Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 21:55, реферат
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.
Менеджментте басты нәрсе, кез-келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.
Менеджментте басты нәрсе, кез-келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ – та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаcы менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін процесті білдіреді.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік - әкімшілік, технократиялық, жоспарлы – директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.
Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
5. Менеджмент менеджменттің жеке бсына қоылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатын кездейсоқ емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:
Еңбек өнімділігін арттыру;
Бәсекеге жарамдылық;
Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);
Іс - әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару процесі кез-келген ахуалға ғылыми тәсілдемені әсері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайын қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.
Басқару ісін қайта құру мына бағыттарды қамтиды: басқаруды орталықсыздандыру; басқарудың жаңа түрін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету; экономикалық басқаруды демократияландыру; басқарудың (ұйымдастыру нысандары) икемділігі; басқаруды кәсібилендіру.
Басқардағы нарықтың рөлі белгілі бір дәрежеде назар аударуға тұрады. Бірінші критерий – директивтік басқару өзін өзі ақтаудан қалған, көнерген критерий. Маркетинг типіндегі басқару ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеретін және тауарды нарықта жылжытатын менеджмент қызметін білдіреді.
Мақсатты басқару - бұл нарықтық (экономикалық) басқаруды жоққа шығармайтын мақсаттар бойынша басқару болып табылады. Басқарудың мұндай типі адами құндылықтар мен мүддені өз тірегіне айналдырады.
I. Барлық адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Қарапайым анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. Бизнес – бұл іс. Тарихи "іс" - "бизнес" ұғымын білдіреді.
Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет. Ол әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірісте және тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру қорында, көліктік, жалға беру қызмет түрі ретінде болатын басқа да операцияларды жүзеге асырады. Субъектінің айналымға түсіретін капиталының болуы бизнесте маңызды орын алады. Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.
Кәсіпкерлік қызметке қарағанда бизнестің ұғымы кең, өйткені бизнеске табыс (табыс) алуға бағытталған кез-келген қызмет саласындағы кез-келген бір жолғы коммерциялық мәмілені жасау қатысты болады.
"Субъект" бизнесте – бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.
Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:
мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;
кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.
Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар.
Бизнестің стратегиялық мақсаты - әр түрлі мәмілені жүзеге асыру процесінде пайданы (табысты) ең көп шамаға жеткізу.
II. Бизнес – істі жүргізу жүйесі. Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау. Бизнес – бұл біздің әлеуметтік – экономикалық жүйеміздегі орталық магистраль.
Бизнес субъектілеріне мыналар жатады:
кәсіпкерлер;
кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;
өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;
келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:
мемлекеттік құрылымдар.
Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды. Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік, кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.
Кәсіпкерлік меншіктің үш негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
өнім өндірісі;
коммерция (сауда);
коммерциялық делдалдық.
Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл жөнінде Г.Форд былай дейді: «...өнімді дайын күйінде алып – сату (алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін (пристойный вид) ғана танытады».
III. Үкімет – еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек. Осы негіздегі мемлекеттік реттеуді алты негізгі топқа бөлуге болады:
қауіпсіздік;
денсаулықты және қоршаған ортаны реттеу;
көлікті реттеу;
еңбек қатынастарын реттеу;
қаржыны реттеу;
энергетиканы реттеу.
Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшінсылтау етіп нарықтың мынадай кемшіліктеріналға тартады:
1. Анық емес ақпарат.
2. Газбен, электр энергиясымен, телеграфтық қызметпен қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия.
3. Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиян.
4. Экономикалық тиімділікпен еш байланысы жоқ басқадай мақсаттар. Мысалы: қауіпсіздік жүйесін қамтамсыз ету; ұлттық өндірісті қорғау; жаңа инновациялардың дамуын ынталандыру; денсаулық сақтау, спорт, алкогольді ішімдіктер мәселесі.
5. Маңызды қызметтер мен ресурстар:
тұрғын үй құрылысы;
су;
энергия;
қорғаныс.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономикаға мемлекеттің араласуы бір үлгідегі заңдық орындаушылық және бақылаушылық сипаттарындағы жүйені білдіреді. Бұл шараларды әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгерген жағдайда бейімдеу әрі тұрақтандыру мақсатында құқықтық өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады
Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:
осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.
барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Ұйым түрлері:
Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.
Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.
Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.
Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.
Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.
Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.
4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.
Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:
Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу;
Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;
Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;
Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.
Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;
Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:
Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;
Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;
Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.
Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.
Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар:
өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;
жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;
бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;
қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;
басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;
мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;
тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.
басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман.
Менеджер қызметінің жүйесі:
Менеджердің кәсіби шеберлігі
1. тәуекелділік
2. мақсаттылық
3. ықпал ете білу
4. байланыс орнатуға қабілеттілік
5. қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі
6. ұйымдылық мәдениеті
7. тәуелсіздік
8. жан-жақты білім
9. болашақты ойлау
10. өзіне сенімділік
11. өжеттілік
12. жаңашылдық
Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:
1. Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.
2. Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып, басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.
3. Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.
4. Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.
Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.
Сыртқы орта дегеніміз - ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.
Сыртқы орта сипаттамалары:
Сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б.
Сыртқы ортаның қозғалмалылығы;
Сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі;
Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы.
Ұйым жұмысына тура әсер ететін факторлар ретінде:
жабдықтаушылар;
материалдар, капитал, еңбек ресурстары;
тұтынушылар;
бәсекелестер қарастырылады.
Тура әсер ететін факторлар деп - ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.
Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттепотыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар:
саяси жағдай;
табиғаттық;
экологиялық;
әлеуметтік;
мәдени;
ғылыми-техникалық факторлар болып табылады.
Ұйымның ішкі ортасы дегеніміз – ішкі жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол факторларды ұйымның ішкі айнымалылары деп те атайды. Оған жататындар:
1. Ұйым мақсаты. Ол кез-келген ұйымның қажетті және жеткілікті нәтижесі болып табылады. Ұйымдардың көздеген мақсаттары көп болғандықтан, «әр түрлі бағыттағы мақсаттар теориясын» қолданады. Ұйым мақсатының келесідей сипаттамалары бар:
Уақыт факторының негізделуі;
Қойылатын мақсаттың нақты болып келуі;
Мақсаттың қол жетімді болып келуі.
2. Ұйым құрылымы. Ол басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімшелердің логикалық қарым-қатынастарының өзара бірлігі. Ұйымның құрылымы оның көздеген стратегиясына байланысты болып келеді және 2 концепцияға негізделіп жасалынады.
Мамандандырылған еңбек бөлінісі. Ол белгілі бір маман иелеріне орындайтын тапсырмаларды бөліп беру.
Бақылау сферасы. Ол көп бағынушы адамдардың бір басқарушыға бағынуынан пайда болады.
3. Ұйым міндеті. Ол алдын-ала қарастырылып, белгіленген уақыт ішінде орындалуға тиісті жұмыстың көлемі ұйым міндетінің 3 категориясы бар:
Адамдармен жұмыс жасау
Өндіріс заттарымен жұмыс жасау
Мәліметтермен жұмыс жасау
4. Технология. Ішкі ортаның жағдайлық факторы ретінде шикізатты өндеу құралы болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеде кең көлемде пайдаланылатын технологияның 2 үлкен жүйесі бар.
1. Технологияны жіктеудің Вудворд жүйесі. Бұл жүйе өз алдына 3 категорияны қамтиды:
Аз сериялы немесе жеке өндіріс
Жалпылама немесе көп сериялы өндіріс
Үзіліссіз өндіріс
2. Технологияны жіктеудің Томпсон жүйесі. Бұл жүйе де өз алдына 3 категориядан тұрады:
Көп бөлімді технология
Делдалды технология
Интенсивті технология
5. Адамдар және еңбек ресурстары. Бұл фактор кез-келген технологияның іске жарамдылығын тексереді. Басқарудың жағдайлық тәсілінде адам факторының 3 аспектісіне ерекше көңіл бөлінген:
Жеке адамның тәртібі
Топ ішіндегі адамның тәртібі
Басқарушының мінез-құлық тәртібі және оның басқа топ мүшелеріне әсері.
Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез-келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.
Кез-келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге көмек ретінде басқарушылардың шешім қабылдау түрлерін, қолданылатын тәсілдерін, осы үрдістің тиімділігін арттырудағы негізгі факторларға көңіл аудару қажеттілігін қарастырамыз.
Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты. Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтаймыз.
Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау үрдісін ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты, шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әр біреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдайымыз.
Шешім – дегеніміз бұл баламаны таңдау.
Ұйымдық шешім:
Коммуникациялық үрдіс сияқты, шешім қабылдау да басқарудың барлық аспектілерінен орын алады.
Профессор Фрэен Хариссон былай деген: «Шешімдер қабылдау – бұл кез келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі».
Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте болатынын атап көрсеткен: кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді жүргізуші маман.
Әрбір басқару қызметі өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама және тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен байланысты.
Жоспарлау.
1. Сіздің бизнесіңіздің табиғаты қандай және оның жоғарғы мақсаты неде?
2. Сіздің мақсатыңыз қандай болуы керек?
3. Сыртқы ортада қандай өзгерістер болуы және олар ұйымдарға қалай әсер етуі мүмкін?
4. Қолайлы мақсатқа жету үшін қандай стратегияны немесе тактиканы таңдап алу керек?
Қызметті ұйымдастыру.
1. Ұйым жұмысын қандай үлгідеру керек?
2. Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек?
Ынталандыру.
1. Менің бағыныштыларымның мұқтыжы неде?
2. Ұйым мақсатына жету үшін бұл мұқтаждықтар қалай қанағаттандырылады?
3. Өнімнің көбеюіне және жұмысшылардың жұмыспен қанағаттануына не әсер етеді?
Бақылау.
1. Жұмыс нәтижесін өлшеуді қалай қадағалау керек?
2. Қорытынды қалай бағаланады?
3. Мақсатқа жету үшін қаншалықты еңбек сіңірдік?
Ұйымдық шешім дегеніміз – лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндеттерді орындау үшін таңдай білу қабілеттілігінің болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.
Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп бөлуге болады.
Бағдарланған шешім – математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қадам мен қимылдың белгілі-бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс-қимылдың айқын, белгілі-бір қисынға сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы.
Бағдарлау – тиімді ұйымдық шешімдер қабылдаудың көмекші құралы. Шешімдердің қабылдануына қарай басшылар кемшіліктерді жояды.
Бағдарланбаған шешімдер. Мұндай шешімдер белгісіз фактормен ілесе жүретін анықталған өлшемде, жаңа болатын жағдайларда талап етіледі. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын ала құру мүмкін емес.
Бағдарланған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: ұйым мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру қажет, бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.
Келісімдер. Басқару мәселелерін зерттеу жөнінде маман ретінде Роберт Кац былай деді:
«Әрбір шешім аса қайшылықтарды, мақсаттарды және белгілерді теңгеруі керек. Ол көзқарас жағынан үйлесімдіден төмен болады. Ұйымдарға әсерін тигізетін әр бір шешім немесе таңдаулар оның қайсы бір бөлігінде негативтік салдар ретінде қарастырылады».
Пікірлерге негізделген шешімдер. Мұндай шешімдер кейде интуициялық болады, сондықтан олардың қисыны да айқын емес.
Пікірлерге негізделген шешімдер – білім немесе жинақталған тәжірибе арқылы келісілген таңдау. Пікір ұйымдық шешімнің негізі ретінде ғана пайдалы. Сол үшін ұйымдарда көптеген жағдайлардың жиі қайталану тенденциясы бар.
Басқарушылық шешімдерді жіктеудің елеулі белгілеріне мыналарды жатқызу керек:
1. шешілетін мәселелерді қамту дәрежесі (ауқымдылығы);
2. қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуының ұзақтығы;
3. қабылданған шешімдердің ықпал ететін объектісі;
4. шешімдердің функциялық сипаты.
Шешілетін мәселелердің ауқымдылығы жағынан басқарушылық шешімдердің жалпы және жеке түрлері бөлініп көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар – тұтас алғанда бүкіл шаруашылыққа қатысты шешімдер. Жеке шешімдерге жататындар - өндірістің жекелеген жақтарын, қызметкерлердің жекелеген топтарын қамтитын шешімдер.
Шешімнің жүзеге асырылу ұзақтығы жөнінен шешімдердің мынандай негізгі түрлерін: ұзақ мерзімді (перспективалық), орташа мерзімді (ағымдағы), қысқа мерзімді (оперативті) шешімдер деп бөлу керек.
Ұзақ мерзімді шешімдерге - жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер жатады.
Орташа мерзімді шешімдер - бір жыл ішінде жүзеге асырылады және әдетте өндірістің жылдық циклімен байланысты болады.
Қысқа мерзімді шешімдер - мәселелердің неғұрлым шағын тобын қамтиды да, өзінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.
Сыртқы шешімдер - белгілі бір шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен, басқа кәсіпорындармен қарым-қатынастарын қамтиды.
Ішкі шешімдер - шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі-бір тобын орындамайынша, ішкі шешімдер, көп ретте жүзеге асырылмай қалады.
Функциялық сипаты жөнінен экономикалық, технологиялық, қаржылық әкімшілік шешімдер болады.
Экономикалық шешімдер - жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.
Технологиялық шешімдер - өндіріс үрдісінің ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.
Қаржылық шешімдер - жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады.
Әкімшілік шешімдер - әдетте басқару аппаратының өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, бөлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталады.
Ғылыми жағынан негізделуі: шешім экономикалық және басқа әлеуметтік заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндірістің нақты жағдайларына талдау жасау арқылы қабылдануға тиіс.
Бірлік. Белгілі-бір міндетті шешер кезде әдетте басты міндеттер келіп туатын бірқатар қосалқы, екінші дәрежелі міндеттермен де айналасуға тура келеді. Олар шешім қабылданып отырған басты міндетке бағындырылуға тиіс.
Өкілдігі болу. Шешім басшыға берілген құқықтар шеңберінде ғана қабылданады. Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен адамдардан ғана шығуға тиіс.
Бағытталуы. Әрбір шешім нақты бір адреске бағытталуы және орындаушы адамдарға түсінікті болуы керек. Шешім тұжырымдамасы ойда айқын құрылуы керек және түрлі мағынада болмауға тиіс.
Мерзімінің нақтылығы. Басшы бағынышты адамға тапсырманы, және оны орындау мерзімін көрсетпей бермеуге тиіс. Шешім нақты іс-қимыл бағдарламасы баяндалып, орындалуына жауапты адамдар және орындалу мерзімдері белгіленуі қажет.
Оперативтілік. Шешім - өндіріс жағдайы нақ соны талап еткен күнде ғана қабылдануға тиіс. Кеш қабылданған шешім де, асығыс қабылданған шешім де бірдей зиянды. Шешімдер өндіріс жағдайларының өзгеруін бейнелеп көрсетуге тиіс.
Тәуекел элементтерінің болуы. Экономиканың үздіксіз өзгеруі, тұрақтыланбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді шешімдер күтілетін нәтижелерді мейілінше дәл қарастыруы мүмкін емес. Сондықтан, шешімдер белгілі-бір тәуекелді және қалыптасқан жағдай үшін, ең оңтайлы шешімді таңдай білуі қажет.