Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 19:17, курсовая работа

Описание работы

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.

Файлы: 1 файл

novy_kurs_rabota_madina.doc

— 214.00 Кб (Скачать файл)

Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде: 
1 млрд. АҚШ доллары (125 млрд. теңге) төрт жүйе құрушы банктердің (Қазақстанның Ұлттық Банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банкі мен ТӘБ-нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады. 
3 млрд. АҚШ доллары (355 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады. Берілген қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс. Мемлекет банктер капиталының бақылау пакетін сатып алмайтын болады. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни, банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондондық және Қазақстандық қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне түседі. Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының бәсеңдеуі және халықаралық капитал нарықтарына жол ашылған жағдайда «Самұрық-Қазына» қоры нарық қағидаттары бойынша банктердің қатысушылары құрамынан шығатын болады, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайтын шарт негізінде. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады. «Самұрық-Қазына» қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие болады, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайтуы тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің қауіптерге ұшырағыштығы олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржылық қадағалау агенттігі соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін. 
Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды. Стресті активтер қорының қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын (құнсыздануға) активтер, атап айтқанда, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар беруі осындай активтер ретінде қарастырылады. Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің теңгерімін өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерге өз залалын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуекелдерді бөлудің басқа нысанын (банктер құратын провизиялардың көлемін ескеретін) теңгерімдік құны бойынша жүзеге асырылатын болады. 
2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізібесін кеңейтетін болады. 
Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттерінде орналастырылатын болады. 
Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірілетін болады. Қаржылық қадағалау агенттігі пруденциалдық реттеу шеңберінде банктердің сыртқы міндеттемелерінің және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға ынталандыруы тиіс, яғни белсенді операцияларды көп дәрежеде депозиттік база, атап айтқанда жеке тұлғалардың есебінен қаржыландыру.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Курстық жобаны саралай келе мынадай қорытындыға келуге болады. Курстық жұмыстың алғашқы бөлімінде «Банк жүйесінің мәні мен мазмұны» деп аталған болатын. Бұл бөлімде банктік жүйеге қатысты түсініктемелер болды: банктік жүйенің қалыптасу эволюциясы, даму тарихы және құрылымы аталып кетті.

Келесі тарау «Қазақстан Республикасынның банк жүйесі» деп аталды. Бұл тарауда Қазақстандағы жүргізіліп отырған заңдық-нормативтік актілерге сай Қазақстан Республикасының Орталық банкі, яғни Ұлттық Банк пен коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары анықталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуелсіз, екінші деңгейлі банктердің қызметтерін бақылаушы мен реттеуші ретінде табылады. Ал, коммерциялық банктер тұрғындардың қаржылық операцияларын орындаушы.

Қазақстанда банк жүйесі экономиканың дамуында елеулі үлес қосып отырғаны және қосатыны анық. Тәуелсіздік алғаннан бері банк жүйесі елімізде бірқатар іс-шаралар жүргізді. Мысалы, ұлттық валютамыздың айналысқа енуі, инфляция қарқынын бірқалыпты ұстап тұру, Үкімет бюджетінің қаржысын реттеу, ипотекалық несие беру арқылы  халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғындардың шаруашылығын дамытуға несие беру және т.б. Алайда банк секторына шамадан тыс назардың аударылуына байланысты 2012 жылдан бері банк секторының өтімділігі төмендеп, дағдарысқа ұшырап отыр. Бірақ бұл түзелетін мәселе. Өйткені, Қазақстан экономикасын ұзақ мерзімде қарастыратын болсақ, айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Қазірдің өзінде Үкімет бұл мәселені шешуде барлық шараларды жүргізіп отыр. Яғни банк секторының өтімділігін арттыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлді. Бұл мәселе тез арада өз шешімін табуы тиіс.

Дағдарыстан кейінгі көтерілуді күтпей ақ, қазірден бастап мемлекет экономикасын жандандырып алға жылжытуымыз керек. Осы істе біздің бірден бір көмекшіміз банктер болып табылады. Халықты несиелендіру, кіші және орта бизнесске көмек көрсету, халыққа тұтынушылық несилар мен ссудалар беру  осының бәрі де коммерциялық банктердің қолында. Ал комерциялық банктерге протекция жасау, міндетті резервтер нормасын төмендету және мемелкет тарапынан бірқатар жеңілдіктермен қамтамасыз ету, ол Орталық банктің негізгі міндеті болып саналады. Қорыта келгенде, нарықтық экономиканың тиімді ұйымдастырылып, тиімді қызмет етуінің негізі, жалпы экономиканың басты қозғаушысы қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банк жүйесі болып отыр. Содықтан, экономиканы реформалауда ең бірінші банктік жүйені реформалау қажет. өйткені банктік жүйе жүргізетін ақша-несие, валюталық реттеу және бақылау саясаттары арқылы экономиканы одан әрі реформалап, жан-жақты дамытуға болады.

Сонымен, банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі,банктік жүйе болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1

Қазақстан Республиккасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда өткізілген Республикалық референдумда қабылданған), (1998 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасы заңымен тиісті өзгерту енгізлген)

2

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж.

30 наурыздағы  Қазақстан  Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 ж. 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы  заңымен енгізлді).

3

«Қазақстан Республиксындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңы өзгерістер 2005 ж. 8  шілдедегі Қазақстан Республикасы заңымен енгізілді).

4

Ғ.С.Сейітқасымов. «Ақша, Несие, Банктер» /Алматы, 2005ж /

5

Б.А.Көшенова. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» /Алматы, 2000ж /

6

Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика        негіздері» /Алматы, «Экономика» - 2000ж /

7

С.Б. Мақыш, «Коммерциялық банк операциялары» II басылым,  /Алматы, 2004ж /

8

«ҚР-дағы банктер және банк мекемлері»  Негізгі заң актілері.  2002 ж. 1 мамырында. /Алматы: Юрист, 2002ж /


 

 

 


Информация о работе Банк жүйесінің мәні мен мазмұны