем көзінен салық салынбайтын, шегерімдер сомасына азайтылған табыстардан резиденттерге арналған мөлшерлемелер бойынша төлейді.

    Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары  мен арнаулы төлемдері. ҚР-ның салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін  төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем,орманды пайдаланғаны үшін төлем және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшермелерінің шамасы  шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

    Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген  салық режімі тек қана ҚР–ның Үкіметі  белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келсімшартта айқындалады. Келісімшарттардың негізгі  түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген:

    Әлеуметтік  салық - мемлекетте алынған салықтардың  бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін  қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру,халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорларының 20% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 10-15% түсім береді.

    Арнаулы салық режімі – салық төлеушілердің  жекелеген санаттары-шағын бизнестің  субьектілері, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар-ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер , кәсіпкерлік қызметің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекеоенген түрлерін есептеу мен төлеудің,сондайөақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

    Тіркелген жиынтық салықтың базалық ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі салық салудың әрбір  обьектісі бойынша белгілейді.  

      Қорытындылай келе, қазіргі кезде қызмет ететін салық жүйесіндегі салықтардың әрбір топтамасының өзіндік есептелу мен төлену тәртібі бар. Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға белгіленген тәртібі мен арнаулы салық режимі   қызмет етеді. Сонымен бірге, салық жүйесін жетілдіру барысында салық ставкалары мен жеңілдіктері, төлеу мерзімдері оңтайландырылып отырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары