Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:47, курсовая работа
Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса, оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24
2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55
Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................
Жалпы,
Есіл аудандық салық басқармасы бойынша
салықтық түсімдердің орындалуы соңғы
екі жылда да оң мәнге ие. Яғни, жоспарланған
сома артығымен орындалып отырған. Оның
ішінде, табысқа салынатын салық 2009
жылы 16881 млн теңге жоспарланып, нақты
8761 млн теңгеге немесе 51%-ға артық орындалған,
ал 2010 жылы аталған салықтар топтамасы
жоспар 111190 млн теңге болса, нақты орындалуы
124166 млн теңге, яғни 11% -ға орындалған.
(кесте 5).
Кесте 5
Астана
қаласы Есіл аудандық салық басқармасы
бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдердің
орындалуы
Түсімдер | 2009 жыл | 2010 жыл | ||||
жоспар | нақты | % | жоспар | нақты | % | |
Жалпы кірістер, млн тг | 28633 | 29616 | 103,4 | 144979 | 164243 | 113,3 |
Салықтық түсімдер | 15643 | 25642 | 125,4 | 132705 | 148176 | 111,7 |
Табысқа салынатын салықтар | 16881 | 25642 | 151,9 | 111190 | 124166 | 111,7 |
әлеуметтік салық | 2147 | 2328 | 108,4 | 7317 | 7540 | 103,1 |
Меншікке салық | 1264 | 1419 | 112,3 | 3543 | 3689 | 104,1 |
Ішкі нарықтағы жанама салықтар | -4662 | -9800 | 210,2 | 10042 | 12013 | 119,6 |
Кедендік төлемдер мен баждар | 0 | 13 | 0,0 | 574 | 720 | 125,6 |
Басқа да салықтар | 12 | 0 | 0 | 37 | 45 | 119 |
Салықтық емес түсімдер | 11773 | 9789 | 83,1 | 9631 | 13187 | 136,9 |
Салықтық түсімдердің ішіндегі келесі ірі салықтардың бірі әлеуметтік салықтардың түсімі болып табылады, 2009 жылы жоспар 108,4 пайызға орындалған, 2010 жылы 103,1 пайызға орындалған немесе 223 мың теңгеге артық орындалған.
Келесі кезктегі ішкі нарықтағы жанама салықтарға келетін болсақ, түсім 2009 жылы теріс мағынада болған, бұл жаңадан құрылған салық басқармасында жанама салықтар бойынша бюджеттен қайтарылу жағдайларының болуы себебінен.
Есіл ауданы бойынша бюджет кірісін құрайтын салықтық түсімдердің құрылымын қарастырсақ, табысқа салынатын салықтардың, оның ішінде жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығының үлесі басым, түсімдердің 78 пайызын құрайды. Жанама салықтардың үлесі өте төмен болуы кері қайтарылған салық сомаларының басым болуынан.
Сурет
2 Есіл аудандық СБ бойынша бюджет түсімдерінің
құрылымы
Келесі салықтық түсімдер, меншікке салынатын салықтар, бойынша түсімдер 2009 жылы 1419 млн теңгені құраған, сәйкесінше 112,3 пайызға орындалған. 2010 жылы 3689 млн теңгеге немесе 104,1 пайызға орындалған.
Кедендік төлемдер 2010 жылы 574 млн теңгеге жоспарланған болса, 720 млн теңгеге немесе 125,6 пайызға орындалып отыр.
Енді, жергілікті бюджетке түсімдерді қарастыратын болсақ, ол бюджет кірісінің 67,5% (1727,2 млн.тенге) еңбек ақы қорынан түсетін түсімдер мен кәсіпкерлерден түсетін түсімдер болып табылады (ЖТС, әлеуметтік салық), 25,2% (644,4 млн.тенге) меншікке салынатын салықтар (мүлік, жер, көлік салықтары) және 7,3 % (188,3 млн.тенге) басқа да салықтық түсімдер болып табылады. Ал, 2010 жылы жергілікті бюджетке түсімдердің ішінде еңбек ақы қорынан түсетін түсімдер мен кәсіпкерлерден түсетін түсімдер болып табылатын ЖТС мен әлеуметтік салық түсімдердің 70 пайызынан астамын құрайды, меншікке салынатын салықтар (мүлік, жер, көлік салықтары) 22,3% (856,4 млн.тенге) құрайды.
Алымдар мен төлемдерді, мемлекеттік бажды қоса алғанда жергілікті бюджеттің ең аз бөлігін құрайды, яғни шамамен 0,9-1,0 пайызын құрайды. негізгі капиталды сатудан түскен түсім шамамаен 2 пайызын құрайды.
Әлеуметтік
салықтан басқа негізгі салықардын түсімдердің
жоспар бойынша орындалуы жүзеге асырылған,
ал әлеуметтік салық бойынша орындалу
төменгі кестеден көруге болады (кесте
6)..
Кесте 6
Есіл
ауданы бойынша жергілікті бюджеттің
құрылымы 2009-2010 жыл
2009ж | 2010ж | |||
Түсім түрлері, мың тг | Нақты | Үлесі, % | Нақты | Үлесі, % |
ЖТС | 2979138 | 41,6 | 9721579 | 39,4 |
Әлеуметтік салық | 2328869 | 32,5 | 7317105 | 29,7 |
Меншікке салықтар | 1419782 | 19,8 | 3543546 | 14,3 |
Акциздер | 4562 | 0,06 | 7406 | 0,03 |
Алымдар | 82693 | 1,1 | 6254 | 0,02 |
Төлемдер | 47989 | 0,7 | 34652 | 0,1 |
Тіркелген салық | 45601 | 0,7 | 110699 | 0,5 |
Мем.баж | 26290 | 0,3 | 26571 | 0,8 |
Басқа да салықтық түсімдер | 3310 | 0,1 | 4251 | 0,01 |
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер | 146 | 4,3 | 28026 | 2,1 |
Салықтық емес түсімдер | 13647 | 0,19 | 80365 | 0,3 |
Жергілікті бюджет бойынша барлығы | 7151357 | 100,0 | 24615145 | 100,0 |
Ескерту-Есіл
аудандық салық басқармасының |
Аталған салықтар бойынша ай сайын түсім өсіп отырғанымен, ЖТС бойынша түсім (басқа салық оргадарынан ауысқан салық төлеушілерді қосып есептегенде) 240000,0 мың.теңгеге жоспарланған сома 73% орындалған (нақты түсім 176282,0 мың.теңгені құрайды) немесе 63718,0 мың.теңге түспей қалған.
Әлеуметтік салық бойынша жоспарланған сома 208400,0 мың.теңгені құраған нақты түсім 168754,0 мың.теңгені құрайды немесе 81%, түспей қалған сома 39646,0 мың.тенгені құрайды.
Болжанған көрсеткіштердің орындалмай қалуының себебі ауысып келген салық төлеушілердің жеке шоттарын кіріс сальдосы бойынша артық төлемдер есептелген, оның мөлшері 1 001 687,0 мың.теңгені құрайды және әлеуметтік салық бойынша 1 099 045,8 мың.теңгені құрайды.
1.07.2010 жылы жағдай бойынша ЖТС және әлеуметтік салық бойынша тіркеу есебінде тұрған 2010 жылдың бірнші тоқсаны бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда салыстырмалы талдау жасалған. Онда 13 ірі заңды тұлға бойынша еңбек ақы қорының 120369,0 мың теңгеге төмендегенін байқауға болады. Сәйкесінше жеке табыс салығы 12385,4 мың теңгеге , ал әлеуметтік салық 12470,3 мың теңгеге төмендеген.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың төмендеуіне еңбек ақы қорының төмендеуі және жұмыскерлер санының төмендеуі тікелей әсер еткен, сонымен бірге эксплуатацияға енгізілген объектінің азаюуы, салық ставкасының 2008 жылы 11 пайызға төмендеуі әсерін тигізген. Сонымен бірге, жаңа салық кодексінің енгізілуімен бірге әлеуметтік төлемнің жоғарылауы, яғни әлеуметтік салықтан шегерімнің жоғарылауы да әсерін тигізген.
Есіл аудандық салық басқармасы бойынша жасалған бақылау жұмыстарының мазмұнына келетін болсақ, онда есепті жылы шаруашылық жүргізуші субъектілерге 3663 кешенді және тақырыптық тексерулер жүзеге асырылған, өсімімен қоса есептегенде 51% немесе 1244 тексеру жүргізілген. Жүргізілген тексерулердің көбеюуіне шаруашылық жүргізушілердің өз жұмысын тоқтату жағдайларының жиілеп кездесуі себеп болған[21].
Өндіріп алу шараларының төмендеуі бойынша құрайтын сома ағымдағы жылы 15,7% немесе 353,6 млн.теңгені құрайды. (2006 ж. - 2 259,0 млн.теңге, 2010 ж. - 1 905,0 млн.теңге). Ол, банкротқа ұшырағана 11 кәсіпорынның тексерілуімен және қылмыстық іс қозғалған кәсіпорындарды тексерумен түсіндіріледі. Ондағы қосып есептелетін сома 11,7 млрд.теңгені құрайды.
Есіл ауданының аталған көрсеткіштердің бәрі қаладағы жағдаймен есептелгенде орташа болып есептеледі. 2010 жылы ауданда 9930 заңды тұлға, оның ішінде 7257 кәсіпорын қызмет етіп тұрғандардың қатарына саналады, немесе ол барлық тіркелгендердің 73% құрайды. 2010 жылдың 12 айындағы жағдай бойынша оларға 3062 тенксеру жүргізілді, оның ішінде 845 кешенді, 183 тақырыптық, 1306 қарсы, 726 рейдтік, 2 хронометражды зерттеу жүргізілді.
Алталған
тексерулердің нәтижесінде
Есіл ауданы бойынша салық комитетінің негізгі қызмет түрлерінің сипатын қарастырып өтетін болсақ, ондағы жүргізілген тексерудің түрлері қалай және оның құрылымы қандай екендігін және құқық бұзушылықтардың нақты көлемі мен сипаты қандай екендігін анықтау қажет. Сонымен бірге, салықтан жалтарыну деңгейінің қаншалықты екендігін, аталған бұзушылықтар бойынша қосып есептелген сомалар бойынша талдау жасау қажет.
Төмендегі
кестеден тексерулердің негізгі
санындағы басым бөлігін
Алайда,
2010 жылдың қорытындысы бойынша барлық
тесерулердің үштен бір бөлігінің шағын
кәсіпкерлік субъектілері бойынша жүзеге
асырылғандығы назар аударарлық жағдай.
Аудан бойынша шағын бизнес субъектілерінің
саны қаладағы басқа аудандарға қарағанда
жоғары, дегенмен бұл жағдай тексерудің
аталған топтар бойынша басым жүргізілуіне
себеп болмайды. Алдын ала тексерулер
бойынша қосып есептелген сома 2010 жылдың
нәтижесі бойынша барлық қосып есептелген
соманың 58,4% құрайды. Бұл нәтиже жүргізілген
тексерулердің негізсіз емес екендігінен
хабар береді және аталған субъектілерге
салық қызметі органдары тарапынан бақылауды
күшейту қажет екендігін немесе салық
заңнамасының аталған топ өкілдеріне
салық ауыртпалығын көп түсіретіндігі
туралы қорытынды жасауға болады.
Кесте 7
2010 жылдағы Есіл аудандық салық комитеті бойынша жүргізілген салық тексерулерінің саны
(мың. тенге)
|
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары