Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:47, курсовая работа
Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса, оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24
2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55
Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................
Салықтық тексеру барысында салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Басқармаға жүктелген қызметін атқаруда келесі құқығы бар:
Салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы еодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге құқылы.
Нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтайды;
Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
Салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
Қазақстан
Республикасының заңнамасына
Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды Салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға;
Қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;
Кадрлар біліктілігін арттыру бойынша әс-шаралар жүргізуге.
Басқарма
тікелей Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі Салық
Басқарманы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады.
Басқарма
Бастығының Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі Салық
Басқарма
Бастығы Басқарма жұмыстарын ұйымдастырады
және оған басшылық жасайды және Басқармаға
жүктелген функциялардың
Астана қаласы Есіл ауданы бойынша салық басқармасының қазіргі құрылымы 1- суретте көрсетілген.
Сурет
1 Есіл ауданы бойынша салық комитетіның
құрылымы
Жоғарыдағы
аталғандарды қорытындылай келе Есіл
аудандық салық басқармасы салық
заңнамасы мен уәкілетті
2.2 Есіл аудандық
салық басқармасы
бойынша салықтық
түсімдерге талдау
Салықтарды экономикалық тұрғыдан талдау мемлекеттің салық механизміндегі қаржылық – экономикалық зерттеудің негізгі элементі болып табылады.
Салық жүйесінің қызмет ету жағдайына бүгінгі күні баға беру үшін, жалпы салықтық түсімдердің бюджет кірісіндегі атқаратын рөлі мен жалып ішкі өнімдегі оның алатын орнын қарастыру арқылы анықтауға болады.
Өндіргіш күштердің дамуына, ұлттық байлықтың өсуіне қарай қоғамдық өндіріске қатысушылардың – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың және мемлекеттің табыстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану бойынша қоғамдағы қаржылық қатынастар да жетілдірілуде. Бастапқы табыстар тауарлар мен қызметтер өндірісі сферасында қалыптасады және елде жасалынған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) құнын құрайды. Қаржылық қатынастардың басқа бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бастапқы табыстарын бөлу сферасын қамтиды.
ЖІӨ-ге салықтық төлемдердің оңтайлы үлесі мемлекеттің қаржылық ресурстарға деген қажеттіліктерімен және экономиканың тиімді қызмет ету жүйесін сақтау (жасау) қажеттілігімен анықталады.
2010
жылы мемлекеттік бюджетке 5,2 трлн жиынында
түсім түсті, оның ішінде кірістер 4,2 трлн
теңге, ал салықтық түсімдер 2,9 трлн.теңгені
құраған[20].
Кесте 2
Қазақстан Республикасының
бюджетіндегі салықтық түсімдердің
үлес салмағы
Жылдар | Барлық кірістер (млн.тг.) | салықтық түсімдер | салықтық түсімдердің үлесі (%) |
2008ж | 4034410 | 2 819 509 | 69,8 |
2009ж | 3505345 | 2 228 681 | 63,5 |
2010ж | 4 299132 | 2 934 081 | 68,2 |
*ҚР
ҚМ Статистикалық бюллетені, желтоқсан
2010ж.
Сандық
мәліметтерден көріп
Соңғы жылы салықтық түсімдердің көбейгені, біріншіден салық базасының артқанын айғақтайды, ал, салық базасы ел экономикасының тұрақтандырылып, халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлем қабілеттілігінің өскенін дәлелдейді. Сонымен қатар, салық базасының өсуіне салық саясатының да дұрыс жолға қойылғандығының да атқаратын маңызы зор[21].
Сонымен
бірге, экономикадағы бюджет түсімдерінің,
оның ішінде салықтық түсімдердің атқаратын
рөлін байқайтын болсақ, онда жалпы
ішкі өнімдегі салықтардың үлесі де жыл
өткен сайын өсіп отыр. ЖІӨ-ге %-бен салыстырғанда
мемлекеттік бюджетке жалпы түсімдердің
үлесі, 2008 жылы -17,7% болды, 2009 жылы -14,2%, 2010
жылы -13,6 құрайды (кесте).
Кесте 3
Бюджет
кірістері мен салықтық түсімдердің
ЖІӨ-дегі үлесінің өсу деңгейі
Жалпы ішкі өнім, млрд теңге | Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда %-бен | Мемлекеттік бюджетке түсімдер ЖІӨ-ге % | Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер ЖІӨ-ге %-бен | |
2008ж | 15907,0 | 103,2 | 18,6 | 17,7 |
2009ж | 15887,0 | 99,8 | 15,1 | 14,02 |
2010ж | 21513,5 | 135,5 | 20,0 | 13,6 |
Ескерту- ҚР ҚМ статистикалық бюллетені, 2008-2010ж. |
Байқап отырғанымыздай, жалпы ішкі өнімдегі бюджет түсімдері мен салықтық түсімдердің жалпы ішкі өнімдегі үлесі жылдан жылға азайып келе жатыр, биылғы жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеген, жалпы ішкі өнімнің өсімі де алдыңғы жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға жоғарылаған. Егер, 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі 9-10 пайызды құраса, 2008 жылы орташа өсім 3,2 пайызды құраған. Ал, 2009 жылы 3,4 пайызға төмендегенін көруге болады, бұл, жалпы әлемдік қаржы нарығының Қазақстандағы экономикалық жағдайға кері әсер еткендігін көрсетеді. Ал 2010 жылы көтерілгенін көруге болады. Бұл өсуге инфляция деңгейінің жоғарылауы әсерін тигізуі мүмкін.
Салық
жүйесінің қызметі етуін нақты
салық органында қарастыру үшін
Астана қаласы Есіл ауданы бойынша
салық басқармасын
Жалпы, Есіл ауданы бойынша салықтық түсім 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 148176271 мың теңгені құраған. Жоспарланған сома 132705082 мың теңгені құраған, оның орындалуы 111,7 пайызды құраған. Оның ішінде, жергілікті бюджет түсімі 20991 млн теңге болса, республикалық бюджетке түсім 126506 млн теңгені құрайды.
Өткен жылмен салыстырғанда 2010 жылы салықтық түсім 7,5 есеге артық орындалған. Ол Есіл аудандық салық басқармасының 2009 жылы жаңадан ашылуымен тікелей байланысты. Сарыарқа және Алматы ауданы бойынша салық басқармасынан ауысып келген салық төлеушілер мен салық объектілерінің толық қалыптаспауының себебінен болып отыр. Әсіресе жеке шоттардың дұрыс жүргізілмеуі себебінен қателіктер жіберілген, сәйкесінше салық төлеушілерден түсетін салықтық түсімдердің дұрыс орындалмауы орын алған[21].
Кесте 4
Астана
қаласы Есіл аудандық СБ бойынша бюджет
деңгейлеріне түскен салықтық түсімдердің
орындалуы
Бюджет деңгейлеріне салықтық түсімдер, млн тг | 2009 жыл | 2010 жыл | өсу қарқыны,% | |||||
жоспар | нақты | % | жоспар | нақты | % | жоспар | нақты | |
Мемлекеттік бюджет | 15643 | 19620 | 125,4 | 132705 | 148176 | 111,7 | 848,3 | 947,2 |
Республикалық бюджет | 9297 | 12687 | 136,5 | 111713 | 126506 | 113,2 | 1201,6 | 997,1 |
Жергілікті бюджет | 6345 | 6932 | 109,3 | 20991 | 21670 | 103,2 | 330,8 | 212,6 |
Ескерту-Есіл
аудандық салық басқармасының |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары