Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 19:17, курсовая работа
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар). «Қазақстан Республикасының банк жүйесі» тақырыбындағы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшелігін анықтау, банк жүйесінің негізгі мәселелерін зерттеу арқылы оларды шешу жолдарын ұсыну.Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Курстық жұмыстың міндеттері:
- банк жүйесіне теориялық тұрғыдан сипаттама беру;
- банктің экономикадағы роліне тоқталу;
- Қазақстандағы банк жүйесін талдау;
- Қазақстанның банк жүйесінің дамуындағы мәселелерді анықтау.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк жүйесінің мәні мен мазмұны, банк жүйесінің даму тарихы, екінші бөлімде ҚР-ның банк жүйесінің ерекшелігіне жан-жақты талдау жасалады, ал, үшінші бөлімде банк жүйесін дамытудағы мәселелер мен даму перспективалары қарастырылады.
1 Банк жүйесінің мәні мен мазмұны
1.1 Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы.
Банктер немесе сондай-ақ
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
- Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы - қағаздармен операция жүргізу.
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
- Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр
түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттердің басқа
Инвестициялық және
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Кеңес үкіметі тұсында
Ресейдің банк жүйесі батыс
елдердің банк жүйесіне
Бұлардан басқа банктік
1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банктері құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті
мен Халық комиссариаты
1.2 Банк жүйесінің даму тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекет пен кәсiпорындардың, Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жүргiзедi.
Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашқы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болған, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктердің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең: 1917 жыл мен 1930 жылдар арасындағы патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Осы кезеңдердің сипаттамаларын келесі кестеден көруімізге болады.
1930 жылға дейінгі банк жүйесі |
1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі) |
1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі |
1991 жылдан бастап (дербес екі денгейлі банк жүйесі) |
Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері |
1КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО
мемлекеттік еңбек жинақ 2КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі. 3КСРО Сыртқы сауда банкі. |
1банк жүйесін қайта ұйымдаст- экономика банкі. 2Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы. |
Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер. |